«Қазақ тілі мен әдебиеті Т2» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары Тыңдалым Транскрипт «Күлтегін»


[1] 4-5. Перифразбен берілген сөйлемдердің ішінен мазмұнға сай 2 ақпараттарды анықтаңыз. Сәйкес тұжырым тұсына «+»/«-» белгісін қойыңыз. [2]



бет2/5
Дата09.11.2022
өлшемі34,97 Kb.
#157248
1   2   3   4   5
Байланысты:
9 класс СОЧ 1 четверть
9- сынып, «Көк тудың желбірегені»
[1]
4-5. Перифразбен берілген сөйлемдердің ішінен мазмұнға сай 2 ақпараттарды анықтаңыз.
Сәйкес тұжырым тұсына «+»/«-» белгісін қойыңыз.
[2]





Тұжырымды сөйлемдер

«+»/«-»










А

«Күлтегін» жыры поэзиялық шығармаға жатады.













В

Күлтегін батыр қайтыс болғанда, бүкіл түркі халқы зарлап шегеді.













С

Жырдың идеясы – Күлтегін өмірімен таныстыру.













D

Ескерткіш көшірмесі Астана қаласында орнатылған.




Оқылым
Жолаушы – белгілі бір мақсатпен жол жүруші, сапар шегуші адам. Қазақ халқының

дәстүрлі ұғымында «жолаушы өз үйінен қырық қадам ұзап шыққан соң мүсәпір» делінеді.


«Мүсәпір» араб тілінде жолаушы деген ұғымды білдіреді.

Сайын далада жолаушыға жолыққан адам оған жол көрсетіп, жөн сілтеп, ел мен жердің жайынан хабар беруге міндетті. «Жолаушы азығы жолда» деп білген жолаушы ешқашан жол сапарға мол азық, ауыр зат алып шықпаған. Жолаушы ауылға қонуға келсе, баса-көктеп кірмей, алдымен алыстан дауыстап, рұқсат сұраған. Жолаушы даладан қос көрсе де, міндетті түрде бұрылып, онда адам болсын-болмасын дәм татқан. Қаралы ауылға да түсіп, аттануы тиіс болған.


«Қырықтың бірі – Қыдыр» деп санаған қазақтар үйіне келген бейтаныс жолаушыға ықылас, құрмет танытып, қонақ етіп күтсе, байлық пен ырыздық келеді. Ал жолаушыны сыйламаса, несіп-ырыздығына кесірі тиеді деп сенген. Жолаушы келген ауылына түстеніп, ат-көлігін суытып, тынығып аттанған. Көшпелілер қоғамында жолаушы кең даладағы оқиғалар туралы хабарды жедел жеткізуші, ақпаратты алмастырушы міндетін атқарған. Жолаушыны әдейі ауылына бұрып әкеліп, алыс-жақынның жаңалығын тыңдап аттандыратындар да болған. Жолаушыға қиын-қыстау жағдайда қол ұшын берген жан кейін қимас жолдас, дос-жаранға айналған. Қазақ халқы жолаушыны аса құрметтеген. Жолаушы жүрген адам кездессе, оны үйіне әкеп, шай беріп, ат-көлігін жайлап, көмектесіп отырған. Жолаушыдан бата алатын болған. Көшпенді өмір кешкен бабаларымыз жол жүрудің жайын жақсы білген. Ағайын-туыспен араласу үшін немесе жоғалған нәрсесін іздеу үшін, жолға көп шығатын болған. Ата-бабаларымыз табиғатпен етене жақын болып, жолға шыққан жолаушылар жол бағдарын жұлдызға қарап болжап, адаспаған.


Қазіргі кезде жолаушы ұғымы экономикалық категория ретінде қолданылады. Халқымызда жолаушыға қатысты көптеген мақал-мәтелдер бар. Мысалы, «Жолы болар жігіттің желі оңынан соғады» десе, «Жалғыз жүрсең, жолмен жүр, жолдан жолдас қосылар. Жолдан жолдас қосылса, жолың болмас несі бар» деп жақсы жолдастың қасиетін айтқан. «Жолаушыны жол сынайды» деген мақал арқылы сапар ауыртпалығын білдірген.


6. Мәтіннің стилі мен жанрын анықтап, себебін дәлелдеңіз.


________________________________________________________________________________
[1]
7.Қарамен жазылған сөздерге синоним тауып жазыңыз.
________________________________________________________________________________




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет