Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша 2 тоқсанға арналған тоқсандық жиынтық бағалау үлгілері Тыңдалым Транскрипт


Оқылым "Атқырылған" көлі туралы аңыз



бет2/2
Дата10.03.2023
өлшемі22,21 Kb.
#171840
1   2
Байланысты:
ТЖБ 8-кл 2 т

Оқылым


"Атқырылған" көлі туралы аңыз
Белгісіз бір заманда Қорғалжын ауданы, Майшұқыр ауылында Сержан атты бай тұрыпты. Кезінде ауылдағы билік өз қолында болған бай өзі тойса да, көзі тоймайтын дүниеқоңыз, сараң адам болған екен. Бар билік қолында болғандықтан халықты қанап, қыстап, ойына келгенін істеген. Өзінің қара басын ғана ойлаған. Ауылдағы ең шұрайлы жер де, өзен-көлдер де соның қарамағында болған. Иелігіндегі суды, жерді халық пайдалана алмайтын. Себебі бай: «Менің дүниеме қол сұқсаң, ақысын төле»,—деп пәле салады екен.
Күндердің күнінде ауылдың басына қара бұлт төнеді. Ауылда құрғақшылық болады. Ауыл шаруашылығының егістігі тұтас шықпай, құрғақшылықпен қатар, ашаршылық азабы қатар төнеді. Дәл сол тұста қарапайым халық көмекті байдан сұрап, өзен арнасын егістікке бұруын өтініш етіп келеді. Онда бай егістікке жіберілген судың есесіне халықтан өздерінің қорадағы күн көріс малдарын алатынын айтады. Әрине, ама­лы жоқ халық ауылбасы Сержанның ұсынысына көнеді. Осы­лай малдарынан айырылып қалған халық егістігін аман алып қалады.
Дегенмен қарапайым халықтың мұң-зарына құлақ түрмей өз құлқынын ғана ойлаған байға да зауал келеді. Отар-отар малдары бірінен соң бірі індетке шалдығып, қырыла бастайды. Арамдықпен жиған малдан түгі қалмаған бай кедейлер қатарына амалсыз қосылады.
Кезінде менің көлім деп әмірлік жүргізген байды мұқатқысы келгендер көлді «Атқырылған» деп ауыл арасында атап жүреді екен. Кейін де сол атау көлдің аты болып қала береді.
Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/layfstayl/debiet/proza/34261/



  1. «Менің дүниеме қол сұқсаң, ақысын төле» деген сөйkемнің мағынасын түсіндіріп жаз

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________(1)



  1. Әңгімедегі кейіпкердің іс -әрекетіне баға беріңіз




Кейіпкер

Іс- әрекеті

Бағалаңыз

Бай








(2)



  1. Cөйлемдердің «шын, жалған» екенін анықтаңыз




Сөйлемдер

Ш/Ж

Қарапйым халықтың мұң -зарына құлақ түріп келді




Ауылдағы ең шұрайлы жер де, өзен -көл де сол байдың иелігінде болады




(2)
Жазылым


Достық пен татулық - таптырмас бақыт


Арада аз күн өтсе де сыйлас, сырлас бола біліп, жазғы демалысты бірге өткізген досыңыз есіңізге түсті. Жылы лебіздеріңізді білдіре отырып, «Дос және достық мақсаты» тақырыбында мәтін жазыңыз. Жазба жұмысында етістіктің бұйрық рай қызметін және шартты рай жұрнақтарын орынды қолданыңыз.
[10]

Айтылым
Тақырыптар



  1. Досы көпті жау алмайды

  2. Қазақстан - татулық мекені

  3. Шетелдік досым

  4. Достық қиындықта сыналады

8.1.5.1 - тірек сөздер, автор көзқарасы мен көңіл күйі арқылы негізгі ойды анықтау


8.3.3.1 - прозалық және поэзиялық шығармалардың композициялық құрылымын анықтау, кейіпкердің іс- әрекетіне немесе лирикалық кейіпкердің образына баға беру


8.5.1.3 - етістіктің шартты рай және бұйрық рай қызметін білу, ауызша және


жазба жұмыстарда орынды қолдану


8.2.3.1 - ауызша мәтіндер құрауда сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарын ескеріп айту

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет