Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ



бет26/126
Дата05.02.2022
өлшемі2,14 Mb.
#11408
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   126
8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6%)



  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.



9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15%)

1. ХХ ғасырдың 40-60 жылдарындағы әдебиет (қысқаша шолу).


2. Жамбыл Жабаев өлеңдері «Зілді бұйрық», «Ленинградтық өренім»


10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)


Сәбит Мұқанов «Сұлушаш» романы

Әдебиетіміздің ірі өкілі, барлық жанрда бірдей ең көп жазған жазушы , қоғам қайраткері, ғалым, академик С.Мұқанов 1900 жылы Қызылжар жерінде дүниеге келген. Жастайынан жетім қалған Сәбит жоқшылық тауқіметін тартып, кісі есігінде жалшылықта болады.


Табиғатынан талантты, ұғымтал Сәбит халық арасындағы хисса- дастандарды жаттап өседі. Ауыл молдасынан хат таниды.
Ол өз өмірбаянын Қазақстанның жарты ғасырлық тарихымен байналыстырып "Өмір мектебі" трилогиясында жазып кеткен қаламгер. Бұл шығармада өмірлік материалдар мол, деректі.
Ескі оқумен алысқа бара алмайтынын білген Сәбит 1922 жылы Орынбор рабфагына оқуға түсіп, білімі мен ақындық таланты ұштасып, оны 1926 жылы бітіріп шығады.
Бұл жылдары "Сұлушаш" поэмасын жазады. Бұл поэма бұрынғы халық әдебиеті дәстүрі негізінде жазылған, жас ақынның талантын жарқырата көрсеткен шығарма болды.
1926-1928 жылдары "Еңбекші қазақ" газетінде, баспа орындарында қызмет істейді. Мұнан кейін Ленинград университетінде оқып, кейін Мәскеудегі қызыл профессура институтын бітіреді.
1935 жылы "Қазақ әдебиеті" газетінің редакторы, 1937 жылы Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы қызметін атқарады. 1947- 1963 жылдары Жоғары Кеңестің депутаты болады.
Бала, жігіттік шағында айтыс ақыны ретінде танылған Сәбит алғашқы қадамын өлең жазудан бастайды. Ол көптеген тақырыпта өлеңдер, поэмалар жазады.
Прозадағы тырнақалды романы "Адасқандар" ("Мөлдір махаббат") 1929 жылы басылып шығады. Қазақтың тұңғыш романы деп бағаланған бұл шығармадағы негізгі оқиғалар, кейіпкерлер өмірден алынған. Ескі заман күйреп, жаңа заман орнаған аласапыран кезеңдегі жастар, махаббат тағдыры роман сюжетіне өзек болған. Жазушының "Ботагөз" романы - тарихи шындыққа суарылып жазылған шығарма. Романдағы басты кейіпкер Ботагөздің тарихи кезеңнің талай қиын- қыстау кезеңдерінен өтіп, саналы күрескер, білікті қайраткер болып қалыптасуы нанымды бейнеленген.
С.Мұқанов "Сырдария" романында Қызылорда күрішшілерінің, еңбек адамдарының, еңбек сүйгіш жастардың жарқын бейнесін жасады. "Аққан жұлдыз" романының екі кітабы - атақты ғалым Ш.Уалиханов туралы көптеген зерттеу, маңызды еңбектерге, фактілерге негізделіп, Шоқан болған жерлерге саяхаттар жасау(нәтижесінде өмірге келген шығарма. Ол осы тақырыпта! "Ш.Уалиханов", "Қашқар қызы" деген пьесалар да жазды.
С.Мұқанов - қазақ әдебиеттану ғылымына, фольклористикаға, этнографияға зор үлес қосқан ғалым.
Көптеген өлең жинақтарының, дастан, роман, повестердің, очерк кітаптарының, пьесалардың, әдеби зерттеулердің авторы С. Мұқановтың шығармаларынан оның қаламгерлік жолының бел-белестері аңғарылады. «Октябрь өткелдері», «Сұлушаш», «Адасқандар», «Ботагөз», «Балуан Шолақ», «Сырдария», «Шоқан Уәлиханов», «Өмір мектебі». Жазушының осы аталған және басқа туындылары оқушы жұртшылыққа әйгілі.
Жазушының үлгі-тағылым тапқан өнер бұлағы – халықтың бай ауыз әдебиеті. Талай замандар бойында ұмытылмай, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен асыл қазынадан ол еркін сусындаған; ертеректен бастап көптеген тұрмыс-салт жырларын, қаһармандық және махаббаттық дастандарды жатқа білген. Соларды жұрттың сұрауымен, кейде мұқтаждық қысымымен көпшілік алдында ұзақ түндерде жыр етіп айтып та көрген. С.Мұқановтың бозбала жігіт кезінде жазбаша айтыстарға да қатысқаны оның мемуарлық кітаптарынан мәлім. Сонымен, ол шығармашылық табалдырығын аттар алдында халықтың телегей теңіз дария өлеңінен, көркемдеп ойлау мектебінен өшпес өнеге көрген.
Шығыс әдебиетінің қзақшаланып, кітап жүзіне шыққан дастан, хикаяларымен де С.Мұқанов ерте танысқан. Олардың тақырыптық, идеялық бағыты әр алуан еді. Болашақ суреткер діни негізге, тарихи аңыздарға құрылған туындыларды да қатар оқиды, кейбіреулерін жаттап та алады. Кейінірек орыс, Батыс, Еуропа, жер жүзі әдебиетінің айдынында құлаш ұрады.
Ол өзінің шығармашылық сапарының әрбір кезеңінде қоғамдық, идеялық мәні бар мәселелерге тоқталып, кеңестік идеологияның жеңуіне шығармаларымен көмектесуді көздеген. Оның 20-жылдың бас кезінде жазған «Бостандық» атты өлеңі көп өлеңнің бірі емес, нағыз кезеңіне сай туған саяси шақыру, белсенді үгіт, анық насихат еді. Кешегі жалшының кеңес өкіметі тұсында теңдікке қолы жеткені туралы ол «Батырақ» дастанын жазады. Жаңа заманда азаттық алып, бұрынғы билеушілерден кек қайтарған, жұртшылыққа ұйытқы болуға жараған Қозыбақтар тұлғасы осылай туған. Енді бірде ол қазақ адамы революциялық қозғалысқа үлес қосқанын («Октябрь өткелдері») көрсетеді.
Ауылды кеңестендіру, байлардың жерін, мал-мүлкін кәмпескелеу, әйел теңдігі үшін үгіт, ескі идеологияны таратушылармен күрес, туындап жатқан жаңалықтарды насихаттау, елді оқуға, өнерге шақыру, халықтар достығын, еңбекшілердің халықаралық ынтымағын мадақтау, Отан қорғауға үндеу, еңбекте, ғылымда ерлік жасағандарды мақтаныш ету сияқты сан түрлі тақырып – оның әр жанрдағы шығармаларында көрініс береді. Бүкіл кеңес әдебиеті кезінде үн қосқан елеулі оқиғалардың бірде-бірінен С.Мұқанов сырт қалмаған деп батыл айтуға болады. Осының бәрі оның «жалғанда табынатын жалғыз тәңір - табына» деген адал перзенттік борышын терең сезінгендіктен, өмірдің алдыңғы шебінде жүріп, өзгелерге жігерлі, жалынды сөз айтып, үлгі көрсету ниетінен туған.
Артына көркем шығармалар, терең зерттеулер қалдырған жазушының өмір жолы да ғибратты. Бұл халықпен бірге тыныстаған. Оның қуанышымен қуанып, қайғысымен қайғырған суреткер ғана шыншыл, мәнді шығармалар бере алады дейтін қағиданың ақиқаттығын дәлелдейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет