Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасы №2 модулі «Ғылым (салалар бойынша) және инновация»


«Көркем ойлау» – жалпы эстетикалық категория ғана емес, ол тарихи заңдылықтарға өте тәуелді құбылыс



бет19/50
Дата17.10.2023
өлшемі459,62 Kb.
#186277
түріСабақ
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   50
Байланысты:
korkem matin poetikas -keshen. kyal-21-1m,fil-21-1m

«Көркем ойлау» – жалпы эстетикалық категория ғана емес, ол тарихи заңдылықтарға өте тәуелді құбылыс. Оған қоса оның тарихи кезеңдердегі өнер мен әдебиеттің дамуының нақты көрсеткіші болатын кездері көп. «Көркем ойлауды» қазіргі кездегідей «көркемдік таныммен» орынды-орынсыз тікелей ауыстырудың қисыны аз, өйткені бұл ұғымдардың әрқайсысының өзіндік қолданылуы аясы, қызметтік мәні бөлек, маңызы да ерекше.
Демек, шығармашылық ойлау да көркем танымның ерекше сатысы және шығармашылық үдерістің жетекші компоненті ретінде тарихи, адами, психологиялық даму, өзгеру, өсу, жетілу үстінде болады. Сонымен қатар ол – ойлаудың басқа түрі емес, бөлек типі. Адамға тән ойлаудың жалпы заңдылықтарына бағына отырып, ол тек өзіне ғана тиесілі пішіндер мен заңдылықтарға сәйкес дамиды. Көркем ойлаудың көп ерекшелігі әдеби объект пен субъект арасындағы өзіндік қарым-қатынастарға байланысты туындайды. Көкейкөздің, ішкі көз бен сөздің әдеби ойлаудың маңызы туралы зерттеулердің қазіргі кезде өте көбейгені тегін емес. Көркем ойлау – өте күрделі үдеріс болғандықтан оның онтологиялық, гноселогиялық, психологиялық-эстетикалық, когнитивтік-коммуникативтік қызметі сан алуан. Қаламгер тұлғасының шығармашалық үдеріс барысындағы ішкі-сыртқы факторлармен байланыс деңгейі, ой ағымы, психологиялық баяндау түрлері мен реңкі аса маңызды. Әдеби шығармашылық табиғаты туралы толымды біліктілікке қол жеткізу үшін осылардың барлығынан хабардар болған міндетті.
2-лекция
«Әдеби мәтіндегі автор» ұғымынын мәні
Қарастырылатын мәселелер:
- әдеби туындыны бағалаудагы биографиялық әдістің жетістік-кемшілігі;
- мәтінде автор сезімінің көріну деңгейлері;
- авторлық баяндау мен хабарлау түрлері;
- автор мен оқырман арасындағы байланыс ауаны.
Қазіргі әдебиеттану ғылымында Мәтінді адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасын қамтамасыз ететін икемділігі мен белсенділігі жоғары бірлік деп бағалау қалыптасқан. Мәтін мәдени құбылыс ретінде ұжымдық санада үнемі жаңарып, жаңғырып отырады.
Қазіргі кездегі ғылымда автордың екі түрі көп бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет