Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасы №2 модулі «Ғылым (салалар бойынша) және инновация»


Ренессанс немесе Қайта өркендеу дәуірі



бет14/50
Дата17.10.2023
өлшемі459,62 Kb.
#186277
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   50
Байланысты:
korkem matin poetikas -keshen. kyal-21-1m,fil-21-1m

Ренессанс немесе Қайта өркендеу дәуірі (итал. Rinascimento, ол итал. ri – «қайта» және итал. nasci – «туылу» сөздерінен құралған тұрақты термин) — ХІV-ХVІІ ғасырларға аралығындағы еуропалық жаңа мәдениет қозғалысы.
Поэтика үшке бөлінеді.
1.жалпы (теориялық немесе жүйелік “макропоэтика”), 
2.жеке баяндау (“микропоэтика”).
3.тарихи болып
Жалпы поэтиканың мақсаты - мәтіннің дыбыстық, сөздік және образдық құрылымын қамтитын әдістердің жүйелі жиынтығын (эстетикалық ықпалды элементтер) жасау болып табылады.
Шығарманың дыбыстық жағын (ырғақ, бунақ, ұйқас, өлең өлшемі, дыбыс толқыны, т.б.) негізінен өлеңтану ғылымы қарастырады.
Сөз табиғатына үңілгенде, шығарманың лексикасы,морфологиясы мен синтаксисі зерттеледі де, бұл сала стилистика деп аталады (лингвистикалық стилистикадан өзгеше).
Лексикалық өзгешелік, стилистикалық фигура мен троп ретінде поэтика мен риторикада ертеден зерттелуде, ал методологияның ерекше пәні ретіндегі поэтика соңғы уақытта зерттеле бастады.
Ескеретін нәрсе,Шығармадағы образбен сюжет поэтиканың бір бағыты болып табылады.
Жеке поэтика жоғарыда аталған нысандарда көркем шығарманың табиғатын ашумен айналысады, сол арқылы шығарманың эстетикалық ықпалды қасиетінің дара жүйесін жасайды.
Поэтикадағы басты мәселе — композиция, яғни барлық эстетикалық мәні бар элементтердің бір-бірімен үйлесім-үндестігі. Талдау барысында “дүние образы” (көркемдік уақыт пен кеңістік) және “автор образының” үндестігі шығарма құрылымындағы барлық жайды айқындайды.
Жеке поэтика (“микропоэтика”) негізгі шығарма мен зерттеу талабының ерекшелігіне сай топтама шығарманы (топтаманы, бір автордың, әдеби бағыттағы жанрдың, тарихи кезеңнің қатысына қарай) талдап түсіндіреді. Оның тақырыптық, идеялық тұрғыдан қалыптасуы, сөзбен зергерленуіне дейінгі процесс(генеративная поэтика) қамтылады.
Тарихи поэтика салыстырмалы-тарихи әдебиеттанудың көмегімен эволюц. қозғалыс бағытында мәдениеттің поэтикалық жүйесінің ортақ қасиеттерін, олардың (генетикалық) қайнар бастауын (типологиялық) ашуға, тануға бағытталған. Сөз өнерінің бастауы ауыз әдебиетінде жатқандықтан, тарихи поэтика өзінің негізін ауызша сақталған сөз өнерінен алады.
Тарихи поэтиканың негізгі мәселесі — жанр, жанрлық түрлер тарихи қалыптасқан жағдайға байланысты бірлікте не жеке қарастырылады. Жанр мен жанрдың шекарасы өзгермелі, сондықтан поэтикалық жүйе дәуір ықпалында өзгеріске түседі де, осы өзгерістерді тарихи поэтика зерттейді.
Қазақ әдебиеттануында А.Байтұрсынов поэтика ұғымын қисын деп алады және Ол тіл қисыны яки лұғат қисынына сөздің келісті болатын заңдарын, шарттарын біліп тізу деген анықтама береді. Шығарманың өңді, ұнамды болу шарттарын белгілейді: ақын тілі сөздің дұрыстығының, тазалығының, дәлдігінің үстіне, көрнекті, әуезді болу жағында талғайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет