Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасы №2 модулі «Ғылым (салалар бойынша) және инновация»


– лекция Мәтіннің психологиялық қуаты мен қызметі



бет31/50
Дата17.10.2023
өлшемі459,62 Kb.
#186277
түріСабақ
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   50
Байланысты:
korkem matin poetikas -keshen. kyal-21-1m,fil-21-1m

5 – лекция Мәтіннің психологиялық қуаты мен қызметі


Қарастырылатын мәселелер:

1.Эстетикалық сезім табиғаты;


2.Адам құлшынысы мен құштарлығының өрістері;
3.Әдеби туындыдағы ақыл мен сезімдердің тоғысуы;
4.Мәтін астарындағы ойлар мен сезімдердің жүйесі;
Көркем мәтіннің жалпы мақсатының бірі оның арнайы «адресаттық белгілері» арқылы жазушының оқырманмен эмоционалдық, психологиялық интеллектуалдық байланыс орнатуы болып табылады.
Ал эм-фатикалық функция сол байланыстың нақты объективтік нәтижесі, оқырман ойы мен бойындағы, жан дүниесіндегі белгілі бір сипатқа ие болған әсері мен ықпалының көрінісі.
Сондықтан адам ойы мен бойындағы пайда болуының құпиясы көп.Соның бірі- эстетикалық, психологиялық сезім.
Өнердің басты мәселелерінің бірі болып саналатын бұл мәселені зерттнуге тырысқандар аз емес.
Мысалы, Бене-детто Кроче-1866-1952/,итальяндық атеис,сыншы,философ,саясаткер-тарихшы.«эстетикалық астро-логия» деп шартты түрде атаған.
Кейбір зерттеушілердің эстетикалық сезімі психологиялық түрде тап басып тану, нақты талдау үшін оған жасанды жолмен қол жеткізуге тырысқаны мәлім.
Бұл бағытта психологтар үлкен белсенділік көрсетті, олардың ішінен Т.Липстің /неміс ғалымы/ «эмпатия теориясын» бөліп көрсетуге болар. Оның пікірі бойынша, оқырман өнер туындысына қатысты өз сезімін оны оқу барысында-ақ білдіре бастайды екен, бұл әсіресе рахаттану кезінде мол болатын көрінеді.
Эмпатияны-адам ағзасының өнер туындысына деген ерекше реакциясы деп атау қалыптасқан.
Б.Христиан-сен деген даниялық ғалым,эстетик оған басқа балама теория ұсынды. Оның бағамдауынша, адам эстетикалық нысанға өз көңіл-күйімен әсер ете алмайды екен, керісінше оқырманның ішкі жан дүниесін мәтіннің жаулап алуы жиі кездесетін құбылыс деген ғалым пікіріне құрметпен қарағандар аз болмапты.
. А.Ричардс, Ч.Огден, Д.Вудтың «Эстетика қағидаттары» атты кітабы-ХХ ғасыр басындағы гуманитарлық ғылымдарға өзінше қозғау салған еңбек болатын.
Адамның жан дүниесіндегі, көңіл-күйіндегі сезімдердің ауқымын анықтауға бел буған бұл ғалымдар олардың барлығын эстетикалық эмоция деуді қолдамаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет