Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ



бет46/126
Дата05.02.2022
өлшемі2,14 Mb.
#11408
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   126
8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6%)



  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.



9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15%)

1. Абай жолы раманындағы әйледер бейнесі


2. Абай жолы раманындағы Камшаттың тағдыры.
3. Абай жолы романындағы Құнанбай бейнесі.


10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)


«Сөз жоқ соның іздері» әңгімесі

Жұрт алдындағы желпініске мен ылғи сағат он бірде шығамын. Осы кезде ғана дабыр-дұбырға толы мазаң шақ аяқталып, жұрт аяғы сирей бастайды. Жанталасқан жастар жосыны тыным тауып, ешкім сені қағып та кетпейді, бұралкы-бейпіл сөздер де естімейсің. Тау қойнындағы қаланың еспесі шағын тынық ауасы да осы кезде тазара бастайды.


Күнделікті әдетім бойынша қарсымыздағы бақшаға келсем, сескене қоярлық бейсауат адам байқалмады. Қала бастығы қатал деген қауесет тарай қоймаса да, заң қаталдығына сүйсініп, әдетте, жүретін жерлерімнен ұзаңқырап та кеттім. Түгел түлей қоймаған күзгі бақша жапырақ қанаттарын су-су сілкілеп, ауаны тез тазартыпты. Аз ғана қырбық қар түсіп, асфальт бетіне ақ дастарқан жапқандай екен. Адам серуендейтін жіңішке жолдар жолақтанып, ұзарып кеткендей сезіледі. Кешкі жөңкілістерден қала беретін қоқыр-соқырды да жаңа жауған таза қар жаба кетіпті. Бақшаның тап осындай таза бір шағы адамның бойын ғана емес, ойын да тазартып қайтарады; тазалық-тазалыққа, настық-настыққа шақырады да.
Серуен жолдарынан аз ғана қалтарыс тұратын ресторан тұсынан өте бергенімде, осылай қарай баяу аяндап келе жатқан әйел көзіме түсті. Із кесіп жүрген аңшыға ұсап, анда-санда төмен қарап, кідіріп қалып келеді. Жақындаса келе тани кетгім. Нәзікен екен. Мен оны көрмегелі көп жылдар өтсе де, бірден таныдым. Сұңғақ денелі, сұлу емес, сүйкімді, ұяң емес, ашық, ордаң емес, әдепті болатын. Қыз мінезінде, ұяңдық пен әдеп бірге кездессе бірін-бірі жасырыңқырап тұрады да, ашықтық пен абайсыздық бірге кездессе, бірін-бірі асырыңқырап тұрады ғой. Нәзікен ондайдан аман, адамға ақ жарқын шыраймен, қалтқысыз сеніммен қараушы еді. Менің есіме оның сонау жас кезі, сол қыз мінезі түсе қалды. Бір сәт сол қыз Нәзікенге кездесіп тұрғандай болдым. Осындай таза күнде соған кездескеніме қуанып та кеттім.
- Апырау, Нәзікенбісің? Қайдан, қалай кездестік, - деп, апалақтай амандасып, мен қолымды бұрын создым. Саусақтары жұмыр да балғын болушы еді, енді едәуір ысқаяқтана бастаған екен. Қолы сүйікті те суық тиді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет