Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасы №2 модулі «Ғылым (салалар бойынша) және инновация»


Зерттеуде «әсемдік» ұғымының 16 мағынасы келтірілген



бет32/50
Дата17.10.2023
өлшемі459,62 Kb.
#186277
түріСабақ
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   50
Байланысты:
korkem matin poetikas -keshen. kyal-21-1m,fil-21-1m

Зерттеуде «әсемдік» ұғымының 16 мағынасы келтірілген, авторлар соның үшеуін ғана эстетикаға қатысты, ал қалғандарын психологиялық деп есептеген.
Олардың пікірінше, Сезім тудыратын нәрсенің бәрін әсем дей беруге болмас, сезімнің барлығынан эстетикалық негіз іздеу де қисынсыздау делініпті. Әрине, бұл бағытта қарапайым гедо-низмге ұрынғандар да болды, яғни сезімді тек «ляззат», «рахат» деңгейінде қарастыру оның өрісін тарылтып жіберді.
Мысалы, Тәтті тамақты тоя жеп рахаттанған кезді эстетикалық сезім дей қоюдың реті жоқ.
Француз ақыны /1871-1945/Поль Вал-еридің тәтті тамақты рахаттана жеп алып кітап оқуға кірісетін кейіпкерді сынағаны еске түседі.
Ал А.Ричардс пен оның әріптестері психологиялық табиғаты тек «им-пульстер мен гармониядан» тұратын сезімдерді ғана эстетикалық деп санаған, олар поэзиялық мәтіннің адамның түйсіктеріне қозғау салатынын, сол кезде оқырманның әдемілікті сезініп рахатқа бататынын атап көрсеткен.
Осы эстетикалық сезім табиғатын ғылыми тұрғыдан түсіндірілуде орыс ғалымы Л.С.Выготскийдің еңбегі елеулі. Көркем шығарма оқудан туған сезімдерді қарапайым сезімінен бөліп қарастырған ғалым - өнер туындылары адам бойында өте күшті сезімдер туғызғанымен, оның негіздерінің мәтінде көрініс бермейтінін айтады.
Көркем шығарманы «тітіркендіру жүйесі» деп атаған ол «эстетикалық катарсис» ұғымы арқылы сезімдердің белгілі бір уақыт аралығында өзара психологиялық үйлесімге келетінін дәйектеген. Адам бойындағы оқырмандық сезімдердің шарпысуы, сарсаңға түсуі, бір-бірімен күресуі үнемі жүріп жататынын алға тартқан ғалым мәтін энергиясының пайда болуын сөз еткен.

Катарсис (гр.catarsis- тазару)- адамның рухани жан және тән саулығын бейнелейтін ұғым. Бұл термин Аристотельдің трагедия туралы ілімінде қолданылған. Оның пікірінше, трагедия үрей, ашу (ыза), аяушылық және т.б. шақыру арқылы, көрерменді осы сезімдерді қайтадан бастан кешіруге мәжбүр етеді, сөйтіп оның көңіл- күйін, ішкі сезімін «тазартады». Катарсис ұғымы эстетикада, поэзияда, музыкада кең қолданылады. Оның көрінісі мен әсері туралы Платон, әл-Фараби, Қ.А.Яссауи, Г.Лессинг, Абай т.б. ұлы ойшылдар да айтқан.


Сезімдердің мағына түзушілік қабілетін А.Н.Леонтьев атты психолог-ғалым адамның іс-әрекетімен байланыстырған. Зертеуші мағына, сезім мен маңыздылықты сананың структуралық бөліктері деп белгілеп, мағынаны биологиялық қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталғандықтан, ол адамда тұрақты түрде болады екен. Ал тұлғалық мағына адам санасында құлшыныс пен құштарлық, ынта мен ықылас туғызып, ниет пен пиғылды айқындайды екен. Зерттеушінің мағына мен мән арасындағы айырмашылықты түсіндіруі де назар аударарлық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет