Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасы №2 модулі «Ғылым (салалар бойынша) және инновация»


Шекспир өз көргендерін жазғаны, Ф. Достоевскийдің өз басынан өткенді бейнеленгені үшін



бет27/50
Дата17.10.2023
өлшемі459,62 Kb.
#186277
түріСабақ
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   50
Байланысты:
korkem matin poetikas -keshen. kyal-21-1m,fil-21-1m

Шекспир өз көргендерін жазғаны, Ф. Достоевскийдің өз басынан өткенді бейнеленгені үшін миллиондаған оқырманға жай ғана қызықты болмаған шығар.
Сырттан келген «әдемі өмір» сияқты әзәзілге ерген Мағжанның Шолпанының тағдыры қалай болғаны белгілі. М. Әуезовтың «Қаралы сұлуындағы» сенім мен нәпсінің, сезім мен ділдің тайталасына назар салу арқылы мәтінді басқаша түсіндірер еді.
Психологтарға сүйенсек, көңіл-күй дегеніміз – сананың іс-әрекетке қатысы бар біршама тұрақты сезімнің - зауықтың бір түрі екен.
Әдебиеттанушылардың «Ұлттық мінез» деп жүргендері және ұлттық әдебиеттің ерекшелігін анықтауда бұл негіздерге сүйенетіні осыған байланысты болуы керек.
Жезде мен балдыз, нағашы мен жиен, женге мен қайын, жігіт пен бойжеткен арасындағы қарым-қатынасты және қазақы қалжыңды басқа ұлт өкілінің толық түсінуі қиындау.
Мұндай сыйластықтың басқа ұлт өкілдері үшін тұрпайы болып көрінетін сөйлеу стилі қазақтарды мүлде басқа сезімге бөлейді, диологқа қатысушыларда көп жағдайда ерекше жылы көңіл, жарасымды ынтымақтастық көңіл-күйі пайда болады.
Көркем әдебиетте дөрекі стильді пайдалану әзірше ешкімге абырой әперген жоқ.
Батыс әдебиетінде, қазіргі кейбір орыс жазушылары арасындағы тұрпайы сөздерді, өздері ойлап тапқан нормативті емес лексиканы қолдану белең болып бара жатқанына алаңдаушылық бар.
Фред – ерик Лу-кис осы құбылыстың үш себебін былайша өрнектеген екен:
1) қаламгер мақсаты - өзінің нашар көңіл күйін оқырманның иығына арта салу,
2) өзіне қарсы болған адамдардың көңіл күйін бұзуға тырысу,
3) неғұрлым көп оқырмандар көңілінде сол адамдар жайында жеккөрініш сезімін ұялатуға мүдделі болу.
Қазақ әдебиетінің қазіргі нұсқаларында осындай құбылыстар аз емес.
Адамның сыры мен сезімінің қимылға, әрекетке қатыс да аса күрделі. Қазіргі антроптық (тұлғаның дамуына негізделген) технологиялар адамның әлеуметтік-мәдени, жан күйі сияқты аса күрделі мәселелерінен ақпарат алуға болатын арт - пластика, психо - дидактика сияқты пәндерге ерекше назар аударуда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет