Қазақ тілі мен әдебиеті (оқыту қазақ тілінде емес)
пәнінен тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы
7-
сынып
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 7-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі және
әдебиеті» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек
құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар «Қазақ тілі және әдебиеті» пәні
бойынша оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.
Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификация мен балл қою кестесі
ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде
басшылыққа алу міндеттелген.
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімдерге, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің
әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да
мүдделі тұлғаларға арналған.
Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді
ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.
2
Мазмұны
1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты ....................................................................................... 4
2. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар ............................................. 4
3. Күтілетін нәтижелер ........................................................................................................................... 4
4.
Ойлау дағдыларының деңгейі ........................................................................................................... 5
5. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі ................................................................................................. 6
6. Модерация және балл қою ................................................................................................................ 6
1-
ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ.................................. 7
2-
ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ.................................. 7
3-
ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ................................ 15
4-
ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ................................ 23
3
1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес,
оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға
бағытталған.
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу
мақсаттарына жету деңгейін тексереді.
2. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
«Қазақ тілі (екінші тіл)» пәні бойынша (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы)
негізгі орта білім беру бағдарламасы (5-9 сыныптар)
3. Күтілетін нәтижелер
Тыңдалым:
білім алушы мәтіннің негізгі мазмұнын, сондай-ақ сөйлеушінің ниетін білдіретін
функционалдық маңызды мағыналы ақпаратты түсінеді; мәтіннен арнайы ақпаратты алады;
терминдердің мәнін және әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени және оқу-танымдық аялары
бойынша мәтіннің негізгі бөліктерін түсінеді; фактілер мен пікірлерді ажырата отырып, мәтіннің
мазмұнын бағалайды; әртүрлі стильдегі және жанрдағы мәтіндердің негізгі проблемаларын
айқындайды; мәтінде айтылған деректер мен құбылыстар, оқиғалар арасындағы байланыстар мен
қарым-қатынастарды аша отырып, мәтінді талдайды; иллюстрациялар/негізгі сөздер/тақырыбы/
басталуы бойынша айтылған ойдың мазмұнын болжайды.
Айтылым:
талқылау, өзінің пікірін білдіру және оқиғаларды, пікірлер мен проблемаларды бағалау
арқылы білім алушы оқылған тақырыптар аясындағы диалогты қолдайды; назарды өзіне қарату
тәсілдерін пайдаланып және мақсатты аудиторияны есепке ала отырып монолог құрады,
ұсынылған тақырып бойынша ақпаратты талдайды және жинақтайды; белгілі бір тақырып
бойынша айтылған ойды бағалайды; сөйлеу нормаларын сақтай отырып, тілдің лексикалық
және грамматикалық құралдарын пайдаланады.
Оқылым:
білім алушы оқылған тақырыптар аясында белгілі бір күрделі тұтас және аралас
мәтіндердің мазмұнын түсінеді; әртүрлі типтегі, стиль мен жанрдағы мәтіндердің ерекшеліктерін
анықтайды; сөздердің айқын және астарлы мағынасын, көркем бейнелеуіш құралдардың мәнін
түсінеді; өзектілігін, шынайылығын, пайдалылығын және құндылығын анықтай отырып,
әртүрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты алады; негіздемелі қорытынды шығара және
оқығанына сыни тұрғыдан баға бере отырып, мәтіннің мазмұнын талдайды және жинақтайды;
көркем шығарманың тақырыбын, идеясын, проблемасын, автордың көзқарасын анықтай отырып
мәтінді салыстырады, белгіленген оқу стратегияларын пайдаланады.
Жазылым:
білім алушы әртүрлі тілдік құралдарды пайдалана отырып, естігені және оқығаны
негізінде әртүрлі типтегі, жанрдағы және стильдегі мәтіндерді жазады; әртүрлі деректерден
ақпарат алу арқылы проблемалық сипаттағы мәтіндерді жазады; тұтас мәтіндердің негізінде
сызбаларды, кестелерді, диаграммаларды жасайды; белгілі бір тақырып бойынша қарапайым,
күрделі және жан-жақты жоспар жасайды; әртүрлі типтегі, стильдегі мәтіндердің мазмұнын
салыстырады, талдайды және бағалайды; орфографиялық және грамматикалық нормаларды
сақтайды; троптар мен тілдің көркемдегіш-бейнелеуіш құралдарын пайдаланады.
4
4.
Ойлау дағдыларының деңгейі
Дағдылар
тобы
Ойлау
дағдылары
ның деңгейі
Тапсырмалар сипаттамасы
Сұрақтар
түрі
Тыңдалым
Білу және
түсіну
Қолдану
Жоғары деңгей
дағдылары
-
мәтіннің негізгі мазмұнын, маңызды
ақпаратты түсінеді;
-
мәтіннен арнайы ақпаратты алады;
-
терминдерді,
әлеуметтік-тұрмыстық,
әлеуметтік-мәдени
мәтіннің
негізгі
бөліктерін түсінеді;
-
фактілер мен пікірлерді ажыратады;
-
мәтіннің мазмұнын бағалайды;
-
әртүрлі стильдегі және жанрдағы
мәтіндердің
негізгі
проблемаларын
айқындайды;
-
мәтінде айтылған деректер мен
құбылыстар,
оқиғалар
арасындағы
байланыстар мен қарым-қатынастарды
анықтайды;
-
мәтінді талдайды;
-
иллюстрациялар/негізгі
сөздер/тақырыбы/басталуы
бойынша
айтылған ойдың мазмұнын болжайды.
Көп
таңдауы бар
және қысқа
жауапты
қажет ететін
сұрақтар
Оқылым
Білу және
түсіну
Қолдану
Жоғары деңгей
дағдылары
-
тақырыптар бойынша мәтіндердің
мазмұнын түсінеді;
-
әртүрлі типтегі, стиль мен жанрдағы
мәтіндердің ерекшеліктерін анықтайды;
-
сөздердің астарлы мағынасын, көркем
бейнелеуіш құралдардың мәнін түсінеді;
-
әртүрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты
алады;
-
мәтінге сыни тұрғыдан баға береді;
-
мәтіннің мазмұнын талдайды және
жинақтайды;
-
шығарманың тақырыбын, идеясын,
проблемасын,
автордың
көзқарасын
салыстырады;
-
оқу стратегияларын пайдаланады.
Оқылым
негізінде
көп таңдауы
бар және
қысқа
жауапты,
толық
жауапты
қажет ететін
сұрақтар
Жазылым
және тілдік
бағдар
Білу және
түсіну
Қолдану
Жоғары деңгей
дағдылары
-
тілдік құралдарды пайдаланады;
-
әртүрлі типтегі, жанрдағы және стильдегі
мәтіндерді жазады;
-
ақпараттар
арқылы
проблемалық
сипаттағы мәтіндер жазады;
-
мәтін негізінде сызбалар, кестелер,
диаграммалар жасайды;
-
белгілі бір тақырып бойынша қарапайым,
күрделі және жан-жақты жоспар жасайды; -
Жазбаша
толық
жауапты
қажет ететін
сұрақтар
5
әртүрлі типтегі, стильдегі мәтіндердің
мазмұнын салыстырады, талдайды және
бағалайды;
-
орфографиялық және грамматикалық
нормаларды сақтайды;
-
көркемдегіш-бейнелеуіш құралдарды
пайдаланады.
Айтылым
Білу және
түсіну
Қолдану
Жоғары деңгей
дағдылары
-
талқылайды, өзінің пікірін білдіреді,
-
тақырыптар аясында диалогке қатысады; -
мақсатты аудиторияға арнап монолог
құрады;
-
тақырып бойынша ақпаратты талдайды
және жинақтайды;
-
айтылған ойды бағалайды;
-
сөйлеу нормаларын сақтайды, тілдің
лексикалық
және
грамматикалық
құралдарын пайдаланады.
Ауызша
толық
жауапты
қажет ететін
сұрақтар
5. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға
мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар
немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын нұсқаулық оқылып, білім
алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында
бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан
кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген
сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау
барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар
(спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына
мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне
көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып
қою ұсынылады.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар
тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге
негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым
салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын хабарлап отыру
қажет.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын
тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.
6. Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде
бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою
кестесіне сәйкес тексеру қажет.
6
1-
ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
Жиынтық бағалауға шолу
1-
тоқсандағы жиынтық бағалаудың матрицасы
Бөлім
Тақырып
Оқу мақсаттары
*Тапсырма
түрлері
Балл
Тыңдалым
Қазақстан
Республикасының
мемлекеттік тілі -
қазақ тілін оқып-
үйренеміз
Үштілді білу –
үлкен өнер
Уақыт – ұлы күш
Жердегі
климаттық
өзгерістер
7.Т4. Повестердің және
лирикалық поэзиялық
шығармалардан үзінді тыңдау,
тақырыбы мен идеясын талдау
Көп таңдауы
бар сұрақтар
5
Оқылым
7.О6. Тақырып бойынша деректер
қолдана отырып мәтінде
көтерілген мәселеге өз ойын
дәлелдеп жеткізу
Қысқа
жауапты
қажет ететін
сұрақтар
5
Жазылым
және тілдік
бағдар
7.Ж2. Эссе құрылымы мен
дамуын сақтап, көтерілген мәселе
бойынша келісу-келіспеу
себептерін айқын көрсетіп жазу
7.ТБ1.1. Мәтіндерден көмекші
есімдерді ажырата білу, жазбаша,
ауызша жұмыстарда қолдану
Толық
жауапты
қажет ететін
сұрақтар
10
Айтылым
7.А2. Кеңес беру, ұсыныс жасау,
өтініш, талап, ету, бұйрық
берудің түрлі формалары мен
жағдаяттарына сай ұлттық сөз
әдебі мен сөйлеу этикеті
формаларын қолдана білу
Толық
жауапты
қажет ететін
сұрақтар
10
Ұзақтығы: 40 минут
Тыңдалым- 8 минут
Оқылым – 12 минут
Жазылым – 20 минут
Айтылым сабақтан тыс тексеріледі (әр оқушыға 2 минут беріледі)
Балл саны: 30
Тапсырмалар түрлері
Көп таңдауы бар сұрақтар
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 4 компоненттен тұрады: біріншісі -тыңдалым,
екіншісі - оқылым, үшіншісі - жазылым және тілдік бағдар, төртіншісі – айтылым және тілдік
бағдарды тексеруге арналған.
7
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
*Тапсырма
Қамтылатын мақсаттар
Тапсырмалар
түрлері
*Тапсырмалар сипаттамасы
*Орындау
уақыты, мин
Балл
1-4
7.Т4. Повестердің және
лирикалық поэзиялық
шығармалардан үзінді
тыңдау, тақырыбы мен
идеясын талдау
Көп таңдауы
бар сұрақтар
Тапсырма жеке орындалады. Білім алушылар
170 сөзден тұратын тақырыпқа қатысты
поэзиялық шығарманы 2 рет тыңдайды.
(аудиоқұралдар болмаған жағдайда мұғалім
өлеңді өзі 2 рет оқып береді).
Білім алушылар өлеңді тыңдау барысында
әдеби мәтіннің мазмұны мен идеясына
негізделген екі тест тапсырмасын орындап,
төрт нұсқаның ішінен дұрыс 1 жауапты
белгілейді. Екінші тапсырмада жиі кездесетін
санды анықтап жазса, үшінші тапсырмада
ақпараттарды сәйкестендіреді. Білім
алушылардың мәтін идеясын түсінгені
бағаланады.
8
5
5-8
7.О6. Тақырып бойынша
деректер қолдана отырып
мәтінде көтерілген мәселеге
өз ойын дәлелдеп жеткізу
Қысқа
жауапты қажет
ететін сұрақтар
Тапсырма жеке орындалады. Білім алушылар
тақырыпқа қатысты 190 сөзден тұратын
мәтінді оқиды.
Мәтін бойынша сөздердің синонимдерін
табады.
Мұғалім оқушының мәтін мазмұнын
түсінгенін бағалайды.
12
5
9
7.Ж2. Эссе құрылымы мен
дамуын сақтап, көтерілген
мәселе бойынша келісу-
келіспеу себептерін айқын
көрсетіп жазу
7.ТБ1.1. Мәтіндерден
көмекші есімдерді ажырата
білу, жазбаша, ауызша
жұмыстарда қолдану
Жазбаша толық
жауапты қажет
ететін сұрақтар
Тапсырма жеке орындалады. Білім алушылар
берілген тақырыпқа 150 сөзден тұратын эссе
жазады. Эссе құрылымы мен дамуын сақтап,
көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу
себептерін айқын көрсетеді. Көмекші
есімдерді орынды қолданады.
20
10
10
7.А2. Кеңес беру, ұсыныс
жасау, өтініш, талап, ету,
Толық жауап
ты қажет ететін
Тапсырма жұпта орындалады. Білім алушылар
үш тақырыптың бірін таңдап, кеңес беру,
Тыңдалым
сабақтан тыс,
8
10
бұйрық берудің түрлі
формалары мен
жағдаяттарына сай ұлттық
сөз әдебі мен сөйлеу
этикеті формаларын
қолдана білу
сұрақ
тар
ұсыныс жасау, өтініш формаларында 2 минут
диалогке түседі (әр оқушы 8-10 сөйлем айту
керек).
Мұғалім оқушының берілген тақырыпты
түсініп, ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті
формаларын қолдануын бағалайды.
қосымша
уақытта
өткізіледі (әр
білім
алушыға 3-5
минут
беріледі)
Барлығы
40
минут
30
9
Өзіңді-өзің алдама,
Уақытты салма саудаға.
Жиырма төрт сағат берді
Балаға, кемпір-шалға да.
Өткізе бермей жай ғана,
Уақытты жарат пайдаңа.
Жиырма төрт сағат – тең уақыт
Берілген кедей-байға да.
Уақытты жарат пайдаңа,
Қолыңды босқа байлама.
Жиырма төрт сағат ─ сенде де,
Жиырма төрт сағат ─ байда да...
Уақытың, ақшаң, табысың,
Жұмсалар бәрі тән үшін.
Ішесің, жейсің, кетеді,
Барлығы қарын қамы үшін.
Ойлама бәрін білем деп,
Шалқып та тасып жүрем деп.
Уақытың – алтын қазынаң,
Жұмсауың керек үнемдеп.
Айбының асып тұрса да,
Байлығың тасып тұрса да,
Уақытың – ақшаң қолдағы,
Ақшаңды босқа жұмсама.
Жас болып мәңгі жүрмейсің,
Мәңгілік өмір сүрмейсің.
Үнемдеп жұмса уақытты,
Бітеді ол қашан білмейсің.
Минутты әрбір бағала,
Секундты әрбір сарала.
Уақытты қайда жұмсадың,
Есептеп, үйрет балаңа.
Уақыт-ай, уақыт, зырлайды,
Артына мойнын бұрмайды.
Кешіксең, бітті, ол сені,
Бір секунд күтіп тұрмайды.
Өмірін ойлап талайдың,
Тарихын зерттеп қараймын.
Бір күні босқа өтпепті,
Яссауи, Шоқан, Абайдың.
Өмірдің мәнін ұғып ал,
Білім ал, бәрін біліп ал.
Қадірін білген уақыттың,
Қазақтан шыққан ұлылар...
Неге біз осы, неге біз,
Ұмытып кете береміз?!
Денсаулық пенен уақыттың,
Қадірін білмей келеміз.
Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгісі
«Қазақ тілі Т2» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Тыңдалым
Мәтінді мұқият тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
10
1. Өлеңнің идеясын анықтаңыз.
А) өмір құндылықтары
В) уақыттың қадірі
С) ұлы адамдарға еліктеу
D) мәңгілік өмір
[1]
2. Автордың ойын қорытындылаңыз. Уақыт ...
А) пайдалы
В) жай
С) жылдам
D) мәңгілік
[1]
3. Тыңдалым мәтінінде жиі кездесетін сан есімді сөзбен жазыңыз.
_____________________________________________________________
[1]
4. Ақпараттарды шын/өтірік/айтылмаған нұсқасымен сәйкестендіріңіз.
[2]
1. Мәңгілік өмір сүруге болады.
А) шын
2.
Яссауи, Шоқан, Абай сияқты ұлылар уақытын
босқа өткізбепті.
В) айтылмаған
3. Уақыт – денсаулықты жақсарту үшін беріледі.
С) өтірік
Оқылым
Мәтінді мұқият оқып, тапсырмаларды орындаңыз.
Болашақтағы климат
Климаттың ғаламдық жылынуы фантастика ретінде қабылданатын. Бүгінгі күні
ғаламдық денгейде болып жатқан климаттың өзгеруіне көптеген дәлелдер бар.
Қазақстанда ауаның орташа жылдық температурасы 1936 жылдан бастап
2005
жылдар арасында әрбір 10 жыл сайын 0,31 С градусқа жоғарылап отырған. Соңғы 50 жылда
Іле Алатауының солтүстік бөктеріндегі мұздықтардың ауданы 41 пайызға қысқарған.
Үкіметаралық сарапшылар тобының (КӨҮСТ) болжамдары бойынша егер климаттың өзгеруі
мен күннің жылынуы осы қарқында өрбитін болса, XXI ғасырдың ортасында орташа
температура 6 градусқа жоғарылауы мүмкін.
Бұл өз кезегінде 2 градусқа жылынудың өзі кері салдарға әкеп соғатын күрт
континенталды Қазақстан үшін орасан зор апат болып табылады. Бүгінгі күннің өзінде
еліміздің территориясының 75% экологиялық тұрақсыздық тәуекеліне ұшырап отыр. Алапат
ыстық, құрғақшылық. Тіршіліксіз шөл даланың аумағы солтүстікке қарай 300-400
шақырымға жылжиды. Су ресурстарының жетіспеушілігі мал жайылымдарының азаюына
әкеліп соғады және ауыл шаруашылығына ауыр соққы болып табылады. «Қазақстанда
климаттық тәуекелдерді басқару» БҰҰЖЖ жобасы мамандарының пайымдауынша
табиғаттағы процестердің белгілі бір циклға бағынатынына қарамастан температураның
жаһандық жоғарылауы нақты дәйек болып табылады. Қазақстанда температураның
жоғарылауы жауын-шашын мөлшерінің артуымен өтеліп отырған жоқ, бұл белгілі бір
тәуекелдерге алып келеді. Бізді алда өзендердің ағысының өзгеруі күтіп тұр, экстрималды
табиғи құбылыстары көбейеді, жаңа табиғи аномалды құбылыстар пайда болады.
Инна Колтаевская
(186 сөз)
11
1. Мәтіннен сөздердің синонимдерін табыңыз.
жаһандық - _____________________
көлемі - ________________________
жорамалы - ______________________
тапшылығы - ___________________
[2]
Төмендегі сұрақтарға мәтіндегі деректерді қолдана отырып, жауап беріңіз.
2. Мәтінде қандай мәселе көтеріледі? Себебін жазыңыз.
_____________________________________________________________________________ [1]
3.
«Болашақта
экстрималды
табиғи
құбылыстары
көбейеді,
жаңа
табиғи
аномалды құбылыстар пайда болады» деген автор пікірімен келісесіз бе? Ойыңызды
дәлелдеңіз.
_____________________________________________________________________________ [1]
4. Төмендегі сұраққа бір сөйлеммен жауап беріңіз.
Мәтінде климат өзгеруінің қандай себептері көрсетілген?
_____________________________________________________________________________ [1]
Достарыңызбен бөлісу: |