Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасы №2 модулі «Ғылым (салалар бойынша) және инновация»


Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың дәстүрлі бағалар



бет12/50
Дата17.10.2023
өлшемі459,62 Kb.
#186277
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   50
Байланысты:
korkem matin poetikas -keshen. kyal-21-1m,fil-21-1m

Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың дәстүрлі бағалар
шәкілі және ECTS аударылған балдық-рейтингтік әріптік жүйесі



Әріптік жүйе бойынша бағалар

Балдардың сандық эквиваленті

Балдар (%-тік құрамы)

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар

А

4,0

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

Жақсы

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

С

2,0

65-69

Қанағаттанарлық

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D-

1,0

50-54

FX

0,5

25-49

Қанағаттанарлықсыз

F

0

0-24


«Қазақ тілі мен әдебиет және журналистика» кафедрасының меңгерушісі



Алмауытова А.






Пән оқытушысы

Айтимов М.К.






1-лекция КӨРКЕМ МӘТІН ПОЭТИКАСЫ
Кіріспе
Пәннің масаты мен міндеттері
Білім беру жүйесінде қазіргі кездегі түбірлі өзгерістерге сәйкес жоғары оқу орындарында интегративтік, элективтік пәндердің маңызы артып отырғаны белгілі. Элективтік пәндердің мақсаты –
1. Күрделі тақырыптарын тереңдетіп қарастыруға.
2.Ғылыми зерттеулерге зәру мәселелерді нақтылауға бағытталуы.
3.Сонымен қатар бүгінгі күнде пәнаралық байланыстарға да ерекше мән беру арқылы
– білімін жинқтауғу,
- ойын тұжырымдауға,
- жаңаша бағалауға бағытталуы тиіс.
Элективтік курстар - сабақтардың негізгі оқу пәндерінің мазмұнын қайталамағаны тиімді. Пәнаралық осындай талдаулар арқылы студенттерді білімін жинақтауға, пікір жарыстыруға, ой таластыруға жетелейді..
Назарларыңызға ұсынылып отырған пән магистранттарды көркем шығарма поэтикасының және мәтінтанудың жетекші қағидаларымен таныстурға арналған.
«Көркем мәтін поэтикасы» атты курстың дәстүрлі «Әдебиет теориясы» пәнінен елеулі айырмашылықтары бар.

Мәтін дегеніміз не ?


Мәтін (лат. textus -тін, өрілім, бірігу сөздерінен шыққан «text» еуропа тілдерінде қолданылуда-Ә.Ә.) термині лингвистикада, әдебиеттануда, эстетикада, семиотикада, мәдениеттануда, сондай-ақ, философияда кеңінен қолданылады. Бұны Ю.М. Лотман, «дауысыз гуманитарлық циклдар ғылымдарындағы ең көп қолданылатын терминдердің бірі. Ғылымның дамуы өзінің әр сәтінде жоғарғы қабатқа белгілі бір сөздерді лықсытып шығарып отырады; ғылыми мәтіндердегі сел көшкіні қажетті бір мәнділікті шайып кетеді. Олар тек ғылыми ұғымының терминологиялық дәлдігін таңбалауға ғана тырыспайды, сонымен қатар, проблеманың өзектілігі турасында дабыл қағып, жаңа ғылыми идея туындаған саланы да нұсқайды» деп атап көрсетті[614]. «Мәтін» сөзінің астарында бірнеше түрлі, бірақ та өзара байланыстағы мағына жатыр.
МӘТІН – ФИЛОЛОГИЯЛЫҚ ҰҒЫМ
бір кешенді қасиетке ие табиғи тілдің қолданыс табуы. Оған байланыстылық пен аяқталушылық тән. Мәтін сыртқы, өзін қоршаған тілдік және бейтілдік реалдылықтан айқындықпен шектесіп тұрады. Басқаша айтар болсақ, біршама (бөлінбес) коммуникативтік бірлік болып табылатын сөйлемдер тізбегін (тобын) құрап, өзінің ұғынықты таңбаланған басы мен соңына ие болып келеді. Мәтінді лингвистикалық жақтан ұғыну бір жағынан – өте тар (мәтін «белгілі бір мағыналық қатарды тілдік айшықтау» болып табылады[616]), басқа жағынан алғанда – өте ауқымды. Осылайша мәтіндік лингвистика деп аталатын ғылыми пән мәнді тлдіік түзілім (туынды) ретінде оны тілдік «тіні», құрылымы және мәнімен бірге алып қарастырады.
«Мәтін» термині әдебиеттануда да кеңінен қолданылады. Бұл дегеніміз – әдеби туындының тақырыптық-образдық аспектісімен (туынды әлемі) және идеялық-мағыналық аясымен (көркем мазмұн) бірге бөлініп көрсетілген өзіндік тілдік қыры. 1970-ші жылдардың басында теориялық поэтиканың мәселелерін талқылаған Ю.М. Лотман: «Мәтін мен көркем туынды бір ғана дүние деген ұғымнан түбегейлі бас тарту керек. Мәтін дегеніміз – көркем туындының компоненттерінің бірі <…> көркемдік эффекті тұтастай алғанда мәтіндер бойындағы өмірілік және идеялық-эстетикалық күрделі кешендік ұғымдардан туындайды» деп жазды.
Кебірде замана ғалымдары қаламгер суреттеген әдеби-көркем мәтіннің (сөзден өзге) «кеңістігіне» тіпті ол айшықтаған идея, концепция, мәндерді де, яғни, көркем мазмұнды енгізеді. Бұндай жағдайда «мәтін» және «туынды» сөздері синонимдес болып табылады. Бірақ та, мәтін жайындағы оның қатаң реттілікпен ұйымдастырылған тілдік бірлік екендігі әдебиеттанудағы ең орныққан ұғым-түсінік. Осыған байланысты көбіне, туындының негізгі мәтіні оның қосымша мәтінінен (арнайы зерттеу тақырыбына айналған тақырыптық атаулары мен ескертпелер, эпиграфтар, аранулар, авторлық алғысөздер, уақыт мерзімін және жазылған жерді нақытлаудан, сондай-ақ, драмалық туындылардағы қатысушы тұлғалардың тізімі мен ремаркалармен) ерекшеленіп тұрады. «Мәтін» термині мәтінтанудағы ең бастысы болып табылады. Бұл филологиялық пәннің бұл аясына – мәтіндердің тарихи аспектідегі өмірге келу тарихтары, олардың нышан-белгілері және олардың жазылған уақытын анықтау мәселелері, туындының жариялануын нақтылау принциптері, мәтіндік нұсқаларының болу-болмауы, негізгісін (канонданғанын) бөліп көрсету кіреді. Мәтінтану проблемаларына теориялық сипаттағы бірқатар іргелі еңбектер арналған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет