Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ



бет82/126
Дата05.02.2022
өлшемі2,14 Mb.
#11408
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   126
8. Ұйымдастыру кезеңі: 2 мин (6%)



  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.



9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15%)

1. М.Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы


2. «Музаға», «Поэзия», «Қара өлең» т.б. өлеңдері


10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)


Қадыр Мырза Әли «Асауды үйрету»

Сонау алпысыншы жылдары туған әдебиетке жаңа бір қуатты толқын басталып, өнер мұхитының көкжиегі кеңейіп сала берген еді . Сол дарын иелерінің бірі – Қадыр Мырза Әли.


Қадыр 1935 жылы 5 қазанда Батыс Қазақстан облысының Жымпиты кентінде дүниеге келген. 1958 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін тамамдаған. Еңбек жолын сол кезде жаңадан ашылған балалар журналы "Балдырғаннан" бастаған. "Жұлдыз" журналы редакциясында поэзия және сын бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары, 1968-1973 жж. "Жазушы" баспасында қазақ поэзиясы бөлімінің меңгерушісі, кейін Қазақстан Жазушылар одағында поэзия секциясының кеңесшісі болған.
Тұңғыш туындысы 1954 жылы "Пионер" журналында жарияланды. Содан бергі уақыт ішінде 40-тан астам жыр жинақтары мен әдеби-сын, ән өлеңдері мен прозалық кітаптары: "Көктем" (1959), "Данышпан" (1961), "Сабақ", "Ой орманы" (1965), "Дала дидары" (1966), "Бұлбұл бағы" (1967), "Ақ отау" (1968), "Күміс қоңырау", (1970), "Домбыра" (екі кітап, 1971 және 1974), "Кеш" (1973), "Жерұйық" (1976), "Қорамсақ", "Көкпар", "Қызыл кітап", "Алақан" (1981), "Саз сиқыры" (1982), "Күндер-ай" (1984), сондай-ақ тоқсаныншы жылдары таңдамалы шығармаларының бес томдығы, ал 2001 жылы "Қазығұрт" баспасынан 15 томдығы шыққан. Бірнеше пьесасы сахнада қойылған.
Өлеңдері көптеген шетел тілдерін аударылған. Ол Овийдің, Румидің, Гейненің, Гюгоның, Лермонтовтың, Есениннің, Расул Ғамзатовтың, Межелайтистің, Петифидің, т.б. жырларын қазақ тіліне аударған.
1966 жылы "Ой орманы" жинағы үшін Қазақстан Ленин комсомолының сыйлығы берілді. 1980 жылы "Жерұйық" жыр кітабы үшін Қазақ КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақстан Республикасының Әнұраны жаңа мәтіні авторларының бірі. 2001 жылы Тәуелсіз "Тарлан" сыйлығын алды.
Ақын қаламынан туған «Күміс қоңырау» мен «Ақ отау», «Бұлбұл бағы», «Ой орманы», «Дала дидарын» жинақтаған «Көш», «Домбыра» және «Жерұйық» атты жинақтарында өз тағдыры – халқының тағдыры, халқының тағдыры - өз тағдыры, өз мүддесі екенін мейлінше сезінген. Поэзия – автор сезімінің айнасы болғанмен, ол ел жырына айналып, көңіл көгінде ойнаса ғана өнер. XX ғасырдың екінші жартысы күрделене түсті... Қадыр поэзиясының жаңалығы мен қуаты – осы уақыт суреттерімен өлшенеді.
Қадыр зерделі дарын. Соғыстан кейінгі бірер жылда жаңа ғана ес жия бастаған жас ұрпақтың өмір жолы жеңіл болған жоқ. Балалық шағында майдан ауыртпалығын қатты сезінген бұлар қашан есейіп, ержеткенше тапшылықты да, жоқшылықты да аз көрмеген.

Бармақтай боп сол күнде,


Жатпаушы едік дем алып.
Әр маяның түбінде,
Қалды біздің балалық.

Бақыт еді ол күнде,


Шығу деген наналып.
Сол дүкеннің түбінде
Қалды біздің балалық.

Осы өлеңнің тамырында бір дәуірдің болмыс-бітімі жатыр.


Қадыр поэзиясы – шыншыл, шыншылдығымен де сыршыл. Сан сала тіршілікті жырымен аралаған ақын атамекенді қия-қалтарысымен, шұғыла-нұрымен, қоңыржай көлеңкесімен ашық, шымқай суреттейді. Халық көңілінде сақталған қилы құбылыс адал көкіректе орын алады. Қадырнені жырласа да , азаматтық ар тұрғысынан жырлайды.
Ел мен жерге деген сүйіспеншілік – Қадыр поэзиясының жетекші пернесі. Жақсыны көріп қуанса да, жаманды көріп налыса да, бәрі сол туған жерге деген ыстық ықыластың шырқау шыңынан тасып төгіліп жатады. Халық мүддесі – сырына нәр, жырына - өжеттік, өткірлік, батылдық берген, «қиын» тақырыптарға тайсалмай баруға медет болған. Ақын қашанда оқырманымен қалтқысыз сырласады: жүрек дірілін, өзек жарған запыран сезімін дұрыс түсініп, дәл басарына сенімі мығым.
Қадыр жырының өзекті арнасы - өз басымыздан кешкен, өзімізді толғантқан, өзімізді қуантқан не күйіндірген, дарқан даламызды дүбірлеткен өмір – тарих. Ақын жырының өріс-аясы кең. Шетсіз де шексіз даламызбен, сол далада қайғылы, қасіретті ғұмыр кешкен бабмыз, қатпар-қатпар тарихтың ой-шұқыры, жастың жарқын көңілі мен дананың ойы, шежіре, тарих пен замандастың сырға толы қилы күндері, жүректі өртеген махаббат шоғы мен көне көз кәрінің ауыр да азапты тірлігі Қадыр кітаптарында жанды бейнеленеді. Арайлап атқан таң да, мұнарта батқан күн де, тәй-тәй басқан бөбектің сыңғыр күлкісі де, ананың әжімді беті, бақытты жардың албырт жүзі де – бәрі-бәрі ақын поэзиясының тыныстаған ауасы, сабырлы толғанысы.

Адам жылап туады, жатады жұрт жұбатып,


Және жылап өледі, өзгені де жылатып.
Жылайтыны туа сап, жамандар бар қинайтын,
Жылайтыны өлгенде, жақсылар бар қимайтын.
Ақын құбылыстың сырт көрінісін емес, тереңге тамыр тартқан құнарын, құпиялы сырын ашады. Тұлып сезімге көңіл жұбатып, босқа еміреніп, егіліп жатпайды, пенделік тіршілікті көңілдің көркем елегінен өткізеді. Шынайы шындық пен зерделі ой – ақын поэзиясына тың әуен әкелген.
«Асауды үйрету» атты өлеңде жалына қол тимеген бас асауды алпамсадай жігіттің үйреткенін әсерлі суреттей келіп, ақын: «Еркіндіктің қадірін, ұқты білем жануар», - деп түйіндейді, астарлы өлеңмен көп сыр ашады, халқымызға қашаннан таныс, қашаннан белгілі асауды үйрету арқылы тірлік тынысы – еркіндік туралы ойын ортаға салады. Ақын өзек өртеген шындыққа, ауыр шындыққа ден қояды.
Кмеңгер Гете былай деген екен: «Жаңа уақыттың жаңашыл ақындарының жаңашылдығы – жаңаны ғана жазғандықтан емес, құбылысты бұрын жырламағандай етіп, өзінше, өзгеше суреттей білуінде». Қадыр ежелден белгілі көне көріністі өзінше жырлайды, әлеуметтік жүк арқалаған сырлы жырлар көбіне көп жігерлі, әсерлі де дәл, бедерлі тосын деталь, тіпті құлпыртып, құнарландырып жібереді, баршамызға таныс үйреншікті уақиға аяқ астынан қайта түлеп шыға келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет