«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша тест сұрақтары І. Оқылым. Қазақтың дастарханы



Дата13.12.2022
өлшемі17,06 Kb.
#162632
Байланысты:
РомановаР 1-2 курс тест
Аралық бақылау қорытындысы 2019-2020

Т.ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫ
КОЛЛЕДЖ

«БЕКІТЕМІН»


колледждің оқу, оқу-әдістемелік
жұмысы жөніндегі мектеп-интернат,
колледж басшысының орынбасары
___________________А.Тайгулова
Кеңейтілген Пед.Кеңестің №2 хаттама 09.11.2022ж


«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша тест сұрақтары
І.Оқылым.
1. Қазақтың дастарханы
Қонақжайлық – қазақтың ерекше белгісі. Қазақ халқы дастарханнан, дәмнен үлкен нәрсе жоқ деп есептейді. Қазақтың ұлттық дастарханында мынадай тамақ түрлерін көруге болады. Ет тағамдары: қазы, қарта, жая, жал, құырдақ. Сүт тағамдары: қымыз, шұбат, айран, қаймақ, ірімшік, құрт, сүзбе. Нан тағамдары: бауырсақ, таба нан, күлше нан, шелпек.
Ең негізгі ұлттық тамақ- қазақша ет. Оны кейбір кісілер «бесбармақ» дейді. Ең құрметті қонақтарға, жасы үлкен қарттарға бас беріледі. Қызға жілік, күйеу балаға төс беріледі. Етті майлы сорпаға піскен нанымен қосып жейді. Тамақтан соң жасы үлкен, құрметті кісі бата береді.
1. Мәтін мазмұнына 5 сұрақ құрастыр
2. Мәтіннен 2 сын есімді теріп жаз.
3. Құрметті сөзіне синоним жаз.
4. Мәтіннен 5 тірек сөзді теріп жаз.
5. Септік жалғауы бар 5 зат есімді теріп жаз.
6. Тәуелдеу: дастархан.


ІІ . Лексика-грамматикалық тест.
1.Қазақ алфавитінде неше әріп бар?
А) 43 В) 25 С) 42 Д) 17 Е) 28
2.Фонетика нені зерттейді?
А) сөз таптарын
В) сөйлем мүшелерін
С) сөздің жасалу жолдарын
Д) сөз мағынасын
Е) дыбыстарды

3.Дыбыстар нешеге бөлінеді?


А) 5 В) 2 С) 3 Д) 7 Е) 4


4.Дауысты дыбыстар тілдің қатысына қарай қалай бөлінеді?
А) жуан жіңішке
В) еріндік, езулік
С) қатаң, ұяң
Д) тұйық, бітеу
Е) ашық, қысың
5.«Ө» қандай дыбыс?
А) жіңішке, қысаң, , ашық
В) жуан, , еріндік езулік
С) жіңішке, қысаң, еріндік
Д) жуан, ашық, езулік
Е) жіңішке, ашық, еріндік
6.Ұяң дауыссыз дыбыстарды табыңдар.
А) с,т,п,к,қ,х,ч,ш,щ,ц,ф
В) б,в,г,д,е,л,р
С) р, л, м,н,ң,й,у
Д) б,в,г,ғ,д,ж,з,h
Е) с,п,т,к,а,р,ы
7. Синоним сөздерді табыңыз.
А) Сұлу, бай, байтақ
В) Ұлан-байтақ , кең, ұлан-ғайыр
С) Жақын, шалғай, биік
D) Алыс, үлкен, кең
8. Жіктік жалғауы бар зат есімді көрсетіңіз.
A) Оқушының.
B) Оқушыны.
C) Оқушымын.
D) Оқушынікі.
9.Буын түрлерін табыңдар.
А) қатаң, ұяң, үнді
В) ашық, тұйық, бітеу
С) ашық, қысаң, езулік
Д) жіңішке, қысаң, еріндік
Е) жуан, ашық, еріндік
10.Бітеу буынды сөздерді табыңдар.
А) қабырға, ұшақ
В) деңгей, сұрақтар,
С) құлақшын, сынып
Д) қармақ, жаңбыр
Е) бор, отбасы
11. Қатесі бар сөзді белгілеңіз.
А) қалам
В) кітап
С) жумыс
Д) үй
Е) оқимын
12.Еңбек туралы мақал-мәтелді белгілеңіз.
A) Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол.
B) Кітап – ғылым, тілсіз мұғалім.
C) Отан үшін күрес – ерге тиген үлес.
D) Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті.
13. Мақалдың екінші бөлімін табыңыз.
«Отансыз адам, ...».
A) ......оттан да ыстық.
B) ....., қаларсың ұятқа.
C) ......ормансыз бұлбұл
D) ..... ескісі жақсы.
ІІІ. Жазылым.
Өзіңнің шетелдік досыңа «Ұлттық мерекелер» тақырыбы бойынша хат жаз. (хаттың стилі мен жанрын сақта).

«Жалпы білім беретін пәндер» циклінің отырысында талқыланды.


№ 4 хаттама 05.11.2022ж.

ПЦК төрайымы: Кистаубаева Л.К.


Педагогтің аты-жөні: Романова Р.К

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет