Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасы №2 модулі «Ғылым (салалар бойынша) және инновация»



бет21/50
Дата17.10.2023
өлшемі459,62 Kb.
#186277
түріСабақ
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   50
Байланысты:
korkem matin poetikas -keshen. kyal-21-1m,fil-21-1m

Төртіншіден, интуиция. / қарастыру, көру, андау, сонымен бірге рухани көру, ұғыну, шабыттану, түсіну, ұғыну/. Мәселен, өлең жазу — есеп шығару емес. Есеп шығаруда белгілі ереже, амал, тәсіл болса, өлең—ішкі терең, табиғи тербелістің, тебіреністің нәтижесі. Бұл арада да ақынды салқын ақыл емес, ыстық сезім билемек.
Бесіншіден, өмірбаян. Тәжірибе молдығы. Тіршілікте көрген-білгені, ұққан-түйгені көп адамның таланты да
күшті, мықты. «Өмірі мазмұнды кісінің творчествосы да мазмұнды» болатынын Ибсен біліп айтқан.
Алтыншыдан, парасат. Сананың саралығы. Құр соқыр сезіммен, бір ғана интуициямен ұзаққа, биікке шырқау мүмкін емес. Шын талантқа шындықтың парқын білетін сарабдал сана, мол парасат керек. Бүгінгі буржуазиялық эстетика бұған қарсы, суреткердің. саналылығын емес, сәбилігін жақтайды, өмірдің қайшылығын көрмеуін қалайды.
Жетіншіден, шеберлік. Нағыз маман суреткерге тән шеберлік болмаған жерде суреткерлік даналық та жоқ. Даналық — еңбек сүйгіштік. Талант — еңбек деп те те-гіннен тегін айтылмаған. Қатал тәртіп, азабы ауыр еңбек жоқ -жерде жібі түзу қаламгер де болмақ емес. Өнердегі шын шеберлікке апарар жол — еңбек, диле-танттыққа — халтура. Шын шебер шёберленген сайын кинала, терлей түсуге тиіс. Ал шеберлік шексіз. Бұл туралы әйгілі жапон суретшісі Хокусаи былай деген: «Ал-ты жасымнан-ақ айналамнан не көрсем, сонын, бәрінің суретін сала беруге талпындым. Жарты жүз жыл ғұмыр сүріп, көп гравюра жасадым, бірақ біріне көңілім толған жоқ. Құстың, балық пен өсімдіктің дәл түр-тұрпаттары қандай болатынын жетпістің үшеуіне келген соң ғана аздап ұға бастадым. Сондықтан жасым сексенге жетпей өнерім өсіп-жетіліп болар емес. Тек тоқсан жаста ғана күллі дүние құпияларын тереңірек түсіне алсам керек. Өзім жүзге жеткенде ғана өнерім әбден жетілер деп жүрмін, ал егер жарық дүниеде жүз он жыл жасадым бар ма, қаламым тиген жердің бәрі аумаған өмірдің өзі болады да шығады».*
Сегізіншіден, шабыт. Шалқыған шабыт болмайынша, шеберліктен де ештеңе шықпайды. Шабытсыздық — қабілетсіздік, қабілетсіздік — дарынсыздық, дарынсыздық — талантсыздық. «Ең арғы жағы геометрияға да шабыт керек» (Пушкин). Адам биік мақсатқа, асыл мұратқа іс жүзіндегі шабытты еңбек арқылы ғана жетпек. Суреткердің шабыты кең көлемдегі халық мүддесіне негізделуге, ақиқат өмірге тамыр тартуға тиіс. Сонда өнер өзінің биік мағынасын табады. Өйткені нағыз шалқар шабыт, творчестволық құлшыну мен құштарлық, славский айтқандай, суреткердің өнердегі өзін сүюінен емес, өзіндегі өнерді сүюінен туады.
Мәтіннен тыс тұрған тұлға мен мәтін ішіндегі автор арасындағы байланыстарды көрсету үшін - автор ұстанымы, авторлық тұлға, автордың идеясы, қаламгер концепциясы, автордың шешімі сияқты ұғымдар қолданылатыны мәлім.
Объективтік болмыс пен автордың субъективтік еркі арасында қайшылық шығармада түрліше көрінеді. Көркем бейненің кейде автор ырықтан тыс әрекеттерге барып, өзінше қимылдайтыны туралы талай дерек бар. Л. Толстой өз күнделігінде - мысал ете отырып, Анна Каренинаның да жазушының дегенімен жүрмегенін жазып кеткен екен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет