Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасы №2 модулі «Ғылым (салалар бойынша) және инновация»


«Мәтіндегі автордың» тағы бір жаңа сипаты XX ғасырдың ортасындағы «жоғалған ұрпақ» деп шартты түрде аталған еуропалық жазушылардың шығармаларында көрінді



бет24/50
Дата17.10.2023
өлшемі459,62 Kb.
#186277
түріСабақ
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   50
Байланысты:
korkem matin poetikas -keshen. kyal-21-1m,fil-21-1m

«Мәтіндегі автордың» тағы бір жаңа сипаты XX ғасырдың ортасындағы «жоғалған ұрпақ» деп шартты түрде аталған еуропалық жазушылардың шығармаларында көрінді. Ерекше зұлмат, қиян-кескі ұрыстарға толы екінші дүниежүзілік соғысқа деген өз көзқарастарын білдіру үшін өз жазғандарында олардың адам жаны мен сезіміне әсер ететін драматизмге толы көріністер меи жағдайларды бейтарап түрде баяндап отырғаны тосын көрінеді. Әдеби шығармаларындағы осындай қарама-қайшылықтың себебін авторлар кейінірек өздері түсіндіріп бергендей болды. Олардьщ ойынша, жанталасқан ұрыс үстінде адам айналасындағы құбылыстарға эмоционалдық баға бере бермейді екен. Олар негізінен болып жатқан сұрапыл оқиғаларды көзімен тізіп үлгеріп отыруға ғана тырысады екен. Автордың мәтінді осылайша да ұйымдастыруының себебі әрқилы болады екен.
Р. Олдингтон атты зерттеуші автордың эпикалық баяндауды оқырман назарын өзінен гөрі оқиғаға көбірек аудару үшін пайдаланылатын, өйткені әсерлі баяндалған, екпінді суреттелген оқиғалардың автордың бар екенін және баяндаушының жетістік-кемшілігін ұмыттырып жіберетін мүмкіндігі барын айтқан. Мұндай пікірлер мәтіннің әр түрлі қырларын алмастыруға болады дегеи ойға жетелейді. «Әңгімелеу» мен «әңгімелеуші» автор мәтіндегі барлық репрезентативтік және экспрессивтік қызметтерді өздері ғана жүзеге асырады деғенге толық қосылу қиындау. Ал әдеби шығарманың айшықтылығы мен маңыздылығының бұларға қатысы шамалы, көбінесе олар мәтінде референциалдык және мифопоэтикалық қызмет атқарады деген ойдың жаны бар. Эпикалық баяндау шығарманың тақырыбының көкейкестілігін арттырғанымен, әдеби туындының оқырманға беретін сезімдік энергиясын кемітеді. Т. Әбдіковтің «Оң қол» шығармасындағы баяндау сырттай самарқау болып көрінсе де, автордың өтіп жатқан оқиғаларға, адам тағдырына деген ішкі жан дүниесінің қатысы, оқырман жанына қозғау салғысы келгені көрініп тұр. Аталмыш шығармада суреттелген оқиғадан гөрі оны баяндаудағы бірізділік туындының мағыналық көкейкестілігін күшейткен. О. Бөкеевтің «Жасын» повестінде де осындай жағдай байқалады. Қазіргі прозада көкейкесті заманауи мәселені қызық етіп баяндау бар да, ұлттық прозада жауыр болған мәселелерді оқырманды күштеп әсерлендіру арқылы өткізбек ниет те баршылық.
Түйіндеп айтсақ, «мәтіндегі автор» мәселесі - көркем шығарманы бүтін көркем әлем және түйінді білім көзі ретінде тануға, оның көркемдік-эстетикалық қызметін тереңірек білуге қызмет ететін ұғым. Автор пікірінің экспрессивтік бояуына, референциалдық маңызына, оған қоса оқиға мен персонаждардың баяндалуы мен бейнеленуіне, суреттелуінің эмоционалдық, эмотивтік деңгейіне де жіті назар аудару қажет. Көркем мәтінді жүйелі талдауға,кешенді талқылауға бұл ұғымдардың беретін көмегі мол. Аударматануда да «мәтіндегі автор» мәселесі көп сөз бола қоймаған, бірақ тәржіме үдерісі мен нәтижесін бағалауда аталмыш ұғымның ғылыми айналымда, күнделікті тәжірибеде қолданыста болғаны лазым.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет