8. Дулат ақынның әкесінің аты кім?
А) Сүйініш
B) Шортанбай
C) Еспенбет
D) Бабатай
E) Қалқаман
9. «Бес нәрседен қашық бол
Бес нәрсеге асық бол» - үзінді Абайдың қай өлеңінен алынған?
А) «Әсемпаз болма әрнеге»
B) «Ғылым таппай мақтанба»
C) «Жасында ғылым бар деп ескермедім»
D) «Әбдірахман өліміне»
E) «Адамның кейбір кездері»
10. Дефис арқылы жазылатын сөзді көрсетіңіз.
-27-
А) Қонақжай
B) Қызкеліншек
C) Фотокөрме
D) Алтыбақан
E) Шаңсорғыш
Мәтінге байланысты тест тапсырмаларын орындаңыз.
Шие тергенде
Әмина әже немерелері Жанат пен Қанатты ертіп, шие теруге орманға келді. Көп ұзамай қалың шиеге кезікті.
Жанат терген шиесін қолындағы ыдысына салды. Қанат өзі жинаған шиесін тойғанынша жеп, содан соң ойнап кетті.
Таза ауада әрі жақсы дем алып, әрі шиеге тойып, олар үйлеріне көңілді оралды.
Жанат әдейі тергенін айтып қолындағы шиесін атасына әкеліп берді. Атасы шиенің біреуін алып, дәмін көрді. Жанатқа қатты риза болып, оның өзін де шие жеуге шақырды. Жанат орманда тойғанынша жегенін айтты, дегенмен, атасының көңілін жықпай, аузына бір - екі шие салды.
- Қанатжан, сен неге отырмайсың? Жанаттың шиесін же, - деді атасы босаға жақта тұрып қалған Қанатты көріп.
Қатты ұялған Қанат көзі жасаурап, сыртқа ата жөнелді.
(М. Төрежанов, 110 сөз)
Достарыңызбен бөлісу: |