Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасы №2 модулі «Ғылым (салалар бойынша) және инновация»



бет17/50
Дата17.10.2023
өлшемі459,62 Kb.
#186277
түріСабақ
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   50
Байланысты:
korkem matin poetikas -keshen. kyal-21-1m,fil-21-1m

Шығармашылық тұлғаның рухани әлемі, көзқарастары, өмірлік тәжірибесі, білім-білігі, болмыспен қарым-қатынасында көркем мәтінде өз орны бар негіздер.
Демек, кейде өнер мен өмір деген тоқтамды қабылдау қажет. Көркем образ реалистік, символикалық, романтикалық болса да, бәрібір оның негізі – өмірлік болмыс.
Сондықтан өмір мен етене байланысу – өнер атаулының өмір сүру қағидасы мен салты деген қағида бар.
Өмір мен өнер арасындағы байланысты натуралистік әдіс немесе тұрпайы социология тұрғысынан түсіндірген кездер де болған.
Қазіргі кезде болмыстың шығармашылықтағы орны, маңызы, мән-мағынасы күрделеніп кеткен. Өнер өмірді оның формасына сәйкес я нақты, я шартты түрде көрсете алады.
Мысалы, Көне тарихты бейнелеу барысында бүгінгі күннің өзекті тауқыметтерін де қоса сөз қылуға болады. І.Есенберлиннің өзінің «Көшпенділер» трилогиясы арқылы ХХ ғасыр ортасындағы ұлттық көкейкесті проблемаларды да көтергені айтылып жүр.
Көркем мәтінде бейнеленген өмір құбылыстарының тіршіліктегі деректермен дәлме-дәл немес оған бара-бар суреттелуі, көркем бейненің өзінің өмірлік түп- тұлғасымен бастапқы материалына бүге-шүгесіне дейін ұқсауы, оқиғалардың сырттай сарындастығы көркем әдебиеттің мазмұнының ақиқаттығын анықтауға негіз бола бермейді.
Мұндайда сырттай дәлдікпен гөрі ішкі үйлесімділіктің орны ерекше.
Сонымен бірге суреткер еркіндігі мен ой бостандығы туралы пікірлерді естен шығармаған абзал.
МЫСАЛЫ. Абылай ханның, Кенасарының, Құнанбай мен Абайдың тарихта болғаны белгілі, бірақ әдеби образдары олардың өміріне ұқсауы да, ұқсамауы да мүмкін, өйткені образ көркем бейнелеу заңдылықтарына, автордың қиялының, жан дүниесінің, ой сезімінің синтезіне де тәуелді болады.
Орыс ғалымы Д.Лихочевтың «Көркем шығарманың ішкі әлемі» болатыны туралы пікірі назар аударып көрейік.
Зерттеуші объективтік болмыстың әдеби мәтінде бейнеленген элементтерінің тұтас жүйе, көркемдік тұтастық құрайтынына баса мән берген.
Ол талдау барасында әдебиетшілердің көбінесе шығармадағы өмір көріністерінің жеке суреттерінің шынайылығын немесе дәл көрсетілу-көрсетілмеуін анықтауға ғана шектелетінін сынаған.
Алайда ондай тұжырымдардың көбінің көркем мәтіннен алыстап кететіні белгілі.
Нәтижесінде әдеби туындыдағы көркем әлем бейнесі үнемі тұтас емес, автор мүддесіне сәйкес жиынтық түрде болады..
Шығармашылық тұлғаға деген қызығушылық қазіргі заманда ерекше.
Адам баласы нақты тарихи-әлеуметтік жағдайлардың жемісі.
Гегельдің «Логика ғылымы» еңбегіндегі талас тудырған пікірінің бірі – теориялық идеядағы субъективтік мәннің объективтік болмысқа қарсы болатыны туралы көзқарасы еді. Оған кезінде марксистер де, оларға қарсылар да көп шүйліккен болатын. Ал нақты неміс ойшылының сананың дүниені бейнелеп қана қоймай, оны ойлап шығаратыны туралы айтқан ойы кейін сан-саққа жүгіртілді, бірақ шығармашылық қызметтегі түпсана мен сананың жетекші рөлін ешкім жоққа шығара алмаса керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет