Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасы №2 модулі «Ғылым (салалар бойынша) және инновация»


Оқырман назарын, мәдениетін қалыптастыруда мәтіннің ережеге сай сақталуы міндетті



бет30/50
Дата17.10.2023
өлшемі459,62 Kb.
#186277
түріСабақ
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   50
Байланысты:
korkem matin poetikas -keshen. kyal-21-1m,fil-21-1m

Оқырман назарын, мәдениетін қалыптастыруда мәтіннің ережеге сай сақталуы міндетті.

XVIII-XIX –ғасырдағы Еуропа романдарында «the reader», орыс шығармаларында «дорогой читатель» сияқты оқырманмен тікелей хабарласу үрдісі болған.
Мұндай мысалдарды қазақ жырауларынан, Абай, Махамбеттен келтіруге болар. Абайдың «тыңдаушым», «қалың елім», «қазағым», «қайран жұртым» сияқты сөздерінде қанша мағына жатыр. Бір қарағанда синонимдер болып көрінетін ел, қазақ, жұрт деген ұғымдар тереңірек тексере келсеңіз, әртүрлі мағынада қолданылғаны белгілі болады. Осындай тірек сөздер - оқырманның көркем мәтінді дұрыс түсінуіне, толығырақ талқылауына көмектесетіні даусыз. Абай туындыларын басқа тілдерге аударудың қиындығының бір ұшы осыған байланысты сияқты.
Абайдың «Ішім өлген, сыртым сау» өлеңіндегі «батыр-ау», «жайдары-ау», «жарқын-ау» сияқты сөздерінің оқырман мен тыңдарманға арнау, жолдау, наз, мұң, өкпе, пейіл, ықылас ретінде қолданылған.
Қазіргі кездері прозада автордың, баяндаушының оқырманмен іш тарта сөйлесуі, астарлап жеткізуі мағынаны күшейту үшін қолданылуда. Сен, мен, біз деген есімдіктерді жиі қолдану да оқырманды мәтінге жақындатудың бір үлгісі екенін біліп қойғанның артықтығы жоқ.
Автор пікірі мен оқырман пікірін жарыстыра қолдану, оқиғаның әрі қарайғы дамуын болжауда оқырманмен сырласу сияқты.
Көркем мәтіннің белгісіз оқырманға арнап баяндалуы да арнайы байланыс каналы ретінде сирек те болса қолданылады.
Ал адресаттың белгілі ұжым, бір топ болуы Шахерезаданың ертегілерінен белгілі, мұндай сипаттар сатиралық монологтарда, мінәжат түріндегі туындыларда жиі болады..
Мысалы. Жаратушыға (Тәңірі - Алла-Қүдай) жалбарыну - дүға өлеңдері - үлттык сөз өнері тарихындағы психолоғиялық сарындылығы мол шығармалар.
«Дұға - араб сөзі: 1. шақыру; 2. жалбарыну, жалыну (мольба), өтіну; 3. намаз оку. дұға қылу, ғибадат, мүнәжат; 4. қарғау, лағынет айту (проклятие) Қазірғі қазақ поәзиясындағы Жаратушыдан (Тәңірі - Алла-Қүдай) тәуелсіз Қазақ Елін, қазақ үлтын, Алаш жүртын көлденең табиғи апаттардан. жемқорлардан, обырлардан, масылдардан сақтауды, егісінің, бау- бақшасының мол ырысты өнімді болуын, жауынан досын көп етуді, жер. жесір дауына ұрынбауын т.б. сактауды жалбарына, мүсылмандық сарынымен егіле жырлау бар:
Оқ пен оттан аман болсын Отаным,

ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІ 1

Ал әңгімешінің жеке тыңдаушымен сұхбаты түріндегі көркем мәтіннің оқырманға айтары бөлек және оған ықпалы да басқа. Ә.Нұршайықовтың «Аңыз бен ақиқат» романында осындай белгілері бар.
Әдеби шығармадағы автордың атынан сөйлеуге құқы бар персонаждың әрқайсысы өз әлінше оқырман назарын бөлуге қызмет атқарады, СЕБЕБІ, олар автор мен оқырманның арасындағы дәнекер ретінде қабылданады және ол туындысының басынан аяғына дейін жалғасуы да таңғаларлық жай емес, мұндай әдіс иелерін актант деп атау қалыптасқан.
Әдеби мәтіндердің оқырманмен байланысын дамытудың қазіргі кездегі өте оңтайлы әрі белсенді түрі сол шығармалар желісі бойынша түсірілген кинофильмдер, телефильмдер мен телехабарларды тарату болып отырғаны жасырын емес.
Көптеген романдардың мәтініне деген қызығушылықтың күшеюі олар туралы түсірілген телеверсияларды көргеннен кейін туындайтыны қазір үйреншікті жайт.
Шыңғыс хан жайындағы көп сериалы телефильмдернен кейін оқырмандардың атақты қолбасшы туралы жазылған кітаптарға деген сұранысының ерекше артқанын ақпарат көздері таңдана хабарлаған. Бұрын оқырмандарды көп қызықтырмаған көркем мәтін желісі бойынша түсірілген кинодан кейін сол әдеби шығарманы ерекше қызығушылықпен оқып бұрын өздері байқамаған қырларын ашқандары туралы сырларын айтқан. Фильмдерді олардың әдеби түпнұсқасын басқа өнер тілімен иллюстрациялаудың бір түрі деп қарастыруға да болар, бірақ мұндайда мәтіндік эстетикалық белгінің танымалдығы да көрермен үшін ерекше маңызды екеніне назар салу керек. Қазақ жазушыларының атақты шағармаларынанқызықты телесериал түсіру ұлттық көркем мәтінге деген оқырмандық сұранысты, ынтаны арттыратын болар.
В.Шкловскийдің қазақ бір пікірі бар. Ол мәтінді көзімен көрмей-ақ оны сырттай тап басып тани білетіндердің көбейіп бар ажатқанына қынжылған еді. (Шкловский, 1990). «Тану» мен «Көру» сияқты үдерістердің арасындағы қатысым түрлеріне басқаша қарау керек екендігіне назар аудартқан зерттеушінің айтқанына толық қосыла салу қиындау. Әрине, көркем мәтінді көрмей жатып танудың, бір көріп бағалаудың эстетикалық кемшілігі туралы сөз қозғамауға да болар, бірақ ол туралы ештеңе білмей тұрып көргеннің де тиімділігі төмен болатыны түсінікті.
Көріп барып тануды, танып барып көруді бір-біріне қарсы қоюдың реті жоқ, қисыны аз, бұл екі әрекеттің бинарлық байланысын ұмытпаған лазым.
Ө көзімен көрмеген, тәнімен түсінбеген, жүрегімен сезбегенді бейнелеп беру де, қабылдап түсіну де қиын-ақ. Осындайда Оскар Уайлд сияқты байқампаз ақынның бір айтқанын қайталаудың артықтығы жоқ сияқты. Суретшілер күннің батуын келістіріп тұрып салғанға дейін адамдардың көбі мұндай сұлулыққа назар аудармаған-мыс. Тек осы құбылысты суретте көргеннен кейін ғана адамдар оны табиғаттан басқаша көріп, ерекше тани бастаған. Ендеше көркем бейнеленген, суреттелген, баяндалған жайттарды қайта таныту мен басқаша тану да шығарма мен оқырман арасындағы байланыс түрі деуге болады. Адамды осындай байланысқа икемдеуге әрбір өнер түрі мүдделі болатыны даусыз. Ондаған сериялардан тұратын телефильмдердің тапжылмайтын көрермені ету үшін көп жағдайда адамға оның алғашқы оқиғасы тартысқа толы бірер сериясын көру жеткілікті болып жатады. Күннен күнге оқырман назарын үнемі аудару үшін мәтінде қандай қасеттер болуы керек деген сұраққа әркімнің өз жауабы дайын.
«Мәтін-оқырман» деңгейінен қарағанда шығарманың көптеген қырлары басқаша көрінеді екен. Адресаттар түрі мен деңгейінің мәтінге қатысып өз мақсат-мүддесі бар екендігі басқа дәрістерде айтылған болатын. Әдеби шығармадағы аса күрделі байланыстар шоғырын «мәтін-болмыс» деңгейі арқылы анық көруге болады.
«Мәтін-оқырман» деген тұрақты байланыстағы жұптың арасын қосатын, байланыстыратын ақпарат каналдарының ішіндегі маңыздысы-персонаж. Көп автор өз кейіпкерін көпшілікке жағымды, сүйкімді етуге тырысатыны анық, одан кейін оқырманға танымал болған осындай бейненің автордың адресатпен жақынырақ араласуына өнімді түрде ұзақ уақыт қызмет ететіні бар, мұндайда суреткердің өзінің кейіпкерлеріне деген оқырман ықыласын пайдалануы әрқилы түрде жүзеге асып жатады.
Көпке белгілі болған туындысы және көпшілікке сүйкімді танымал образы арқылы автордың басқа да шығармаларына оқырман қызығушылығының артуы көп байқалады. Мұндай жағдайда ақпарат құлардары да өршітіп қоюға әуес.
Газет пен журнал беттерінде оқырманның белгілі бір мәтіннің әсер-ықпалы жайлы әрқилы хаттарының дүркін-дүркін жариялануының себебі осындай. Бұрын көркем шығармалардың көлемі әрі кетсе екі-үш томнан аспайтын, ал қазір ондаған кітаптардан тұратын шығармалар сериялары жазылып жатыр, көбінің көркемдік сапалары төмен болғандықтан оқырман назарына ілікпейді. Тіпті жылына бірнеше кітап жазып тастайтын қаламгерлер пайда бола бастады. Ерекше бір қаһарманның, жұптың, трионың, квартеттің басынан кешкен кезекті оқиғаларына өз көрермені бар, олар фильмнің жалғасы болатын келесі кітапты оқуға ерекше ынтық, бірақ мұның жағымсыз жайттары да жетерлік. Өз кейіпкерлеріне деген оқырманның қызығушылығын арттыруға бағытталған автордың еңбегінің зая болып жататыны бар, сериал ұзаққа созылған сайын оның көркемдік деңгейі, қабылдау сапасы төмендей бастайтын жасырын емес. Мұндайды байқап қалған авторлар кейіпкерлерін өзгертуге, шығарма сюжетіне жаңа бейне енгізуге өте мүдделі. Ал режиссерлер өз кезегінде актерлер құрамын жаңа креативтік тұлғалармен ауыстыруға тырысып бағады. Мұндай жағдайда көбінесе шығармадағы фактикалық функцияға зиян келеді. Көпшілік сүйкімді болып алған кейіпкерлердің сыртқы келбеті, дауысы, сөйлеу мәнері өзгеріп кетсе, яғни оның көрерменге әсер ететін таныс белгілері жоғалса, одан кейінгі оқиғаларға оқырман мен көрерменді бұрынғыдай тарту оңай емес. Кірпияз көрермен енді әрбір әрекеттегі, сюжеттегі сәйкессіздіктерге, олқылықтарға бұрынғыдай көз жұма қарай алмайды, сүйікті образының орнына келген басқа актердің ойынынан кемшілікті көбірек табуға тырысады. Сондықтан мәтін мен адресаттың арасындағы сан қилы байланыс түрлеріне құрметпен қараған дұрыс, оларды дамытудың екі жаққа да тиімді екенін ескерген жөн. Оқырман назары адам жаны мен ойының терең қабаттарымен тығыз байланысты, оның психологиялық жай-күйіне, аңсары мен арманына тәуелді екені талдау барысында есте болғаны жөн.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет