«Қазақ тілі мен әдебиеті»



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата19.02.2020
өлшемі0,54 Mb.
#58370
  1   2   3
Байланысты:
10 кл СОР-1


 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 

(оқыту қазақ тілінде емес) 

 

жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар 

 

10-сынып 

(жаратылыстану-математикалық,  

қоғамдық-гуманитарлық бағыт) 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Нұр-Сұлтан қ., 2019





Құрметті мұғалім! 

Жиынтық  бағалауға  арналған  әдістемелік  ұсыныстар  мұғалімге  10-сынып  білім 

алушыларына  «Қазақ  тілі  мен  әдебиеті»  пәні  бойынша  жиынтық  бағалауды  жоспарлау, 

ұйымдастыру  және  өткізуге  көмек  құралы  ретінде  құрастырылған.  Жиынтық  бағалауға 

арналған әдістемелік ұсыныстар «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша оқу бағдарламасы 

негізінде дайындалған.   

Бөлім/ортақ  тақырып  бойынша  жиынтық  бағалаудың  тапсырмалары  мұғалімге  білім 

алушының  тоқсан  бойынша  жоспарланған  оқу  мақсаттарына  жету  деңгейін  анықтауға 

мүмкіндік береді.   

Жиынтық  бағалауға  арналған  әдістемелік  ұсыныстар  бөлім/ортақ  тақырып  бойынша 

жиынтық  бағалауды  өткізуге  арналған  бағалау  критерийлері  мен  дескрипторлары  бар 

тапсырмалар  ұсынылған.  Сондай-ақ,  жинақта  білім  алушылардың  оқу  жетістіктерінің 

мүмкін  деңгейлері  (рубрикалар)  сипатталған.  Дескрипторлары  мен  балдары  бар 

тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген. 

Қосымша  материалдарды  (нұсқаулықтар,  таныстырылымдар,  жоспарлар  және  т.б.), 

форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз «Назарбаев Зияткерлік мектептері» 

ДББҰ smk.edu.kz ресми сайтынан таба аласыз.  

Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз! 

Әдістемелік  ұсыныстар  негізгі  мектеп  мұғалімдеріне,  әдіскерлерге,  критериалды 

бағалау  бойынша  өңірлік  және  мектеп  үйлестірушілеріне,  басқа  да  мүдделі  тұлғаларға 

арналған.  

Әдістемелік  ұсыныстар  дайындау  барысында  ресурстар  (суреттер,  мәтіндер,  бейне 

және  аудио  материалдар,  т.б.)  қолжетімді  ресми  интернет-сайттардан  алынды.  Жинақ 

коммерциялық емес мақсатта құрастырылған. 




МАЗМҰНЫ 

1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР ........... 4

 

«Еңбек  нарығы  және  сұраныс».  Балғабек  Қыдырбекұлы  «Теміржолшы»  бөлімдері 



бойынша жиынтық бағалау ......................................................................................................... 4

 

«Отандық өнеркәсіп өнімі», «Қазақ киносы мен театрының қазіргі келбеті» ....................... 9



 

2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР ......... 13

 

«Ұлттық  экологиялық  мәдениет»,  «Мұхит  –  тіршілік  мекені»  бөлімдері  бойынша 



жиынтық бағалау........................................................................................................................ 13

 

«Ұлттық таным және мерекелер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау ................................. 16



 

3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР ......... 20

 

«Сауда  мен  көмек:  екі  жақты  келісімді  сауда»,  «Бұқаралық  ақпарат  құралдарындағы 



гендерлік бейне» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау ....................................................... 20

 

«Жер планетасындағы қауіпті қалдықтар»,  «Әлеуметтік теңсіздік: адам құқықтары және 



көмек» ......................................................................................................................................... 25

 

4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР ......... 29



 

«Жастардың  денсаулығы  –  қоғам  байлығы»,  «Сандық  технологияны  пайдаланудағы 

теңсіздік» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау ................................................................... 29

 

«Қоғам және заң» бөлімі бойынша жиынтық бағалау ........................................................... 35



 

 




1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 

«Еңбек нарығы және сұраныс». Балғабек Қыдырбекұлы «Теміржолшы» бөлімдері 

бойынша жиынтық бағалау  

Оқу мақсаты 

 

10.1.3.1  оқу-кәсіби,  қоғамдық-саяси,  әлеуметтік-мәдени 

тақырыптар  аясында  қолданылған  сөздер  мен  термин 

сөздердің мағынасын түсіну 

10.2.2.1 ғылыми-көпшілік және публицистикалық мәтіндерге 

сүйеніп,  монолог  және  диалог  құрау,  сөз  әдебі  мен  сөйлеу 

этикеті формаларын орынды қолданып, тыңдаушыға әсер ету 

Бағалау критерийі 

Білім алушы 

 



Тақырыпқа 

сәйкес 


сөздер 

мен 


терминдердің 

мағынасын ажыратады 

 

Мәтін бойынша монолог, диалог құрауда сөз әдебі мен 



сөйлеу этикетін қолданады 

Ойлау 

дағдыларының 

деңгейі 

Қолдану 


Орындау уақыты 

25 минут 



 

Тапсырма 

Аудиомәтінді екі рет тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. 

 

Әліш  Үмбеталовтың  теміржолда  қызмет  істегеніне  жиырма  жыл  толуы  қарсаңында, 



ол үлкен бастаманың иесі болды. Оның поездарды тоқтаусыз жөнелтудегі бастамасын бүкіл 

Түрксіб  теміржолшылары  қуана  қарсы  алды.  Осы  мәселеге  байланысты  Түрксіб 

басқармасында болған жиын оның өміріндегі ең бір белді кезең болды. 

Кеше кеште қызметте тұрған Әліш Үмбеталовқа станция бастығы Орынбаев бір пакет 

әкеліп тапсырды да: 

— Қазір сен жұмыстан шығып, үйіңе барып жуынып, маған кел, мен сені осында күтемін, 

екеуміз қазір Алматыға жүреміз, — деді. 

— Не жұмысқа жүреміз? 

Асығып бара жатқан станция бастығы оған жауап берудің орнына: 

— Тез кел! — деді әлгі сөзін қайталап. 

Әліш  жұмыс  киімін  тастап,  пакет  ойына  түсіп  ашып  оқып  еді,  «станция  бастығы 

екеуіңіз  келесіз,  сіз  кеңеске  қатысушыларға  өз  жұмысыңыз  туралы  әңгіме  айтасыз»  деген 

шақыруға жол бастығы қол қойыпты. Әліш сасыңқырап қалды. 

— Дайындықсыз қалай сөйлеймін, міне, қызық. 

Ол орнынан тұрып тез киінді де, станция бастығына келіп барлық жағдайын, өзінің 

даярлығының жоқтығын да ескертті. 

—  Ештеңе  етпейді,  —  деді  Орынбаев,  —  даярлықтың  керегі  жоқ.  Ондағылардың  бәрі 

өзіңдей теміржолшылар, өзіңнің жұмыс тәжірибеңді жай ғана әңгімелеп бересің. 

Әліш  әлі  де  жүрексініп  келеді.  Поезд  ішінде  де  ол  қобалжумен  болды.  «Әңгімені 

неден  бастаймын»  деп  Орынбаевтан  қайта-қайта  сұрай  берді.  Сол  күні  олар  қонақ  үйге 

түсті де, таңертең жол басқармасына келді. Кеңес күндізгі сағат он бірде басталды. 

Алдымен жол бастығы баяндама жасады, сонан соң Әлішке сөз берді. 

Біраз  қысылыңқырап  қалған  Әліш  аздан  соң  сөйлеп  кетті.  Ол  өзінің  жұмысына 

байланысты  жағдайларды,  іс  әдісін  бір  жарым  сағат  айтты.  Біраз  сұраулар  болды.  Оған 

жауап беріп, Әліш орнына келіп отырды. 

— Көп сөйлеп кеттім бе? — деп сұрап қойды ол жанындағы Орынбаевтан. 

 


— Жоқ, әдемі сөйледің, бағана сонша қорқып едің, өзің шешен екенсің ғой. Мәжіліс 

аяқталар кезде жол бастығы Андреев орнынан тұрды да: 

—  Кеңестің  аяғы  мейрамға  айналатын  болды,  жолдастар,  —  деді.  —  Біздің  жолдасымыз 

Әліш Үмбеталов үкімет наградасына ие болды. Мына «Правда» газетінде Указ басылыпты. 

 

 



1. Сөйлемдерді қажетті сөздермен толықтырыңыз.  

А) Әліш ______________________________20 жыл жұмыс істеп, үлкен бір іс бастады. 

 

В)  Түpксіб  жұмысшылары  Әліштің  поездарды  ____________________жөнелту 



идеясын қуанышпен қабылдады. 

 

С)  Әліш  Үмбеталов  теміржолдағы  жиырма  бес  жыл  .______________________ 



сіңірген еңбегі үшін орденмен марапатталды. 

 

2. Ақпараттарды сәйкестендіріңіз. 



 

Ақпарат 

Сәйкестендіру 

1.  Тез  жуынып,  киіміңді 

ауыстыр, 

А. өзінің жұмысы туралы айту керек. 

1- 

2. Әліш кеңесте 



Б. біз қазір Алматыға жол жүреміз. 

2- 


3. Дайындық қажет емес, 

В. барлығы өзің сияқты теміржолшылар.  3- 

 

 

3. Мәтінді оқып, ондағы ақпараттар мен мәселелер, автор көзқарасына қатысты жұбыңызға 



3 сұрақ қойыңыз. Сұрақ құрастыруда және жұбыңыздың сұрағына жауап беруде сөз әдебі 

мен сөйлеу этикетінің формаларын қолданыңыз. 

 

 

Мәтін 



Дүниежүзілік  экономикалық  форум  мамандарының  пікірінше,  таяу  жылдары 

құрылысшы,  өндіріс  жұмысшылары,  кеңсе  және  әкімшілік  қызметкерлері,  тілшілер  мен 

сәнгерлер  мамандығына  сұраныс  төмендейді.  Бұл  үдеріс  басталып  та  кеткен  және  алдағы 

15-20 жыл ішінде еңбек нарығында өзгерістер орын алады. 

Құрылысшылар  мен  жұмысшыларды  алмастыратын  –  3D  принтерлер  мен  роботтар. 

БҰҰ баяндамасына сәйкес, дамушы елдердегі роботтандыру электротехника және автокөлік 

саласындағы  қызметкерлердің  үштен  екі  бөлігінің  орнын  баспақ.  3D  принтерлер 

құрылысшылардың 50%-ын жұмыссыз қалдырады.  

Кеңсе  қызметкерлерінің  орнына  мәселелердің  шешімін  тауып,  адамға  қарағанда 

жұмысты жылдам әрі тиімді атқаратын ақылды компьютерлік жүйелер келеді.  

Мамандардың  сөзінше,  «қауіп  тобынан»  кез  келген  мамандық  орын  алуы  мүмкін. 

Роботтар  мен  компьютерлік  бағдарламалар  адвокаттар  мен  директорларды  да  оп-оңай 

алмастыра алады. Тәжірибе жүргізу мақсатында құралған құқықтық робот АҚШ-та жұмыс 

істеуде. Тәжірибені сәтті деуге де болады. Уақыт өте келе роботтар дамудың стратегиялық 

жоспарларын  анағұрлым  жақсырақ  құрып,  бүгінгі  директорлар  мен  компания 

президенттеріне қарағанда түрлі жағдайларға жылдам әрекет ету мүмкіндігіне ие. 

Мамандар барлық мамандық өкілдерін еңсесін түсірмей, кәсібилік деңгейін арттыруға 

шақырады,  себебі  жақсы  мамандарға  деген  сұраныс  қашан  да  жоғары  және 

мамандықтардың басым көбі жойылмайды, керісінше жаңа деңгейге ауысады.  

Ал роботтандырылған өнеркәсіп мекемелері қайтадан адамдарды жұмысқа шақыруға 

мәжбүр.  Роботтар  өз  қызметін  жақсы  атқарады,  бірақ  олар  жаңашыл  ойлар,  ішкі  түйсік 

немесе «адам бейнесімен» әлдеқандай әрекет жасауға қабілетсіз.  



Десе де өз саласын таппай жүрген көптеген маманға қайта мамандануға тура келмек. 

Бірақ  мұнда  тұрған  қорқынышты  дәнеңе  жоқ.  Бүгінде  ғаламтор  арқылы  үйден  шықпай-ақ 

көптеген мамандықты игеруге болады. 

Жалпы  алғанда,  мамандар  еңбек  нарығын  жіті  бақылауға  кеңес  береді.  Соңғы  10  жыл 

ішінде бірқатар жаңа мамандық пайда болды. Әсіресе, ол ғаламтор саласына байланысты. 

Одан  бөлек  қолдан  жасалған  бұйымдар  мен  үй  өнімдеріне  деген  сұраныс  артып,  тренд 

қалыптасты. 

 

 

 

 



  



 

Бағалау критерийі 

Тапсырма 

№ 

Дескриптор 

Балл 

Білім алушы 

Тақырыпқа  сәйкес  сөздер  мен 

терминдердің 

мағынасын 

ажыратады 

 



мағынасына  қарай  қажетті  сөздерді 

қояды; 


1-сөйлем 

2-сөйлем 

3-сөйлем 

 

 





ақпараттарды өзара сәйкестендіреді; 

1-сәйкестендіру 

2-сәйкестендіру 

3-сәйкестендіру 

 



Мәтін 



бойынша 

монолог, 

диалог  құрауда  сөз  әдебі  мен 

сөйлеу этикетін қолданады 

сұрақ 


қоюда 

сөйлеу 


этикеті 

формаларын қолданады; 

1-сұрақ 

2-сұрақ 


3-сұрақ 

 

 





жауап  беруде  сөйлеу  этикетінің 

формаларын қолданады. 



Барлық балл 

10 




«Еңбек нарығы және сұраныс» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты 

 ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика 

 

Білім алушының аты-жөні_______________________________________________________________ 

 

Бағалау 

критерийі 

Оқу жетістігі деңгейі 

 

Төмен 

Орта 

Жоғары 

Тақырыпқа сәйкес сөздер 

мен 

терминдердің 



мағынасын ажыратады 

 

Мағынасына  қарай  қажетті 



сөздерді 

толықтыруда 

қиналады. 

Мағынасына 

қарай 

қажетті 


сөздермен  дұрыс  толықтыруда 

қателеседі. 

Мағынасына 

қарай 


қажетті 

сөздермен дұрыс толықтырады. 

Мәтін бойынша монолог, 

диалог  құрауда  сөз  әдебі 

мен 

сөйлеу 


этикетін 

қолданады 

 

Сұрақтар  құрастыруда,  жауап 



беруде мәтіндегі ақпараттарды 

өз 


пікірімен 

жүйелі 


байланыстыруда, 

сөйлеу 


этикеті формаларын қолдануда 

қиналады. 

 

Сұрақтар  құрастыруда,  жауап 



беруде  мәтіндегі  ақпараттарды 

өз 


пікірімен 

жүйелі 


байланыстыруда, сөйлеу  этикеті 

формаларын 

қолдануда 

қателеседі.  

 

Сұрақтар  құрастыруда,  жауап 



беруде  мәтіндегі  ақпараттарды 

өз 


пікірімен 

жүйелі 


байланыстыруда,  сөйлеу  этикеті 

формаларын қолданады.  

 




«Отандық өнеркәсіп өнімі», «Қазақ киносы мен театрының қазіргі келбеті» 

Оқу мақсаты 

 

10.4.4.1 Тақырып бойынша мәтінге жоспар құрып, әр 

тармақшаға қажетті негізгі және қосымша мәліметтерді 

жинақтап ұсыну (тірек-схема, менталды карта

презентация) 

10.3.3.1 әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік- 

қоғамдық мәселені талдау және кейіпкерлерді шынайы 

өмірмен салыстырып бағалау 



Бағалау критерийі 

Білім алушы 

 



Мәтінге  жоспар  құрып,  негізгі  және  қосымша 

ақпараттар  бойынша  тірек-схема,  менталды  карта, 

презентация дайындайды 

 



Көтерілген  мәселені  анықтап,  кейіпкерлер  әрекетін 

шынайы өмірмен салыстырып, баға береді 



Ойлау 

дағдыларының 

деңгейі 

Жоғары деңгей дағдылары 



Орындау уақыты 

25 минут 



 

Тапсырма 

Мәтінді оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. 

 

«Рахат»  акционерлік  қоғамы  –  70  жылдық  дара  тарихы  бар,  Қазақстандағы 



кондитерлік  өнім  өндіретін  ірі  өндіріс  орындарының  бірі.  Кондитерлік  өнімдер  алғаш  рет 

1942  жылы  шығарыла  бастады.  Фабриканың  күнделікті  өндірістік  қуаты  тәулігіне  250 

тонна өнім шығарады. Кәсіпорын 10 цех пен бір қосалқы цехтен тұрады. 

«Рахат»  АҚ-да  3500-ге  тарта  адам  жұмыс  істейді.  Өндірістік  қуат  Алматы  және 

Шымкент қалаларындағы екі алаңда шоғырланған. Өндірістің жан-жақтылық сипаты, оның 

ауқымы  мен  какао  бұршақтарын  қайта  өңдеу  бойынша  дербес  желінің  болуы  компания 

үшін отандық өндірушілер арасында кондитерлік өнімдердің кең сұрыпталымын иеленуге 

мүмкіндік береді.  Бүгінде  «Рахат» АҚ-ның сұрыпталым қоржыны 10 түрлі топқа жататын 

алуан түрлі кондитерлік өнімнің 250-ден аса атауымен толыққан.  

«Рахат»  АҚ  –  сусамыр  (диабет)  ауруынан  зардап  шегетін  адамдарға  арнап  арнайы 

өнім  шығаруды  игерген  Қазақстандағы  бірден-бір  кәсіпорын.  Бұл  сұрыпталымға 

қуаттылығы  төмен  әрі  қантты  тең  дәрежеде  табиғи  шикізатпен  ауыстыру  арқылы 

шығарылған шоколад, кәмпит, печенье және вафлидің бірнеше атауы кіреді. 

«Рахат»  АҚ-ның  қазақстандық  басқа  кондитерлік  өнім  өндірушілерден  өзгешелігі  – 

алуан түрлілігімен айрықша шоколад өнімдерін шығаруда басымдық танытуы. Кәсіпорында 

бірыңғай  жауапкершілік  пен  сапаны  бақылаудың  кешенді  жүйесіне  негізделген  ішкі 

сапалық  жүйе  ұйымдастырылып,  іске  асырылуда.  Бұл  жүйе  өндірістің  әр  сатысында 

шикізат пен өнім сапасын бақылайды. Қазіргі кезде «РАХАТ» АҚ өнімі Ресей, Өзбекстан, 

Түркменстан,  Тәжікстан,  Қырғызстан,  Германия,  Қытай,  Ауғанстан  секілді  елдерге 

экспортталады.  Компания  келешекте  өндіріс  көлемін  ұлғайтуды  және  экспорт  көлемін 

арттыру жолымен өткізу нарығын кеңейтуді жоспарлауда. 

 

1. Мәтін бойынша жоспар құрыңыз.  

Жоспар 

1. 


2. 

3. 


10 

4. 


 

2. Әр абзацтағы негізгі және қосымша ақпараттар негізінде 4 тірек-схема әзірлеңіз. 



 

 

 

 

 

 

 

 

3. «Әпке» шығармасында көрініс тапқан 3 мәселені анықтаңыз. 



 

 

 

 

 

 

4. Қамажайдың бауырлары үшін өз бақытынан бас тартуы дұрыс па? Кейіпкердің шешімін 

бүгінгі өмірмен байланыстыра отырып, ойыңызды 5-6 сөйлеммен беріңіз.  

_______________________________________________________________________________ 

_______________________________________________________________________________ 

 

 



 

11 

 

Бағалау критерийі 



Тапсырма 

№ 

Дескриптор 

Балл 

Білім алушы 

Мәтінге  жоспар  құрып,  негізгі 

және 

қосымша 


ақпараттар 

бойынша 


тірек-схема, 

менталды  карта,  презентация 

дайындайды 

 



мәтіндегі  әр  абзацтың  мазмұны 

бойынша жоспар құрады; 



негізгі  және  қосымша  ақпараттарды 



анықтап, тірек-схема әзірлейді; 

1-тірек-схема 

2-тірек-схема 

3-тірек-схема 

4-тірек-схема 

 

 





Көтерілген  мәселені  анықтап, 

кейіпкерлер  әрекетін  шынайы 

өмірмен  салыстырып,  баға 

береді 



шығармадағы 3 мәселені анықтайды; 



1-мәселе 

2-мәселе 

3-мәселе 

 





кейіпкердің шешіміне қатысты пікірін 

5-6 сөйлеммен жеткізеді. 

 

Барлық балл 



10 

12 

«Отандық өнеркәсіп өнімі»;«Қазақ киносы мен театрының қазіргі келбеті» бөлімдері бойынша жиынтық бағалаудың әтижесіне 

қатысты ата-аналарға арналған рубрика 

 

Білім алушының аты-жөні_______________________________________________________________ 

 

Бағалау 

критерийі 

Оқу жетістігі деңгейі 

 

Төмен 

Орта 

Жоғары 

Мәтінге  жоспар  құрып, 

негізгі  және  қосымша 

ақпараттар 

бойынша 

тірек-схема, 

менталды 

карта, 


презентация 

дайындайды 

Мәтінге  жоспар  құрып,  негізгі 

және  қосымша  ақпараттарды 

анықтап,  1,2,3,4  тірек-схема 

әзірлеуде қиналады. 

 

Мәтінге  жоспар  құрып,  негізгі 



және  қосымша  ақпараттарды 

анықтап,  1,2,3,4  тірек-схема 

әзірлеуде қателеседі. 

 

Мәтінге  жоспар  құрып,  негізгі 



және  қосымша  ақпараттарды 

анықтап, тірек-схема әзірлейді. 

 

Көтерілген 



мәселені 

анықтап, 

кейіпкерлер 

әрекетін 

шынайы 

өмірмен 


салыстырып, 

баға береді 

 

Шығармадағы 



мәселені 

анықтап, 

кейіпкердің 

шешіміне  қатысты  пікірін  5-6 

сөйлеммен 

жеткізуде 

қиналады. 

 

Шығармадағы 



1,2,3-мәселені 

анықтап,  кейіпкердің  шешіміне 

қатысты  пікірін  5-6  сөйлеммен 

жеткізуде қателеседі. 

 

 

Шығармадағы 



мәселені 

анықтап,  кейіпкердің  шешіміне 

қатысты  пікірін  5-6  сөйлеммен 

жеткізеді. 


13 

2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 

«Ұлттық экологиялық мәдениет», «Мұхит – тіршілік мекені» бөлімдері бойынша 

жиынтық бағалау 

Оқу мақсаты 

10.1.2.1  мәтінді  тыңдай  отырып,  негізгі  идеяларды 

(ақпараттарды) қысқаша түртіп жазу (конспектілеу), жазбаға 

сүйеніп мәтін мазмұнын түсіндіру 

10.2.2.1 ғылыми-көпшілік және публицистикалық мәтіндерге 

сүйеніп,  монолог  және  диалог  құрау,  сөз  әдебі    мен  сөйлеу 

этикеті  формаларын  орынды  қолданып,    тыңдаушыға  әсер 

ету 


Бағалау критерийі 

Білім алушы 

 



Тыңдалған  мәтіндегі  негізгі  ақпараттарды  түртіп 

жазып, мәтін мазмұнын түсіндіреді 

 

Сөз  әдебі  мен  сөйлеу  этикетін  орынды  қолданып, 



ғылыми-көпшілік  және  публицистикалық  мәтіндер 

негізінде монолог құрады 

 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет