Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ



бет117/126
Дата05.02.2022
өлшемі2,14 Mb.
#11408
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   126
8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6%)



  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15%)
1. М.Шахановтың өмірі мен шығармашылығы
2. «Желтоқсан тағлымы», «Төрт ана», «Түсінісу теоремасы» шығармалары
9. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)


Марфуға Айтқожина


Марфуға Айтхожина-"Жыр аққуы" атанған, қазақтың белгілі ақыны Марфуға Айтхожина 1936 жылы 25 тамызда Қүлжа қаласында (ҚХР) дүниеге келген. Атасы Айтхожа топжарған шешен, суырыпсалма ақын, ел сыйлаған би кісі болған. Қазақ елінің басына қаралы күн туған кезде бұл кісі алғашқы қүрбандардың бірі болған екен. Ол кісіні "Итжеккенге" айдаған. Ал өз әкесі Ғали арабша, орысша сауаты бар білімді, жан-жақты зиялы адам болған. Ол кісіні де сол жылдары "Қарағаш" мектебінен (сол кездегі Қапал уезі) Алматыға сексен адаммен бірге айдап әкелген екен. Бес баласы аштан өліп, түрмеден қашып, зайыбы Бифатима "Иіруден" қашып, Қытай жерінде табысып, қыздары Марфуға дүниеге келеді. Ақынның балалық шағы қаймағы бүзылмаған, түнығы шайқалмаған, халқымыздың салт-санасын қаз-қалпында сақтаған ортада өтеді. 1956 жылы Қүлжадағы қыздар гимназиясын бітіреді. 1958 жылы атамекенге оралган. 1965 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін, 1971 жылы Мәскеудегі жоғары әдеби курсты бітірген. 1961-1969 жылдары "Қазақ өдебиеті", "Қазақстан мүғалімі" газеттерінде өдеби қызметкер болып істеген. Акынның поэзиясында ерекше бөлек әуен еседі. Коңіл-күй лирикасында адам жанын тебірентетін, ойын толқытатын ерекше бір күш бар. Әсіресе туған жер тақырыбына келгенде сөзден ғажайып суреттер бояуын тогеді. "Сайрам көлің толғауындағы шумақтар осы созімізді дөлелдей түседі. "Құрмет белгісі" орденімен, Болгарияның "Достық" медалімен марапатталған.
Аймағымен сырласқан көд бір ақын, Жоңғарды асып күн де ерте болдыратын. Ай таудың оқалаған тақиясы, Кеш бата шекесіне қондыратын. Марфуға Айтхожина "Аңсауң, "Ақку жүрекң, "Алатаудың Ақ батасың туындыларында Тәуелсіз Кдзақстанның жетістіктерін эпикалық кең тыныспен жырлайды. 60-жылдардан бүгінгі күнге дейін жиырма бес жыр жинағы шыққан. Алғашқы өлеңдер жинағы "Балқұрақ" деген атпен 1962 жылы жарияланған. Кейіннен өр жылдары "Шыңдағы жазу", "Жастық шақ", "Аққуым менің", "Қаракөз айым", "Баянжүрек", "Көзімнің қарасы", "Ақ бесігім", "Жарқыра, менің жүлдызым", "Қыран жеткен", "Таңдамалы", "Сағыныш сазы", "Жапырақ сілкінген кеш", "Аңсау", "Аққу жүрек", орыс тілінде "Утверждение", "Голубые голуби", "Струна степей", "Горсть земли", "Украшение коня", "Летние росы" өлеңдер жинақтары жарық көрді. Бірқатар шығармалары болгар, поляк, венгр, чех, парсы т.б. тілдерге аударылған. 2002 жылы "Аңсау" атты жыр жинагына Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығы берілді. "Қүрмет белгісі", "Парасат" ордендерімен және бірнеше медальдармен марапатталған




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет