Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасы №2 модулі «Ғылым (салалар бойынша) және инновация»


Бірі - биографиялық автор, яғни көркемдік кеңістіктен тыс тұратын шығармашылық тұлға, оның өз өмірі мен тағдыры бар



бет20/50
Дата17.10.2023
өлшемі459,62 Kb.
#186277
түріСабақ
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   50
Байланысты:
korkem matin poetikas -keshen. kyal-21-1m,fil-21-1m

Бірі - биографиялық автор, яғни көркемдік кеңістіктен тыс тұратын шығармашылық тұлға, оның өз өмірі мен тағдыры бар.
Екіншісі -көркем мәтіннің ішіндегі, яғни образға, белгіге айналған автор. Авторды мәтіннен тыс тұрған немесе мәтінде көрінетін деп бөлу кездескенімен, мұндай жіктеудің қисыны аздау.
Сөз өнері тарихында автордың тұлғасы, қызметі мен оларға деген көзқарас өзгеріп отырған.
МЫС.Жырау, жыршы, айтушы, баяндаушы, әңгімеші сияқты ұғымдар шығармашылық еңбекпен кәсіби түрде айналысатын адамдар деп есептелген.
Уақыт өте келе көркем мәтінге тікелей жауапкершілікті өз мойнына алатын жеке тұлғалар пайда бола бастаған.
Олар – суреткерлер.
Тума көркемдік қабілет кез келген кісіде бар. Олай болмаса, кез келген кісі көркемөнерді де, көркем әдебиетті де жан-жүрегімен қабылдап, сезіне, түсіне алмас еді. Дегенмен материалистік эстетика нағыз суреткерге тән бірнеше ерекшеліктерді тізіп, талдап, сол арқылы талант табиғатын сипаттайды
Қандай ерекшеліктер
Біріншіден, сезім. Нәзік сезімталдық. Өзін қоршаған өмірден әрқашан тың құпиялар іздеп, айрықша әсер алу, көз алдындағы құбылыстарды ерекше сезіну, нәзік түйсіну, сезінген-түйсінген шындырына бейтарап қала алмай, тербеле тебірену, көкірегінде көл-көсір сыр ұялату,— бәрінен бұрын,— ақынға тән қасиет. Ал суреткер,— бәрінен бұрын,— ақын
Екіншіден, бақылау. Жіті бақылағыштық. Нәзік сезім көреген, дәл бақылаумен ұштасып жатады. Көрмесе, сезім қайдан болмақ. Мұның өзі талант табиғатына тән сезімталдықтың ақиқат шындыққа, өмірдің өзіне негізделген мазмұның танытпақ.
Үшіншіден, қиял. Творчестволық фантазия. Бақылап білген, сезген шындықты кең өріске шығаратын қанатты творчестволық қиял — таланттың серігі. Мұның өзі ой-дан шығара білушілік. Ал ойдан шығару жоқ жерде, жалпы, әдеби шығарма болуы мүмкін емес. Гегель: «…суреткердің творчестволық фантазиясы — ұлы ақыл мен жүрек адамының фантазиясы»,* — десе, Ленин де фантазияның барлық творчествоға тән сипат, ұлы қасиет екенін айтқан: «Тіпті, ен, ‘бір дәл ғылымның өзінде де фантазия атқарар роль зор екенін жоққа шығару бекер»…**.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет