Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасы №2 модулі «Ғылым (салалар бойынша) және инновация»


–лекция . Көркем әдебиетте авторлық сыр мен сезімнің бейнеленуі



бет25/50
Дата17.10.2023
өлшемі459,62 Kb.
#186277
түріСабақ
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   50
Байланысты:
korkem matin poetikas -keshen. kyal-21-1m,fil-21-1m

3 –лекция . Көркем әдебиетте авторлық сыр мен сезімнің бейнеленуі
Қарастырылатын мәселелер:

  • сөз өнеріндегі сыршылдық пен сезімділік;

  • әдебиет пен адам психологиясы байланысының ауандары;

  • «стиль – адам» деген ұғымның мағыналары туралы;

  • Көркем мәтіндегі сезім мен ырғақ бірлігі.

Қазіргі әдебиеттану ғылымында Көркем әдебиетте заманауи мәселелерді, адам болмысын жан-жақты қозғау, түгел қамту, жете байқау мен кәміл түсінуге талпыныс көп болған, бола да бермек.
Дегенмен,өзгенің көкірегіне сыр тұндыру кімнің қолынан қалайша келетінін де тап басып айту қиын. Бұл жайында антика дәуірінің алыптары, шығыс ойшылдары да көп толғанған.
Мысалы,Әл-Фараби ақындық туралы трактатында шығармашылық болмыстың пәлсапалық негіздерін анықтауға күш салғаны белгілі.
Еуропа ғылымында аталмыш сұрақтар төңірігіндегі жүйелі ойлар сыншыл реализм өкілдерінің еңбектерінде көрінді, олар көркем әдебиетті қоғамдағы саяси күштердің ойы мен сырының көрінісі деп санады.
Қазіргі әдебиеттің саясат пен идеологияға еш қатысы жоқ деп айтатындар да бар.
«Өнер - өнер үшін» деген қағидатқа мойын бұрғандар сөз өнерін автордың өзін-өзі көрсетуге тырысуы деп санаған.
Ал О.Уайлд тәріздес эстеик ғалымдар оны бір сәттік суреткерлік нәтиже деп бағалаған. Бірақ олардың барлығы мойындаған бір ортақ ой бар:
ол - әдебиет деген сезім, көңілдің гөй-гөйі арқылы адам назарын баурап алып, қиялына қанат беріп, оқырманның көңіліне жел беретін өнер. Суреткерлік - өмірінің өзегі, ал шығармашылық ізденісінің көсегесі – туындысы арқылы көп адамның көкірегін ұйытып, көңілін иландыру.
Демек оларды жетілдіруге тырысудың өзі - әдеби дамудың қозғаушы күші. Осы себепті олар, ХІХ-ХХ ғасырлардағы әдебиеттануда «expression» экспрес - сион термині өте жиі қолданылған. Осы ұғымның мәдени-әдеби тарихын жіті тексеру арқасында Б.Кроче «экспрессионистік эстетика» атты теориялық бағыттың негізін қалаған.
Өзінің «Эстетика» атты іргелі еңбегі арқылы Батыс Еуропа әдебиеттануына айтарлықтай әсер еткен зерттеуші әрбір «айтылымның» негізінде «затты, құбылысты білуге ұмтылыс» жатқандығын қайталаумен болды.
Ғалымның тағы бір басты пікірі: егер адам бір зат пен құбылыстың мазмұны мен мағыналарын сөзбен, бояумен, әуенмен айтып жеткізе алмаса, онда оның өзі оларды «білмейді» дегенге саяды.
Атақты француз жаратылыс-танушы ғалым Ж.Бюффонның «Стиль дегеніміз – адам» деген пікірі оңды-солды қолданыла беріп, тағынасы таяз афоризмге айналып кеткендей.
Ғалымның бұл тұжырымды адамның көптеген қабілеттері мен мінез-құлқына кеңірек және тіпті басқашалау тұрғыдан қарағандықтан айтқаны белгілі болса да, әдебиеттанушылар сол пікірді сөйлеу стилистикасы аясында ғана қарастыруды әдетке айналдырып алған. Қаламгердің жазу мәнері, әдеби модаға қатысты, тілдің ерекшеліктерін пайдаланудағы ізденістері де осы орайда азды-көпті сөз болып жүр.
Поляк және француз тілінің білгірі Д.Конрадтың өз шығармаларын жазуға ағылшын тілін таңдап алғаны, И.Тургеневтің, Л.Толстойдың кейбір шығармаларын басқа тілде жазуының нақты себептері тек жалпы тұрғыдан ғана түсіндіріліп жүргендей.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет