«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған

бет8/8
Дата11.02.2018
өлшемі4,11 Mb.
#37584
1   2   3   4   5   6   7   8

16.  Қышақтардың   кемпіртас құдай ана әйел-тас мүсіндері

Шумерлер культінің сакральді кеңістігі тігінен(вертикаль) және көлденеңінен(горизонталь) орналасқан. Тігінде: Жоғарғы – «Ан» (Аспан – Ә.Ш.) - ғаламшарлар мен жұлдыздар әлемі (астра); Орталық – «Ки» (Жер – Ә.Ш.) –тіршілік, өмір әлемі. Ол екі бөліктен тұрады: «Абзу» (Апсу, Алып су, Мұхит – Ә.Ш.) – жер асты сулары; «Кур» (Көр – Ә.Ш.) – өлілер әлемі деп бөлінеді. Жоғарғы әлем бірнеше бөліктен тұрады (Жеті қаттан – Ә.Ш.). Орталық әлем: «калам» (ғалам, дәл аудармасы - «біздің ел» – Ә.Ш.) және «эден» (дала), содан кейін «кур» (бөтен жер – Ә.Ш.) деп бөлінеді.

Енді бұларды талдап көрелік: а) «калам» - бұл қала-мемлекеттің территориясы, сырты мықты қорғанмен қоршалған, орталықта қала құдайының храмы орналасқан; ә) «эден» - қала қорғанының сыртындағы далалық аймақ (құла дүз, аймақ) – құдайлар да, жын-перілер де қатар жүретін жер; б) «кур» - даланың ар жағындағы жат жерлер, өлілер мекеніне теңдестіріледі, өйткені «калам» тұрғыны үшін ол жерлердің тәртіптері мен заңдары (табиғаты) мүлдем жат, түсініксіз.

Ежелгі түркілік іздерді Шумерлерден іздегеніміз де тегін емес, европалық ғалымдар Халфен, Мюллер, Франке, Де Груут, Менген, Кастрен, Хаваси, Халоун, Харлейз, Копперз, Котвич және т.б. ежелгі түркілердің әлемнің төрт бұрышында да қалдырған іздері туралы жан - жақты зерттеулер жүргізгенін З.В. Тоган дәлелді келтірген. Шевеста, Кзермак, Шмидт, Копперз зерттеулерінде көне түркілер мәдениетін б.д.д. ІІ мыңжылдықта Ніл өзені аңғарынан жиі кездестіруге болады деп атап өткен. Ал, М.А. Кастрен Орталық Азиядағы, әсіресе Алтай өлкесіндегі тайпалардың ежелгі Шумер жеріне қоныс аударғаны туралы жазады [8]. Бұл пікірді қолдаған В. Шмидт пен О. Менген Таяу Шығыс пен Ніл аңғарында ежелгі және үлкен мемлекетті, өркениетті Орта Азиядан әскери-көшпенді қауымдар әкелген деп атап көрсетеді. О.Менген бұл деректерді жануарлар сүйегіне, әсіресе, жылқы сүйегінің табылған жерлерін зерттей келе, оларды қолға үйрету соңғы тас пен жаңа тас дәуірінде Орал-Алтай және Солтүстік пен Орта Азия тайпаларында орын алғанын, атқа мініп алапат жорықтарға аттанып, өркениет тасымалдаушылары болғандығын айтады. Темір өңдеуді де б.д.д. ІІ мыңжылдықта Мысырға (Египет) осы көшпенділер жеткізген. Ал Шумерлердің ежелгі Шығыстағы өркениеттің басында тұрғаны баршамызға мәлім.

Помпей Трогтың (б.д.д. І - б.д. І ғғ.) 44 томдық «Филипптің тарихында» сақ, массагеттер туралы айта келе: «Скифтер барлық заманда көне халық болып есептелген, көнеліктен олар мысырлықтардан кем түспейді» деп атап көрсетеді [9]. Скиф-сақтардың патшасы Мадиез (Мади) (б.д.д. 652-624 жж.) Кіші Азияда 28 жыл билік құрған. Ассирияның атақты патшасы Ашшурбанипалдың күйеу баласы болған Мадиді Мидия билеушісі Киаксар (Кейқұсырау) қастандықпен у беріп өлтіріп, ежелгі дәуірдегі ең ірі Ашшурбанипалдың кітапханасын өртеп жіберген. Сол кітапханада (Шыңғысхан күйреткен Отрар кітапханасын да еске алайық) скиф-сақтардың ата-бабаларының тарихына қатысты қаншама деректер жойылып кетті десеңші.

Б.д.д. VIII-VII ғғ. Шығыс Түркістан жерін мекендеген «Шулардың» түркі тектес қауымға жататынын көптеген европалық ғалымдар (Мысалы: Харлейз: (JA), 8-ХХ. - 1892) атап өткен. Көне түркі аңыздарында да Сақ пен Шу туыстас халықтың екі бөлігі ретінде көрсетілген.

Сақтардың бір бөлігін Сулер (Жүнгүсі) деп аталғандығы б.д.д. 989 ж. Қытай деректерінде айтылған. Оларда сү (сэ) және су атаулары сақтарға қатысты айтылады. Мюллер, Франке және З. Тоган бұларды түркілердің ата-бабалары деп көрсетеді [10].

Олай болса бұл атаулардың да Шумерліктерге қатысы болу мүмкіндігі жоққа шығарылмаса керек.

Ниневияны қазу барысында табылған саз тақтайшалар, сөздіктер ең көне деген тілдің түбірін анықтауға мүмкіндік береді. Оны лингвист ғалымдар агглютинивтік тіл (яғни, жапсырылған, желімделген деген мағынада) ретінде бағалаған. Атап айтқанда бұл тілдегі сөздер бір буынды немесе ешбір жалғаусыз болып келеді. Расында, бұл ежелгі түркі тіліне де тән болған ерекшелік. Олай болса, шумерлердің тілі түркілік тілге өте жақын деп айтуға болады.

Қосөзенде Урдың ІІІ әулеті құлаған кезде, б.д.д. 2 мыңжылдықта Иссин(исседон-үйсін-?) және Ларса патшалығы құрылады. Иссин патшасы Ишме Даған (Ісме Қаған – Ә.Ш.) (б.д.д. 1953-1935 жж.) арнайы салық «гун» (құн – Ә.Ш.) енгізді. Жалпы храмдық салық «саттуккум» (садақа – Ә.Ш.) (постоянная приношения) немесе «саду(г)» (жертвенные дары) құрбандыққа арналған төлем берілетін. Сонымен қатар, «а-руа» (аруақ – Ә.Ш.) (приношения по обету) ғұрыптық рәсімдерге де сый жоралғылар берілетін.

Шумер тілінің түркілік түбірі тіпті қазіргі қазақ тілімен жай ғана салыстырғанның өзінде анық байқалады (Кестені қара).

Шумер тілінде

Қазақ тіліндегі

баламасы

  Мағынасы

а-руа

аруақ

Ғұрыпқа байланысты құрбандық

беру рәсімі

аба-уру

ата ру

Ру ақсақалы

ага-уш

аға күш

Жауынгерлер мен күзетшілердің

бас басшысы, қолбасшы

Уру

ру

Қауым

Ур, урук

ұрық

Тек, орда, қала

Дингир

Тәңір

Құдай

энгар

егінші

Егу жұмысын басқарушы

калам

ғалам

Тарап, бағыт

Кен

кеңес

Кеңесу, жиналыс

Ун кен

Үлкен кеңес

Халық жиналысы, кеңесі

Ген

Кел,кет

Жүру бағыты, жүрген, келген

Уру-рим, уру- ген

Рудан өру,

үрку

Рудан немесе қаладан(ордадан)

кету, үрку, босып кету

Нун-кур-гу

 Нукер

Билеушінің қоластындағы көмекші

қызметшісі

гуруш

құрыш

Еркек, жас мықты жігіт, жұмыскер

Эрен

ерен

Әскери топқа біріккендер,

жауынгерлер тобы, сарбаздар

Нгешту(г)

естілік

Құлақ немесе даналық дегенді

білдіреді

Иги ку(г)

Игі көз

Тұнық көз немесе құлақ пен көз, даналық көзі дегенді білдіреді

Уту

От

Күн құдайы

Ишкур

Ұшқыр

Найзағай құдайы

Алғашқы жыр – дастан болып табылатын Шумерлік Гильгамеш жыры (Бильгамеш) (мыс.қаз. Өтеміс, Тоқтамыс) түркілік түбірлерге толы. Мысалы: отқа салса күймейді, суға батпайды (Алпамыс секілді), өлімнен қашып, мәңгілік өмір шөбін іздейді (Қорқыт секілді). Мәңгілік өмірге ие болған, топан судан аман қалған ата – бабасы Утнапиштиді (өмірдің қыспағын көрдім, отына пістім, бірақ та адамдар ішінде жалғыз өзім мәңгілік өмірге ие болдым) іздейді.

Сонымен Шумер мен түркі тілінің терең тілдік талдауына бармағанның өзінде, олардың арасындағы түбірлік мәндегі ұқсастықтардың бар екендігін жоққа шығаруға болмайды. Бұл паралелдер қазіргі кезде татар, азербайжан, хакас, өзбек, түркімен ғалымдары да тарапынан өз тілдерінің тарихымен салыстырмалы түрде қаралу арқылы жасалуда (Т. Таиров, Н.М. Зеляев және т.б.).

Қазіргі заманда ғылым дамуының жылдамдылығының артуы нәтижесінде бұрындары алға тартылған қортындылар тым ескіріп қалғаны анықталды: жаңа деректер – заттай және жазбаша табылды, оларды зерттеудің әдіс-тәсілдері неғұрлым жетілдіріліп, біздің тарихи танымымыз анағұрлым кеңейе түсті. Осы тұрғыдан алғанда, ешкімге жалтақтамай, тарихымызды тереңінен талдауға жолдың ашылғандығы сөзсіз. Кеңестік кезеңдегі «тарих жұтандығына» ұшыраған қазақ тарихының жазба деректерін тек орта ғасырлардан ғана алады деп, ежелгі тарихын археолог, антрополог, этнограф ғалымдардың үлесіне ғана қалдырып, дерекке тұнып тұрған Ежелгі шығыс, антика авторларының шығармаларына үстірт қарау немесе тек шетелдік зерттеушілердің түсіндірмесімен ғана пайдалану бүгінгі күн талабына сай келмейді. Қазақстан тарихының берік іргетасын оның ежелгі тарихы құрайды. Олай болса осы іргетастыңанағұрлым мықты, мызғымас болуы орың тарихи тамырларының тереңдігімен, дәлдігімен және жазбаша деректерімен өріледі. Еуропа тарихшыларының «көшпенді», «жабайы», «жазу-сызу жоқ» деген терминдік түсініктерінің түбірі бос екендігі қазір баршамызға белгілі. Соған қарамастан, ежелгі Қазақстан тарихын зерттеу мектебінің жоқ екендігі, түп-нұсқалық деректермен жұмыс істей алатын маман – тарихшылардың саусақпен санарлығы, осыған орасан зор кедергі келтіріп отырғандығы айқын.
Әдебиеттер:1-7.
4-дәріс Ежелгі тілдермен түркі тілдерінің байланысы.

Шумер мен түркі тілдерін салыстырған О.Сүлейменов, олардың шумерлер, семиттер, хуриттер және урартуден гөрі ұзақ уақыт бойы өзара жақын мәдени қатынаста болғанын дәлелдеді.

Шумерлер сияқты касситтер Мессопатамиға шығыстан немесе солтүстік-шығыстан келіп Сүлейман тауының айналасына орнықты.  Б.д.д. 1742 жылы касситтердің көсемі Гандаш Вавилонды жаулап алды да, өзіне әлемнің төрт құбыласының немесе Шумер, Аккад және Вавилонның  патшасы деген атақ алды. Касситтер Вавилон мемлекетінде тайпа болып өмір сүрді және оларда ұрпақтар түркі халықтарындағыдай ер нәсілділердің жалғасы болып саналады. Вавилондағы касситтердің әулеті б.д.д. 1155 жылға дейін билік құрды. Кассит сөзін кас-ит деп қарағанда “ит” қазақша ит, парсыша “сақ” – “сағ”134.Онда касситтің екінші мағынасы кассак. Яғни, түркілердің таңбасы бөрі болса, касситтердің таңбасы ит болуы заңды. Қазақтар итті жеті қазынаның бірі деп санайды. Шумерлердің қыш - құмыраларында қазақтың тазысына ұқсас иттердің суреттері бейнеленген.

Орталық Азиядан шыққан гиксос тайпалары б.д.д. 2100 жылдары Египетке басып кіріп, осы елді бес ғасырдай биледі. Вавилонға ат жеккен соғыс арбалармен барған касситтер сияқты, гиксос сарбаздары да Египетке ат жеккен соғыс арбаларымен барды. Гиксостар билеген кезден бастап Египет шығыстың ұлы империясына айналды164.  Қосөзен аралығы мен Египетке Ұлы даладан алғашқы салт аттылар немесе кентаврлар осы кезде келген болу керек (авт.). Бұрын атқа мінген адамды көрмеген жабайы тайпалар оларды жартылай адам, жартылай жылқы - кентавр деп түсінген. Аңыз бойынша, кентавр - Мерген Стрелец шоқжұлдызы. Кентаврдың мінезі жергілікті тайпаларға түсініксіз (непредсказуемый) болған.

Кентаврлардың ішіндегі данышпан Хирон адамға білім алуға көмектескен. Ол медицина құдайының өзі Асклепияға және Гераклге көмектескен. Хирон алғашқы болып жұлдыздар картасын жасап, онда зодиак шоқжұлдызын бөліп қойды. Осы картаны Хирон өзінің шәкірті ержүрек теңізші аргонав Ясонға табыс етті. Хирон ержүрек аргонавтарды жұлдыздар арқылы кемелердің тұрған жерін және жолын анықтауға үйретіп, алыстағы Колхидаға саяхат жасағанда көмектескісі келді. Зодиактағы шоқжұлдыздардың ішінен Хирон біреуін өзіне қалдырды. Бірақ, қайырымсыз да қатал кентаврлардың бірі (мүмкін Несаның өзі болар) Гераклдің әйеліне тиісті. Осы кентавр – Мерген аспандағы Хиронның орнын алды. Кең көңілді ЗевсХиронға басқа орын берді. Осылай Центавр (кентавр) шоқжұлдызы пайда болды.

Б.д. ІІІ ғасырда Камбоджадан келген қытай елшісінің есебінде осы елде ғұндардың әрпімен жазады деген Л.Н.Гумилевтің деректерін жоғарыда келтірген едік. Ғалымдар соңғы деректерінде сақтардың Тайландқа дейін барғанын жәнеКамбоджа жерінде ғұндар мемлекетінің болғанын жазады. Сондықтан, бұл мәселелерді жан-жақты зерттеп дәлелдеу болашақтың ісі. Тұран тобындағы діндер немесе Тенгри және одан бастау алатын конфуцианство, даосизмнің және синтоизмнің негізгі ұстанымдары мен танымдары аспан мен аруақтар рухына табынуға сүйенген. Мысалы, Конфуций үшін ең негізгі құдай Tien, немесе аспанның рухы. Сонымен қатар, ауаның, тау мен өзеннің, аруақтардың рухына табыну ол үшін маңызды болды. Конфуций өзінің ілімі туралы айтқанда жаңадан ештеңе ойлап таппағанын, тек аруақтар рухына сүйенгенін мойындаған.

Даосизм ілімі бойынша Ұлы Аспанды жаратқан Дао. Адам өмірінің мәні Даоны түсіну, оған еріп, қосылып кету. Адам бақыты да осында. Орталық доктринасы ұлы Дао туралы ілім немесе абсолют және жалпы заңдылықтар болатын Даосизмнің өзінде осы ілімге немесе жұмаққа баратын жол Темірқазық жұлдызы арқылы жүреді. Даосизмнің доктринасы көп жағдайда үнді-арийлердің Ұлы брахман туралы концепциясына ұқсас. Соңғы концепция мен жалпы Буддизм дінінің негізі болған үндіарийлердің Махабхарата, Веда сияқты эпостарына талдау жасағанда, оны шығарған кездегі тайпалардың Корел, Таймыр түбегінде, немесе Беринг бұғазы деңгейінде тұрғанын көреміз. Себебі, 65-70 градустардың арасында ғана, жылда 2-3 ай жаз, тәулікте 7-8 сағат күн болады. Осы горизонттан қарағанда Темірқазық тапжылмай бір орында тұрып, басқа жұлдыздар оны айнала қозғалады. Ол Темірқазықтың рөлін атқарған ертедегі Лираның альфасы - Вега. Веда эпосында осы жұлдыз туралы айтылған болу керек, себебі бізге белгілі Жетіқарақшы шоқтығындағы Темірқазақ жұлдызы “жердің темірқазығы” ретінде жер осінің аспанмен иіліп бұрылуынан кейін пайда болды.

Ұлы даладағы көне түркілерден қалған қорғандар тікесінен үш, бес, жеті қатарлы тастармен немесе террасамен бөлінген. Олар қорғанның тегіс бетінде Әлемнің тағы бір құрылымдық “макетін” елестететін тас немесе ағашты тікесінен орнатқан. Төбесінде жоғарғы күштердің символы бар қорғандардың осындай көпқатарлы пішіні (формасы) және баспалдақтары Египеттегі, Таяу шығыстағы, Үндістандағы, Оңтүстік-Шығыс Азиядағы және Орталық Америкадағы пирамидалардың ұқсастығы осы аймақтардың уақыт пен кеңістікте бір-бірінен алшақ жатқанына қарамастан, олардың әлемді танудағы аңыз-мифологияларының ұқсастығынан шығады.

Ертедегі египет, үнді, ассирий, қытай, грек, түркі және т.б. халықтардың аңыздарында кездесетін Солтүстік тауы, ұлы бағаналар мен тіреулер – барлық жерде кездесетін осы символдық образдар ежелгі дәуірден бері полюс пен Темірқазық жұлдызы арасындағы байланыс туралы ұғым мәңгіге қалыптасты.

Барлық халықтарда аспандағы жұмақ ұғымының тұрақты сипаттамасы Эдемге баратын жол солтүстіктегі таудың шыңы мен Темірқазық арқылы жүреді. Осындай әртүрлі нұсқалары мифологиялық ұғымның ертедегі адамның ойында қалыптасып, есінде мәңгі қалуы үшін олар поляр аймағында жүздеген жыл өмір сүрген болу керек.

Ертедегі түркілерден басқа ешқандай тайпалардың сол түбектерде немесе солтүстік жартышардың сол градусында тұрғаны туралы әзірге жоғарыдағы эпостардан басқа ешқандай ғылыми деректер жоқ. А.Рустің деректерінде ертедегі монғұл тектес тайпалар б.д.д. XXXV - II мыңжылдықтар арасында Алеут аралдары және Беринг бұғазы арқылы Солтүстік Америкаға әртүрлі қарқынмен өткен. В.Штайн “Дүниежүзілік цивилизацияның хронологиясында” бұл көштің б.д.д. XV-IX мыңжылдықтар арасында жүргенін жазады
Әдебиеттер:1-7.
3 модуль Шумер мен түркі тілдерінің тарихи байланысы.

5-дәріс Шумер мен түркі тілдерінің тарихи байланысы.

6-дәріс Көне түркі тілдеріндегі тарихи атаулардың семантикалық даму жолы.

Көне түркі ономастикасына қатысты маңызды материалдар түркілер мен славяндардың ұзақ уақыт бойы тығыз қарым-қатынаста болғанын дәлелдейтін ежелгі славян ескерткіштерінде көрініс тапқан. Бұл қарым-қатынас пен өзара тығыз байланыс Киев Русінің қалыптасу кезеңінде және оның тарихи даму кезінде Шығыс Европада мекендеген, осы территорияда бірқатар мемлекеттік билігін жүргізген түркі тайпасымен тығыз қарым-қатынас орнату кезеңінде ерекше мәнге ие болды. Н.А. Баскаков славяндар мен көне түркі тайпаларының арақатынасын былай көрсетеді: «Ежелгі орыс жазба ескерткіштерінде, оның ішінде негізінен қолжазба ескерткіштері мен көркем шығармаларда Шығыс Европадағы көне түркілердің топонимдері, антропонимдері мен этнонимдері сақталған. Бұл мәліметтер филологтардың, этнографтардың, тарихшылардың қызығушылығын арттырып, зерттеуге септігін тигізген». Ежелгі орыс мұраларынан табылған түркілер ономастикасына қатысты бұл құнды материалдар зерттеушілердің бірқатар еңбектерінде айқын жарық көрді. Мысалы, Н.А.Баскаковтың еңбегінде қыпшақ антропонимдері мен этнонимдеріне дәйекті талдау жасалды, Шығыс Европадағы көне түркілер этнонимдері мен антропонимдерінің моделіне типологиялық сипаттама берілді, түркілердің мифологиялық және эпикалық кісі есімдері әртүрлі аспектілерде зерттелді, т.б. Кең көлемді бұл материал ғалымның «Слово о полку Игореве» деген монографиясы мен «Русские фамилии тюркского происхождения» кітабында, бірқатар мақалаларында жан-жақты қарастырылды.

Ежелгі орыс тіліндегі түркі лексикасын зерттеуші И.Г.Добродомов ежелгі орыс мұраларындағы түркі ономастикасы мәселелеріне ерекше көңіл бөледі. Оның зерттеулерінде функционалды және этимологиялық тұрғыдан бірқатар қыпшақ антропонимдері талданды, ежелгі орыс этнонимдеріндегі булгаризмдер, ежелгі орыс мұраларындағы түркілік топонимдер мәселелері қарастырылды.
К.Менгестің «Восточные элементы в «Слово о полку Игореве» еңбегінде түркі ономастикасы мәселесіне қатысты бірқатар құнды ескертпелерін көрсетеді. Тіліміздегі антропонимдердің шығу, даму негізі халқымыздың өткендегі тарихымен тікелей байланысты. Қазіргі тіліміздегі кісі аттарының көбінің көне түркі есімдермен түбірлес, мағынасы ұқсас, жасалу тәсілі мен құрылысы жағынан бірдей болып келуінің сыры - есімдердің шығу тарихы жағынан көне түркі заманы мен орта ғасырларда пайда болған антрополексемалық жүйенің жалғастығы болып саналатындығында.
Осымен байланысты көне қыпшақ антропонимдерін әлеуметтік лингвистика тұрғысында зерттеу дегеніміз - бұл есімдердің пайда болу табиғатын анықтауға әлеуметтік факторларды қатыстыра отырып зерттеу. Ескі қыпшақ тілі, қазіргі кезде қолданыста жоқ, өлі тіл болғандықтан бұл тілдегі есімдер әлеуметтік лингвистиканың зерттеу объектісі болып табылады. Ескі қыпшақ тілінде сөйлеген этностардың ХІ-ХІІІ ғасырларда шығыста Ертіс, батыста Днепр өзендері аралығындағы Евразия далаларын мекендегендігі тарихшы-археолог, этнолог, шығыстанушы ғалымдардың еңбектерінен белгілі.
Половец - қыпшақтар мен кумандардың тарихын, этнографиясын зерттеген «Половцы» деген еңбегінде С.А.Плетнева оларды: ку-кумандар және половецтер дейтін екі үлкен тайпалар бірлестігіне бөледі. Бұл екі тайпалар бірлестігін, куман және половец қоғамдары деп қарауға болады. Куман жэне половец қоғамдарын, әлеуметтік терминологиямен айтқанда топтық қауымдар немесе әлеуметтік топтар құраған. Половец қоғамындағы экономикалық мәдени-әлеуметтік өзгерістерге байланысты көптеген курен басшылары есімдерінің соңына «баспана», «тұрақ» мағыналарын білдіретін «оба» дейтін көне түркі сөзінен туындаған «опа», «епа» морфемалары қосарланып, содан Урсоба, Алтунопа, Аепа секілді кісі атаулары пайда болған. Бірнеше тайпалардың бірлестігін С.А.Плетнева "орда" дейтін терминмен атаған. Половец және куман қоғамдарының әрқайсысынан бірнеше орда құраған. Ал орданы көптеген курендер құраған. Курен дегеніміз токсоба, төртоба, етибичи, иета секілді этнонимдердің бірлестігі. Қыпшақтану мәселесімен айналысқан зерттеушілердің барлығы дерлік токсоба этнонимінің бірінші компоненті - токс сөзін, тогуз немесе тоғыз сан есімінің ықшамдалған фонетикалық варианты. Ал, екінші компонент - оба сөзін, жоғарыда көрсетілгендей «ру – тайпа» мағынасын білдіретін көне түркі атауы деп қарайды. Осы сияқты тортоба да, төрт сан есімі мен оба дейтін көне түркі сөзінен біріккен екі компонентті этноним. Етибичи-иета немесе жеті сан есімі мен оба сөзінің жіңішке фонетикалық варианты, еби және чи суффиксімен құралған үш компонентті этноним. Сонда токсоба, төртоба, етибичи дегеніміз - тоғыз, төрт және жеті рудан құралған бірлестіктер болып шығады. Олай болса, жоғарыдағы түркітанушылардың, этнологтардың, шығыстанушылардың көне түркі "оба" сөзі мен оның фонетикалық варианты, «ру - тайпа» мағынасын білдіретіндігін анықтадық. Егер де оба сөзі мен оның фонетикалық вариантары «ру - тайпа» мағынасын білдірсе, онда қалай Алтунопа есімі: қымбат металл мағынасын білдіретін алтун және әке жағынан «аға», «әке» мағыналарын білдіретін аба немесе апа сөздерінен құрала алады. Егер де половецтерде Алтунопа атауымен аталған ру болған болса, онда олардағы Алтунопа есімінің екінші компоненті опа - «ру» мағынасын білдірген. Олай болса, жоғарыдағы тұжырымымызға сәйкес Алтунопа есімінің де екінші компоненті оба мен оның фонетикалық варианттары – «ру» мағынасын білдірген деп тұжырымдауға болады. Оған негіз болатын дәйекті мысалы, қазақ этнонимдерінің атауларымен сабақтастыра дәлелдеуге болатын сияқты. Қазақтың Кіші жүзі, Алшын және Жетіру дейтін екі бөлікке бөлінетіндігі белгілі. X. Арғынбаев, М.С. Мұқанов, А. Востров секілді тарихшы-этнолог ғалымдардың пікірінше, Алшын бөлігінің Байұлы тармағы 13 рудан құралған, осылардың бірі – Алты. Осы зерттеушілер Байұлы тармағына жататын Байбақты руында тоқсоба дейтін атаның барлығын атап көрсетіп, бұл ру ортағасырда Дешті Қыпшақты жайлаған қыпшақтардың құрамында болған, деген пікір білдіреді.

Қыпшақтану мәселесімен айналысып жүрген зерттеушілердің басым көпшілігі орта ғасыр деректемелерінде кездесетін қыппшақтардың бір тайпасы Бурджоголыны Алшынның Байұлы тармағына кіретін Беріш руымен шендестіріп, екеуін бір этнос деп есептейді. Ш-ч, дж тарихи дыбыс сәйкестігіне сай Бурджоголы этнонимінің бірінші компоненті-бурдж сөзін, Беріш этнонимімен шендестіріп, беріш қабылдап, жоғарыда көрсетілген қыпшақтанушы зерттеушілердің Бурджоголы мен Беріш этнонимдерін бір этнос деп есептейтін пікірімен келісуге болады.

Себебі Алшынның Байұлы тармағының бірнеше руы, ортағасырлардағы қыпшақ конфедерациясына кірген. Осындай тарихи-этнологиялық фактілерге және компонентті половец есімдері - этностардың, кісі атаулары ретінде берілген бейнесі, формасы екендігіне сүйене отырып, біз Байұлы бірлестігінің Алтын руы мен орыс жылнамаларындағы Алтунопа есімін шендестіріп, бұл екеуін бір этнос дей аламыз.
Егер де половецтерде Алтын руының этнонимі негізінде және осы рудың көсемінің аты ретінде пайда болған Алтунопа есімі бар болса, онда оларда Байұлы бірлестігінің Алтын руымен генезисі бір Алтын опа руы да болған деп ойлауға болады. Егер де половецтерде Алтунопа атауымен аталған ру болған болса, онда олардағы Алтунопа есімінің екінші компоненті опа – «ру» мағынасын білдірген. Олай болса, бұл жайлар біздің жоғарыдағы екі, үш компонентті половец есімдерінің екінші компоненті оба мен оның фонетикалық варианттары – «ру» мағынасын білдірген дейтін пікіріміздің дұрыстығын дәлелдейді.
Этнонимдердің кісі есіміне негіз болу заңдылығы - түркі тілдерінде кездесетін кұбылыс. Мысалы Арғынбай, Адай, Найманбай (Әсет Найманбаев т.б.), Қоңыратбай (Ә.Қоңыратбаев т.б.), Алшынбай, Жаппас т.б. Бұл бөлігінің этномәдени сипат ретінде қазақ тілінде ұлттық киімдердің соның ішінде бас киімнің атауларында қалыптасқанын проф. Е.Жанпейісов М.Әуезов шығармашылығы тілі негізінде нақты көрсеткен: жекей тымақ, керей тымақ, қаракесек тымақ, найман тымақ, сегіз сай уақ тымағы, төрт сай аласа төбелі тобықты тымағы.

Осы тектес половец есімдерін этимологиясына жасалған талдау көрсетіп бергеніндей, бұл антропонимдердің басым көпшілігі этнонимдер мен отбасылық, рулық лақап атаулар немесе рулық отбасына біріктіретін топтық атаулар және тотем атаулары негізінде пайда болған.

Осы мәселеге қатысты Н.А.Баскаков, С.А.Плетнева, Аджи т.б. зерттеушілердің еңбектеріндегі деректерге сүйеніп, половец есімдерінің төркінін анықтау барысында олардың бізге белгісіз болып келген этноәлеуметтік құрылымын мынадай рулар құрағаны анықталды: Алтын, Арыстан, Ашина, Кул, Тарголовке, Ит, Токсаба, Кайоба, Беріш-барыс, Кайдар-Айдар, Кимек-Имек, Лақ, Жағалбайлы, Қыпшақ, Басымал, Құлан т.б. Половец есімдерінің басым көпшілігі осы рулар және олардың тотем атаулары мен рулық отбасына біріктіретің топтық атаулар негізінде пайда болған. Ашина руына қатысы бар есімдерге: Кулоба, Самогур, Чинегрепа, Колтан, Тарх - Тарг, Асен - Осен, антропонимдері немесе топтық лақап атаулар, ал оның бөрі және тотеміне қатысы бар есімдерге: Бердібек, Кобяк - Көбек, Боняк - Боріг, Итоглы, Итлар, Куртык - Құрлық, Сарчан -Сырттан, Альпар - Ольбер, Борил антропонимдері жатады. Мифтік дерекке сай қыпшақ есімді бала мен оның Құрсақ атты анасының топтық лақап атауына қатысты бар есімдер: Кончак - Қаншық, Кюнячук - Күнічүк, Балкатги - Балқатқын, Белдюз - Балдыз, Сантуз - Сандыз.
Әдебиеттер:1-7.
7-дәріс Тарихи атаулардың танымдық мәні.

Кезінде заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтің «Біздің қазақ – жер аты, тау атын әманда сол ортаның сыр-сипатына қарай қоя білген жұрт. Қайда, қандай өлкеге барсаң да жер, су, жаһан дүзде кездескен кішкентай бұлақ атының өзінде қаншама мән-мағына, шешілмеген құпия сыр жатады», – деп жазған-ды. Ономастикалық атаулар халықтың жады, ал атауларда үлкен таным бар, рух бар, мағына бар. Халық тарапынан қойылған жер-су атаулары сол өңірдің табиғи да, тарихи да құжаты деу ләзім.

Облыс әкімдігі тілдерді дамыту басқармасы мен М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті бірлесе ұйымдастырған «Ел мен жер атауларының ұлттық танымдық көріністері мен ұрпақты тәрбиелеудегі рөлі» атты тәжірибелік конференция жұмысы тап осы мәселені тереңдеп байыптау, зерделеу тұрғысында өрбіді.

Басқосуға облыстық ономастика комиссиясының мүшелері, Тараз қаласы мен аудандардың тіл мамандары, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен магистрлері, студенттері қатысты. Басқарма басшысы Үртай Сапақова мен университет проректоры Сейітхан Қойбақовтың кіріспе сөз сөйлеп, сәттілік тілеуімен конференция өз жұмысын бастады. 

Онда облыстық ономастика комиссиясының мүшелері, ТарМУ-дың доценті, ономаст ғалым Зиба Құламанова «Ел мен жер танудағы жастардың ұлттық санасын қалыптастыру», саясаттанушы Жандар Кәрібайұлы «Ұлттық ономастиканың құқықтық базасы, ел мен жер атауларының танымдық-тәрбиелік мәні», «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-мұражайының директоры Тәкен Молдақынов «Ел мен жер атауы – ұлттық тарихнаманың бір парасы» тақырыптарында мазмұнды да мағыналы баяндамалар жасап, жер атауларында – сол жерлердің табиғи «таңбасы» мен «туа бітті» нышандары, қоныстар мен мекендер есімінде – ескі тарихтың елесі мен жаңа заманның зерлі бейнесі мен мұндалаумен жататындығын көркем тілмен, тарихи деректермен айшықтай жеткізді. Жандар Кәрібайұлы облыста аттас ауыл мен көшенің саны екіден төртке дейін қайталанып қойылуы заң талаптарына қайшы екенін халық арасында түсіндіру ісі әлі де кемшіндігін сынға алып, осымен байланысты ой-ұсыныстарымен бөліссе, Мойынқұм ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Бакен Дүйсебаев өз ауданы аумағының тұнып тұрған тарих, қазақ хандығының алғашқы туын тіккен жері де, «Қозы басы», «Хан тағы», «Аңырақай шайқасы», тағы басқа тарихи орындар да осы өңірде екенін еске салып, әсіресе, белгілі ақын И. Байзақовтың «Құралай сұлу», «Ақбөпе» дастандарының екеуі де Мойынқұм жерінде өткен оқиғалар желісімен жазылғандығына ерекше тоқталды. Оның айтуынша, қалмақ тұтқынынан қашып шығып, туған жері – қазіргі Кіші Қамқалы ауылындағы көлге жетіп, жалғыз өзі суға түсіп жатқан жерінде жағадағы қалың қамыс арасынан шыға келген жолбарыс жарып өлтіріп, арманда кеткен қайсар қызға Келден батыр тұрғызған кесененің бүгінде жұрнағы ғана қалған. 

Б. Дүйсебаев «Қазақтың лиро-эпостық жырларынан «Құралай сұлудың» бір кемдігі жоқ. Құралай сұлуға арнап аудан орталығынан неге «махаббат символы» ретінде ескерткіш, не болмаса аллея ашпасқа, кесенесін жаңартып, ел тәу етіп, жастар үлгі ететін орын жасамасқа?» деген ұсынысын да жеткізді. Ономаст ғалым З. Құламанованың бір топ шәкірті, жоғары курс студенттерінің жасаған баяндамалары да тұшымды шықты. 

Ғылыми нақты деректерге сүйене жасалған баяндамалар жастар үшін қосымша тарихи-танымдық сабақ та болды.

 Әдебиеттер:1-5.

8-дәріс Қазақ әдеби тілінің даму барысын дәуірлеу.

Қазақтың әдеби тілі қалыптасу және дамуы жағынан көптеген дәуірді бастан өткізді. Әдеби тіл әбден зерттеліп, тексеріліп, ғылыми жағынан айқындалып жете қойды деп айтуға болмайды. Әдеби тіл – бүкіл қазақ халқының мәдени мұрасы. Әдеби тілді жасауға бүкіл қазақ халқы, оның алдыңғы қатарлы мәдениет қайраткерлері көптен бері ат салысты. Өйткені әдеби тіл бүкіл қазақ халқын біріктіруші, ұйымдастырушы, іске, еңбекке, ерлікке жұмылдырушы, ілгері бастаушы ең өткір құралдың бірі. Олай дейтін себебіміз – әдеби тіл қазақ мәдениеті өсіп, өнуіне жетекші болған, өнерге ұмтылуына қажет болған құралдың бірі. «Әдеби тіл дегеніміз – белгілі тарихи жағдайларға байланысты, кезеңдерге байланысты жасалған жасанды нәрсе. Нақтылы әдеби тіл дегеніміз – көркем әдебиеттің тілі ғана емес, ол ғылымның барлық саласын қамтиды, халыққа өнер – білім беретін,    тәлім – тәрбие үйрететін баспасөздің тілі. Көркем әдебиеттің тілі – сол кең мағынадағы әдеби тілдің саласы ғана. Ал, әдеби тілдің негізі,  қоры болатын нәрсе – халық тілі – фольклор тілі екенін ескере отырып – Сәрсен Аманжолов марксизм ғылымы бойынша әрбір тіл әдеби тіл сатысына жету үшін төмендегі үш даму жолымен қалыпқа келетінін айтады:

1. Роман герман тілдеріндегі сияқты даяр материалдардан, тілдің тарихи дамуы арқасында, бір тілдің өзі – ақ ұлттық тілдің дәрежесіне жетуі бар.

2. Ағылшынның тіліндегі сияқты ұлттардың будандасуы, араласу арқылы жетуі бар.

3. Диалектілердің концентрациялануы (ұштасуы) арқылы бір ұлт тіліне айналуы бар.

Әдеби тіл жөнінде пікір айтушылардың бірі - М. Әуезов. Ол 1950 жылдары жарық көрген бес – алты мақаласында «Әдеби тіл» мен «Әдебиет тілі» атауларын бірде саралап, бірде синоним ретінде қолдана келіп, «Әдеби тілдің әдеби процеспен, жазу мен тығыз байланысты дамитынын, оның халық тілінің жоғары формасы екендігін айтады. Біз кезде әдеби тілдің жасалуын жеке дара дарынды, атақтылардың аттарымен байланыстыру дағдыға айналған кезде Абай, Ыбырайларды мақтаудың реті осы екен деген тұрғыдан «әдеби тілді жасаушылар», «әдеби тілдің негізін қалаушылар» деген пікір үстем болғандығы белгілі. М.Әуезов: «Абайдың алдындағы қазақ халқының көп ғасырдан келе жатқан мол эпостарындағы, ұзынды – қысқалы салттық, тарихтың жырларындағы шебер, көркем өлең үлгілеріндегі тілдерді ұмытуға бола ма? Оларда немесе ХІІІ ғасырда көпке жайылған жырлар тудырған Бұхарда, ХІХ ғасырда асыл, әсем, бай тілмен халықтың асқақ, ескек жырлар тудырған Махамбетте қазақтың әдебиеттік тілінің үлгі - өнегелері жоқ деуге бола ма»– деп жазды. М.Әуезов. «Абай өзінен бұрыңғы әдебиет тілін халықтық әдебиет тілі сапасында өсіре, байыта, сұрыптай түскен және өз шама – шарқынша қазақ әдебиет тілін жасауда белгілі бір дәрежеде Қазақстанның көп өлкесінің тіл қазыналылығын кеңінен пайдаланып, халықтың әдебиет тілін биік белге шығара түскен классик ақын дейміз», - деген.

Академик Н.Т Сауранбаев та қазақ әдеби тілі туралы біраз пікірлер айтқан. Ол: «Қазақтың әдеби тілі революциядан бұрыңғы дәуірлерде жасалып, белгілі бір жағдайда өмір сүрген, бұл дәуір қазақ әдеби тілінің алғашқы адымы, нәрестелік дәуірі», - деді Н.Т Сауранбаев. Неге бұлай аталатының себебін түсіндіреді. Яғни, ол кісінің пікірінше бұның себебі; сол кездегі ақындардың еңбектерін халық сауатсыз болғандықтан пайдалана алмаған және сол ақын – жазушылардың шығармаларының дәл жазылған уақытта басылмағандығы Н.Т Сауранбаев қазақ әдеби тілін мынадай үш дәуірге бөледі:

1. ХІХ ғасырдың ІІ – ші жартысына дейіңгі дәуір.

2. ХІХ ғасырдың ІІ – ші жартысынан ХХ ғасырдың 20 жылдарына дейінгі дәуір.

3. Советтік дәуір.

Ғ.Мұсабаев «Әдеби тіл» деген ұғымға ғылыми техникалық көркем әдебиет нұсқаларының тілі, мектеп, театр, радио, баспасөз жеке мемлекет мекемелерінде қолданылатын тіл енетінін және әдеби тілдің нормаланған, жалпыға бірдей түсінікті болуы шарт екенін айтады. Ол қазақ әдеби тілін тарихи тұрғыдан мынадай үш кезеңге бөледі:

1. Абайға дейінгі, яғни ХІХ ғасырдың ІІ–ші жартысынан Октябрь ревлюциясының алғашқы жылдарына дейінгі кезеңдегі жазу тілі – жаңа әдеби тіл.

2. Қазіргі әдеби тіл.

М.Б. Балақаев әдеби тілдің даму кезеңдерін төрт дәуірге бөледі:

1. ХІІІ ғасырдың орта тұсымен ХІХ ғасырдың І – ші жартысы.

2. ХІХ ғасырдың ІІ – ші жартысы.

3. ХІХ ғасырдың басы.

4. Совет дәуірі.

Ал М. Балақаев, Р. Сыздықова, Е. Жанпейісов авторлығымен жарық көрген «Қазақ әдеби тілінің тарихы» деген кітапта авторлар әдеби тілдің екі түрі болатынын айта келіп, жалпы әдеби тілдің пайда болу мерзімі туралы былай дейді: «Қазақтың әдеби тілінің тарихын біз ХІХ ғасырдың екінші жартысынан емес, ХІІІ ғасырдан бастаймыз. Өйткені, халық тілінің жазба әдебиет ыңғайында нормаға түсе бастаған шағы және бірді – екілі стильдік құбылыстардың көрініс бере бастаған кезі, дәлірек айтқанда, әдеби тіл белгілерінің айқындала бастаған мезгілі – осы ХІІІ ғасырдан басталады».

А. Ысқақовтың пікірінше, төл әдеби тілдің революцияға дейінгі кезеңінде қазақ даласына екі түрлі әдеби тіл «жарыса» өмір сүредi, оның бірі – жалпыхалықтық әдеби тіл де, екіншісі – сол кездегі үстем таптың өкілдері ғана, сауатты байлар мен қожа – молдалар ғана пайдаланған «түркі тілі», яғни «кітаби тіл».

Т. Қордабаевтың әдеби тіл жөніндегі пікірі С. Аманжоловтың пікіріне жақын, бірақ онша айқын емес, екіұшты мағынада қалып қойған «Қазақ тілінің әдеби тіл болып қалыптасуына келетін болсақ, - дейді Т. Қордабаев, - оның негізі өткен ХІХ ғасырдың екінші жартысынан былай қарай қалана бастағанымен, тағы да, тек совет өкіметі тұсында ғана жеткенін көреміз».

Р. Сыздықова өзінің «ХІІІ – ХІХ ғасыр қазақ әдеби тілінің тарихы» деп аталатын құнды еңбегінде әдеби тілдің барлық дәуірлерін сөз етпей, тек екі ғасырға, әдеби тіл тарихы үшін мәні де, маңызы да зор ХІІІ – ХІХ ғасырлардағы арнайы тоқталып, нақтылы материалдар негізінде әр дәуірдің әдеби тіліне тән сипатын, лексикалық, грамматикалық, стильдік ерекшеліктерін анықтауға көңіл бөледі. Автор ХІХ ғасырдың екінші жартысынан басталатын қазақтың төл жазба әдеби тіліне дейін оның ауызша тараған әдеби тіл болды деген пікірді ортаға салады. Р. Сыздықова «Ашып алар жайыттар көп» атты мақаласында мынадай қортындыға келеді: «Сөйтіп, қазақтың тілі: ауыз әдеби тілі, жазба алдындағы әдеби тілі, жазба әдеби тілі деген түрлерге бөлінеді». Ол ХІХ ғасырдың екінші жартысын жалпы қазақ әдеби тілінің емес, қазіргі әдеби тілдің басы деп есептейді. Сөйтіп, Р. Сыздықова әдеби тілді үш топқа бөліп қарайды:

1. Ауыз әдеби тілі;

2. Жазба алдындағы әдеби тіл;

3. Жазба әдеби тілі.

Соңғысын ішінара тағы екіге бөліп қарастырады:

А. Орта азиялық түркі әдеби тіліне сүйенген «кітаби тіл».

Б. Қазақтың қолтума   әдеби тілі, яғни қазіргі жазба әдеби тіл.

С. Исаев «Қазақ әдеби тілінің қалыптасу, даму кезеңдері» деген еңбегінде әдеби тілдің сипаты, қызметі, қалыптасу жолдары т.б. проблемаларды қамтыған. Автор қазақ әдеби тілінің қалыптасуын шартты түрде үш дәуірге бөледі:

1.Қазақ халқының жеке халық болып қалыптасқанына дейіңгі көне дәуір, яғни жалпы түрі әдеби тілі дәуірі.

2.Қазақ халқының халық болып қалыптасқанынан кейінгі кездегі қазақ әдеби тілінің туып, даму дәуірі.

3.Қазақ әдеби тіл дамуының советтік дәуірі.

Р.С. Әміровтың сөйлеуі әдеби тілінің сыр – сипатын, өзіндік белгілерін синтаксистік тұрғыдан қарастыратын зерттеуінде: «Ауызша сөз: 1) ауызекі сөз; 2) лекция тілі; 3) шешендік сөз» - деп қарастырады.

Б. Әбілқасымов «шамамен Х - ХІ ғасырдан бастап қазақ авторлары бір жағынан «шағатай» немесе «түркі» деп атанған тілді пайдалана жүріп, екінші жағынан, өз шығармаларына қазақтың ауызша әдеби тілін арқау ету арқасында сол «түркі» әдеби тілінің тағы бір жергілікті түрін қалыптастырады» деген пікір айтады. «Сөйтіп, - дейді Б. Әбілқасымов,- қазақ қаламгерлері ХІ ғасырдан өткен ғасырдың екінші жартысына дейін қазақтың көне жазба әдеби тілінде ресми іс қағаздарын жазды, өзара хат жазысты, кейбір көркем әдебиет үлгілерін жазды».

Б. Әбілқасымов Абай, Ыбырайға дейінгі жазба әдеби тілді «қазақтың көне әдеби тілі» деп атайды. Яғни, біздің біраз зерттеушілеріміздің «кітаби тіл» деп жүргенін Б. Әбілқасымов «көне қазақ жазба әдеби тілі» деп атайық дейді. Оның пікірінше, бұрын қазақтың ауызша әдеби тілі болды, ол тілдің үлгісі алуан түрлі ауыз әдебиеті жанрларында шешендік толғауларда сақталды. Сөйтіп, Б. Әбілқасымов «қазақтың ауызша әдеби тілі өз алдына, жазба әдеби тілі өз алдына дамып отырды» деп, оларды даралап қарауды ұсынады. Ол қорыта келгенде, қазақтың жазба әдеби тілін үш кезеңге бөледі:

1.Қазақтың көне жазба әдеби тілі;

2.Қазақтың жаңа жазба әдеби тілі;

3.Қазақтың қазіргі әдеби тілі.

Әдеби тіл мәселелерімен көбірек айналысқан ғалымдардың бірі – Қ.Өмірғалиев. Ол әдеби тіл жайындағы өз ойын: «Қазақ әдеби тілі тарихы, қазақ әдебиеті тарихын сөз ету арқылы ғана сөз етілмек. Яғни қазақ әдеби тілі тарихы қазақ әдебиеті тарихының өзгеше үлгіде баяндалуы ғана». «Әдеби тіл дегеніміз әдебиеттің өзі деп тұжырымдайды. Осы ойының дұрыстығын дәлелдей түсу үшін ол В.В. Виноградовтың «әдеби тілді зерттеу, бұл сөздің кең мағынасында, әдебиетті зерттеумен тығыз байланысты», - деген пікіріне сүйенеді. Қ.Өмірғалиев Абайға дейінгі тілді ауызша әдебиет тілі деп атайды». Әдеби тілді жазбамен ғана байланыстыру бар халықтар үшін шартты емес дейді де, ол әдеби тілге мынадай анықтама береді: «әдеби тіл – кең мағынада алғанда ауызекі сөйлеу тіліне қарама – қарсы тұрған, өзіндік жүйе – желісі, тақырыбы, формасы бар және өзіндік айту тәсілдері мен үлгілері, сөз өрнектері бар бір бүтін творчестволық туындының тілі, әдеби тіл – жеке бір индевидтің ақиқат жайды өз көңілінше ой қортындысынан, пікір түйіндеуінен өткізіп барып, өзгеше бір үлгі – формада беру тілі. Ал, бұл тіл ауызша жасала ма, я жазбаша жасала ма? – ол шарт емес.

Көп жылдар фольклор тілімен шұғылданып келе жатқан Е. Жұбанов халық ауыз әдебиеті шығармаларының тілін ауызекі әдеби тілге жатқызды. Ол өзінің «Эпос тілінің өрнектері» атты монографиясында «эпостық жасампаз дәстүрі арқасында замана әуеніне талмай үн қосып отырған мұндай шығарма қазақ халқының ауызекі әдеби тілінің тамаша үлгісі ғана емес, сонымен бірге ол біздің кейінгі жазба әдебиет тілімізге де нәр берген арна» дейді. Ал, «қазақ әдеби тілінің қалыптасу тарихымен даму жолдары» деген жинақтағы редакция алқасының атынан жазылған кіріспеде былай делінген: «Қазақтың ұлт болып қалыптасуына дейінгі жазба әдеби тілін «ескі әдеби тіл, одан соңғы әдеби тілді «жаңа әдеби тіл» деп қарағанымыз жөн бе дейміз. Сонда ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басы ұлттық жазба әдеби тіліміздің қалыптасу дәуірі болады. Совет дәүірі сол әдеби тіліміздің мейлінше өсіп, өркендеген, жетіліп кемелденген кезеңі болып есептеледі».

Жалпы, қазақ әдеби тілінің басталуын ХХІ ғасырдың екінші жартысы деп жүрген, оны Абай мен Ыбырай шығармаларынан, алғашқы қазақ газеттерінің шығуымен байланыстыратын пікір басымдау. Бір топ зерттеушілер «Әдеби тіл» ұғымын кең мағынада қолданса, енді бір топ зерттеушілер, әсіресе, жазу, сызумен байланыстырушылар бұл атауды, тармағынада қолданып келеді. Толастың туу себебінің бірі – кейбір мамандар әдеби тіл тарихын, оның белгілі бір дәуірін жазу сызумен байланыстырып, жазу мәдениетімен бірлікте қараса, енді біреулер әдеби тілді жазу сызумен байланыстырмай, бұл ұғымға ауыз әдебиеті, халық творчествосының туындыларын да қатыстырады.

Қазіргі әдеби тіліміздің екі түрі бар екенін зерттеушілер мойындап жүр. Оның бірі жазба әдеби тілде, екіншісі әдеби тілдің ауызекі сөйлеу түрі. Бірақ олардың пайда болуы генезистік арналарына келгенде ғалымдардың пікірі түйіспейді. М.Балақаев әдеби тілдің ауызекі сөйлеу түрі тек жазба әдебиетімен байланысты пайда болды десе, «қазақ әдеби тілінің қалыптасуы тарихымен даму жолдары» деген еңбектегі беташар кіріспе мақаланы жазған редакция алқасының мүшелері: «әдеби тіл, бір қырынан алып қарағанда, жазба тілге тәуелді болса, екінші жағынан одан дербес бағытта қалыптасады, өз бетімен дамиды». Сондықтан қазақ әдеби тілінің тарихын тек қазақ баспасөзінің шығу тарихына келіп қараудың қажеті жоқ сияқты деп жазады.

Совет дәуіріндегі әдеби тілді екі дәуірге бөліп қарау 1963 жылы Ш. Сарыбаевтың «1920-1930 жылдардағы әдеби тілдің тарихына қатысты кейбір мәселелер» деген мақаласынан басталады. Онда: «әдеби тілдің 20-30 жылдардан кейінгі келесі дәуірі, біздіңше, орыс алфавиті негізінде жасалған жазуды қабылдау кезеңінен бастау керек сияқты» - делінген, М. Балақаев, Р. Сыздықова, Е. Жанпейісовтың авторлығымен 1968 жылы басылып шыққан оқулықта «қазақ әдеби тілі өзінің өзгеріске ұшырау, даму жолында Октябрьден кейін екі кезеңді басынан кешірді: бірі 1920-1930 жылдар арасындағы әдеби тіл, екіншісі 1940-1960 жылдар арасындағы әдеби тіл», - делінген.

Қазақ әдеби тілі Х ғасырдан бастап дами бастады, яғни қазақ хандығы құрылған кезде бастау алады. Ал көне түркі тілі қазақ әдеби тілінің қалыптасу басы емес, тек арналарының бірі. Ал, қазақ әдеби тілнің жаңа сатыға көтерілуі – ХІХ ғасырдың ІІ–ші жартысына дейінгі кезең, яғни Абай, Ыбырайлармен байланыстырамыз.

Р. Сыздықова зерттеуінің бір ұтымды жері мұнда әдеби тіл проблемасы тарихи тұрғыда, яғни әдеби тіл иесі халықтың мәдени, экономикалық, рухани тарихымен тығыз байланыста қарастырылуында. Сөйтіп, қазақ халқының ұзақ сонар мәдени тарихында өзге елдерден ерекшелеу тұратын белгі – нышандардың бар екенің, соған орай, М. Балақаев айтып отырған әдеби тілді құрайтын арналардың, сол әдеби тіл міндетін атқарғаның дәлелдеуге тырысады. Ол да әдеби тілдің бірнеше белгілерін саралап көрсетеді.

М. Әуезов былай деген еді: «Әлі біздің әдебиеттік тіліміз қазақ тілінің бүгінгі барлық қорын жазба бетіне түсіріп болмаған жағдайда жазушы да, әсіресе, қазақ тіліне өздері шорқақ тіл мамандары да біліп болмаған, баурап алмаған тіл қасиеттері, сөздік байлықтары Қазақстанның барлық облыстары мен аудандарында мол болып жатқан шақта, «анау лайықты сөз қабыл алынады, мынау диалект, бұны қолдану орынсыз» деушілер тіл баюына жәрдем етпей, шалағайлық етеді. Халық көпшілігі бір өлкеде сөйлеп жүрген сөзді алғызбай, «анау сөз балғын, мынау сөз қалғын» деп омырау жасау, өздері зерттеп, еңбек етіп жүрген тілінің қадірін түсінбеу – мезгілсіз солақайлық».

М. Балақаев: «Әдеби тіл – жазба тіл. Жазба әдебиет арқылы тіл дәрежесіне байлықтары, оның құрлысы сымбатты қалыпқа түсіп, ерекшеленеді. Жазуы болмаған халықтың тілі әдеби тіл дәрежесіне көтеріле алмайды», - деп жазады. Дәл осындай тұжырымды Ғ. Мұсабаев та айтады. Енді бірқатар зерттеушілер қазақтың әдеби тілін ХІХ ғасырдың екінші жартысынан ғана басталды деп, мұны ұлы ағартушы – демократтар Абай мен Ыбырайдың есімдерімен байланыстырады. Кейбір ғалымдар қазақ әдеби тілі Октябрь революциясынан кейін ғана пайда болып, дамып отыр деген пікірлер де баршылық. Әр халықтың әдеби тілінің қалыптасып дамуы сол халықтың әлеуметтік тарихымен тығыз байланысты.

Н. Томанов, С. Исаев, Ә. Ибатов «Түркі әдеби тілі мен қазақтың жазба әдеби тілінің сабақтастығы» атты баяндамаларында: «Әдеби тіл – көп функционалды, яғни көп салалы тіл. Әдетте цивилизация тарихын бастаудың бір шарты – әдеби тіл болып табылады. Әдеби тілдің болуы – қоғамдық өмірдің көп тірлігін, сол сияқты қоғамдық дамудың жоғары сатыға көтерілуін де көрсететін фактор. Әдеби тіл болудың үлкен белгісі – оның құрылымы мен қағидалары сол тілде сөйлеушілерге түгел түсінікті ортақ болып келуі. Егер «Әдеби тілдің ауызша және жазбаша нормалары» дейтін тіркесті жай сөзге аударсақ, осылай болып шығады. Ал қазақ тарихында жазба тіл қалыптасқанға дейін мұндай қасиетке ие болған ауыз әдебиеті тілі болды. Қазақ әдеби тіліне тән ерекшеліктердің алғашқы қалыптасып, бой көрсетуі тек қана жазуға байланысты болған жоқ. Жазу, тілдік элементтердің өздеріне тән барлық көп түрлілігімен түгелдей жазу арқылы қағазға түсуі, филологияда әдеби тіл қалыптасуының басты шарттарының бірі ретінде дараланатындығын және осы қағиданың дүниедегі көпшілік тілдер тұрғысынан бұлжымайтын шарт болып қаралатындығын жоққа шығаруға болмайды».

Р. Әміров, Е. Жұбанов, Қ. Өмірғалиев «Сөйлеу тілінің ауыз әдебиеті мен ақын – жырау шығармаларының қазақ әдеби тілін қалыптастырудағы орны» атты баяндамаларында: «Әдеби тілдің пайда болуын шартты түрде жазумен байланыстырып қарау, онда да әдебиеттің әр саласы жетілген жанрларымен бірлікте алып қарау жалпы тіл білімінде, - егер санға шағатын болсақ, - 99 пайыз үлеске ие. Алмай қарау 1% - дай үлес алуы мүмкін».

Ж.М. Әбділдин: «Мен өзім қазақ әдеби тілін қазақ жазба әдебиетімен тікелей байланыстыратын пікірге қосылмаймын. Әрине, бұл пікірді жақтайтын адамдар тек атүсті айта салып жүрген жоқ. Олардың дәлелдері, табан тірейтін ой - топшылаулары бар. Мысалы, жазба әдебиеттері ерте кемелденген елдер әдеби тілдің дүниеге келуін жазба әдебиеттің қалыптасуымен тікелей байланыстырады. Мен өзім қазақ әдеби тілінің тарихын ХІІ – ХІІІ ғасырларда өмір сүрген жыраулар әдебиетінен бастау керек деген пікірге толық қосыламын. Әдеби тіл дегеніміз тек күнбе – күнгі қарым – қатынастың тілі ғана емес, ол сондай – ақ сөйлеу тілінің даму барысындағы биік деңгей де болып табылады. Басқаша айтқанда, тіл бұл кезде тек күнделікті жанды қарым – қатынастың құралы болып қана қалмайды, сонымен бірге ол мәдениет жасайтын және сол мәдениетті тарататын нақты творчестволық құрал болып та қызмет атқарады. Әдеби тіл пайда болғаннан бастап халық тілінің көркемдегіштік құралдары да сапа тұрғысынан мүлдем жаңа деңгейде қолданыла бастайды. Әрі мұндай тіл әдеби тілдің өмір сүруіне қажетті белгілі бір принциптер мен нормаларға бағынатын болады», - дейді.

Әдебиеттер:1-7._4-модуль_Орта_ғасыр_түркі_тілі_және_қазақ_тіліне_қатысы.___10-дәріс_Орта_ғасыр_түркі_тілі_және_қазақ_тіліне_қатысы.'>Әдебиеттер:1-7.___9-дәріс_Көне_заманнан_қалған_сілемдер_(орал_–_алтай,_манжур_–_тұңғыс,_түркі_–_моңғол_тілдері_туралы_мәлімет).'>Әдебиеттер:1-7.

9-дәріс Көне заманнан қалған сілемдер (орал – алтай, манжур – тұңғыс, түркі – моңғол тілдері туралы мәлімет).

Орал-Алтай тілдері – тіл білімінің орал (фин, угор, самоди) жәнеалтай (түркі, моңғол, тұңғыс-маньчжур, жапон, корей) тобы тілдерінің шығу тегін зерттейтін саласы. Ф.Страленберг Орал-Алтай тілдерінің шығу тегі бір деген тұжырым ұсынып, бұл тіл білімінде “Орал – Алтай теориясы” деп аталды. 18 ғасырда пайда болған бұл теорияны қолдаушы ғалымдар (В.Шотт, Ф.Видеман, М.А. Кастрен, О.Бетлингк, Г.Винклер, В.Томсен, М.Рясянен, Д.Фокош – Фукус, Дж.Киекбаев, Б.Базылхан, т.б.) Орал-Алтай тілдерінің кейбір фонетикалық, грамматикалық, лексикалық ұқсастықтарын ескере отырып, бұл тілдердің шығу тегі бір деп тұжырымдап,оңтүстік, солтүстік, шығыс, батыс топтарына бөледі. Орал-Алтай тілдерінің теориясына қарсы ғалымдар (В.Котвич, Дж.Клоусон, А.М. Щербак, т.б.) бұл топ тілдерінде кездесетін түбір сөздердің ұқсастығын, кейбір грамматикалық тұлғалардың сәйкестігін осы тілдердің ұзақ уақыт өзара тарихи қарым-қатынаста болуының нәтижесі деп есептейді. Орал-Алтай тілдерінің туыстық ортақтығын қолдайтын ғалым Б.Базылханның пікірінше, бұл тілдерде әуелі жалпылық ортақ элемент (“V”, “CV” типті түбір морфема) қалыптасты да, эволюциялық даму барысында жекелік элементтер (дыбыстар, сөздер, морфологиялық, синтаксистік өзгеше тұлғалар) пайда болды. Орал-Алтай тілдері эволюциялық дамудың “ым тіл дәуірін”, “келте сөз дәуірін”, “күрделі сөз дәуірін” бастан кешіріп, қазіргі дербес тілдер деңгейіне жетті. “Ым тіл дәуірінің” басты сипаты бұл тілде сөйлескен адамдардың өзара қарым-қатынасында қазіргі бір, екі буынды түбір сөздердің, яғни алғашқы сөздік қордың болмауымен айқындалады. Тек “V”, “CV” тұлғасында дыбыстау арқылы, оған бас изеу, қол бұлғау секілді дене қозғалысын сәйкестендіру негізінде түсініскен. “V”, “CV” тұлғасындағы тіл дыбысының саны 140-тай деп көрсетеді ғалым. Бұл екі түрлі тіл дыбысы Орал-Алтай тілдерінде қазірге дейін сөз басында сақталған, оларды “түбір морфема” деп атап, Орал-Алтай тілдерінің “алғашқы ортақ түбір элементі” деуге болады. “Келте сөз дәуірінде” бір, екі буынды түбір сөздер туындап, алғашқы сөздік қор жасалды. Мұндай сөздер жұрнақ-жалғаусыз, келте сөйлем түрінде қолданылды. “Күрделі сөз дәуірі” – Орал-Алтай тілдерінің дербес тілдерге толық жіктеліп, “бір-бірінен алыстаған дәуір” ретінде тұжырымдалады. Орал-Алтай тілдерінің туыстығы әлі де зерттей түсуді қажет етеді. 

Әдебиеттер:1-7.
4-модуль Орта ғасыр түркі тілі және қазақ тіліне қатысы.

10-дәріс Орта ғасыр түркі тілі және қазақ тіліне қатысы.

Қазақ халқы – ежелгі түркі тайпаларының ұрпағы. Сондықтан түркі тайпаларының арасында туып, ғасырлар бойы ауызша және жазбаша түрде сақталып келген туындылар түркі халықтарының көпшілігіне, оның ішінде қазақ халқына ортақ екендігі.

Ежелгі түркі тілдері ескеркіштері (Орхон-Енисей жазу нұсқалары) мен ұйғыр жазу ескерткіштерінің тілі.

Орта ғасыр (Х-ХҮ ғасырлар) түркі ескерткіштері батыс түркі тілдерінің ескерткіштері. 1) «Кодекс Куманикустың» тілі; 2) қыпшақ тілдері (мамлюк қыпшақтарының тілі; армян қыпшақтарының тілі; Қожа Ахмет Иассауидің «Хикмет» өлеңдер жинағының тілі, оның қазақ тіліне қатысы; шығыс түркі ескерткіштері); 1) Қараханидтер түріктерінің тілі; 2) Хорезм түріктерінің тілі; 3) шағатай түріктерінің тіліндегі ескерткіштер. Олардың фонетикалық, грамматикалық, лексикалық сипаты.

Ауыз әдебиетінің үлгілерінің тілін, біріншіден, олардың пайда болу дәуіріне қарай бөліп сипаттау, екіншіден олардың жанрлық классификациясына қарай айырып көрсету. Ауыз әдебиетінің лексикалық, морфологиялық сипаттамасы, көркемдеу тәсілдері, сөз тіркестіру амалдары; проза бөліктерінде сөздердің сөйлем ішіндегі орын тәртібі, құрмалас сөйлемдердің берілуі, т.б.

Қазақ тілі тарихын дәуірге бөлу принциптері, әдеби тіліміздің даму кезеңдері. Бұл жөніндегі көзқарастар. Қазақ әдеби тілінің бастамасы мен дәуірлерге бөлінуі туралы зерттеушілердің әр түрлі көзқарастарын жинақтай келгенде қазақ әдеби тілі тарихын ХХ ғасырдан бастап, оны мынадай дәуірлерге бөлуге болатындығы: 1) Қазақ халқының ұлттық кезеңге дейінгі әдеби тілі. ХҮ-ХІХ ғ. екінші жартысы; 2) Қазақ халқының ұлт болып қалыптасқан кезеңіндегі әдеби тілі ХІХ ғ. екінші жартысынан қазіргі кезеңге дейін.

Әдебиеттер:1-7.
11-дәріс ХV – ХVІІ ғасырлардағы қазақ әдеби тілі.

Қазақ әдебиеті тарихында қазақ поэзиясының дамуы үш кезеңге бөлінеді:

Жыраулар кезеңі (XV ғасыр — XVIII ғасырдың бірінші жартысы.
Ақындық кезең (XVIII ғасырдың екінші жартысы — XIX ғасырдың бірінші жартысы).
Айтыс кезеңі (XIX ғасырдың екінші жартысы — XX ғасырдың басы).

Жыраулар мектебінің белгілі өкілдері — Қазтуған, Асан қайғы (XV ғасыр), Доспамбет жырау (XVI ғасыр), Шалкиіз жырау (1465—1560 жылдары), Жиембет жырау, Марқасқа жырау (XVII ғасыр), Ақтамберді жырау (1675—1768 жылдары), Тәтіқара ақын (XVII ғасыр), Үмбетей жырау (1706—1778 жылдары), Бұқар жырау (1693—1787 жылдары), Шал ақын (1748—1778 жылдары), Жанақ ақын (1770—1856 жылдары), т.б. жатады. М.Әуезов жырау деген атакка ие болған шығармашылық өкілінің өз ортасында ерекше салмағы бар қоғамдық тұлға екендігін айта отырып, оның негізгі функциясы елеңшілік емес, елге басшылық жасап, басалқы айту болатын олар хан қасындағы қалың елдің ішінен қосылған қариялар кеңесінің өкілдері деген тұжырым жасайды.

Жыраулар шығармашылығының ақындық поэзиядан негізгі ерекшелігі — жыраудың тек үлкен эпостарды жырлайтындығымен ғана емес, елдің іргелілігі үшін ақылгөйлік, көрегендік, даналық сөздер айтатын көсемдік табиғатымен тікелей байланысты.

XVIII—XIX ғасырлардағы жыраулар поэзиясында еліміздің тарихы көрініс тапқан. Тек ауыз әдебиеті шығармаларын тарихи дереккез ретінде қарастырғанда, біз бірінші кезекте әрбір тарихи деректің дәлдігімен қатар тарихи оқиғалардың желісін іздейміз.

Қорқыт Ата

Қорқыт — бүкіл түркі өркениетіне ортақ ортағасырлық тұлғалардың бірегейі. Қорқыт — әулие, ақын, жырау, сазгер, қобызшы болған. Қорқыт туралы аңыз-әңгімелер бүкіл түркі халықтарында кездеседі. Ол оғыздардан шыққан, руы — баят, әкесінің аты Қарақожа делінеді. Шешесі қыпшақ руынан.

Қорқыт қазіргі Қызылорда облысы, Қармақшы ауданының, жерінде, Сырдың бойындағы ортағасырлық, Жаңакент деген қалада VIII—IX ғасырларда дүниеге келген. Бұл оғыз тайпаларының Сырдың ортаңғы, төменгі ағысында өмір сүрген кезі болса керек.

Қорқыттың сегіз қырлы күмбезді, қазақтың киіз үйі тәріздес мазары Қызылорда облысы, Қармақшы ауданына қарасты темір жол станциясына жақын Сырдария өзенінің жағасында болған. Оны 1898 жылы қазақ фольклоры мен этнографиясы мұраларын жинаушы Ә. Диваев суретке түсірген екен. XIX ғасырдың соңында мазардың қалдықтарын Сырдың суы шайып кеткен. 1978—1980 жылдары осы маңайда Қорқытқа арнап ескерткіш орнатылды. Бұл ескерткіш қылқобызға ұқсатып жасалған, желдің әсерінен езінен-езі ызыңдап, қобыз үнін шығарып тұрады. Ескерткіштің авторы — белгілі сәулетші, этнограф Қорқыт туралы жазба дерек IX—X ғасырларда пайда болып, XV ғасырда хатқа түскен. Қорқыт ата кітабы, Қорқыт жөнінде қазақ ғалымдары — Ә.Марғұлан, М.Әуезов, Ә.Қоңыратбаев, т.б. зерттеген.

«Қорқыт ата кітабын» дүниежүзілік әдеби, тарихи мұраның алтын қорына жатқызуға болады, ол түркі тілдес халықтардың ортақ мұрасы болып есептеледі.

Қорқыт 95 жыл жасаған, оғыз-қыпшақ заманындағы төрт-бес хандықты басынан еткізіп, солардың бәрінде бас уәзір болған деген дерек бар.

Қазақтың Қорқыт туралы аңыз-ертегілерінде ол әулие, қобыз күйінің атасы, мәңгілік өмір іздеген адам болып суреттеледі.

Қорқыт аңыз бойынша, желмаясына мініп алып, өзінің, елінің өмірін тілеп жүргенде көз жеткізгені — өзекті жанның бөрінің де ерте ме, кеш пе, бұл өмірден озатындығы. Содан қазақта Қайда барсаң да Қорқыттың көрі деген нақыл қалған. Ақыры Қорқыт:

“ Өлімді тоқтатса, тек өнер ғана тоқтатар ”

, — деп, Сырдың суына кілем жайғызып, бірнеше күн мен түн бойына отырып, өзінің Өмір деген күйін тартқан екен дейді.

Қорқыт күні-түні тоқтамай күй тартқанда, өлім де бір сәт тоқталыпты деседі. Күні-түні күй тартып әбден шаршаған Қорқыт бір сәт қалғып кетеді. Сонда судан бір қарашұбар жылан шығып, Қорқытты шағып алыпты-мыс. Бұл аңыз-жырдан біз не ұғамыз?

Біріншіден, Қорқыт — шамандық дін өкілі.

Екіншіден, бұл аңызда адам баласының мәңгілік өмір жөніндегі арманы жатыр.
Үшішіден, өмірді ұзартса, артында қалатын өнері ғана ұзартады деген идея жатыр.

Қазақ музыкасында Қорқыттан қалған күйлер — Қорқыт күйі, Қорқыт сарыны, Қорқыт толғауы, Тәңірі биі. Бұл күйлерде Қорқыт өзінің қасиетті ата-бабаларын еске түсіреді, олардың ерлігін асқақтата толғайды, ізгілікке үндейді.

Қорқыт дәстүрін қазақ арасында жалғастырған XVIII—XIX ғасырлар күйшілері — Жанақ, Нысанбай, Найман-бала, Қанқожа, Жұмағұл, Құлыншақ, Базар жырау, т. б. Соңғы дәуірде жалғастырғандар — Қойлыбай, бағаналы Балақай бақсы, Досжан, Шоман деген кісілер.

Қорқыт дәстүрін XX ғасырдың басына дейін тамаша жалғастырушылардың бірі Ықылас Дүкенұлы қобыз даусымен Шу, Қаратау, Сарысу бойы, Бетпақдаланы күйге бөледі.

Асан қайғы — XIV ғасырдың екінші жартысында Еділ бойында дүниеге келген ақын, философ, аңыз кейіпкері, үнемі халық қамын, елінің болашағын ойлап жүретіндіктен, замандастары оның Асан атына «қайғы» деген сөз қосып, Асан қайғы атап кеткен. Алтын Орданың ыдырау дәуірінде өмір сүрген Асан қайғы, алдымен, Сарайда, кейін Қазанда Ұлұғ-Мұхаммед ханның ықпалды билерінің бірі болған.

Егде тартқан шағында Дешті Қыпшаққа қайтып оралады, өмірінің соңғы кезеңі жаңа құрылған Қазақ мемлекетінде, Жәнібек пен Керей хандардың төңірегінде өтеді. Асан қайғы — кептеген нақыл сөздердің, афоризм, философиялық толғаулардың авторы. Бұлардың бізге жеткен жұқаналарынан көне заманға тән кейбір суреттерді, қазақ халқының құрылу кезеңіндегі белгілі тарихи оқиғалардың елесін танимыз.

Асан қайғы қазақ руларының Әбілхайыр ұлысынан бөлінуіне қарсы болмағанымен, атамекен Дешті Қыпшақтан кетуге наразылық білдіреді. Жәнібек пен Керейді оңтүстік жаққа емес, батысқа — Жайық, Жем бойына қоныстануға үгіттейді. Алайда Ордадан бөлінген рулар Шу, Сарысу бойына орналасқан соң, ел іргесі берік, ағайын арасы тату болуы жолында күреседі.

Асан қайғы, ең алдымен, хандық үкіметті күшейту, елдің қорғаныс қабілетін арттыру қажет деп санайды. Жәнібек ханды:

“ Уақытша табысқа мастанып кеттің, қазақ халқының болашағын жете ойламайсың ”, — деп сөгеді.

Ш.Уәлиханов көшпелі ноғай-қазақ ұлысының философы деп атаған Асан қайғы туыстас руларды бір орталыққа бағынған мемлекет етіп ұйымдастыру, Қазақ хандығын нығайту жолында елеулі еңбек етті. Біздің заманымызға жеткен толғауларынан оның өз дәуірінде болып жатқан тарихи өзгерістерді байыбына жете түсінгені, Алтын Орданың орнында пайда болған ұсақ хандықтардың бөрінің де құрып бітетінін болжай алғаны көрінеді.

Қазақ халқының XV—XVII ғасырлардағы рухани мәдениеті әткен замандар мәдениетімен, оның ең құнды дәстүрлерімен сабақтас болды. Ауыз әдебиеті мазмұны жағынан барынша байып, жетілді. Тарихи өлең-жырлардың негізгі тақырыбы — қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күресі болды.

XV ғасырдың соңы — XVII ғасырдың бас кезі қазақ халқының өз алдына дербес хандық құрып, феодалдық мемлекеттің іргетасын қалап, нығая бастаған кезі. Осы кезден қазақ халқының ұлттык, мәдениетінің езіндік бет-бейнесі айқындала бастады. Ол, әсіресе халықтың әдебиетінен, қолөнерінен және әдет-ғұрпынан байқалады. XVI ғасырдың мәдени мұрасы — кейбір жазба ескерткіштерінің таза қазақ тілінде жазылуы соның дәлелі («Құтты білік», «Ақиқат сыйы», «Жылнамалар жинағы», т. б.).

XV—XVII ғасырларда өмір кешкен ақын-жыраулардың поэзияларынан халықтың ой-ерісін, салт-санасын, тілек-мақсатын айқын аңғарамыз. Олар толғауларында халықтың небір нәзік сырларын, келер ұрпаққа айтар өсиетін, мұң-мұқтажын, қуаныш-сүйінішін, қайғы-қасіретін аша білді. Біз оны XV—XVII ғасырларда емір сүрген қазақ даласының қоғамдық-саяси, әлеуметтік ой-пікірлерінің көшбасшысы болған жыраулар: Доспамбет, Сыпыра, Қазтуған, Асан қайғы, Бұқар жырау толғауларынан байқап білеміз.
[өңдеу] Қазтуған Сүйінішұлы

Қазтуған Сүйінішұлы — халық аңыздарында қолбасы, батыр делінеді, әскери ақсүйек тұқымынан шыққан. Туып-өскен жері — Еділ бойы. XV ғасырдың орта шенінде жаңа құрылған Қазақ хандығына қоныс аударады.

Жорық жыршысы, халық эпосын жасаушылардың бірі Қазтуған жырау артына өмір, болмыс туралы, атамекен, туған ел жайлы және әскери тұрмысқа қатысты сан алуан жырдан құралған мол мұра қалдырды. Бұлардың дені сақталмаған.

Алайда бізге жеткен санаулы шығармаларының езі-ақ Қазтуған Сүйнішұлының әдебиет тарихынан белгілі орын алуына негіз бола алады. Қазтуған Сүйінішұлының поэзиясы номадтық жауынгерлердің санасын, танымын көрсетеді, оның болмыс, тіршілік, өзін қоршаған, шырышы бұзылмаған табиғат туралы түсінігінен елес береді. Жырау киялының ұшқырлығы, кендігі, суреттеу тәсілдерінің байлығы мен өсемдігі орта ғасырларда қазақтың ақындық өнерінің жоғары дәрежеде әрі езіндік сипатқа толы болғанын танытады.

Ұлттық бояуы ашық, ершіл романтикаға суарылған толғаныстары көркем тіркестерге өте бай Қазтуған Сүйінішұлы жырлары әлденеше ғасырлар бойы қазақ ақындарына үлгі, өнеге мектебі болған. Қазтуған Сүйінішұлының Мадақ жыры, Туған жермен қоштасу тәрізді шығармалары қазақтың көне поэзиясының таңдаулы нұсқаларының қатарына жатады.

XV ғасырдың екінші жартысында ез қарауындағы руларымен бірге Еділден ауып, Қазақ ордасының құрамына өтеді.

Сыпыра жырау — XIV ғасырда Батыс Қазақстан еңірін жайлаған түркі тайпаларының ортасынан шыққан атақты жырау, ноғайлы-қазақ эпосының негізін салушылардың бірі. Сыпыра жырау шығармалары біздің заманымызға жетпеді, алайда оның кезінде Дешті Қыпшақтағы ең атақты сөззергері болғаны, мол мұра туғызғаны байқалады.

Сыпыра жырау ел қамын жеген дана қария кейпінде қазақтың ескі батырлар жырының бірталайында бой көрсетті. Мысалы, Ер Тарғында Сыпыра жырау туралы: Бұл — өз өмірінде толғау айтып, тоғыз ханды түзеткен кісі еді делінеді. «Телағыс» жырында Сыпыра жырау ноғайлы ішінде шыққан өзара қырқысты өршітпей, жеке басының беделімен, жырының күшімен жауласушы жақтарды бітістіреді. Ал Едіге жырында ол жүз сексенге келген жұрт қамқоры, халықтың ақылшысы.

Көптеген эпостық жырларда Сыпыра жырау айтыпты деген әр түрлі мазмұндағы толғаулар ұшырасады. Эпос кейіпкері Сыпыра жыраудың прототипі — тарихи Сыпыра жырау екендігі жырланған. Қайткенде де, Сыпыра жыраудың өз тұсындағы және өзінен соңғы сахара сөз өнеріне елеулі ықпал еткенін аңғарамыз. Белгілі Мұрын жырау өзін Сыпыра жыраудың мұрагері санаған. Ал қарақалпақ елінің фольклор зерттеушілері Сыпыра жырауды қарақалпақ эпосының негізін салушы деп біледі.
Шалкиіз жырау

Шалкиіз жырау қазақ жыраулық поэзиясының атасы саналады. Шалкиіз Тіленшіұлы 1465 жылы Жайықтың шығыс бетінде дүниеге келеді. Жыраудың әкесі сахараның беделді, бай адамы болды. Шешесі Кіші жүздің ұйытқысы болған, Сыртқы Орда деп аталатын ұлыстың билеушісі Мұса бидің қызы екен. Шалкиіз мұсылманша білім алған, оның 1490 жылға дейінгі өмірінен дерек жоқ. Тек 1490 жылы ноғайлы әміршісі Темір бидің жанында болғаны белгілі. Кейбір зерттеушілердің пайымдауларына қарағанда, осы кезде жырау бірде әскер қатарында, бірде әміршінің елші, нөкерлері қатарында Қырым, Терістік Кавказ, Дон бойын тегіс аралап шыққан.

Темір өлгеннен кейін нағашылары Мұса ұрпақтарының маңайында болады. Кейін бұл топтан бөлініп, Қазақ ордасына біржола өтеді. Шалкиіз 95 жасқа жетіп қайтыс болған деп шамаланады.

Шалкиіздің Алаштан байтақ озбаса, Темір биге арналған толғаулары; Жапырағы жасыл жаутерек, Ер Шобан, т.б. толғау-жырлары бізге жеткен.

Темір биді қажылық сапарынан тоқтатуға арналған өлеңінде: Құдайға құлшылық ету тек Меккеге барумен өлшенбейді, — дей келіп, былай түйеді:

Доспамбет жырау — 1490 жылы Азау қаласында туып, 1523 жылы Астрахан маңында қаза болған көне қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі және жорық жыршысы. Қазақ халқының қалыптасу кезеңінде өмір сүрген жыраудың руы — кіші ноғайлы. Өз заманындағы жорықтарға, Қырым, Ноғайлы, Қазан хандықтары арасындағы ұрыстарға қатынасқан. 1523 жылы Астрахан жорығы кезінде Доспамбет жырау бастаған шолғыншылар тосқауылға ұшырайды да, жырау ауыр жараланып, қайтыс болады.

Доспамбет жырау мұрасының дені жоғалған. Ел аузында, жекелеген қолжазбаларда сақталған бірлі-жарым туындылары XIX ғасырдың бас кезінде әр түрлі жинақтарға енді. Кеңес өкіметі тұсында Алдаспан антологиясында (1971 жылы) оның табылған шығармалары толық жарияланды («Қалаға қабылан жаулар тигей ме», «Қоғалы көлдер, құм, сулар», «Айнала бұлақ басы тең…» т.б.). Жауынгер жырау туындыларының рухы ескілігіне, көркемдеу әдістерінің көнелігіне қарамастан, көңілге әсер етерлік терең, тілі мағыналы. Кейінгі Бұқар мен Махамбет жырларынан Доспамбеттің әсері аңғарылады.

Доспамбеттің «Қоғалы көлдер, кұм, сулар», «Азау, Азау дегенің», «Айналайын Ақ Жайық», т. б. өлеңдері белгілі.

Бұқар жырау

Бұқар жырау (1693—1787 жылдары). Оның туған жері — Жиделі Байсын өлкесі. Дәл туған жылы белгісіз, мөлшермен, XVIII ғасырдың соңғы ширегі. Руы — арғын. Б9кар жырау 1702 жылы Бұхарадағы Кекілташ медресесін бітіріп, бірнеше тілде еркін сөйлейтін дәрежеге жетеді. Әсіресе парсы, араб тілдерін жетік үйреніп шығады. Медресе бітірген соң Түркістандағы Қожа Ахмет Йасауи мешіт-медресесі имамының шақыруымен сонда барып, Түркістан медресесінде дәріс береді.

Бұқар жырау мен Тәуке ханға байланысты мынадай бір аңыз бар: “Тәуке хан мемлекет шаруасын Шығыс дәстүрімен жүргізіп, күз бен қыста мемлекет ішіндегі ғалым, білімдар адамдарды, діндарларды, сал-серілерді хан ордасына шақырып алып, кеңес құрады екен. Ел сыйлыларынан халық жағдайын, жұрт аузынан сыр тартып, біліп отырады екен. Қайтарда бәріне сый-сияпат беріп, үлкен қошемет керсетеді екен. Сондай бір жиында қонақтар ас ішіп болғаннан кейін, хан бір сауал кояды: «Дүниеде не нәрсе өлмейді, соны тауып беріңдер», — дейді. Сонда біреулер: «Тау өлмейді», енді біреулер: «Су өлмейді», енді бірі: «Аспандағы жұлдыз өлмейді», — дейді. Төрде піл сүйегінен жасалған биік тақта отырған патша «таптың» демеген соң, жұрт тосылып қалады.

Бұқар жырау өмірінің ең жауапты кезі — Абылай ханның бас кеңесшісі болған кез. Бұл бір киын, «Ақтабан шұбырынды», ел басына күн туған, елдің елдігі сыналатын кезең еді. Осынау ел тағдыры шешілер ауыр кезеңде жырау ханға дұрыс бағыт беріп, даналықтың, үлкен сұңғыла-сәуегейліктің үлгісін көрсеткен.

Бұкар жырау шындықты бетке айтатын батылдығымен де дараланады. Бірде Абылай көршілес орыс еліне қарсы жорық ашпақ болғанда, Бұқар жырау оның немен тынатынын болжап, халық үшін қатерлі жаугершілік жолынан сақтап қалады.

Бұқар жырау орыс отаршылдарының қазақтың шұрайлы қоныс, шүйгінді жерлерін біртіндеп басып алып, сол жерлерге бекіністер сала бастағанын көргенде, олардың бұзық пиғылдарын жұрттан бұрын сезіп, содан сақтануға шақырған.

XVIII ғасырдағы жыраулардың ен, көрнекті өкілдері, жорық жыршылары Тәтіқара мен Үмбетей жыраулардың толғауларындағы ел бастаған батырлардың ерліктері өлеңмен өрілген шежіре деп қарауға болады. Мысалы, Үмбетей жырау мен Бұқар жыраудың Қанжығалы Бөгенбай батыр туралы жырында Бөгенбайдың, Қаракерей Қабанбай, Шақшақұлы Жәнібек, Қаз дауысты Қазыбек, Қу дауысты Құттыбай сынды батыр-билермен бірге тізе қосып, жаудан қазақ жерін азат еткендігі жырланады.

Бұқар жыраудың Абылай ханға арналған толғауында Қабанбай, Бөгенбай, Жәнібек, т.б. батырлардың есімдері аталады. “Қабанбай батыр» жырында ел үстінде жатқан батырдың көңілін сұрайтын Бұқар жырау оны қайнар бұлаққа, дүлділ пыраққа теңей келіп: «Құрбандығыңа арғын мен үйсіннің, керей мен алшынның әрқайсысынан жүз кісі айттым, соның басы әзім болайын”, — деп жылайды. Бұл жерде жырау Қабанбай сынды ердің халық перзенті екендігін, оның халқы үшін бағасының қандай екендігін көрсетуге тырысқан.

Әдебиеттер:1,2,3.
12-дәріс ХVІІІ ғасырдағы қазақ әдеби тілі.

Қазақ халқының XVIII ғасырдың екінші жартысы мен XIX ғасырдағы мәдениеті ежелгі қазақ жерінде өмір сүріп, қазақ халқын қүраған үлыстар мен тайпалардың материалдық мәдениеті мен рухани мәдениетінің заңды жалғасы жэне жаңа заманға сай дамып қалыптасқан түрі болды.

Рухани мәдениеті: Қазақ халқының ғасырлар бойы жасаған рухани мәдениетінің маңызды бір саласы — қазақ шежіресі екені анық. Қазақтың байырғы салт-дәстүрі бойынша эрбір қазақ азама- ты өзінің жеті атасын білуге тиісті еді. Мүны балаларына үйрету әрбір атаның, отбасы тәрбиесінің негізі болды. Тек ата-анасынан айырылған жетімдер ғана мүндай тәрбиеден қалған. Соның үшін қазақ қауымы “жеті атасын білмеген жетімдіктің салдары” дейді. Ру, тайпа және жүздің шежіресін таратып айта алатын адамдар халық ішінде қүрметтеліп “шежірешілер” деп аталды. Ерте заман- да шежіре ауызша түрде үрпақтан-үрпаққа жеткізілсе, XVIII—XIX ғасырларда бірсыпыра шежірелік жинақтар таспаға түсірілген. Олар: “Көшен-Қарауыл шежіресі” (XVIII ғ.), “Жэңгір хан шежіресі” (1835), Ш.Уәлиханов жазып алған “¥лы жүздің шежіресі” және т.б.

Сол сияқты XVIII ғасыр “ақындар поэзиясы ғасыры” деп аталған. Қазақ мәдениеті мен әдебиетінің өте қүнды мүралары —ақын-жыраулардың өлең-жырларында халықтың өмір тіршілігі, көңіл-күйі, салт-санасы, өндірісі мен түрмысы, мінез-қүлық өлшемі, сол дәуірдің рухы бейнеленді. Олар халық басына келген қайғыға да, жүрт кенелген мерейге де ортақ болды. Ел басына ауыр күн туғанда шапқыншы жауларға қарсы жан аямай күресіп, елін қорғаған ерлерді дастан етіп жырлап отырды. XVIII ғасырда та- нымал болған Ақтамберді, Тэттіқара, Үмбетей, Бүқар, Шал, Көтеш секілді жыраулар өз өмірінде үшан-теңіз жыр шығарды. Қазақ әдебиеті тарихында көрнекті орын алатын XVIII ғасырдағы атақты жырау Бүқар Қалқаманүлының (1668—1781) бірнеше шығармалары сақталған. Ол тәуелсіздікті сақтау жэне нығайту идеясын білдірген көрнекті дидактикалық өлең-толғаулар шығарған. Қазақ ханы Абылайды қолдап, эртүрлі даулар мен таластарды шешкен. Жырау қазақтың барлық үш жүзін біріктіріп, бір орталыққа қараған күшті мемлекет болуын армандады. Тэттіқара, Үмбетей, Шал, Көтеш сияқты жыраулардың жырлары халық жадында үзік-үзік сақталған. Үмбетейдің Бөгенбай батырдың қайтыс болуына арналған естірту жыры — жоқтауы белгілі. Үмбетей жоқтауында Бөгенбай — халық қорғаушысының мінсіз бейнесі. Ал Тэттіқара ақын қатардағы жауынгер ретінде көптеген шайқастарға қатысып, жорықта туған толғауларында жауынгерлерді бостандық жолындағы күресте қандай да болсын қиыншылықтың алдында бас имеуге шақырады.

XIX ғасырда қазақ әдебиеті үлттық дарынды түлғалардың көптігімен де, бір-біріне үқсамайтын дара туындылардың сан қырлы сипатымен де ерекшеленді. Бүл дэуірде айтыс өнері дамып, даңқты ақындар Жанақ, Шөже, Орынбай, Түбек, Сүйінбай, Шерни- яз, Біржан, Бақтыбай, Жамбыл сияқты эйгілі ақындар қатары Сара, Ырысжан, Үлбнке, Тэрбне, Ақбала жэне басқалар сияқты ақын қыздардың есімдерімен толықты деуге болады. Түрі мен мазмүны жағынан айтыстар бір-біріне үқсамайды. Олардың кейбіреулерінің негізгі мазмүнында халықтың өмірі, оның шаруашылық-түрмыстық проблемалары, рулық қоғамдастықтың ерекшеліктері сөз бол­са, Біржан мен Сара айтысында қазақ әйелдеріне жеке бостандық беру мәселесі көтеріледі. Мүндай айтыстармен қатар бірін-бірі қалжыңмен қағыту, танысу, амандасу, көңіл көтеретін әзіл-оспаққа қүрылған айтыс түрлері де аз кездеспейді.

Осы кезеңнің музыкалық мәдениетінде Махамбет Өтемісүлы (1804—1846) өзіндік даралығымен көрінді. Ол 1836—1838 жыл- дардағы Исатай Тайманүлы бастаған шаруалар көтерілісінің бел- сенді қатысушысы ғана емес, көтерілістің “жаны” мен “жылнамашысы” болды. Оның “Исатай көтерілісі”, “Исатайдың өлердегі сөзі” сияқты шығармалары көтерілісті жан-жақты сипаттады.

Сол сияқты Шернияз Жарылғапүлы (1817—1881) Кіші жүз қазақтарының отаршылдыққа қарсы үлт-азаттық күресінің жыр- шысы жэне ту көтерушісі болды. Жалынды жырларымен халықты күреске үндеді.

Шығармалары қайшылыққа толы, күрделі түлға саналған зар- заман ақындары да қазақ әдебиетінде өзіндік орын алады. Зар-заман ақындарының көрнекті өкілдері — Дулат Бабатайүлы (1802—1874), Шортанбай Қанайүлы (1818—1881), Мүрат Мөңкеүлы (1843—1909). Олар қазақ халқының өмірін ақиқатпен жырлаған ақындар бол­ды. Ахмет Байтүрсыновтың “Ақындық жалғыз өз көңілінің күйін толғай білуде емес, басқалардың да халін танып, күйіне салып толғай алуында” деп түжырымдағаны сияқты, бүл ақындар да қара басын күйттеген ақын емес, халқының үні мен елдің мүңын жеткізуші болды. Зар-заман ақындары өмір сүрген кезең патшаның отаршылдық саясаты дәуірлеп, қазақ жерінің нағыз талауға түскен кезі еді. Мәселен, Мүрат Мөңкеүлы “Үш қиян”, “Сарыарқа”, “Әттең, бір қатты дүние-ай” сияқты толғау-дастандары арқылы қазақ жерін отарлаушыларды батыл әшкерелеп, озбыр саясатқа қарсы түрса, Ду­лат Бабатайүлы “Бейшара менің қазағым”, “О, Сарыарқа, Сарыарқа” өлеңдері арқылы қазақтың ауыр түрмысын бейнелейді.

XVIII—XIX ғасырларда ақын-жыраулық поэзиямен қатар шығыстық ақындық дәстүр үлкен орын алды. Қазақтың дастанда- ры араб-парсы әдебиетімен, фольклорымен байланыста болды. Абай қазақтың классикалық әдебиетіне дастандар алып келді. (“Ескендір”, “Масғүт”, “Әзімнің әңгімесі”). Абай (Ибраһим) Қүнанбайүлы (1845—1904) өзі туған ортадан шоқтығы биік түрды. Оның пікірінше, эрбір ойлы адам қоршаған өмір шындығына өзінің саналы көзқарасын қалыптастыруға тиіс. Абайдың бүкіл шығармашылығы әрекетсіздік пен жалған үятқа деген ымырасыздық идеяларына толы. Ол ел ішінде бірлік пен татулық болғанда ғана қоғамның негізгі күштері — ғылым, алдыңғы қатарлы идеялар, мәдениет толық көлемде дами алады жэне бүкілхалықтық игілік әкеледі деп санады. Қоғамды алға дамыту жолдарын үнемі іздестіріп отырды. Яғни, бүл даму егіншілікті, қолөнерді, сауданы дамытумен тығыз байланыстырылды. ¥лы ақын:

Егіннің ебін,

Сауданың тегін

Үйреніп, ойлап, мал ізде” деген болатын. Сол сняқты ақын орыс әдебиеті жэне мэденнетімен таныс болды. М.Ю. Лермонтов, А.С.Пушкин, Н.Крылов шыгарма- ларын аударумен шүгылданды. Орыс әдебиеті үлгілерін қазақ халқы арасына таныстырушы болып, олардың өскелең идеяларын насихаттады.

Осы кезеңнің дара түлгаларының бірі ретінде Ш.Уэлнхановты (1835—1865) атаймыз. 1856 жылы Ш.Уәлиханов екі экспедицияға қатысады. Біреуі Орталық Тянь-Шань арқылы Алакөлден Ыстықкөлге дейінгі, екіншісі — днпломатнялық тапсырма бойынша Қүлжага сапар. 1857 жылы Уәлиханов Алатау қырғыздарына тағы да сапар шегіп, қырғыз халқының энциклопедиялық дастаны “Ма- насты” көшіріп алды. Ыстықкөлге экспедиция кезінде Ш.Уэлиханов тарихи деректермен қатар көненің көзі — ерте заман бүйымдарының қүнды үлгілерін жинады. “Ыстықкөлге барған сапардың күнделігі”, “Қытай империясының батыс провинциясы жэне Қүлжа қаласы”, “Қырғыздар туралы жазбалар” деген тарихи-этнографиялық ту- ындылары жоғарыда аталган сапарларының нәтижесі болатын. Ш.Уэлихановтың ғылыми қызметі Орыс географиялық қоғамының назарын аудартып, 1857 жылдың ақпанында ол қоғамның толық мүшелігіне қабылданады. Оның ғылыми мүрасы Қазақстанның жэне көп үлтты Ресейдің, басқа да халықтардың проблемаларының өзекті түстарын қамтиды. Шоқан Орта Азия мен оған іргелес жатқан аймақтар халқының географиясын, этнографиясы мен фольклорын зерттеуге де үлкен үлес қосты.

А.Қүнанбаев пен Ш.Уәлиханов XIX ғасырдағы екі үлкен білім жүйесінің өкілдері болды: діни (мүсылмандық) жэне зайырлы (орыстық). Мектеп пен медреселерде діни білім беріліп, молдалар мен мүғалімдер даярланды. Медреселерде теологиялық діни білім философия, тарих, әдебиет, астрономия, медицина, математика, лингвистика пәндерін оқытса, зайырлы оқу орындары қазақтарды Ресейге қызмет ету мен орыс мәдениетіне қызыгушылық жолдарына салды. Олар отарлау аппараттарына шенеуніктер, аудармашылар, оқытушылар, эскерилер, дэрігерлер даярлады.

Орынбордагы зайырлы оқу орындарының бірін 1857 жылы танымал жаңашыл-педагог, агартушы Ы.Алтынсарин аяқтайды. Ы.Алтынсарин (1841—1889) бастамасымен жэне тікелей қатысуымен Қазақстанда халықтық азаматтық мектептер желісінің қүрылуына қол жеткізілді. Ол, әсіресе, қолөнер жэне ауылшаруашылыгы училищелерін ашуға көп күш-жігер жүмсап, байыргы халық ара- сынан Қазақстанның экономикалық дамуы үшін қажетті мамандар даярлауға ерекше мэн берді. Ы.Алтынсарин орыс-қазақ мектептерінің оқушыларына арнап “Қырғыз (қазақ) хрестоматия- сы” жэне “Қырғыздарға (қазақтарға) орыс тілін үйретуге алғашқы басшылық” атты оқу қүралдарын жазды. Орыс кластарына қазақ тілінен сабақ беріп, ол үлттық әдебиет пен мәдениетті дамыту, қазақ әдеби тілін қалыптастыру жолында жемісті еңбек етті.

XIX   екінші жартысында Қазақстандағы музыка өнерінің дамуы- на Қүрманғазы Сағырбайүлы, Дэулеткерей Шығайүлы, Тэттімбет Қазанғапүлы, Ықылас Дүкенүлы сияқты композитор-музыканттар үлкен үлес қосты. Домбыра, қобыз, сыбызғы сияқты музыкалық аспаптар арқылы түрлі эпостарды, тарихи дастандарды, аңыз- эңгіме мен жырларды орындап отырды. Аталған композиторлардың дүниетанымы тарихи түрғыда шектеулі бола түрса да, олардың шығармаларында әлеуметтік қайшылықтар бейнеленді. Біржан Қожақүлы, Мүхит Мералиев, Ақансері Қорамсаүлы, Жаяу Мүса Байжанүлы, Қүлтума Сармүратүлы сияқты жэне тағы басқа көптеген ақын, энші, композиторлардың шығармашылық жэне орын- даушылық шеберлігі арқасында қазақ эн мәдениетінің классикалық үлгілері дамып, жоғары дәрежеге көтерілді.

Материалдық мәдениеті: Қазақтардың XVIII—XIX ғасырлар- дағы материалдық мэдениетінің күйі қоғамның экономикалық даму деңгейімен анықталды. Оның даму барысына көшпелі қазақтар экономикасының дамуындағы басты фактор ретінде көшпелі мал шаруашылығы эсер етті. Бүл жағынан алғанда егіншілік, сауда- саттық, көрші халықтардың ықпалының маңыздылығы да аз болған жоқ.

Отырықшы халықтар өмірінде жер шаруашылығы үлкен рөл атқарса, көшпелі халықтарда мал шаруашылығы маңызды болды. Қазақ көшпенділерінің салт-дәстүрі, діни-наным сенімі, түрмысы көшпенділік өмірмен тікелей байланысып жатты. Көшіп-қону мал өсірушілерге маусымдық жақсы жайылымдарды пайдала- нып отыруға мүмкіндік берді. Көшіп-қону көбінесе меридиан (оңтүстіктен солтүстікке) бағытымен жүрді. Ірі рулар мен олардың бөлімшелерінің қоныстары негізінен бір аумақта болды. Әрбір рудың өзінің кош жолдары болды. Қазақтың мал шаруашылығының өріс, қоныстары жылдың төрт маусымына қарай қыстау, көктеу, жайлау жэне күзеу деп төртке бөлінді. Жаздық жайылым қазақтардың ортақ пайдалануында болып келсе, көктеу мен күзеу бір орында болды. Қыстауда малшылар қүйма кесектен қаланған үйлерде қыстады, жылдың басқа мезгілдерінде киіз үйлерде түрды.

Киіз үй — көктем, жаз жэне күз мезгілдерінде қоныстан-қонысқа көшіп жүру жағдайына қолайлы қүрама үй. Оның қабырғасы айқыш сағанақтардан көктелген керегеден түрғызылды. Кереге жиналма- лы болып бөлек-бөлек қанаттан жасалды. Ал керегеден жоғары си- дам жіңішке ағаштан жүмырлап жасалып, қарны иілген уықтардан қаусырыла күмбез шығарылды. Уықтардың аяғы дөңгелене жайыл- ған керегенің аша басына айқастыра байланып, үшы (қаламшасы) шаңырақтың көзіне шаншылды. Шаңырақ — үй күмбезінің төбесі эрі терезесі. Үй ағашының сыртынан арнаулы киіздер, қабырғасына туырлық, үстіне үзік, төбесіне түңлік жабылды. Үйдің ортасында ошағы, оң жағында төсек, оның түсында түскиіз үсталып, төсекті қоршап шымылдық тартылады. Үйдің төріне жүкаяқ қойылып, оның үстіне көрпе-жастық жиналады. Үйдің сол жағына кебеже, қазан-аяқ, саба сияқты ыдыстар қойылып, ол шимен қоршалған.

Көшпелі мал шаруашылығына күрделі еңбек қүралдары ке­рек болган жоқ. Жылқы үстау үшін қүрық, арқан пайдаланылды, қайыстан немесе жылқының жал-қүйрығынан түсау мен шідер жасалды, қүлын мен бота байлауға жуан арқан мен ноқта пайдаланылса, мал суғаруға науа мен қауға пайдаланылды. XVIII ғасырдың аяғында қазақ даласына орыстардың қыста шөп дайындауға арнал- ған шалғылары біртіндеп тарала берді. Ал, XIX ғасырдың орта шенінде шалғымен қоса темір айыр да кеңінен қолданыла бастады.

Қазақстанда суармалы егіншіліктің ежелгі ошақтары ертеден бо­лып келген. Осыган байланысты қазақтарда егіншілік қүралдары- ның қарапайым түрлері болды. Мәселен, тісагаш, егін оратын орақ, агаш күрек, сыпыртқы — егіншілік қүралдарына жатқызылды. Егісті сугару үшін суды көтеріп шыгаратын эртүрлі қүралдар — атпа, шыгыр, сондай-ақ кетпендер мен күректер пайдаланылды. Оларды жергілікті үсталар өздері дайындап отырды.

Салт атқа арналган әбзелдерді қоспаганда қазақтың мал шаруашылыгына жэне егіншілікке байланысты негізгі еңбек қүралдары Қазақстанның бүкіл аумагында бір-бірімен үқсас болды. Қазақтың ат-түрман әбзелінің ішіндегі ердің сыртқы түрі мен дай- ындау тэсілінде жергілікті ерекшеліктер байқалады. Ердің ең көп таралган түрі — қайыңнан шауып жасалган, алдыңгы қанаты кең “қазақ ері” болып табылады. Оңтүстік Қазақстанда ердің “қүранды ер” дейтін түрі таралган. Ер-түрман әбзелдерін жасау, негізінен, ершілердің ісі болган. Олар тек қана ердің өзін емес, сонымен бірге бүкіл ат әбзелдерінің бэрін — тоқым, қүйысқан, өмілдірік, жүген, айыл, үзеңгі, таралгы, қамшы жэне т.б жасап, оларды әсемдеп, көркемдеп отырған. Сондай-ақ қайыстан ат-тұрман эбзелдерін өретін шеберлерді “өрімші” деп атаған.

Қазақтардағы көшпелі түрмысқа бейім шаруашылықтың үстемдігі алуан түрлі қолөнерінің — тоқымашылықтың, киіз басудың, ағаш, металл, тері, сүйек жэне мүйіз өңдеудің дамуына себепші болды. Тоқымашылықпен жэне киіз басумен көбіне эйелдер айналысты, олар негізінен алғанда үйге керек-жарақтардың тоқымашылық пен ісмерлікке қатысты заттарын: кілемдер, алашалар, шекпендер, киіз үй ішіндегі алуан түрлі басқүрлар, бау-шулар, текеметтер, сырмақтар, аяққаптар және т.б дайындады.

Қыстаулардағы отырықшылыққа бейімделген түрғын үйлердің дамуы, үй-жайлар санының көбеюі және орыс мәдениетінің ықпалы түрғын үйлердегі керек-жарақтардың едэуір өзгерісіне экеп соқты. Дәстүрлі үй бүйымдарының орнына эйнектелген ыдыс қоятын шағын шкафтар, жақтаулы ағаш кереуеттер, іші қүлыпталатын эртүрлі сандықтар пайда болды.

Қазақтардың үлттық киімінде этнографиялық белгілері сақта- лып қалғанымен, олардың да пішіні мен түрлеріне өзгерістер енді. Ер адамдар бітеу пішілген, кеудесінде тік өңір қақпағы бар, жалпақ қайырма жағалы, етегі біршама үзын көйлек киетін болды. Ер адамдардың көп таралған сыртқы киімінің түрі шапан болды. Ол көбінесе фабрикалық маталардан тігілді. Ауқатты қазақтар түрлі- түсті бүқара жібегінен, барқыттан қымбат матамен әдіптеп тігілген шапан киді. Қазақтар әдемі “мэуіті шапан” мен “мэуіті шекпен” де дайындады. Олардың қос шабуынан өрнек салынды. Шабудың төменгі жағынан тілік қалдырылып, жүқа түйе жүннің тоқымасынан тігілді. Қазақстанның барлық облыстарында қазақтардың кеңінен қолданылған қысқы сырт киімінің ежелгі түрлерінің бірі — күпі көктемде қырқылған түйе немесе қой жүнінен дайындалды. Сырт киетін қысқы киімнің қадірлісі аң жэне үй жануарларының терісінен тігілген ішіктер болды. Қазақтардың көбінің қолы жететін жэне кең таралған қысқы киім түрі қой терісінен өңделіп, жүні ітттіне қаратып тігілген тон болды. Енді аяқ киім түрлеріне келетін болсақ, қазақтардың негізгі аяқ киімі былғары етік, кебісті мәсілер болды.

XVIII ғасырда қазақтардың жазда киетін өкшесі биік, түмсығы қайқы етіктері XIX ғасырдың екінші жартысында жоғала бастады. Барлық жастағы ер адамдар қыс кезінде негізінен ішінде киіз байпағы бар үзын қонышты саптама етік киді. Неғүрлым ауқаттылары жаз кезінде былғары кебісі бар мәсі киіп жүрді. Бүл аяқ киімдердің барлығы оң жэне сол аяқ деп бөлінбей бірдей тігілетін. Бас киім түрлеріне келетін болсақ, ересек ер адамдардың барлығы шаштарын алдырып, басына тақия, тебетей киді. Бүның сыртынан тігілген терісіне сэйкес сусар, пұпіпак жэне елтірі деп аталатын бөріктер киді. Әйелдердің киімдері жас ерекшеліктеріне сэйкес бір-бірінен біршама ерекше болды. Қазақ әйелдері ерекше сәнді кнініп, кнімдерінің сырты­нан тағатын кемер белдіктерін күміспен күптеп, алтынмен аптап, қымбат бағалы тастармен эшекейлеп отырды. Әйелдердің жасы мен отбасындағы жағдайына байланысты бас киімдері де ерекше бол­ды. Мәселен, жас қыздар шет-шетіне моншақтан немесе бағалы ме- талдан шекелік тағылған, бай нақышты үкілі тебетей — “қасаба” кнді. ¥затылған қыздың бас киімі сәукеле бір жылдан соң ақ мақта- матадан дайындалған кимешекпен ауыстырылатын еді.

Мал шаруашылығына негізделген қазақтардың түрмысы олар- дың ішетін тамақтары мен ыдыс-аяқтарынан айқын көрінеді. Негізгі тамақтары ет-сүт өнімдері болды. Қазақтар ыдыс пен керек- жарақтарды көбінесе сынбайтын матерналдардан: ағаштан, теріден, кнізден жэне шүғадан жасаған. Олар: торсық, саба, күбі, қазан, таба, ожау, астау, ағаш табақтар, мес, мал саууға арналған конек жэне т.б. Көшкен кездерінде ыдыс-аяқты сыртқы беті түрлі-түсті қүрақтар- мен өрнектелген арнаулы кніз қаптарда (аяққаптарда) сақтаған. Су- сымалы мал өнімдері үшін тоқыма қаптар дайындаған. Сүр ет пен сары майды ағаштан жасалған кебежелерде сақтаған.

Сөйтіп, XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырда қазақтардың рухани жэне материалдық мәдениетінде көшпелі жэне жарты- лай көшпелі түрмыс-с алтына байланысты дәстүрлі ерекшеліктер сақталып қалды.

Сонымен, қорыта айтқанда, XIX ғасырдың екінші жартысындағы экімшілік реформалар Ресейдің қазақ жеріндегі саяси-әкімшілік, элеуметтік-экономикалық үстемдігін нығайтуға, қоныс аударушы орыс шаруаларын өзінің саяси-әлеуметтік тірегіне айналдыра оты- рып, қазақтарды орыстандыру, шоқындыру негізінде империяның түтастығын күшейтуді көздеді.
Әдебиеттер. 1-7.
13-дәріс ХІХ – ХХ ғасырлардағы қазақ әдеби тілі.

XIX ғасырдағы ұлтығ сөз өнері дамуының ерекшеліктері. Ақындық поэзиядағы фольклор мен әдебиет дәстүрі сабақтастығы мұрасындағы түркі өркениеті және ислам мәдениеті көріністері.

Қазақстан жерін отарлау жұмыстары: барлық аймақтарда әскери қамалдар мен бекіністердің салынуы, ресми қазақ хадықтарының жойылуы, аға сұлтандық(округтық), болыстық, старшындық, ауылдық отарлық басқару жүйесінің енгізілуі. Ресей  империясяның қазақ елін отарлау саясатына бағытталған ресми құжаттары: « Сібір қазақтарының Уставы»(1822), «Орынбор қазақстанның Уставы»(1824).

Сырым Датұлы бастаған халық қозғалысы /1787-1797/ және оның XVIII – XIX ғ.ғ. әдеби, фольклорлық шығармашылық мұралардығы көріністері.

XIX ғасырдың бірінші жартысында отарлық  езгіге қарсы Қазақстанда болған қарулы көтерілістер: Қаратай сұлтан/1797-1814/, Арынғазы сұлтан/1816-1821/,Исатай-Махамбет/1936-1838/ бастаған көтерілістер, олардың әдебиет шығармаларында бейнеленуі.

Кенесары Қасымұлы бастаған ұлттық-азаттық қозғалысы /1824-1847/ және оның қазақ әдебиеті жанрларындағы үлгелері. Кеңуесары,  Наурызбай және олар бастаған қозғалысқа қатысқан батырлар туралы тарихи жырлар: Нысанбай жыраудың «Кеңесары-Наурызбай», Доскен Әлімбаевтің «Кеңесары», Жүсіпбекқожа Шайхисламұлының «Қиса Наурызбай төре» дастандары, Досқожа ақынның «Кеңесары қоныстан ауғанда айтқаны» өлеңі, «Кенесарының өлені», «Кенесары  жырының бірнеше ауызы» атты халық өлендері, т.б.

Қазақстан жеріндегі Ресей патшалығы отаршылдығының (XIX ғ. Екінші жартысы) күшейе түсуі. Ресейдің отарлық саясатына және  Хиуа, Қоқан хандылықтың басқыншылық соғыстарына қарсы көтерілістер: Есет батыр/1853-1859/, Жаңқожа батыр Нұрмұхамедұлы бастаған Сырдария бойындағы, 1867,1868,1870 жылдары Орал, Торғай,  Маңғыстау облыстары халқынын көтерілістері туралы тарихи жырлар.

Зар заман ақындарының поэзиясы және оның әдеби дамудағы реалистік маңызы.

Ресейдегі капиталистік қарым-қатынастар дамуының  Қазақстандағы табиғи байлық шикізаттарының көздерін игеруге ықпалы. Сауданың дамуы. Ақмола, Атбасар, Қарқаралы, Талды-Қоянды, т.б. жәрмеңкелері және олардың қазақ өнерінің  кең танылуындағы маңызы.

Қазақстандағы халық ағарту ісінің жағдайы. XIX ғасырдың бас кезіндегі оқыту түрлері. Бұқара, Самарқан, Хиуа, Ташкент, Қазан Өфе, Түркістан, Ақмешіт қалаларындағы медреселерден білім алған қазақ оқығандарының ағартушылық қызметі.

Отарлау саясатының мақсаттары үшін әртүрлі басқышты оқу орындарының 4-5 кластық қалалық училищелер, орыс-қазақ мектептері, гимназиялар Омбыда, Семейде, Өскеменде, Верныйда, Торғайда, Қостанайда, Ырғызда және т.б. жерлерде ашылуы. Манғол, манчьжур, қытай, парсы және т.б. Азия халықтары тілдерін оқытатын Азиаттық училищенің /1889/ ашылуы. Орынбор қаласындағы Сібір кадет корпусының /1847/, Неплюев кадет корпусының ашылуы. Бөкей Ордасында орысша және татарша сауат ашу мектебінің ашылуы. Омбыда /1872/, Ташкентте /1979/ мұғалімдік семинарлардың ашылуы.

XIX ғасырдың 90-шы жылдарында Жетісу өлкесі бойынша Пішкекте, Қапалда, Жаркентте, Верныйда ауыл шаруашылығы мектептерінің ашылуы.

Орыс зиялыларының қазақ халқының тарихын, тілін, фольклорын, этнографиясын зерттеу жұмыстарының екі жақты сипаты: ең бастысы – патшалық өкіметтің отарлау саясатының мақсатын орындау, екіншісі – ғылымдық ізгі ниет.

Қазақ халқының рухани мәдениетін, этнографиясын, фольклорын патшалық империяның отарлау пиғылына орай игеруді негізгі мақсат еткендер: А.И.Левшин, П.П.Семенов-Тянь-Шаньский, В.В.Григорьев, А.П.Рычков, П.С.Паллас, Н.И.Ильминский, А.И.Алекторов, т.б. Бұлардың еңбектернің отаршылық ниетке негізделгенімен, қазақтың ұлттық мұраларын әлемдік өркениетке таныстырудағы ғылыми маңызы.

Ғылымдық ізгі мақсатта, адал  ниетпен халық мұрасын жинап зерттегендер: В.В.Радлов, А.И.Березин, Г.Н.Потанин, Ә.Диваев, т.б.

Қазақ-орыс әдебиеті байланыстарының ұлттық өзін-өзі тану мен қоғамдық ой-пікірдің дамуына қазақ даласында XIX ғасырдағы әртүрлі себептермен болған орыс жазушыларының, ғалымдар мен ағартушыларының /А.С.Пушкин, Л.Н.Толстой, Ф.М.Достоевский, Е.И.Даль, А.Н.Плещеев, С.Ф.Дуров, т.б./ игі ықпалы. Көптеген орыс жазушыларының /С.Т.Аксаков, М.Л.Михаилов, М.С.Лесков, Г.И.Успенский, В.Г.Короленко, т.б./ шығармаларында қазақ халқы тұрмысының суреттелуі.

А.С.Пушкиннің Е.И.Пугачев көтерілісіне байланысты материалдар жинау мақсатымен Орынборға келгені. Пугачев бүлігі туралы кітабында қазақ, башқұрт және т.б. азиялық халықтар туралы жазуы. Оралда болғанда «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» дастанының мазмұнын жаздыртып алғаны.

Украин ақыны Т.Г.Шевченконың шығармашылығындағы қазақ халқа тақырыбы, оның Қазақстанда, арал теңізінде айдауда (1847-1857 ж.) болуы. Ақынның «Қазақ шаңырағы», «Атқа мінген қыз», «Байғұстар» және т.б. суреттеріндегі қазақ ауылы тұлмысының реалистікпен бейнеленуі. «Менің ойларым» атты өлеңіндегі қазақ-украин халықтары тағдырының салыстырыла бейнеленуі.

Шетелдік ізгі ойлы зиялылырдың қазақ халқы, оның әдет-ғұрпы, өнері туралы этнографиялық-публицистикалық жазбалары. Мысалы, американ журналисі Джордж Кеннанның «Сібір және жер аударылғандар», поляк революционері Адольф Янушкевичтің «Қазақ даласы бойынша саяхаттан күнделіктер мен хаттар», поляк суретшісі Борислав Залисскийдің «Қазақ сахарасына саяхат» атты кітаптары, қазақ тұрмысынан алынып жазылған ағылшын Клер Клермонттың «Владимир мен Зара» поэмасы, т.б.

XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті дамуының мазмұнындағы реализм, романтизм, тәрізді көркемдік әдістердің көріністері. Ауызша және жазбаша ақындық дәстүр табиғаты, жыраулық поэзия сілемдерінің сақталуы. Ежелгі түркілік, шығыстық жазба әдеби дәстүрлермен сабақтастық. Фольклордағы синкретизмнің әнші-ақындар шығармашылығы арқылы жаңғыра көрінуі. Жаңа реалистік жазба әдеби мазмұндағы лирикалық, сатиралық өлең, поэма, проза (әңгіме, очерк, ғылыми-көсемсөздік мақала) жанрларының, философиялық трактат, аудармалық және назиралық шығармалардың қалыптасуы, дамуы.

Әдебиеттер. 1-7.
14-дәріс Қазақ тілінің тарихына қатысты мұралар.

Қазақ тілі тарихы – қазақ тілін зерттейтін ғыл. саласы. Қ. т. б-нің тарихы шартты түрде: а) ұлттық тіл білімі қалыптасқанға дейінгі кезең; ә) ұлттық тіл білімі қалыптасқан кезең болып екіге бөлінеді. Ұлттық тіл білімі қалыптасқанға дейінгі кезең 19 ғ-дың 2-жартысынан басталады. Қазақ тілінің граммат. құрылысы туралы алғашқы мәліметтер Н.И.Ильминскийдің «Материалы к изучению киргиз-казахского наречия» (1860–61) деген еңбегінде ұшырасады. Бұл – қазақ тілінің кейбір ерекшеліктерімен таныстыруға арналған тұңғыш еңбек. Кейін М.А.Терентьевтің «Грамматика турецкая‚ персидская‚ киргизская и узбекская» (1875), П.М.Мелиоранскийдің «Краткая грамматика казах-киргизского языка» (1894‚ 1897)‚ В.В.Катаринскийдің «Грамматика киргизского языка» (1897)‚ т.б. еңбектер жарық көрді. Қазақ тілін таныстыру мақсатын көздегендіктен бұл еңбектерде белгілі бір категориялардың сырын ашу, оның ерекшеліктерін анықтау жағы қарастырылмаған. Олар негізінен қазақ тілінің заңдылықтарын, орыс тілімен салыстырып, сол тілдің негізінде түсіндіруге тырысты. 19 ғ-дың 2-жартысында қазақ тілінің лексикографиялық жұмыстары қауырт қолға алынып‚ дами бастады. Ұлттық тіл білімі қалыптасқанға дейінгі кезеңде 40-қа жуық сөздік жарық көрді.

Орыстардың Ресей империясына қараған халықпен қарым-қатынас жасауына көмектесу мақсатын көздеген бұл сөздіктер қазақтың сөздік құрамын хатқа түсіріп‚ жаңа‚ көне сөздердің мағынасын ашып көрсетті. Ұлттық тіл білімі қалыптаса бастаған кезеңнің өзі: а) қуғын-сүргінге дейінгі кезең (1912–29); ә) қуғын-сүргіннен кейінгі кезең (1930–88) болып екіге бөлінеді. Қ. т. б-нің ғыл. ретінде қалыптасып, дамуы А.Байтұрсыновтың есімімен тығыз байланысты. Оның қазақ тілі оқулығы ретінде жазған «Тіл-құрал» атты еңбегінде, мақалалары мен баяндамаларында тіл білімінің өзекті мәселелері сөз болады. Қ. т. б-нің салалары: Әліппе мен емле. 19 ғ-дың 2-жартысында Ы.Алтынсарин қазақ жазуын орыс графикасына негіздеуге талпыныс жасаса, 20 ғ-дың басында Байтұрсынов қолданылып келген араб графикасын жетілдіре отырып, қазақ жазуына икемдеді. Бұл орайда ғалым қазақ тіліндегі дауысты және дауыссыз дыбыстар санын анықтап, үндестік заңдылығын, тілдің фонологиялық ерекшеліктерін айқындап шықты. Байтұрсыновтың Қ. т. б-нің фонетика, фонология салалары бойынша жасаған тұжырымдары Е.Омаров, Қ.Кемеңгеров, Т.Шонанов, Ж.Аймауытов, Қ.Жұбанов еңбектерінде жалғасын тапты. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі, дауыстылар мен дауыссыздар санын дәл айқындау, қазақ жазуына негіз болатын принцип таңдау мәселесі көптеген талас тудырып, «Еңбекші қазақ», «Жаңа мектеп», т.б. басылым беттерінде мақалалар жарық көріп, қазақ білімпаздарының тұңғыш съезінде талқыланды.

Әдебиеттер. 1-7.
15-дәріс Қазақ әдеби тілінің тарихына қатысты іргелі еңбектер жазған Н. Томанов, С. Исаев, Ә. Ибатов, Т. Сауранбаев, Р. Сыздықова сынды ғалымдардың еңбектеріне шолу жасау.

Академик Н.Т Сауранбаев қазақ әдеби тілі туралы біраз пікірлер айтқан. Ол: «Қазақтың әдеби тілі революциядан бұрыңғы дәуірлерде жасалып, белгілі бір жағдайда өмір сүрген, бұл дәуір қазақ әдеби тілінің алғашқы адымы, нәрестелік дәуірі», - деді Н.Т Сауранбаев. Неге бұлай аталатының себебін түсіндіреді. Яғни, ол кісінің пікірінше бұның себебі; сол кездегі ақындардың еңбектерін халық сауатсыз болғандықтан пайдалана алмаған және сол ақын – жазушылардың шығармаларының дәл жазылған уақытта басылмағандығы Н.Т Сауранбаев қазақ әдеби тілін мынадай үш дәуірге бөледі:

1. ХІХ ғасырдың ІІ – ші жартысына дейіңгі дәуір.

2. ХІХ ғасырдың ІІ – ші жартысынан ХХ ғасырдың 20 жылдарына дейінгі дәуір.

3. Советтік дәуір.

Ғ.Мұсабаев «Әдеби тіл» деген ұғымға ғылыми техникалық көркем әдебиет нұсқаларының тілі, мектеп, театр, радио, баспасөз жеке мемлекет мекемелерінде қолданылатын тіл енетінін және әдеби тілдің нормаланған, жалпыға бірдей түсінікті болуы шарт екенін айтады. Ол қазақ әдеби тілін тарихи тұрғыдан мынадай үш кезеңге бөледі:

1. Абайға дейінгі, яғни ХІХ ғасырдың ІІ–ші жартысынан Октябрь ревлюциясының алғашқы жылдарына дейінгі кезеңдегі жазу тілі – жаңа әдеби тіл.

2. Қазіргі әдеби тіл.

М.Б. Балақаев әдеби тілдің даму кезеңдерін төрт дәуірге бөледі:

1. ХІІІ ғасырдың орта тұсымен ХІХ ғасырдың І – ші жартысы.

2. ХІХ ғасырдың ІІ – ші жартысы.

3. ХІХ ғасырдың басы.

4. Совет дәуірі.

Ал М. Балақаев, Р. Сыздықова, Е. Жанпейісов авторлығымен жарық көрген «Қазақ әдеби тілінің тарихы» деген кітапта авторлар әдеби тілдің екі түрі болатынын айта келіп, жалпы әдеби тілдің пайда болу мерзімі туралы былай дейді: «Қазақтың әдеби тілінің тарихын біз ХІХ ғасырдың екінші жартысынан емес, ХІІІ ғасырдан бастаймыз. Өйткені, халық тілінің жазба әдебиет ыңғайында нормаға түсе бастаған шағы және бірді – екілі стильдік құбылыстардың көрініс бере бастаған кезі, дәлірек айтқанда, әдеби тіл белгілерінің айқындала бастаған мезгілі – осы ХІІІ ғасырдан басталады».

А. Ысқақовтың пікірінше, төл әдеби тілдің революцияға дейінгі кезеңінде қазақ даласына екі түрлі әдеби тіл «жарыса» өмір сүредi, оның бірі – жалпыхалықтық әдеби тіл де, екіншісі – сол кездегі үстем таптың өкілдері ғана, сауатты байлар мен қожа – молдалар ғана пайдаланған «түркі тілі», яғни «кітаби тіл».

Т. Қордабаевтың әдеби тіл жөніндегі пікірі С. Аманжоловтың пікіріне жақын, бірақ онша айқын емес, екіұшты мағынада қалып қойған «Қазақ тілінің әдеби тіл болып қалыптасуына келетін болсақ, - дейді Т. Қордабаев, - оның негізі өткен ХІХ ғасырдың екінші жартысынан былай қарай қалана бастағанымен, тағы да, тек совет өкіметі тұсында ғана жеткенін көреміз».

Р. Сыздықова өзінің «ХІІІ – ХІХ ғасыр қазақ әдеби тілінің тарихы» деп аталатын құнды еңбегінде әдеби тілдің барлық дәуірлерін сөз етпей, тек екі ғасырға, әдеби тіл тарихы үшін мәні де, маңызы да зор ХІІІ – ХІХ ғасырлардағы арнайы тоқталып, нақтылы материалдар негізінде әр дәуірдің әдеби тіліне тән сипатын, лексикалық, грамматикалық, стильдік ерекшеліктерін анықтауға көңіл бөледі. Автор ХІХ ғасырдың екінші жартысынан басталатын қазақтың төл жазба әдеби тіліне дейін оның ауызша тараған әдеби тіл болды деген пікірді ортаға салады. Р. Сыздықова «Ашып алар жайыттар көп» атты мақаласында мынадай қортындыға келеді: «Сөйтіп, қазақтың тілі: ауыз әдеби тілі, жазба алдындағы әдеби тілі, жазба әдеби тілі деген түрлерге бөлінеді». Ол ХІХ ғасырдың екінші жартысын жалпы қазақ әдеби тілінің емес, қазіргі әдеби тілдің басы деп есептейді. Сөйтіп, Р. Сыздықова әдеби тілді үш топқа бөліп қарайды:

1. Ауыз әдеби тілі;

2. Жазба алдындағы әдеби тіл;

3. Жазба әдеби тілі.

Соңғысын ішінара тағы екіге бөліп қарастырады:

А. Орта азиялық түркі әдеби тіліне сүйенген «кітаби тіл».

Б. Қазақтың қолтума   әдеби тілі, яғни қазіргі жазба әдеби тіл.

С. Исаев «Қазақ әдеби тілінің қалыптасу, даму кезеңдері» деген еңбегінде әдеби тілдің сипаты, қызметі, қалыптасу жолдары т.б. проблемаларды қамтыған. Автор қазақ әдеби тілінің қалыптасуын шартты түрде үш дәуірге бөледі:

1.Қазақ халқының жеке халық болып қалыптасқанына дейіңгі көне дәуір, яғни жалпы түрі әдеби тілі дәуірі.

2.Қазақ халқының халық болып қалыптасқанынан кейінгі кездегі қазақ әдеби тілінің туып, даму дәуірі.

3.Қазақ әдеби тіл дамуының советтік дәуірі.

Р.С. Әміровтың сөйлеуі әдеби тілінің сыр – сипатын, өзіндік белгілерін синтаксистік тұрғыдан қарастыратын зерттеуінде: «Ауызша сөз: 1) ауызекі сөз; 2) лекция тілі; 3) шешендік сөз» - деп қарастырады.

Б. Әбілқасымов «шамамен Х - ХІ ғасырдан бастап қазақ авторлары бір жағынан «шағатай» немесе «түркі» деп атанған тілді пайдалана жүріп, екінші жағынан, өз шығармаларына қазақтың ауызша әдеби тілін арқау ету арқасында сол «түркі» әдеби тілінің тағы бір жергілікті түрін қалыптастырады» деген пікір айтады. «Сөйтіп, - дейді Б. Әбілқасымов,- қазақ қаламгерлері ХІ ғасырдан өткен ғасырдың екінші жартысына дейін қазақтың көне жазба әдеби тілінде ресми іс қағаздарын жазды, өзара хат жазысты, кейбір көркем әдебиет үлгілерін жазды».

Б. Әбілқасымов Абай, Ыбырайға дейінгі жазба әдеби тілді «қазақтың көне әдеби тілі» деп атайды. Яғни, біздің біраз зерттеушілеріміздің «кітаби тіл» деп жүргенін Б. Әбілқасымов «көне қазақ жазба әдеби тілі» деп атайық дейді. Оның пікірінше, бұрын қазақтың ауызша әдеби тілі болды, ол тілдің үлгісі алуан түрлі ауыз әдебиеті жанрларында шешендік толғауларда сақталды. Сөйтіп, Б. Әбілқасымов «қазақтың ауызша әдеби тілі өз алдына, жазба әдеби тілі өз алдына дамып отырды» деп, оларды даралап қарауды ұсынады. Ол қорыта келгенде, қазақтың жазба әдеби тілін үш кезеңге бөледі:

1.Қазақтың көне жазба әдеби тілі;

2.Қазақтың жаңа жазба әдеби тілі;

3.Қазақтың қазіргі әдеби тілі.

Әдеби тіл мәселелерімен көбірек айналысқан ғалымдардың бірі – Қ.Өмірғалиев. Ол әдеби тіл жайындағы өз ойын: «Қазақ әдеби тілі тарихы, қазақ әдебиеті тарихын сөз ету арқылы ғана сөз етілмек. Яғни қазақ әдеби тілі тарихы қазақ әдебиеті тарихының өзгеше үлгіде баяндалуы ғана». «Әдеби тіл дегеніміз әдебиеттің өзі деп тұжырымдайды. Осы ойының дұрыстығын дәлелдей түсу үшін ол В.В. Виноградовтың «әдеби тілді зерттеу, бұл сөздің кең мағынасында, әдебиетті зерттеумен тығыз байланысты», - деген пікіріне сүйенеді. Қ.Өмірғалиев Абайға дейінгі тілді ауызша әдебиет тілі деп атайды». Әдеби тілді жазбамен ғана байланыстыру бар халықтар үшін шартты емес дейді де, ол әдеби тілге мынадай анықтама береді: «әдеби тіл – кең мағынада алғанда ауызекі сөйлеу тіліне қарама – қарсы тұрған, өзіндік жүйе – желісі, тақырыбы, формасы бар және өзіндік айту тәсілдері мен үлгілері, сөз өрнектері бар бір бүтін творчестволық туындының тілі, әдеби тіл – жеке бір индевидтің ақиқат жайды өз көңілінше ой қортындысынан, пікір түйіндеуінен өткізіп барып, өзгеше бір үлгі – формада беру тілі. Ал, бұл тіл ауызша жасала ма, я жазбаша жасала ма? – ол шарт емес.

Көп жылдар фольклор тілімен шұғылданып келе жатқан Е. Жұбанов халық ауыз әдебиеті шығармаларының тілін ауызекі әдеби тілге жатқызды. Ол өзінің «Эпос тілінің өрнектері» атты монографиясында «эпостық жасампаз дәстүрі арқасында замана әуеніне талмай үн қосып отырған мұндай шығарма қазақ халқының ауызекі әдеби тілінің тамаша үлгісі ғана емес, сонымен бірге ол біздің кейінгі жазба әдебиет тілімізге де нәр берген арна» дейді. Ал, «қазақ әдеби тілінің қалыптасу тарихымен даму жолдары» деген жинақтағы редакция алқасының атынан жазылған кіріспеде былай делінген: «Қазақтың ұлт болып қалыптасуына дейінгі жазба әдеби тілін «ескі әдеби тіл, одан соңғы әдеби тілді «жаңа әдеби тіл» деп қарағанымыз жөн бе дейміз. Сонда ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басы ұлттық жазба әдеби тіліміздің қалыптасу дәуірі болады. Совет дәүірі сол әдеби тіліміздің мейлінше өсіп, өркендеген, жетіліп кемелденген кезеңі болып есептеледі».

Жалпы, қазақ әдеби тілінің басталуын ХХІ ғасырдың екінші жартысы деп жүрген, оны Абай мен Ыбырай шығармаларынан, алғашқы қазақ газеттерінің шығуымен байланыстыратын пікір басымдау. Бір топ зерттеушілер «Әдеби тіл» ұғымын кең мағынада қолданса, енді бір топ зерттеушілер, әсіресе, жазу, сызумен байланыстырушылар бұл атауды, тармағынада қолданып келеді. Толастың туу себебінің бірі – кейбір мамандар әдеби тіл тарихын, оның белгілі бір дәуірін жазу сызумен байланыстырып, жазу мәдениетімен бірлікте қараса, енді біреулер әдеби тілді жазу сызумен байланыстырмай, бұл ұғымға ауыз әдебиеті, халық творчествосының туындыларын да қатыстырады.

Қазіргі әдеби тіліміздің екі түрі бар екенін зерттеушілер мойындап жүр. Оның бірі жазба әдеби тілде, екіншісі әдеби тілдің ауызекі сөйлеу түрі. Бірақ олардың пайда болуы генезистік арналарына келгенде ғалымдардың пікірі түйіспейді. М.Балақаев әдеби тілдің ауызекі сөйлеу түрі тек жазба әдебиетімен байланысты пайда болды десе, «қазақ әдеби тілінің қалыптасуы тарихымен даму жолдары» деген еңбектегі беташар кіріспе мақаланы жазған редакция алқасының мүшелері: «әдеби тіл, бір қырынан алып қарағанда, жазба тілге тәуелді болса, екінші жағынан одан дербес бағытта қалыптасады, өз бетімен дамиды». Сондықтан қазақ әдеби тілінің тарихын тек қазақ баспасөзінің шығу тарихына келіп қараудың қажеті жоқ сияқты деп жазады.

Совет дәуіріндегі әдеби тілді екі дәуірге бөліп қарау 1963 жылы Ш. Сарыбаевтың «1920-1930 жылдардағы әдеби тілдің тарихына қатысты кейбір мәселелер» деген мақаласынан басталады. Онда: «әдеби тілдің 20-30 жылдардан кейінгі келесі дәуірі, біздіңше, орыс алфавиті негізінде жасалған жазуды қабылдау кезеңінен бастау керек сияқты» - делінген, М. Балақаев, Р. Сыздықова, Е. Жанпейісовтың авторлығымен 1968 жылы басылып шыққан оқулықта «қазақ әдеби тілі өзінің өзгеріске ұшырау, даму жолында Октябрьден кейін екі кезеңді басынан кешірді: бірі 1920-1930 жылдар арасындағы әдеби тіл, екіншісі 1940-1960 жылдар арасындағы әдеби тіл», - делінген.

Қазақ әдеби тілі Х ғасырдан бастап дами бастады, яғни қазақ хандығы құрылған кезде бастау алады. Ал көне түркі тілі қазақ әдеби тілінің қалыптасу басы емес, тек арналарының бірі. Ал, қазақ әдеби тілнің жаңа сатыға көтерілуі – ХІХ ғасырдың ІІ–ші жартысына дейінгі кезең, яғни Абай, Ыбырайлармен байланыстырамыз.

Р. Сыздықова зерттеуінің бір ұтымды жері мұнда әдеби тіл проблемасы тарихи тұрғыда, яғни әдеби тіл иесі халықтың мәдени, экономикалық, рухани тарихымен тығыз байланыста қарастырылуында. Сөйтіп, қазақ халқының ұзақ сонар мәдени тарихында өзге елдерден ерекшелеу тұратын белгі – нышандардың бар екенің, соған орай, М. Балақаев айтып отырған әдеби тілді құрайтын арналардың, сол әдеби тіл міндетін атқарғаның дәлелдеуге тырысады. Ол да әдеби тілдің бірнеше белгілерін саралап көрсетеді.

М. Әуезов былай деген еді: «Әлі біздің әдебиеттік тіліміз қазақ тілінің бүгінгі барлық қорын жазба бетіне түсіріп болмаған жағдайда жазушы да, әсіресе, қазақ тіліне өздері шорқақ тіл мамандары да біліп болмаған, баурап алмаған тіл қасиеттері, сөздік байлықтары Қазақстанның барлық облыстары мен аудандарында мол болып жатқан шақта, «анау лайықты сөз қабыл алынады, мынау диалект, бұны қолдану орынсыз» деушілер тіл баюына жәрдем етпей, шалағайлық етеді. Халық көпшілігі бір өлкеде сөйлеп жүрген сөзді алғызбай, «анау сөз балғын, мынау сөз қалғын» деп омырау жасау, өздері зерттеп, еңбек етіп жүрген тілінің қадірін түсінбеу – мезгілсіз солақайлық».

М. Балақаев: «Әдеби тіл – жазба тіл. Жазба әдебиет арқылы тіл дәрежесіне байлықтары, оның құрлысы сымбатты қалыпқа түсіп, ерекшеленеді. Жазуы болмаған халықтың тілі әдеби тіл дәрежесіне көтеріле алмайды», - деп жазады. Дәл осындай тұжырымды Ғ. Мұсабаев та айтады. Енді бірқатар зерттеушілер қазақтың әдеби тілін ХІХ ғасырдың екінші жартысынан ғана басталды деп, мұны ұлы ағартушы – демократтар Абай мен Ыбырайдың есімдерімен байланыстырады. Кейбір ғалымдар қазақ әдеби тілі Октябрь революциясынан кейін ғана пайда болып, дамып отыр деген пікірлер де баршылық. Әр халықтың әдеби тілінің қалыптасып дамуы сол халықтың әлеуметтік тарихымен тығыз байланысты.

Н. Томанов, С. Исаев, Ә. Ибатов «Түркі әдеби тілі мен қазақтың жазба әдеби тілінің сабақтастығы» атты баяндамаларында: «Әдеби тіл – көп функционалды, яғни көп салалы тіл. Әдетте цивилизация тарихын бастаудың бір шарты – әдеби тіл болып табылады. Әдеби тілдің болуы – қоғамдық өмірдің көп тірлігін, сол сияқты қоғамдық дамудың жоғары сатыға көтерілуін де көрсететін фактор. Әдеби тіл болудың үлкен белгісі – оның құрылымы мен қағидалары сол тілде сөйлеушілерге түгел түсінікті ортақ болып келуі. Егер «Әдеби тілдің ауызша және жазбаша нормалары» дейтін тіркесті жай сөзге аударсақ, осылай болып шығады. Ал қазақ тарихында жазба тіл қалыптасқанға дейін мұндай қасиетке ие болған ауыз әдебиеті тілі болды. Қазақ әдеби тіліне тән ерекшеліктердің алғашқы қалыптасып, бой көрсетуі тек қана жазуға байланысты болған жоқ. Жазу, тілдік элементтердің өздеріне тән барлық көп түрлілігімен түгелдей жазу арқылы қағазға түсуі, филологияда әдеби тіл қалыптасуының басты шарттарының бірі ретінде дараланатындығын және осы қағиданың дүниедегі көпшілік тілдер тұрғысынан бұлжымайтын шарт болып қаралатындығын жоққа шығаруға болмайды».
Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8

©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет