«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған



бет1/8
Дата11.02.2018
өлшемі4,11 Mb.
#37584
  1   2   3   4   5   6   7   8

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3-деңгейлі СМЖ

құжаты

ПОӘК


ПОӘК 042-18-28.1.23/03-2013





ПОӘК

«Тілдің тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері»

пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар


___2013 жылғы

№ 1 басылым




«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған

«Тілдің тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері»
ПӘНІНІҢ ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

СЕМЕЙ, 2016



Мазмұны
1 Глоссарий

2 Дәріс сабақтарының мазмұны

3 Тәжірибелік сабақтардың мазмұны

4 Студенттердің өздік жұмысы



1 ГЛОССАРИЙ

АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ-Халықтың ауыза шығып, ауызша таралған шығармашылығы.

АҚ ӨЛЕҢ (ағылшын. Blank verse – ақ өлең) – силлабикалық және силлабо-тоникалық өлең жүйесіндегі ұйқассыз Эуропа халықтарының поэтикалық жадында «ақ» сөзінің «белгісіз, аяқталмаған, толықтырылмаған» деген ұғымдардың семантикалық эквиваленті ретінде қолданылуына байланысты. (Бұл ретте қазақ тіліне калькалау арқылы енген «ақ таңдақ» тіркесін еске алыңыз). Яғни тармақтардың соңындағы сөздердің дыбыстық тұрғыда үйлеспеуі, қабыспауы (ұйқастың белгісіз қалыпта, «ақ» күйінде қалуы) бұл өлең үлгісін «ақ өлең» атауға себеп болған.

АЛЛИТЕРАЦИЯ (латын. аd-littera – дыбыстас) – шығармаларда бірыңғай дыбыстардың үндестігі, дәлірек айтқанда дауыссыз дыбыстардың қайталануы. Бүкіл әлем поэзиясында ертеден қалыптасып келе жатқан стилистикалық айшық (фигура).Әдеби тілді ажарлап, сөздің реңін келтіре түсетін көркемдік тәсіл.

АЛОГИЗМ (грекше а – жоққа шығару жұрнағы, (logismos – ақыл ) – біріне бірі логикалық қисыны жағынан кереғар, қарама- қайшы ұғымдарды әдейі жақындатып, жалғастыру арқылы ойды айрықша әсерлі етіп жеткізетін стильдік тәсіл.

ӘДЕБИ ҚАҺАРМАН - әдебиеттің идеялық-эстетикалық роліне сай бейнеленетін тұлға. Ол қатардағы кейіпкерлерге, персонаждарға қарағанда бас кейіпкер, жан-жақты сомдалған толыққанды образ саналады, эпостық және әдеби эпикалық шығармаларда негізгі қаһарман ретінде жағымды түрде бейнеленеді.

ӘДЕБИЕТТІҢ КӨРКЕМДІК МӘНІ –сөз өнерінің бейнелілік, суреттілік қасиетінен туындайтын, адамның эстетикалық ой-сезімін қалыптастыруға үлкен әсер ететін ең басты сипатының бірі. Әдебиеттің қоғамдық маңыздылығы оның танымдық, тәрбиелік және көркемдік мәніне негізделеді.

БАЛЛАДА (француз., ballada – би әні) – поэзия жанры, оқиғаға құрылған, лирикалық сарындағы ұзақ өлең. Орта ғасырлардағы француз поэзиясының би үстінде айтылатын махаббат тақырыбын жырлайтын оқиғалы жыры ретінде пайда болған баллада кейінірек ағылшын, шотланд поэзиясына сіңісіп, халық әдебиетінің лиро- эпикалық әмбебап, шағын жанры болады.

МЕТАФОРА, АУЫСТЫРУ – екі нәрсені, құбылысты салыстыру және жанастырып – жақындату негізінде астарлы тың мағына беретінбейнелі сөз немесе сөз тіркесі.

ӨЛЕҢ ҚҰРЫЛЫСЫ - өлең сөзде қолданылатын өлшем-өрнектердің жасалу жүйесі, оның ырғағына, дыбысүндестігіне тән ерекшеліктерді белгілейтін негізгі шарттар мен заңдылықтар.

ПАРАЛЛЕЛИЗМ – екі нәрсені қатарластыра, жанастыра алыпбейнелеу тәсілі. Екі түрлі ұғымды білдіретін тіл элементтері бір-біріне әсер етіп, тұтас поэтикалық бейнені тудырады.


2 Дәріс сабақтарының мазмұны

1 модуль. Шумер ілімінің қалыптасу тарихы.

1-дәріс: Шумер ілімінің қалыптасу тарихы.

Мәдениеттің тууы бір уақытта пайда болған зат емес. Ол пайда болу мен қалыптасудың ұзақ процесінен өтті және сондықтан дәл мерзімі жоқ. Алайда осы процестің хронологиялық шеңберлерін анықтауға болады. Егер қазіргі түрдегі адам – homo sapiens шамамен 40 мың жыл бұрын пайда болса, онда мәдениеттің бірінші элементтері одан ерте 150 мың жыл бұрын пайда болды. Бұл жағынан мәдениет адамнан үлкен. Бұл мерзімді одан әрі 400 мың жылға жылжытуға болады. Онда біздің бабаларымыз неандерталдықтар отты тауып пайдалана бастады. Мәдениет деп біз рухани құбылыстарды түсінетіндігімізден, ең дұрысы 150 мың жыл болып саналады, өйткені осы уақытқа рухани өмірдің басты көзі болып саналатын діннің бастапқы формаларының пайда болуы жатады. Осы орасан зор аралық – бір жарым мыңжылдықта мәдениеттің қалыптасу және эволюция процесі өтті.

Барлық мәдениеттер өзінің айрықша өзгешелігімен ерекшеленді және адамзаттың дамуына үлкен үлес қосты. Осы кезеңде философия, математика, астрономия, медицина және ғылыми білімнің басқа салалары пайда болып, табысты дамыған. Көркем шығармашылықтың көптеген облыстары – сәулет, мүсін, барельеф классикалық формаларға жетеді.

Жаңа заман адамын толық есейген деп санауға болады, алайда ол әрқашан салмақты, жауапты, парасатты бола бермейді.

Адамның пайда болу тарихы ерте заманнан басталады, оның көп бөлігі ежелгі заманға жатады. Ол мың жылдар бойы жалғасып келеді. Адам пайдаланған ең ежелгі қарулар 2,5 млн. жыл бұрынғы заманға жатады. Адамдар қару жасаған материалдар бойынша археологтар ежелгі заман әлемінің тарихын үш ғасырға бөліп қарайды: тас, қола және темір. Тас ғасыры ежелгі тас ғасырына немесе палеолитке (шамамен 2,6 млн. бастап б.з. дейінгі 12 мың жылына дейін), орта тас ғасыры немесе мезолит (шамамен 12 мың жылдан б.з. дейінгі 7 мың жылға дейін), жаңа тас ғасыры немесе неолит (шамамен 7 жылдан б.з. дейінгі 4 мың жылға дейін), мыс-тас ғасыры немесе энеолит (шамамен 3 – б.з. дейінгі 2 мың жылдығының басы). Қола ғасыр – (шамамен 2 – б.з. дейінгі 1 мың жылдық), темір ғасыры (шамамен 1 мың жылдықтың ортасынан б.з.дейін).

Өз кезегінде палеолит үш кезеңге бөлінеді: төменгі, орта және жоғарғы немесе кейінгі. Жоғарғы палеолит - адамзат биологиялық көрінетін бірлікке қоса, мәдениет деп аталатын біріктіретін байланыстар деңгейіне ие болатын дәуір. Алғашқы қоғам мәдениетінің басты көне формасы қоғамдық сана формасы және қауымдық-рулық құрылыс идеологиясы ретінде болатын мифология болды. Адамға ерте заманнан бастап қоршаған әлемді тану қажет болды. Миф шығармашылығы - ежелгі қоғамға сай ежелгі адамның дүние мен өзін тану формасы, бұл – оның дүниені тәжірибелік-рухани игеру формасы. Мифология қиялда және қиялдың көмегімен табиғат күштерін игереді, бағындырады және түрлендіреді.

Адамның дүниені тануы неге осындай өзіндік және таң қаларлық миф шығармашылығы түрінде (грек тілінен аударғанда - әңгіме, аңыз) деген сұраққа жауапты ойлау ерекшеліктерінің мәдени-тарихи дамуының осындай деңгейінен іздеу қажет. Ежелгі адамның ойлауы синкретизммен, яғни бөлінбеуімен, қоршаған ортаны қабылдауда эмоционалды, аффектілі-моторлы реакцияның басым болуымен сипатталады. Мифологияда діннің, моральдың, өнер мен ғылымның алғашқы элементтері біріктірілген. Ежелгі адамның мифологиялық танымында қиял мен шындық қатар жүріп, қиял шын оқиға ретінде қабылданады.

Сонымен миф – адамның дүниемен ой жүзінде жақындасуына негізделген адамдық тұрмыс пен дүние тану тәсілі; адам мұнда психологиялық ойларды заттардың бастапқы қасиеттері ретінде қабылдайды және табиғат құбылыстарын қарастырып, әсерленеді. Осы сатыда ежелгі адамның барлық психикалық процестері мен қайғысының мүмкіндіктері архетип деп аталатын ұжымдық санасыз күйінде болды. Санаға ене отырып, алғашқы бейне мазмұнды сипаттамаға ие болады. Миф шығармашылығы процесі архетиптің бейнеге айналуы.

Мифология ежелгі адамның тірі қалуының жалғыз тәсілі оның қатаң табиғат құбылыстарымен жақындастығы сезімі екендігін көрсетеді. Мифологиялық жандар (Құдайлар, нимфалар, құбыжықтар) табиғи және әлеуметтік күштердің бейнесі болды, оларды мейірімдендіруге, дуалауға, ал кейде қорқытуға болады. Өмірде тірі қалу үшін адамның қуатты қамқоршысы болу керек, бұл қамқоршылар оның Құдайына айналады. Мұндай Құдайлар ролінде мифологиялық қиялда жанданған ең белгілі күштер мен құбылыстар болады. Әр тайпаның өз Құдайы, өзінің сыйынатын мифологиялық жандары пайда болады. Осыдан «пұтқа табынушылық» деген термин шыққан: әр ерекше тілге (тайпаға) сенудің өз жүйесі сай келеді.

Мифтің негізгі идеясы – қоршаған әлеммен мистикалық ортақтық және бірлік ежелгі мәдениет пен діннің барлық белгілерінде байқалады: тотемизмде, анимизмде, фетишизмде, магияда.

Өзін табиғатпен және оның нақты құбылыстарымен теңестіру тотемизмде –жануарларға табынуда байқалады (аз дәрежеде өсімдіктер мен табиғат күштеріне). Ру өзінің тотемінің атында болып, онымен қандас туыс екендігіне сенген.
Алғашқы дәуір үшін басқа тән сенімнің түрі фетишизм болған. Фетишизм деген кейбір жансыз заттардың ерекше қасиеттеріне сену, мысалы, үңгірлерге, тастарға, ағаштарға, нақты еңбек құралдарына, тұрмыстық заттарға, ал кейіннен арнайы жасалған діни заттарға.

Табиғаттың жандануымен анимизм – табиғат құбылыстарының себебі ретінде жан мен рухтың болатындығына сенім. Анимизм бойынша әр заттың жаны бар, ал кейбір ерекше заттар (рухтар, перілер) өз бетімен әрекет етеді. Мифте адам ғана әлемге бағынышты ғана емес, әлем де адамға байланысты болады. Мистикалық ортақтық екі жақты сипатта болады, егер екі зат немесе екі мистикалық жан бір-бірімен байланысты болса, онда әрбірінің тағдыры басқаның тағдырымен байланысты болады. Осының негізінде магия – адамның ерекше түрде адамдарға көмектесе немесе зиян келтіре отырып, нақты әрекеттер мен сөздер арқылы адамдарға, жануарларға, өсімдіктерге, тіпті табиғат құбылыстарына әсер ету қабілетіне сенімі. Діннің ең ерте формалары фантастикалық түсініктердің – сенімнен, сонымен бірге шіркеу жорасын атқару – діни тәжірибе бастамасынан құралады. Сенімнің дамуымен және діннің қиындауымен жора – тарихи бірінші және қоғамда тәртіпті белгілеу мен сақтаудың ең тиімді формасын жасайды. Жора адамның тәртіпсіздікке (хаосқа) тәртіпті қарсы қоюдың бірінші әрекеті болып саналады. Жора құпиялықпен тығыз байланысты, оның пайда болу құпиялылығы қалыпты жұмыс істеуінің қажет шарты болып саналады. Құпияны білу, оны ашуға тырысу, жоралар құпиялылығы дін үшін үлкен қауіп туғызады. Мифология – адамның өзін-өзі көрсету құралы. Бұл адамның шығармашылық қабілеттерін көрсетудің ежелгі және мәңгі формасы. Ежелгі Шығыс мәдениеті Ежелгі Шығыс адамды ертедегі дүние аясынан алып шыққан ұлы мәдениеттер отаны болды. Ертедегі дүниеден шыға отырып, Шығыс адамның дүниеге қатынасының мифологиялық тәсілін жеңе алмады. Бірақ ежелгі шығыс мәдениеттерінің әлемі – бұл табиғат апаттарының ғана емес, озбыр мемлекет қуатының құдайдай көрінуі. Ежелгі шығыс мәдениетінің негізі адамның дербестігі мен еркіндігін мойындамайтын абсолютті бірлік идеалы болып табылады. Мемлекеттің бұл типі қатаң біріктіру қажеттілігінен туды, ол нақты табиғат жағдайларына жауап болды. Осы мемлекет – шығыс озбырлығы зор төрешілдік аппаратпен басқарылады, оның бірлігі қол астына қарайтын адамдардың өмірі мен өліміне абсолютті билік етуге ие билеушімен бейнеленеді. Мемлекеттің мұндай типі Ежелгі Шығыс елдері Египет, Месопотамия, Үнді, Қытайға тән.


Ежелгі Египет - әлемдік өркениеттің дамуына үлкен әсер еткен ежелгі мәдениеттердің бірі. Б.з. дейінгі 3000 жылы перғауын патшалар басқаратын ерте құл иеленуші, орталықтандырылған озбыр формадағы мемлекет пайда болды. Египеттің жоғарғы билігін құрған негізгі принциптер оның мызғымастығы мен ақылға сыйымсыздығы болды.
Ежелгі египеттіктер мәдениетінің маңызды қасиеті мәңгілікке ұмтылу болды, оның белгісі «өлген адамға табыну» сенімінің болуы, оған сәйкес өлім өмірдің аяқталғандығын білдірмейді және мәңгілік өмірлік күш – «ка» ұзарады, және де тек жерлеу жорасын толық сақтаған жағдайда. Өлген адамның денесін сақтау қамы мумиялар жасау өнеріне әкелді. Өлген адамдардың денелері бальзамдалып, пирамидаларға салынды. Пирамидалардың ішіндегі ең ескісі 5 мың жыл бұрын салынған Джосер перғауынның пирамидасы, ол аспанға көтеріліп бара жатқан саты тәрізді салынған. Алайда ең белгілісі және өлшемі бойынша едәуірі – Хеопс пирамидасы.

Діни табынуда перғауынды құдай деп тану басты орын алды. Ол күн құдайы Ра тәрізді болды. Осирис - өлім құдайы және жерасты әлемінің патшасы. Исида – Осиристің әйелі және қарындасы, құнарлылық пен аналар қамқоршысы. Маат – шындық пен тәртіптілік құдайы. Кейбір жануарлар, өсімдіктер, заттар құдайлар болып саналды. Аменхотеп ІV перғауын (Эхнатон) (б.з. дейінгі 1419-1400 ж.ж.) Атон құдайының атымен    бір құдай ғана қалдыруды ойлады, бірақ бұған абыздар мен ақсүйектер қарсы тұрды.

Египет мәдениетінің маңызды құрама бөлігі иероглифтер – суретті символдық хат болды, онымен храмдар мен сарайлар алдындағы жоғары ескерткіш тастарды жазды, олар кейіннен буын жүйеліге айналды.

Б.з. дейінгі ІІ мыңжылдықтың бейнелеу өнерінің жауһарыТутанхамон перғауынның әйелімен бақшадағы барельефі, Аменхотеп ІV әйелі – Нефертитидің скульптуралық портреті, Аменхотеп ІІІ мүсіні болды. Ежелгі Египеттің бейнелеу өнеріне фигураларды жазық бейнелеу, статикалық, канондық шарттылық тән. Ерлердің денесі қызыл түспен, әйелдердің түсі қызғылт түспен, ал шаштары қара түспен, киімдері ақ түспен бейнеленген. Өнер мелшиіп тұру сипатында болады. Египеттің көркем әдебиетінің ең ерте ескерткіштері б.з. дейінгі ІІ мыңжылдыққа жатады. Бұл – патшалар мен даналардың ұлдарына ақыл айтуы, ғажайыптар, сиқыршылар туралы көптеген ертегілер, повестер. Ежелгі Египет әдебиетінің ұзын сонар, дерексіз шығармаларының бірі – «Көңілі қалған адамның өз жанымен әңгімесі» («Беседа разочарованного со своей душой»).

Ежелгі Египет өркениеті б.з. дейінгі XVI-XV ғ.ғ. Жаңа патшалық кезеңінде өркендеудің жоғары дәрежесіне жетті. Б.з. дейінгі IV-III мыңжылдықта Қос өзен территориясы – Тигр және Ефрат өзендерінің аңғарында Египтеттегі мәдениеттегідей жоғары мәдениет пайда болып, орнықты. Алайда мыңжылдықтар бойы бір ғана мемлекет – Ежелгі Египет қана болған Ніл аңғарынан ерекшелігі Қос өзенде (Месопотамияда) бір-бірін әр түрлі мемлекеттер ауыстырып отырды, оның ішінде Шумер, Аккад, Вавилония, Ассирия, Иран. Қос өзен тарихы мен мәдениеті Египеттегіге қарағанда динамикалы болды.
Қос өзеннің ежелгі мәдениеті – шумер-аккадтық. Шумерлер вавилон мәдениетінің рубасылары болды. Олар тарихта бірінші рет «Алтын ғасыр туралы» поэма шығарды, бірінші элегиялар жазды, бірінші кітапханалық каталог құрастырды, олар бірінші медициналық кітаптардың авторлары болды, егіншінің бірінші күнтізбесін жазды және т.б.
Бұл халыққа дүниедегі алғашқы жазу – шумер сына жазуы жатады, бұл белгілері сына тәрізді сызықшалар топтарынан тұратын белгілер жазуы, олар ылғалды сазға басылып жазылды.

Шумер-аккад өркениетінің мұрагері Вавилония болды. Б.з. дейінгі ІІ мыңжылдық ортасында Хаммурапи патша кезінде (б.з. дейінгі 1792-1750 ж.ж. ережелері) Вавилон қаласы өз маңында Шумер мен Аккадтың барлық облыстарын біріктірді. Хаммурапи кезінде екі метрлік тас бағанаға сына жазумен жазылған белгілі заңдар жиынтығы пайда болды. Бұл заңдарда Қос өзеннің ежелгі тұрғындарының шаруашылық өмірі, тұрмысы, әдет-ғұрыптары мен дүниетанымы бейнеленді, олардың мүдделері нақты шындыққа көңіл аударып, маңындағы тайпалармен үнемі күресу қажеттігімен анықталды.


Қос өзеннің ежелгі тұрғындарының сенімінде су мен аспан шырақтарына табыну үлкен роль атқарды, ол астрономия мен математиканың тез дамуына әкелді. Осылай алты ондық жүйесі құрылды, ол қазіргі уақытқа дейін уақыт есептеуі – минутада, секундта бар. Вавилон астрономдары Күннің, Айдың айналуын және күн тұтылуының қайталануын бірінші болып есептеп шығарды. Вавилон ғалымдарының барлық ғылыми білімдері магиямен және балгерлікпен байланысты болды. Вавилон абыздарының іліміне сәйкес адамдар Құдайларға қызмет ету үшін саздан жасалған. Құдайлар көп болған, ең бастылары мыналар: Шамаш – Күн құдайы, Син – Ай құдайы, Әйел құдай Иштар – махаббат құдайы, Нергал – өлім құдайы, Ирра – соғыс құдайы. Құдайлар патшаның қорғаушысы ретінде бейнеленеді, ол күшті патша билігіне бас иеді. 

Қос өзеннің ежелгі тұрғындарының діни сенімдері олардың монументтік өнерінде бейнеленді. Қалаларда құдайларға арналған храмдар салынып, олардың жанында зиккурат – террасалармен қоршалған жоғары мұнара тұрғызылды, олар көлемі жағынан кертпеш кертпешпен азаяды, зиккураттың жоғарғы ярусы алтын күмбезмен аяқталады. Вавилон сәулетшілері Ежелгі Рим, одан кейін Орта ғасырлық Европаның құрылыс өнерінің негізі болып табылатын сәулет формаларын жасаушылар болды. Вавилон мәдениетін, діні мен өнерін ассириялықтар пайдаланып, дамытты. Ассирия патшасы Ашшурбанипалдың (б.з. дейінгі VII ғ.) Ниневиядағы сарайының қирандыларынан ғалымдар үлкен кітапхана тапты, ол он мыңнан астам сына жазбалы мәтіндерден тұрады. Шумер әдебиетінің маңызды ескерткіші – Гильгамеш туралы аңыздар циклі.

VI ғасырда Вавилон мен Ассирияның орнына Иран империясы келді. Иран өнері зиялы және байсалды болды, онда ассириялықтардың өнеріне тән мейірімсіздік болған жоқ. Бірақ мәдениет сабақтастығы сақталады. Бейнелеу өнерінің маңызды элементі жануарларды – қанатты өгіздерді, арыстандарды, грифондарды бейнелеу болып қала берді.
Б.з. IV ғасырда Иранды Египет сияқты Александр Македонский жаулап алды және эллинистік мәдениет әсерінің сферасына кірді. Б.з. ІІІ ғасырында әулет билеушісі Сасанидтер болады. Сасанидті Ирандағы мемлекеттік дін зороастризм (осы діннің негізін салушы Заратуштра есімімен, европа транскрипциясында Зороастра) болды. Зороастризмнің бастапқы ережелері отқа бас ию және жақсылыққа сену болды. Зороастризмнің қасиетті кітабы – «Авеста». Ежелгі ирандықтардың діні пұтқа табыну емес, олар жеке заттарға емес, жалпы затқа табынады. Билік жүргізуші діннің ауысуы VII ғасырға жатады, онда Иранды арабтар жаулап алып, жаңа сенім – ислам діні тарады.

Ежелгі Қытай тұрғындары өзіндік материалдық және рухани мәдениет құрды. Олар өмірді құдай жаратқанына, дүниеде барлығы қозғалыста болып, екі қарама-қарсы космостық күштер – Жарық пен Түнек қақтығысқанда өзгеретіндігіне сенді. Осы кезеңде (б.з. дейінгі ІІ мыңжылдық) қытайлықтарға табиғатқа табыну тән болды, олар тау, жер, өзен, күн, ай, жаңбыр, жел рухтарына табынды. Сәл кейінірек патша билігіне бас иді. Патша аспанның ұлы болып саналды, яғни Құдайдың жердегі өкілі болып табылды. Қытайда ата-бабаларға табыну күшті болды. Ежелгі Қытай этносы типінің ерекшелігі рухани өмірде әлеуметтік этика мен әкімшілік практика басты роль атқарғандығы болды. Дұрыс пікірдегі қытай өмір мен өлім проблемалары туралы ойланған жоқ, о дүниедегі шатты өмір немесе қайғы-қасіреттен құтылу үшін емес, өмір үшін тіршілік етті. Дін емес, салттық этика дәстүрлі қытай мәдениетінің бейнесін қалыптастырды. Басқару жүйесі мен қоғамдық салттық нормаларда іске асырылған рухани мәдениет типі дүниеге көзқарас жиынтығының жалпы ұтымды бөлігі болды, әлеуметтік және табиғи тәртіп бірлігі, тұрмыс толықтығы мен жеткіліктілігі, табиғи өзі жетілетін тәртіп ретінде табиғи тәртіпті мойындау негіз болды. Ақыл-парасат міндеті оны өзгерту және бұзу емес, жалпы Жолмен (Дао) жүру болып табылады. Бұл идея ұлы қытай данасы, мыңдаған жылдар өтсе де құнын жоймаған діни-мифологиялық жүйені жасаушы Конфуций еңбегінде көрсетілген (Кун-Фу-Цзы, б.з. дейінгі 551-479 ж.ж.). «Билеуші билеуші болады, бодан бодан болып қалады, әке - әке, ұл – ұл болады». Конфуций негізгі рақымшылдар адалдық, тыңдау, ата-ана мен үлкенді құрметтеу деп санады. Ата бабаға табыну, ежелгі дәстүрлерді, жораларды сақтау (қытай рәсімі) Конфуций бойынша – идеал қоғамды қалыптастыру негізі. Осы қоғамды құру үшін әрбір адам өзіне талап қойып, барлық ережелер мен канондарды сақтау керек. Сонымен конфуцийлік дін емес, моральдық-саяси доктрина болып табылады. Ол қытай мәдениетін бейнелеп, қытай тұрмыс салтының негізі бола отырып, әкімшілік жүйе мен әлеуметтік және экономикалық процестерді реттеу функциясын атқарады.


Даосизмді жасаушы Лао-Цзы – «Қарт дана» (аңыз бойынша ол 200 жыл өмір сүрген) болып саналады. Оның пікірінше барлығы әбігершілік. Даоның ізімен жүру керек (сөзбе-сөз аударғанда жол), адам Жердің ізімен жүреді, Жер Аспанның, Аспан Даоның, ал Дао табиғидың ізімен жүреді. Философиялық даосизм адам заттардың табиғи тәртібін өзгерте алмайды деп санайды, сондықтан адамның еншісі -  оқиғалардың табиғи барысын сырттан бақылап, Даоға қол жеткізу. Даосизмді жақтаушылар белсенді әрекеттен бас тартуды насихаттап, «әрекетсіздік» теориясын ұсынады. Олар әлем адам сияқты тоқтаусыз өзгерістер процесі деп санады, сондықтан тану мүмкін емес. Басты шарты – жолды бұзбау, әлемдік ырғақпен қарама-қайшылыққа келмеу, дүниеге қосылу, оны тыңдай білу.
Қытайдың барлық діни жүйелерінің ортақтығы бар: барлығына үлкендер мен ата бабаларды құрметтеу, отбасыны тыңдау, «әрекетсіздік» идеясы, шындыққа сырттан қарау қатынасы тән болды. Адамның тұлға ретінде өзіндік құндылығы болған жоқ, қоғам «тұлға – мемлекеттік пен ұжымдық алдында ештеңе емес» деген принцип бойынша өмір сүрді. 
Ежелгі Қытайдың рухани өмірі туралы қазіргі түсініктер жазба көздерге негізделген. Б.з. дейінгі XV ғасырда Қытайда 2000 аса иероглифтен тұратын иероглифтік жазудың дамыған жүйесі болды, б.з. ІІІ ғасырында олар 18 мыңға жетті. Б.з. дейінгі І мыңжылдықтың басына жататын «Әндер кітабы» мен «Өзгерістер кітабы» әдебиеттің ежелгі ескерткіші болып саналады.

Қытайлар ұзақ уақыт жібекке табиғи бояулармен жазды, біздің заманымызда тушь пен қағазды ойлап тапты. Қолданбалы өнер де дамыды: қола айналарды жасау, нефрит пен сүйекке ою жасау, керамика, б.з. IV ғ. Қытайдан шет жерлерге де белгілі болған фарфор ойлап шығарылды, алуан лакты бұйымдар пайда болды.


Қытай сәулеті қызықты да ерекше. Ел біртұтас орталықтандырылған мемлекетке біріккен уақыт (б.з. дейінгі 221-207 ж.ж.) Ұлы қытай қабырғасының негізгі бөлігін салумен есте қалды, ол біздің заманымызға дейін жартылай сақталып қалды.
Сәулеттегі табыстарға математиканың дамуы себепкер болды. Б.з. дейінгі V ғасырда қытайлықтар тікбұрышты үшбұрыштың қасиеттерін білді. Олар тарихта бірінші рет теріс сандар ұғымын енгізді, б.з. дейінгі ІІІ ғасырда магнитті аспап, компостың алғашқы түрін, су диірменін ойлап тапты, астрономия дамыды. Олар жылды 12 айға, айды 4 аптаға бөлді. Б.з. дейінгі V ғ. 800 шыраққа жұлдыздар гороскопы жасалды, олар аспан күмбезін 28 шоқжұлдызға бөлді. Б.з. дейінгі 28 жылы қытайлықтар адамзат тарихында бірінші рет күндегі дақтарды суреттеп берді, астроном Чжан Хэн әлемдегі алғашқы айналатын жұлдыз глобусын жасады.

Медицина едәуір табысқа жетті. Б.з. дейінгі ІІ мыңжылдықта қытайлықтарға екі ондық музыкалық аспаптар белгілі болды: барабан, дабыл, сыбызғы, металл қоңыраулар, ішекті шертпелі аспаптар, үрмелі – бамбуктен, балшықтан жасалған және басқалар. Б.з. дейінгі бірінші мыңжылдықта арнайы сарай маңындағы музыкалық қызмет құрылады, сонымен мәдениеттің барлық сфералары реттеуге бағынып, мемлекеттің билігінде болды.


Ежелгі Үндістан – адамзат өркениетінің жоғары деңгейдегі мәдениетінің ежелгі ошақтарының бірі.

Үнді мәдениеті мен ғылымы б.з. дейінгі IV –IIғ.ғ. – б.з. VІІІ ғ. өркендеді. Осы кезеңде есептеудің ондық жүйесі, цифрлерді жазу түрі (кейінірек өзгертілген түрде араб цифрі деп аталған) жасалды. Квадрат және куб түбірлерді шығару, “р” санын есептеу (3.1416…), арифметикалық және геометриялық прогрессиялар, тригонометрия мен алгебра негіздері белгілі болған. Астрономдар жылды 12 айға бөлген, әр айда 30 күннен болған, жылдар 6 маусымға бөлінді. Әр бес жыл сайын 13-інші ай қосылып отырды. Жер шарының әр алуан ендіктерінде күн мен түн ұзақтығының айырмашылығы белгілі болды. Ежелгі үнді астрономдары Жердің шар тәрізді екендігін білді, оның өз осінің бойымен айналатындығын болжады. Химияны білу қышқылдар, бояулар, дәрілер, иіс су, цемент, тұздар жасауға, металдарды білу сынаптан күрделі аппараттар дайындауға мүмкіндік берді.

Б.з. дейінгі ІІ мыңжылдықтың аяғы - І мыңжылдықтың басынан бізге ежелгі үнді діни әдебиеті –Веда ескерткіштері жеткен. Шамамен б.з. дейінгі 800 жылы пайда болған упанишадтар индоарийцтердің діни түсініктерінің дамуында келесі қадам болып табылады. Эпикалық әдебиеттің негізгі ескерткіштері “Махабхарата” мен “Рамаяна” болды, олар б.з. бірінші ғасырларында санскритте жазылған, бірақ олар б.з. дейінгі IV ғасырда пайда болған.
Үндістанның ежелгі тарихының көптеген құпиясы ашылмаған. Алайда б.з. дейінгі ІІ мыңжылдықта шыққан ескі әдебиет көздерінде құл иелену қатынастарының дамуы туралы айтылады. Үндістанның б.з. дейінгі VI ғасырдағы қоғамдық-мемлекеттік құрылысын бейнелейтін «Ману заңдарында» қоғамдық еңбек бөлінісі, билеу мен бағынышты болу қатынастары жазылған.

Әлеуметтік шығу тегімен және сипатымен ескерілген ежелгі үнді қоғамын қатты дифференциация тұйық қоғамдық топтарды қалыптастырумен аяқталды: сословиелер бойынша – варналар (брахмандар, кшатрийлер, вайшьилер, шудралар), кәсіптік қызметі бойынша – касталар (олар 3,5 мың). Брахмандар атақты абыздар руының өкілдері болды, олар құдайлармен байланыс жасап, мемлекетті басқарды. Кшатрийлер деп әскери ақсүйектердің өкілдерін атаған. Қос варна қоғамның пұрсатты тобын құрады. Еңбекші халық вайшьилер мен шудралар варнасына кірді. Вайшьилер шаруашылық қызметпен шұғылданды: егіншілікпен, қолөнермен, саудамен. Шудралардың үлесі – басқа касталардың мүшелеріне қалтықсыз қызмет ету. Олар құқықсыз болды және жеке меншігі болған жоқ. 

Дін қоғамдық теңсіздікті ақтау үшін пайдаланылды. Құдайлар иерархиясы қаланды. Олардың ішінде жоғарғылары – Брахма (Ғаламды жасаушы), Вишну (оны сақтаушы), Шива (оны бұзушы). Б.з. дейінгі VI ғ. дамыған құл иеленуші қоғамның идеологиясы буддизм болады. Оның негізін қалаушы – Будда б.з. дейінгі 563 ж. туды. Ол Шакья-Муни патша руынан шыққан ханзада болды, оның шын аты – Сиддхартха Гаутама. Гаутама өз ілімінің мәнін төрт игілікті шындықта айтқан. 1. Өмір мәні қайғы-қасірет көру. 2. Қайғы-қасірет көру себебі, көзі - өмір сүруді көксеу: ләззат алуды, билік жүргізуді көксеу, тілек тілеу, құштарлық. 3. Қайғы-қасіреттен құтылу үшін тілек пен құштарлықты түп тамырымен жұлып алып, одан құтылу керек. 4. Ол үшін алдымен көзін ашатын, одан соң нирванаға әкелетін сегіз сатыдан тұратын өзін-өзі қайта құру жолы бар. Нирвана – бұл ішкі күй, онда барлық сезім мен құштарлық жоғалып, онымен бірге адамға ашылатын әлем есігі де жабылады. «Нирвана» сөзі «сөну», «өшу» деген мағынаны береді. Іштен сөну адамды қайғы-қасірет шегуші «меннен» және барлық тірі жандарды жаңа өзгерістерге тартатын өмірге құштарлықтан босатады. Сонымен карма билігі үзіліп, данышпан абсолютті тыныштықтың шат-шадыман бос кеңістігінде соңына дейін жоғалып кетеді. Көзін ашу - өмірмен кез-келген байланысты толық үзетін соңғы нирвананың бастауы. Түсінбеген бақылаушы үшін нирванаға жету болмыстың жоқтығы, өлім ретінде (шат-шадыман өлім болса да) қабылданады. Алайда нирванаға кірушінің көзқарасы жағынан – бұл күйде өмір мен өлім, «мен» және «мен еместің», жақсылық пен зұлымдықтың арасында айырмашылық жоқ, тек осындай ішкі көзқарас қана буддист үшін мәні бар.
Буддизмнің универсальдығы мен иілімділігі оның әлемге алуан бағыттарда тарауына мүмкіндік берді (ламаизм, дзен-буддизм, тантризм және т.б.). Буддизмнің Батыста ізбасарлары аз емес: кейде адамдар бөтен мәдениет жолдарында өзінің рухани проблемаларын жеңіл шешуге болады деген үмітте болады.

Әдебиеттер:1-7.
2-дәріс Шумер мәдениеті мен жазу түрлері.

Шумер мәдениеті



Шумер тарихи аймағында, шамамен біздің заманымыздан бұрын 3400 жылы қалыптасқан. Бұл мәдениеттің жарқын көріністері Эриду, Лагаш, Урук, Ур, т.б. қалаларда жүргізілген археол. қазба нәтижесінде анықталды. Кейін қазба жұмыстардың нәтижесінде бұл өркениет Шумер мәдениетті аталып, ғылыми айналымға енді. Мәдениетті егін ш-мен айналысқан халық қалдырған. Оларда қолөнер бұйымдарын жасау, металл өндіру, сәулет өнері мен мүсін жасау зор қарқынмен дамыды әрі осы жерде әлемдегі алғашқы жазулардың бірі пайда болды (қала Шумер жазуы). Археол. жұмыстар барысында күнделікті тұрмысқа қажетті құрал-саймандар, құмыра сынықтары, қару-жарақ түрлері, зергерлік бұйымдар, қолөнер туындылары аршып алынған. Олардың техникасы мен жасалу технологиясы өзіндік ерекшелігімен көзге түсіп, Шумер мәдениеттінің бірегейлігін нақтылайды. Шумер мәдениеттінің Элам, Мысыр, Үнді өркениеттері сияқты көне замандағы мәдениеттерге тигізген ықпалы зор болды. Шумер мәдениеттін қалдырған халықтардың саяси бірлігін қала-мемлекеттер құраған. Түрлі қалалардан Энки, Энлиль, Наннар, т.б. құдайлардың бейнелері, мүсіндері табылған. Шумер мәдениетті көрші елдердің ықпалына азды-кемді ұшырағанымен, өзіндік сипатын ұзақ уақыт сақтап тұрды.

Шумер тілі

Шумер тілі – өлі тіл. Қосөзен (Тигр мен Евфрат) аралығының оңтүстік аймағын (қазіргі Ирак) мекендеген шумерлер тілі. Шумер тілі тағы басқа з.б. 4 – 1-мыңжылдықтың аяқ кезінде жазылған сына жазу ескерткіштерін (іс қағаздары, шаруашылық құжаттары, т.б.) оқу арқылы танылған. Грамматикалық құрылысы жағынан жалғамалы тілдерге жатады. Сөздік қоры негізгі түбірден, бір буынды сөздерден құралған.
Әдебиеттер:1-8.
2 модуль. Шумер әдебиеті-көшпенділер философиясының көрінісі.

3-дәріс Шумер әдебиеті-көшпенділер философиясының көрінісі.

Ежелгі адамдардың алғашқы қонысы Африка, алғашқы өркениет ошағы Шумер мемлекеті болып табылады. Мемлекеттік құрылым, жазу-сызу, білім-ғылым, мәдениет-өнер – осының бәрі Шумерде бастау алып, өркендеген. Шумер мемлекетін құрғандардың этникалық негізі, олардың жазу-сызуының тілдік негізі, наным-сенімдерінің түбірі, батыстық зерттеулер үшін әлі күнге құпиясын ашпай келеді. Сірә да Шумерлік «баба тарихы» өзінің мұрагері болып табылатын ұрпағына өкпелеп, құпиясын соған сақтап, тарихтың қойнауында тығып отырған болар. Іздеушісі, жоқтаушысы болмаған соң, солай етпеске амалы бар ма?

Профессор Х.М. Әбжанов Қазақстан тарихының зерттелу әдістеріне тоқтала келе: «Ежелгі және орта ғасырлардағы Қазақстанды мекен еткен этностар, мемлекеттік құрылымдар аспаннан түсе қалғандай баяндалады. Олардың арасындағы генетикалық, нәсілдік, тілдік, экономикалық, саяси, рухани ортақтық, сабақтастық, жалғастық мәселелері кешенді Һәм қисынды ашылмаған күйде қала береді.

Қазақстан тарихының мазмұнын, ерекшелігін әу бастан автохтонды тұрғындар, олардың төл мемлекеттері анықтаған. Байырғы халық пен оның мемлекеттілігінің етене байланыстылығының тарихын адал ашатын методология бірінші орынға қойылуы керек» деген болатын.

Біздің мақсатымыз да көзі қарақты зерттеушілер үшін түрткі ой болсын деп, мақаланың көлемі көтергенше Шумерлер тарихының түңлігін түруге тырысу.

Евфрат (шумерлер Буранун (Дала деген мағына беретін) деп атаған) жазығына алғаш егіншілер шамамен б.д.д. 7000 жылы келіп қоныстана бастаған, ағашы, тау-тасы жоқ бұл жазықты қамыс-қоғаның көптігіне орай олар «Қамыс-ши иелігіндегі жер» деп атаған. Шамамен б.д.д. 3500 жылы Қосөзеннің оңтүстігінде шумерлер пайда болды. Зерттеуші ғалымдардың айтуы бойынша, олар Евфрат жазығына солтүстік-шығыстан түскен және олардың тілі айналасындағылардың ешбіріне ұқсамайтын.

Ірі шумертанушы А.Фалькенштейннің пікірі бойынша, шумерлер бұл жерге тіпті тас дәуірінде келген. Ал белгілі тарихшы И.М. Дьяконов шумерлердің қайдан келгендігі әлі күнге құпия дейді. Антропологтардың еңбектеріне сүйене отырып, оларды европоидтық үлкен нәсілдер қатарына жатқызады.

Келесі бір зерттеуші Г. Фр. Кольб өз еңбегінде (История человеческой культуры, 1897): «Полагают, что клинопись есть изобретение туранского народа, который в продолжение двух столетий господствовал в Месопотамии; это были финско-татарское племя, котороеэллиныназывалиазиатскими скифами» - деп жазған болатын. 1837 жылы ағылшын дипломаты, лингвист ғалым, ассирологияның атасы деп аталған Генри Роулинсон (1810-1895) Бехустин жартасындағы үш тілде жазылған жазбаларды көшіріп алып, үшінші тілдік сына нұсқасын 1853 жылы терең зерттей келе оны «скифтік немесе түркілік» деп атап, шумерлердің өзін «вавилондық скифтер» деген болатын.

Шумерлердің ата жұртының Шығыстық тегі ғалымдары одан әрі шығысқа сүйреп Алтайға жақындатқан сайын ғылыми әдебиетте шумерлер мен түркілер тілін салыстыра қарастырудың алғашқы әрекеттері қалыптаса бастады. Солардың бірі, Ф. Хоммель, шумерлер текстеріндегі түркі тілімен сәйкес келетін 200 сөзді атап көрсетті, сол үшін әжуалау мен масқаралауға ұшыраған болатын. ХХ ғ. 60-шы жылдары неміс ғалымы Курт Вальтер Керам: «Шумерлер тілі көне түркі тіліне ұқсас» деп кесіп айтқан еді.

Қазақстан ғалымдары арасында осындай пікірді түрік танушы ғалым А.С. Аманжолов 1969 жылы Германияда өткен конференцияда жасаған баяндамасында айтқан. Кеңес өкіметінің лингвист ғалымдары өре түрегеліп қарсы шықты, ия бұл сол кездегі идеологиялық, шовинистік пиғылдармен сай келмейтін.

Расында, бұл тақырып қазақ ғалымдары арасында қолдау таппады. Олар Алдыңғы Азиядағы өлі тілдер бойынша Кеңестік мектептің ірі маман болып табылатын И. Дьяконовтың сөзсіз авторитеті алдында бас иіуге мәжбүр болды. Осы Германиядағы конференцияда И. Дьяконов: «В настоящее время шумерский язык приходится считать изолированным и родство его с каким бы то ни было другим языком – неустановленным» деген еді. Кейінгі зерттеулер А.С. Аманжоловтың келтірген деректерінің дәлдігі мен ақиқатын айқындай түсуде. Осы уақыт аралығында көптеген шет елдік ғалымдардың, шумерлер мен түркілер тілінің туыстығын растайтын зерттеулері жарық көрді. И.М. Дьяконовтың шумерлер мен түркілер тілінің туыстығығын байқамағандығын көрсете отырып, Олжас Сулейменов оның кітабындағы түркі тіліне ұқсас 60 шумерлік сөздерді атап көрсетті (ада – отец (ата), ама – мать (ана), ту – родить (ту, туу), ере – муж (ер, еркек), рядовой воин (өрен), угу – стрела (оқ), таг – прицепи(тақ), заг – сторона(жақ), бильга – мудрый (білгір), предок, ме – я (мен), зе – ты (сен), ане – вот (әне), гуд - бык, гаш - -птица (құс), кир – грязь (кір), земля (жер), уш – три (үш), у – десять(он), кен – широкий (кең), узук – длинный (ұзын), туш – спуститься (түс), уд – огонь (от), удун – дерево(отын), дрова, дингир – бог (тәңір), небо, тенгир - бог, небо және т.б.). О. Сулейменов әр бір сөзді тыңғылықты талдауға алып, шумер-түркілік түбірінің сәйкестігін анықтай отырып, төмендегідей қорытынды жасады: а) ұқсастықтардың жүйелілігі бар, өйткені олар өмірмен байланысты; б) шумер және түркі тілдері ұзақ уақыттар бойы өзара анық ықпалдастықта болған; в) бұл тілдер генетикалық жағынан емес, керісінше өзара мәдени ықпал етулер нәтижесінде туыстасқан.

Шумер-түркі тілінің байланыстары туралы 1947 жылдан бастап талмай зерттеу жүргізген түрік ғалымы Осман Недим Тун еді. Өз зерттеулерінің нәтижесімен халықаралық конгресстерде баяндама жасап, көптеген мамандардың кеңесіне жүгініп, тек 1990 жылдан кейін ғана шумер-түркі тілінің байланыстарына арқа сүйей отырып түркі тілінің жасын анықтауға арналған еңбегін жарыққа шығарды. Бұл кітапта О.Н. Тун көне түркі тілімен түбірлес 168 шумер сөздеріне тарихи-салыстырмалық зерттеу жүргізіп, екі тілдің фонетикалық, грамматикалық ерекшеліктерін талдауға алған. Нәтижесінде ғалым шумер және түркі тілінің генетикалық туыстығы бар деуге дәлелдердің аздығын алға тарта отырып, осыған дейін табылған материалдар екі тілдің бір-біріне өте қатты ықпал етіп отырғанын атап өтеді.

О.Н. Тунның айтуынша түркі тілі 5500 жыл бұрын-ақ, оны пайдаланушылар арасында логикалық дамытылуға ие болып, фонетикалық құрылысы мен грамматикалық жүйеленуі қалыптасқан. Егер де бұл жүйенің дамуына дейін тағы да 5500 жыл қажет болғанын ескерер болсақ, онда түркі тілінің жасы шамамен 11 мың жыл болуға тиіс деді.  Ал, түркі тілінің жазбаша көрінуінің мерзімі (шумер сына жазуы), ол 8000-8500 жылдар бұрын орын алды деуге болады [Туна О.Н., 1990, 49].

Шумер атауының шығу тегіне көп көңіл аударғандардың бірі Олжас Сүлейменов. Ол өзіне дейінгілердің талдауындағы кеткен олқылықтарды келтіре отырып, шумерлер жазуындағы таңбаларды терең талдауға алған. «Қосөзендегі батпақты сулы, нулы ел – Суб-йер» дей келе, «Таңба мен атаудың түркілерден шыққандығының ең нанымды дәлелі – түркілер иероглиф пен таңбаның шын мағынасын білді, сондықтан олар Суб-йер тіркесімен байланысты қияли аңыз шығармады. Демек тіркес құпия сырға толы әлдене болып көрінбейді» [6. 246] дегенді алға тартты. Сонымен Олжас Сүлейменов Шумер атауын «Су-жер» сулы жер атауынан таратады.

Әрине алғашқы егіншілердің өзен, көлдер жағасына келіп орналасқанын ескерер болсақ, бұл атаудың өмір сүру құқы бар екендігін айта аламыз. Осы жерде өзіміздің де жорамалымызды айта кетуді жөн көрдік. Шумерлер өздерін «санг-гиг» - «басы қара», яғни қарабастылар деп атаған. Дьяконов – санг – бас – деп аударған. Сонымен қатар ең ежелгі оқулықтарды жазғандарды – «санга» (абыз) – титулымен атаған. Бұған қарап, «сана», «дана» - сөздерінің шығу тегі де осында жатыр ма деген ойға қаламыз. Гректер сақтардың бір бөлігін «шошақ бөрікті» (тиграхауда) деп атаған секілді, орыс жылнамалары да «қарақалпақтарды» «черные клоубоки» деп атаған, сонымен қатар албандар арасында «қоңыр бөрік», «қызыл бөрік» деген рулардың бар екендігі мәлім. Қазақтың ертедегі жыр-дастандарында парсыларды «қызылбастар» деп айтатыны белгілі. Мінеки бұл кейінгі халықтардың жадында сақталған естеліктер, ал ежелгі Шумерлердің мәдени мұрасына жүгінсек, олардағы бас киімдер бөрік, тақия секілді, бұл мүсіндерден айқын көрінеді (Төмендегі 1-2, 3-4-ші суреттерді салыстыра отырып қараңыз). Шумерлердің «угула гуруштері» (әскербасылар), дулыға секілді бас киімдер кисе, билік басындағылар бөрік және тақия киюмен шектелген. Ал бөрік және тақия қазақтарда қазірге дейін қолданыста. Оны салыстырмалы түрде берілген төмендегі суреттерден анық байқауға болады.  Яғни, б.д.д. ІІІ ғасырда табылған мүсіндердегі бөрік пен тақияның кейінгі ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақтың бас киім үлгісіне сай келетінін айта аламыз.



Шумерлердің өздерін қалай атағанына қатысты Тенгиз Гудава: «Себя называли «черноголовыми» -саи" или «саига» - sa-i (-ga), а шумерский народ - "унсаи" - un sa-i» деп атап көрсетеді. Бұл жерде бірнеше жорамалдар жасауға болады: «қара» деген сөздің көне түркілерде халықты (қара будун) немесе күштілікті (Қара Алып Ер Тоңға) білдіргенін ескерсек «санг-гиг» - «басы халық», «басты халық», «басшы халық» деген түсінікті - қазақы мағынада: «ата-баба», «шыққан тегі» деп аударған дұрыс секілді, өйткені европалық аудармашылар түркі тіліндегі бір сөздің бірнеше мағынада аумағының кең болатынына көп көңіл бөле бермеген. Ал, «ун-саи» - «үлкен-бас» деп аударылады, мағыналық тұрғыдан «Үлкен халықтың ұрпақтары», «Ұлы халықтар» болып шығады (Арилік теорияның тарауына да «аз, ас, ар» рулық атаулардың (Мыс: Авестадағы) үлгі болғандығы белгілі емес пе?). Олардың сырттан келгенін ескерер болсақ, жергілікті халықтан өздерін жоғары ұстау дәстүрімен (Түркілердің «Ұлыг», «төре» және «қарача», «қара будун» деген әлеуметтік бөлінісіне сай) және билікті өз қолдарында ұстап тұру үшін осындай әлеуметтік сатының атауын енгізуі де мүмкін. Тіпті, кейінгі сақтардық атауының шығуында осы шумерлік «санг», «саи», «саига» (sa-i (-ga) –са-и-ка, «сақтың», ал, үйсіндерде «усун» - ун са-и (un sa-i) жатпасына кім кепіл.

 


1. «Хаммурапидың басы» деп аталатын мүсін (б.д.д. ІІІ ғ.)

 



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет