Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасы №2 модулі «Ғылым (салалар бойынша) және инновация»


Мүмкін жазушы болмысы өзіне сәйкес тіл іздей ме екен?



бет26/50
Дата17.10.2023
өлшемі459,62 Kb.
#186277
түріСабақ
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   50
Байланысты:
korkem matin poetikas -keshen. kyal-21-1m,fil-21-1m

Мүмкін жазушы болмысы өзіне сәйкес тіл іздей ме екен? Айналып келгенде, жазушының жеке бас қасиеттері мен ол таңдап алған стильдің арасындағы байланыстың бар-жоғы орнықты жауап беруді тілейді.
Ал өзі суреттеп отырған жайларға оқырманның ет жүрегін елжірету, ойсырата ойландыру, сай-сүйегін сырқырату, толғандыру қаламгердің өз стилі болатндықтан дау тудырмайды.
О.Уай - лд «сезім сезім үшін - өнер мұраты» деп отырып, іс-әрекет үшін жұмсалған сезімді өмірдің мақсаты деп білген.
Суреткер - әдетте өзінің көкірегі ұйып, жүрегі иланған тақырыбын жазуға тырысатыны белгілі.
Әрбір естияр адамның өмірінде сезім сан түрлі қызмет атқарады, бірақ тек оларға сүйену арқылы ғана өмірлік фактілерге берілген бағалар әрқашан орынды бола бермейді.
Көбінесе өте сезімтал, жүйкесі жұқа жандардың ғана айналасына беретін бағасы сезіміне тікелей тәуелді болады.
Қазақтың «Ашу – дұшпан, ақыл - дос» деген мақалында осындай ой ұшқыны жатыр. Ашу – сезімнің бір көрінісі, ендеше ол арқылы өмірге, дерекке, адамға көзқарасын білдіру опық жегізуі де мүмкін.
«Қайтып кірер есігіңді қатты жаппа», «Жақсының ашуы – атқа қарғып мінгенше..» сияқты афоризмдер сезім тәрбиелейді.
Белгілі бір идеяға, құбылысқа деген керемет құштарлықтан, ынт- зарлықтан немесе оларға деген күшті қарсылықтан туындайтын сезімдерді психолог-ғалымдар көзқарас деп атайды
Бірақ көзқарасты сенім (убеждение) сияқты күдік тудырмайтын тұрақты ойлармен теңестіруге болмас.
Сенім адам бойында негізінен оның өз көзімен көрген, жанымен түйсінген немесе өзі сенетін адамдардың ықпалымен қалыптасып, дамиды.
Тұқым-тұқияны басынан өткерген, ата-бабасы қолмен өткізген өткенге тіл бітіру, сұңқылдатып сөйлетіп отырудың да сезім әсері, эстетикалық тағылымы аз емес. Дәстүрлі сенімді өзгерту өте қиын, өйткені ол сананың терең қабаттарына сіңіп кетуі әбден мүмкін.
Ал көзқарастарды өзгерту үдерісі көптеген қиындықпен келеді, себебі жеке бастың тағдырымен әрқилы түрде тоқайласып жатқан оларды ауыстыру, өңдеу, дамытуға қоғам да, орта да, адам да мүделлі болады. Үйреншікті өмірдің бір құбылысына деген адам көзқарасының аз ғана өзгеруінің өзі тіпті одан да күрделі басқа салдарларға апарып соғатыны көркем әдебиетте талай бейнеленген. Осының бәрі тұлға мен пенденің көңіл-күйіне де өзгеріс әкеледі. Бұған қоршаған ортаның, жеке адамдардың да қатысы болуы ғажап емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет