Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасы №2 модулі «Ғылым (салалар бойынша) және инновация»


«Мәтіндегі автор» мәселесі XX ғасырдың екінші жартысында жан-жақты зерттеу нысанына айналған



бет23/50
Дата17.10.2023
өлшемі459,62 Kb.
#186277
түріСабақ
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   50
Байланысты:
korkem matin poetikas -keshen. kyal-21-1m,fil-21-1m

«Мәтіндегі автор» мәселесі XX ғасырдың екінші жартысында жан-жақты зерттеу нысанына айналған.
Л.Фидлер деген американдық ғалым осы ыңғайда ерекше белсенділігімен белгілі болды. Оның ойынша әрбір қаламгер өз мәтінінде әдеби персонаждарының жай-күйі мен психологиясы арқылы алдымен өз үрейі мен қорқыныштарын бейнелейді-мыс,-дейді.
Ғалымның пікірінше, көптеген американ жазушылары сол қоғам үшін ең қауіпті қорқыныш - өмірде жолы болмағандарды суреттеу арқылы өзінің де сол қатарға қосылуынан үрейленетінін алдымен көрсетеді екен.
Зерттеушілер автор мен оның мәтіндегі персонаждарының ара-сындағы басқа да жағдайларға назар аударған.
Автордың өз шығармасында өзінің екіге жарылуы, каққа бөлінуі, қосамжарлығы, екі ұдайлығы да байқалатын шығармалар бар. Мысалы, М.Мағауиннің ,,ЖАРМАҚ,, романы.
Флобердің аса күрделі авторлық «мені» «Қара мен қызыл» романында бірнеше кейіпкерге айналғанын әдебиетшілер дәлелді түрде айтқан. Ағайынды Карамазовтардың психологиялық бітімінің Ф. Дос-тоевскийдің әр түрлі мінез-құлықтарына ішінара ұқсас екендігін дәйектеуге тырысып жүрген зерттеушілер баршылық. Мұндай көз-қарастардың қызықты нәтижелерімен қатар олқы тұстары жетерлік. Л.Толстойдың адами болмысын «Соғыс пен бейбітшіліктің», М.Әуезовті - «Абай жолының» қанша кейіпкерінен іздеуге болар екен. Мұндай кейіпкер саны көбейген сайын автор бейнесінің де көмескілене бастайтынын еске саламыз. Бірақ мұны ұмытпаған орынды.
Түйіп айтқанда, «мәтіндегі автор» мәселесінің мәні - ұғымдық нақтылықтан гөрі көркем фуңкцияға жақындау.
Лирика, поэзиялық драма, новеллада персонаждардың тілі автор тіліне ыңғайланса, эмотивтігі басым мәтінде автор өз тілі мен персонаж тілін оқшаулап көрсетуге мүдделі болады. Ал нарративтік баяндау негізгі болатын «синтетикалық» көркем мәтіндерде (лиропоэтикалық туындылар, роман-эссе) автор тілі мен кейіпкерлер тілі бір-біріне қайшыласып, қарсы болатыны жиі кездеседі. Автордың төгіліп тұрған кестелі тілі еркін баяндау мен суреттеу-ден сон кейіпкерлердің диалоггары мен полилогтарына ауысқанда, тілдік қарапайым қасаң «нормаларды» көбірек қолданатынына мысал көп. Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романында осындай құбылыс байқалады. Кейде әдеби туыңдының баяндаушысының тілінде самарқаулық, салғырттық, бейғамдық белең алып, ал персонаждар тілінің айшықты, әрі оларды бірден бөлектеп тұратындай ерекше болатыны да бар. Мәтін энергетикасының күші мен кернеуі де авторлық антропологияға тәуелді деп журген ғалымдардың уәжіне құлақ асу керек.
XIX ғасыр прозасындағы «мәтіндегі автор» сол кез үшін әдеби-мәдени феноменге айналғаны белгілі. Әлемнің төрт бұрышын түгел аралағандай көсіле сөйлейтін, көргені көп, білмейтіні жоқ, кейіпкерінің не істейтінін өткенде істегенімен қосып, тіпті оның болашақта не ойлайтынын мұрнынан жіпке тізіп беретін жазушылар қатары көбейе бастады. Тіпті жаратқанмен өзінің білім-білігін таластыратындар да табылды. Ал XX ғасырдың аяғындағы ірі прозалық туындыларда «автордың жоғалып кету» феномені көріне бастады, зерттеушілер де осы төңіректі жан-жақты қазбалай бастады. Бұл туралы мынадай пікір айтуға болады. Көркем мәтіндегі бұрынғы әмбебап автор ешқайда кеткен жоқ еді, бірақ әдеби шығармада күрделенген дүниені енді көркем оқиғаларға айнал-дыру қиындады. Сондықтан бұрынғы белсенді авторлық баға, ашық қаламгерлік үкім, азаматтық әуен енді анық көрінбей қалды. Ең бастысы экспрессивтік-эмотивтік лексиканың мәтіннен ығыстырыла бастағаны көрінді, яғни сезім энергиясы солғындап, оның орнына автор сөзінде сезімдік бейтараптығы басым, кейбір жазушылар өздері ойлап тапқан шығу тегі түсініксіз терминология көбейіп кетті. Осы арқылы өзін көрсетуге тырысушылық сәнге айнала бастады.
О.Бөкеевтің соңғы жарық көрген туындысы «Атаукере» романындағы баяндаудың жазушының одан бұрынырақ жазылған «Қар қызы», «Сайтан көпір» повестеріндегі авторлық баяндаудан көп айырмашылықтар бары байкалады. Қаламгер тілінде сезімдік тұрғыдан берілген экспрессивтік сөздер көбейіп, оған коса эмоцияның интенсивті түрде берілуі жиі кездеседі. Осы екі құбылыс мәтінде жиі астасып, «to converge» (М. Риффатер) термині түсіндіретін жағдайға ауысады. «Атаукере» романындағы Тағанның экспрессивтік пәлсапасы, Еріктің бейғам лексикасы, Айнаның эмотивтігі басым пікірлері көркем мәтіндегі авторлық бағамды күрделендіріп жіберген. Оғаи Нюра апай мен сатушы Әйелдің сөздерін қосыңыз. Міне, жазушының өзі атап көрсеткен «түсініксіздеу» шығармаларындағы автордың осындай ізденістерін зерделеу арқылы астарлы мағыналарды тереңірек түсінуге негіз бар. Баяндаудағы экспрессивтіктің күшеюі әдеби шығарманың мазмұнының да күш-қуатын арттырады деген пікірге ойлана қарау керек, кейде керісінше болып кетуі де мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет