11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35%)
1. Сабақ тақырыбының мазмұнымен танысу.
2. Әңгімелерімен танысу, оқу
3. Трилогиясын талдау
12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 мин (10%)
1. Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау.
2. Қ. Жұмаділовтың өмірі мен шығармашылығына қысқаша шолу жасау.
3. Әңгімелерін оқып талдау.
13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%)
А) жеке кеспе қағаздардағы тапсырмаларды орындау;
Ә) сұрақтарға жауап беру;
14. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)
«Қаздар қайтып барады» әңгімесін оқып келу
31-сабақ
1. Сабақтың тақырыбы: Олжас Сүлейменов «Азия»
2. Сағат саны: 2
3. Сабақ түрі: тәжірибелік
4. Сабақтың мақсаты:
Оқыту: оқушыларға Олжас Сүлейменовтің өмірі мен шығармашылығынан хабар беріп, білімдерін толықтыру, қайталанбас, ерекше, өзіндік үні бар Олжастың танымал туындыларымен танысып, оқу.
Тәрбиелік: оқушыларды өз Отанын сүюге, халқын құрметтеп, қонақжайлық, сыйластық, адамгершілік пен мейірімділік қасиеттерін бойларына сіңіре білуге тәрбиелеу.
Дамыту: оқушының сөйлеу тілін ұштау, өз ойын еркін, жатық жеткізе білуге дағдыландыру, логикалық ойлау қабілетін жетілдіру, шығармашылық қабілетін дамыту.
Достарыңызбен бөлісу: |