Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ



бет120/126
Дата05.02.2022
өлшемі2,14 Mb.
#11408
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   126
8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6%)



  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15%)

1. М.Шахановтың өмірі мен шығармашылығы


2. «Желтоқсан тағлымы», «Төрт ана», «Түсінісу теоремасы» шығармалары
9. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)


Фариза Оңғарсынова

Ф. Оңғарсынова қазіргі қазақ поэзиясындағы бірегей тұлғалардың бірі, Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының иегері,Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты болған, Қазақстанның халық жазушысы, ақын Фариза Оңғарсынова 1939 жылы Атырау өңіріндегі Манаш ауылында дүниеге келген. 1961 жылы Атырау пединститутын бітірген. 1961-66 жылдар аралығында орта мектепте мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі, директор, 1966-70 жылдарда облыстық «Коммунистік еңбек»газетінде әдеби қызметкер, «Лениншіл жас» газетінің Ақтөбе, Атырау, Орал облысындағы меншікті тілшісі, 1970-78жылдары «Қазақстан пионері» газетінің бас редакторы,1978 жылдан «Пионер» журналының бас редакторы қызметтерін атқарған. Ақынның шығармалары 1958 жылдан баспа сөз бетінде жариялана бастаған. Балықшылар,жалпы бүгінгі замандастар өмірін, достық пен адамгершілікті суреттеген тұңғыш өлеңдер жинағы «Сандуғаш»1966 жылы жарық көрді. 1967 жылы "Бұлбұл" деген атпен жыр кітабы жарық көреді.


Бүгінде Фаризаны білмейтін оқырман кемде-кем.
Ақынның алғашқы өлеңдері нәзік сезімге арналады. Қаламгерлік идеяның күрделенуінен жасалған лирикалық кейіпкерге өз алдына дербес мінез-құлық беріледі. Махаббаттың алабұртқан сезімін, құмарын, құлап, жығылу сәттерін «күйдім, жандым» деп суреттеу поэзияда басым жатса, Фариза жырлары бұдан аулақтай бастап, тереңдікке тартады. Ақын ақиқатты тірліктен тауып, оны тек қиялмен қиюластырмай, шынайылықпен паш етуге тырысады. Адам басындағы түрлі халдің сипаттамасы – замандасының махаббатта жолы болмаған сәті, бірі сүйсе, екіншісі сүйе білмеген, ендігісі адал, кейбірі опасыз болып келетін кейіпкерлердің драмалық көңіл-күйі, тартысы трагедиялық жағдайы оқырман жанарына еріксіз жас әкеп, мұңымен жүрек тербейді, өлеңдеріндегі лирикалық әйел кейіпкері ендігі жерде әлеуметтік жағдайларға көңіл толғанда, қара шаңырағының қамына тоқталып, одан бақыт, рақат барлығына сеніп жырлайды.
Әуелде саяси - әлеуметтік тақырыптарды тілге тиек етіп, публицистикалық толғау үлгісі арқылы игерген Фариза ақын келе-келе психологиялық,философиялық монолог формаларына ауысты. Туған жер, Отан сондай-ақ замана ағымына орай партия жайын нақты сурет, бейнелі тіл, көркем тәсілмен суреттей түсті.Туған жер тақырыбындағы өлеңдерінің өзегі алғашында Атырау өңірі, Маңғыстау түбегі ғана болса, мұнан соң бірте-бірте Қазақстан атырабын тұтастырып жырға қосып, Қостанай, Көкшетау, Арал, Жетісу өңірлерін сөйлетті. Кеңес дәуірі тұсында ақын өлең-жырлары сол кездегі тақырып аясына кіретін мәселелерді де қамти бастады. Мұнан әрі ақынның шығармашылық жолы шыңдала түсті. Фариза жаңа көркемдік ізденістерге бет бұрып, 1980 жылдары тарихи тұлғалардың өмірін өлеңіне арқау ететін күрделі шығармалар жазуға кірісті. Поэзияға қойылатын қағидаларды бұзып-жармай өлең сөздің формасы мен көркем идеясын күшейтетін жаңа тәжірибелерін қолданып, қазақ поэзиясына ауыз толтырып айтарлықтай сапалы дүниелерді өмірге әкелді. Солардың ішінде «Сайраған Жетісудың бұлбұлымын», «Ақан сері аңыздары», «Поэзия.Махамбет аудармашысымен әңгіме», «Тартады бозбаланы магнитім» сынды сара туындыларын айтуға болады. Ақан, Майра, Махамбет, Сара образдары әдебиет сүйер қауымға жаңа мазмұнмен танылды. Шығарма шынайылығына тарихи тұлғалардың шыншыл бейнесін ұтымды үйлестірген Фариза қазақтың қайсар қыздары Әлия мен Мәншүктің тағдырын толғай алды. «Тыңдаңдар, тірі адамдар!» деп аталатын бұл сюжетсіз поэманың кейіпкерлері Әлия мен Мәншүк рухын тірі адамдармен тілдестіру барысында шығармалар соңы идеялық-эстетикалық ерекшелігін көрсетті. «Жаулықтар», «Киіз үй», «Жер ошақ», «Оюлар» сияқты ата-жұртының ата- салтын жырға қосқан тамаша туындыларын жазады.
Ақын шығармаларын кезінде қазақ әдебиетінің майталмандары Ғ.Мүсірепов, Ә.Тәжібаев ерекше мән беріп бағалады. Фариза Оңғарсынова поэзиясы қазақ оқырмандарының жүрегін жаулап алды, өз тілінің шеңберінде қалып қоймай, біздің елімізден тыс жерлерге де мәлім болды. Қазір оның өлеңдері ұлттық поэтикалық байлығымыздың ажырамас бір бөлігі. Ақын қалам тартқан тақырыптар әр алуан. Адамның жеке басының шындықты сезінуінен басқа қоғам, ел, адам тағдыры, табиғат сыры, Отан, Туған жер, ерлік, махаббат тақырыптары Фаризаның ой толғауының тамаша талғамы. Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ақын Фариза Оңғарсынованың шығармашылығы дара көркемдік әлемімен, тұтастығымен ерекше көзге түседі. Фариза Оңғарсынованың мына бір өлең жолдарына көз жіберсек:

Жыр –
Менің жалғыз тарланым,


Аялап өтер ардағым,
Толықсып атар таңдарым,
Айымдай жалқы арман үн:
- - - - - - - - - - - - - - - - - - -
күрсінген бедеу бейбақты,
жырыммен- ыстық демменен,
сәби боп келіп емдер ем...
Фариза –поэзиядағы өз орнын белгілеп үлгерген ақын. Фариза өлеңге әйел образын әкелді. Асқардай алып бейнелі әйел – Адамның махаббаты туралы жырлардан тұрады. Әйелді әдетте тіршіліктің бастауына, мәңгіліктің мәніне балайды. Махаббат жұмыр жердегі ұлы күш - әйел-ананың, әйел-жырдың, әйел-азаматтың, әйел-қаһарманның, әйел-достың, әйел-ақынның, тұтас алғанда әйел – Адамның мөлдір махаббаты жырланады. Ол махаббат – ананың бөбегінен бастап, бүкіл жердегі өмірге, әйел-жардың сүйгеніне, әйел-азаматтың Отанға,қоғамға, туған жерге, әйел-қаһарманның адамзат пен оның болашағына, әйел-достың адамға деген, әйел-адамның бүкіл тіршілікке деген биік сезімі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет