Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасы №2 модулі «Ғылым (салалар бойынша) және инновация»


Б.Спиноза айтқан «адам жанының физикасы



бет28/50
Дата17.10.2023
өлшемі459,62 Kb.
#186277
түріСабақ
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   50
Байланысты:
korkem matin poetikas -keshen. kyal-21-1m,fil-21-1m

Б.Спиноза айтқан «адам жанының физикасы» сияқты теориялардың іс-әрекеттің психосемантикалық негіздерін зерттеуге әсері болғандығы даусыз. Мұндайда ішкі қажеттілік, интенция, ниет, ықылас, ынта, ұмтылыс, құлшыныс, құштарлық тек қана интенцивтік емес, сонымен қатар реттеу қызметін де атқарады.
Бене-дикт (Барух) Спиноза (Spіnoza) (24.11.1632 жыл, Амстердам, – 21.2.1677 жыл, Гаага) – материалистік, пантеистік көзқарастағы Нидерланд философы.
Спинозаның философиялық көзқарасы ең алдымен ортағасырлық еврей философиясының (Маймонид, Крескас) ықпалында қалыптаса бастағанымен Дж. Бруноның пантеистік-материалистік көзқарасын, Декарттың рационалистік методын, Т.Гоббстың философиясын игеруі оның пантеистік-материалистік көзқарасқа көшуіне себеп болды. Ол пантеистік дәстүрдегі табиғат пен құдай біртұтас субстанция деген қағиданы өзінің онтологиясына негіз етіп алды. Таным теориясында рационалистік бағыт ұстанып, интеллектуалдық ақыл-ойға, парасатқа негізделген білімді сезімдік таным мен тәжірибеден жоғары қойды. Оның ілімін рационалды интуитивті гносеология, пантеистік метафизика, табиғат жайлы натуралистік көзқарас құрады.
Спиноза діни-телео-логиялық қағиданы жоққа шығарып, механикалық детерменизмді жақтады. “Көне өсиетті” тарихи-рационалистік тұрғыда сынап, діни нанымды надандыққа балады.
Ол өзінің пантеистік метафизикасы мен соған негізделген этикасын нағыз дін деп жариялады.
Адамның физикалық түйсігі, тітіркену мен сезімі арасындағы байланыстар әлі зерттелу үстінде. Санадағы нақты өмір сүретін «ақ-қара» секілді бинарлық семантиканы және «ақ-ақ емес» дегендей полярлық семантиканы нақтылап суреттей отырып, қаламгер ойы мен қиялында менталдық образ нобайы пайда болады.
Демек әдеби туныдының материалдық және идеялық аспектілері базбір дуализм құрайтындай. Көркем шығарманығ мәтіні, қолжазба, әдеби кітап сияқты материалдық зат есімді тудыру мүмкін бе? Ал рухани субстрат негізінде қолданылған сөздің әсері-ықпалы қалай жүзеге асады? Міне, осы сұрақтарға жауап іздеуге психологтар ертеден-ақ белсене кіріскен болатын. Олар шығармашылық тұлғаның пссхологиясы мен оқырманның психологиясына баса назар аудара отырып, әдеби туындының құпиясына үңілді. Бірте-бірте өнер психологиясы деген бағыт қалыптасты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет