Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасы №2 модулі «Ғылым (салалар бойынша) және инновация»


Шығармашалық еңбектегі объективтілік және субъективтіліктің ара қатынасы төңірегіндегі талас күшеймесе



бет16/50
Дата17.10.2023
өлшемі459,62 Kb.
#186277
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   50
Байланысты:
korkem matin poetikas -keshen. kyal-21-1m,fil-21-1m

Шығармашалық еңбектегі объективтілік және субъективтіліктің ара қатынасы төңірегіндегі талас күшеймесе, тоқтар емес, өйткені осы екі негіздің ара қатынасын орынды айқындау басқа мәселелерді тыңғылықты қарастыруға бағдар болады.
Сондықтан әрбір әдеби ағым мен бағыт, жаңа теориялар мен эстетикалық игіліктер, суреткерлік жүйелердің дамуы осы бірлікке тікелей байланысты.
Адамзаттың басқа да рухани қызметтері сияқты, көркем әдебиет те объективтік дүниенің суреткер санасындағы субъективтік образы .
Сондықтан оның табиғатындағы екіұдайлыққа, шарттылыққа, көпмағыналылыққа осы тұрғыдан қараған абзал.
Бір жағынан, ол – адамның субъект ретіндегі өз еңбегінің заңды нәтижесі.
Көркем образдың өмірге келуі тек адамға ғана байланысты деген бұрыннан белгілі тезисті сол қалпында қабылдау – қаз.әдебиетінің тарихын нақтылауға себін тигізері сөзсіз.
Көркем шығармашылық еңбек табиғаты бөлек-бөлек, қызметі – 2 негізден тұрады.. Олар – зияткелік және сезім.Бірақ көркем туынды таза сезімнің ғана жемісі емес.
Көркем образдың қалыптасуына нақты өмірдің объективті-субъективтік құбылыстарының бір-бірімен әртүрлі деңгейде іштей араласуына шабыт пен құлшыныстың да әсері мол..
Жалпы,адамның әлемді тануы белгілі бір нақты әлеуметті ортада, тарихи даму барысында өтетіндігі білгілі.
Ғалым М.Храпченконың көркем мәтіндегі объективтілік пен субъективтілік бір-бірімен қатар орналаса алмайды, олар бір-бірімен айрылыспайтын өзара бірігіп кеткен химиялық қорытпа сияқты деген дәйектілігі күдік тудырмаған пікірін естен шығармаған дұрыс болар.
Адам ойы мен бойында өмір деректері, құбылыстары, заңдылықтары және олар туралы субъективтік баға, таным, эмоция бірге жүреді.
Әрине, адам санасынан тыс өмір сүріп жатқан басқа объективтік дүние де бар. Оны тану үшін адамзат рухани күштерге сүйенеді.
Болмысты рухина тұрғыдан игерудің айрықша бір жолы болып табылатын көркем шығармашылықтың басты мақсаты – әлемді көркемдік-эстетикалық тұрғыдан тануға ұмтылу деген орныққан көзқарас бар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет