Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасы №2 модулі «Ғылым (салалар бойынша) және инновация»



бет22/50
Дата17.10.2023
өлшемі459,62 Kb.
#186277
түріСабақ
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   50
Байланысты:
korkem matin poetikas -keshen. kyal-21-1m,fil-21-1m

Адамгершілік-құқықтық кеңістікте - авторлық құқық, авторлық қолжазба, авторлық мәтін, авторлық аударма сияқты ұғымдар қолданыста жүреді.
Қаламгер белгілі бір деңгейде өз кезеңінің әдеби өміріне араласады, яғни басқа шығармашылық тұлғалармен, сыншылармен баспасөз өкілдерімен, баспагерлермен, оқырмандармен әрқилы қарым-қатынаска түседі.
Мәтін ішіндегі авторды зерттеу үшін ғалымдар - автор образы деген ұғым енгізген.
Автор образының әр түрлі жақтарда көрінуі мүнкін, дегенмен ортақ үрдістер де бар.
Мысалы,Прозалық шығармадағы эпиграф, арнау, алғысөз, соңғысөз, авторлық түсініктеме, түйіндеме авторлық субьективизмнің анық көріністері болып есептеледі.
Ал поэзияда лирикалық кейіпкер, лирикалық «Мен», акроөлең, автордың рөлге еніп, диалог пен полилогка араласуы жиі кездеседі. Драматургияда автор образы шығарманың атауы, кейіпкерлер тізімін құру, реплика, ремарка, сахналық ескерту сияқты компонеттермен тығыз байлынысты.
Оған қоса мәтінде автор атынан сөйлетін персонаждар болады. Сахна сыртынан берілетін «авторлық дауыс» та мәтін ішіндегі авторға тәуелді.
Кейбір шығармаларда автор образы жартылай кейіпкер, жартылай автор түрінде көрінетіні кездеседі. Түйіп айтсақ, автор образы семантикалық - стилдік категория ретінде қаралғаны абзал. Авторды «Мен» мен «Басқаның» арасындағы диалогтің белсенді қатысушысы деп есептейтін М.Бахтиннің пікірі де назар аударарлық.
«Автор» ұғымы алдымен нақты адамды білдіреді.
«Жазушы «Абай жолы эпопеясын 1930-50-жылдар арасында жазған» деген сөйлемдегі авторға қатысты ақпарат мынандай деп ойлауға болады:
Әңгіме нысаны 1897 жылы туып, 1961 жылы қайтыс болған М.Әуезовті меңзейді, яғни сөз «биографиялық автор» туралы болмақ. Шығарма мазмұны «қаламгердің болмысқа көзқарасына» түгелдей тәуелді болатын мысалдар бар. «М.Дулатов поэзиясындағы лирикалық кейіпкер мен автор образы – алаш ұранды азамат» деген тұжырымда осындай мағына көрініп тұр.
Авторға синоним мағынада қолданылатын ұғымдардың көбінесе әдеби тектер мен түрлерді анықтап тұратыны жиі кездеседі.
Мысалы, Баяндаушы десек, әңгіме – проза туралы болмақ, лирикалық кейіпкер – көбіне – көп поэзияға тән түсінік. Автор сөзін алмастыратын бұл ұғымдарындың қызметі мен әлуеті автормен бірдей емес, оған тең де емес. Әрине, мұндай көп мағыналық ғылыми терминге абырой, әпермесі аян. Сондықтан әрбір зерттеушінің алдымен авторды қандай мағынада қолданылатынын анықтап алғаны тиімді. «Автор – көркем образ», автор – болмысқа деген көзқарас иесі, «биографиялық автор» сияқты түсініктердің өзіндік қолданылу аясы бөлек, қызметі басқа екенін есте ұстау керек. Автор ұғымымен қатар актор, адресант, нарратор, бенефицарий, скриптор сияқты терминдерді қолдану модернистер мен постмодернистердің ұстанымдарына сәйкес басталғаны белгілі.
«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» (Абай), «Мен мұңдымен мұңдастым» (Мағжан) сияқты жолдардағы «мен» автордың «мені» ме, лирикалық кейіпкер ме, яки баяндаушы образы ма деген сауалдарға бірден жауап бере салуға да болар, дегенмен зерделей қараған назарға сауалдың басқа қырлары мен сырлары да ілігетіні бар. «Шұғаның белгісіндегі» (Б.Майлин), «Қазақ солдатындағы» (Ғ.Мүсірепов) автор мен баяндаушы арасындағы қарым – қатынас С.Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешудегі» автор мен баяндаушының байланысынан өзгеше екендігі туралы орнықты ойлар айтылған. Қаламгердің шығармашылық биографисынан жақсы хабардар оқырманның әдеби шығарманың кейбір тұстарын жазушы өмірінің деректерімен салыстыра тексеріп, астастыра қабылдауы жиі кездеседі. Мұндай деректер кейде қатардағы оқырманмен бірге кәсіби маман сыншыларды да адастыруы, басқа қиырларға жетелеуі мүмкін. Кейбір қаламгерлердің мәтіндегі баяндаушыға өз жауапкершілігін толықтай жүктеп қана қоймай, тіпті оған айрықша құқық беріп қоятын мысалдары бар. Бірақ оның қабылдаушыға яки көзі қарақты оқырманға ерекше әсер ететін факторлар екенін ұмытпаған дұрыс. Алайда бұл айырмашылықтарды білудің, оларды талдау барысында еске алып отырудың әдебиетшіге көмегі зор. «Автор образы» поэтикада өте маңызды. Қазіргі кезде «әлем образы» мен «автор образын» көркем уақыт пен кеңістікпен тұтастыра талдау маңызды болып отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет