Қазақ тілі мұғалімдері үшін Құрметті әріптестер!


Диктант мәтініне байланысты мұғалімдердің ескеретіндері



бет4/5
Дата25.01.2017
өлшемі0,59 Mb.
#7957
1   2   3   4   5

Диктант мәтініне байланысты мұғалімдердің ескеретіндері:


  • қажет болған жағдайда мәтін мазмұны жөнінде қысқаша мәлімет беру;

  • сөйлемдердің құрылысы мен тыныс белгілерін, оқылу интонациясын ескеру;

  • жай сөйлем, құрмалас сөйлем түрлерінің барын анықтау, ондағы екпін, тыныс белгілеріне көңілбөлу;

  • сызықша, тырнақша тәрізді белгілерді қолдану жүйесі;

  • егер диктанттың мәтінінде дұрыс жазылуы оқушыларға бұрын түсіндірілмеген қиын сөздер кездессе, онда олар тақтаға жазылады.

Мәтінді мәнерлеп оқып шығып, содан кейін жеке сөйлемді оқып жаздыра бастайды. Соңғы сөйлем жазылып болған соң, диктант мәтіні толық қайта оқылады. Соңында мұғалімнің рұқсаты бойынша оқушылар өз жұмыстарын қосымша тексере алады. Диктант мәтінін қайтадан көшіруге болмайды.

Диктанттарды бағалауда орфографиялық және тыныс белгілік қателері есептеледі.

Жалпы екі баға қойылады, бірінші баға сауаттылыққа, екінші баға грамматикалық тапсырмаларға қойылады.

Грамматикалық тапсырмалы диктант сабағының құрылымдық кезеңін шамамен былай көрсетуге болады:



  1. тілдік дайындық (өтілген грамматикалық материалдарды еске түсіру) 4-5минут;

  2. берілген тапсырманы орындату - 4-5минут;

  3. диктант мәтінімен таныстыру, жазғызу -30-35минут;

  4. тексеру, жинау-2-3минут.

Мазмұндама және шығарма жұмыстарының көлемімен бағалау өлшемдері


Мазмұндама–оқушының мемлекеттік тілден алған білімін тексерудің негізгі нысандарының бірі. Мазмұндама арқылы оқушының өз ойын жүйелі баяндай алу қабілеті мен байлығы, сауаттылық деңгейі айқын көрінеді (5- кесте).
5-кесте – Қазақ тілі пәнінен мазмұндама мәтінінің көлемі

Мазмұндама мәтініндегі сөз мөлшері

Сынып

Сөз мөлшері

5

80-100

6

100-120

7

120-140

8

140-160

9

160-180



Шығарма жазуға қойылатын негізгі талаптар:


  • тақырыпты оқушының өз ойы арқылы толық аша білуі;

  • жазып отырған тақырыптан алшақтамай, оның мазмұнын нақты ашу;

  • шығарманы 5-сыныптан бастап жазады, бірақ 5, 6-сыныптарда үйрету шығарма болып саналады;

  • 5, 6-сыныптарда жоспар беріледі.

Диктант жұмыстарын бағалау нормалары:


  • «5» деген баға: ешбір қатесі болмаса немесе емле, тыныс белгілерінен бір-бірден қатежіберсе;

  • «4» деген баға: емле және тыныс белгілерінен екі-екіден қате жіберсе;

  • «3» деген баға: емле мен тыныс белгілерінен 4-5-тен қатесі болса немесе3 емле, 5 тыныс белгі қатесіболса;

  • «2» деген баға: емле мен тыныс белгілерінің әрқайсысына 6-дан 10-ға дейін.

Ескерту: бағалау кезінде қателердің қайталануы мен біртектілігіне назар аударылады. Егер бір қате бір сөздің құрамында немесе түбірлес сөздердің түбірінде қайталанса, бір қатеболып саналады. Бір ережеге жататын қателер біртекті болып есептеледі. Алғашқы біртекті үш қате біреуге саналады да, келесі осындай қателер дербес есептеледі.
6-кесте – Мазмұндама жұмыстарын бағалау нормалары

Баға

Өлшемшарттары

«5» деген баға

  • мәтін мазмұны толық ашылса;

  • оқушы ойы жүйелі жазылса;

  • мазмұндама тілі бай, әдеби, жазба нормаларына сай болса;

  • мазмұн мен стиль бірлігі сақталса;

  • сөздер орынды қолданылса;

  • қорытынды пікірі орынды, тақырыпқа сай болса;

  • мазмұндық, грамматикалық, тыныс белгілерінен 1-2 қате болса.

«4» деген баға

-мазмұндама мәтін тақырыбына сай болса;

-мазмұндауда бірен-саран дәлсіздіктер жіберілсе;

- мазмұндама тілі бай, әдеби, жазба нормаларына сай болса;

-мазмұн мен стиль бірлігі сақталса;

-оқушының ой жүйесі аздап бұзылғандығы байқалса;

-қорытынды пікірі дұрыс болса;

- мазмұндық, грамматикалық, тыныс белгілерінен 2-4 қате болса.


«3» деген баға

-мазмұндама мәтін тақырыбынан ауытқыса;

-ойжелісі аздап бұзылғандығы байқалса;

-сөздер орнымен қолданылмаса;

-тіл байлығы жұтаң болса;

-стиль бірлігі сақталмаса;

- мазмұндық, грамматикалық, тыныс белгілерінен 7-8 қате болса.



«2» деген баға

-мазмұндама мәтін тақырыбына сай келмесе;

-мазмұндау жүйесі жоспарға, тақырыпқа сай келмесе;

-сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі жиі бұзылса;

-сөздік қоры өте жұтаң болса;

-стиль бірлігі сақталмаса;

-мазмұндық, грамматикалық, тыныс белгілерінен 9-10 қате болса.


Мазмұндамаға екі баға қойылады:

1-шісі: жұмысының мазмұны мен көркемдік сапасы, тіл байлығы үшін; 2- шісі: грамматикалық сауаттылығы үшін.

Мазмұндаманың екі бағасы бір пәнге қойылады.

Мазмұндама мәтінін бағалауда шартты белгілер қолданылады (7-кесте). 7-кесте – Мазмұндама мәтінінің шартты белгілері

Шартты белгілер

Белгілер

Нені білдіреді?

[]

артық, керексіз

>

Кеңейту

=

Негізгі ойды білдірмейді

~ ~ ~

Жүйе жоқ

Z

Азатжол

Z

Азат жолдың керегі жоқ

Қ

Қолдану

Х

Орынсыз қолданылған сөз

1,2,3

Сөз тәртібі бұзылған

С

сөйлем дұрыс қолданылмаған



8-кесте – Шығарма жұмыстарын бағалау нормалары



Баға

Өлшемшарттары

«5» деген баға

  • шығарма мазмұны тақырыпқа толық сай келсе;

  • мазмұны жүйелі түрде баяндалса;

  • мәтіннің стильдік бірлігі сақталса;

  • шығарма сөз байлығымен, сөздің дәл қолданылуымен, синтаксистік құрылымдардың әр түрлілігімен ерекшеленсе;

  • 1 орфографиялық, 1 грамматикалық, 1 тыныс белгісінен қате жіберілсе;

  • 1-2 тілдік қате жіберілсе.

«4» деген баға

  • шығарма мазмұны, негізінен, тақырыпқа сай келсе, бірақ аздаған ауытқулар байқалса;

-ой жүйесінде елеусіз ауытқулар болса;

  • лексикалық және грамматикалық тіл құрылысы әртүрлі болса;

-стиль бірлігі сақталса;

  • 1 орфографиялық, 2 грамматикалық, 3 тыныс белгісінен байланысты қате;

«3» деген баға

  • шығармада тақырыптан ауытқу елеулі болса ;

  • мазмұндаудың жүйелілігі бұзылса;

  • сөз байлығы жеткіліксіз, бірыңғай синтаксистік құрылымдар қолданылса,

сөз орынсыз пайдаланылса;

  • стиль бірлігі дұрыс сақталмаса;

  • 4 орфографиялық, 4 грамматикалық, 5 тыныс белгісінен қате ;

  • 5 тілдік қате жіберілсе.

«2» деген баға

  • жұмыс тақырыпқа сай келмесе;

  • шығарманың барлық бөлімдерінде ой жүйесі бұзылса, бір- бірімен байланысы болмаса;

  • сөз байлығы шектеулі, бір типті сөйлемдер қолданылса,

-сөз қолдануы дұрыс болмаса;

  • 7-8 орфографиялық,7-8грамматикалық,7-9тыныс белгісінен қате;

  • 8-9 тілдік қате жіберілсе.

Шығармаға екі баға қойылады:

1-шісі: жұмысының мазмұны мен көркемдік сапасы, тіл байлығы үшін; 2-шісі: грамматикалық сауаттылығы үшін.

Шығарма мәтінін бағалауда шартты белгілерқолданылады (9-кесте). 9-кесте – Шығарма мәтінін бағалаудағы шартты белгілер

Шартты белгілер

Белгілер

Нені білдіреді?

/

емле қатесі белгіленеді

V

тыныс белгісінен кеткен қате

Z

абзац керек деген белгі

Z

артық қойылған абзац

?

екі ұшты, осы сөйлемді ойлан деген белгі

?!

пікірді немесе фактіні бұрмалаудан кеткен кемшілік

!

осы жерге ерекше көңіл аудар

~ ~

ауыстыруды керек ететін, бірнешеқайталанған сөздер мен сөйлемдер

...

стильдік жағынан дұрыс құрылмаған, жөндеп жаз деген белгі

...

сөз қалдырып кетсе, түсініксіз сөйлемдерді белгілейді

Мұғалімдер назарына оқушыларда «Қазақ тілі» пәнінен болуы тиіс дәптерлердің санын ұсынамыз (10-кесте).


10-кесте – Оқушы дәптерлерінің саны

Пән

Жұмыс дәптері

Жазба жұмыс дәптері

Сөздік дәптері

Барлығы

Қазақ тілі

2

1

1

4

Бірыңғай орфографиялық және сөйлеу режимі оқушы дәптерінің жүргізілуіне, дәптерлердің пәндер бойынша саны мен пәнге арнауы, оқушылардың жазба жұмыстарын тексеру тәртібіне бірыңғай талап қояды.

«Қазақтілі» пәнінен жазба жұмыстарына арналған дәптері (бұл дәптерге диктанттар мен мазмұндамалар, шығармалар, эсселер, бақылау жұмыстары орындалады).

«Қазақ тілі» пәнінен сөздікке арналған дәптері

Дәптердегі барлық жұмыстар төмендегі талаптарды, ережелерді сақтай отырып жүргізілуі керек:


  • ай аты мен күн реті жазбаша жазылады;

  • күн реті мен жұмыс түрінен соң нүкте қойылмайды. Дәптердің басынан жол тасталмай барлық жазбалар бір деңгейде жазылады.Үлгі:

Қазанның тоғызы Сынып жұмысы:

  • үй жұмысы сынып жұмысының жалғасы деп есептелінеді де, күн реті жазылмайды;

  • жаттығу (тапсырма) сөзі толық жазылады. Мысалы: 15-жаттығу (тапсырма);

  • тапсырмаға сәйкес сөздерді бағандарға бөліп жазғанда бірінші сөзі бас әріптен үтірсіз жазылады. Мысалы:

Бала Бақа Барыс;

  • сынып жұмысын немесе үй жұмысын орындағанда тапсырмалар арасында жол қалдырылмайды;

  • мәтін азат жолдан басталады;

  • сынып жұмысы мен үй жұмысының арасында 2 жол қалдырылады;

  • талдау жасау тапсырмаларын орындағанда жақсы ұшталған қара қарындашпен орындаған жөн;

  • ереже, емлені белгілеу үшін жасыл сияны қолдануға болады. Баға тапсырмадан кейін сол жаққа нүктесіз қойылады.

Талдау жұмыстары қарындашпен орындалады (сөз құрамына, сөйлем мүшелеріне талдау).

Төл дыбыстарды дұрыс жазбаса, қызыл жолда дұрыс жазылуы көрсетілуі

тиіс.

Дәптерге, мүмкіндігінше, мұғалімнің ескертулері жазылып отырады



(Дұрыс жаз. Қатесіз көшір.).

Дәптерлерді тексеруден кейін келесі сабақта талдау жасалуы қажет. Дәптердегі барлық жұмыс қызыл сиялы қаламмен тексеріледі. Диктанттан жіберілген қателер жол бойынша сол тұстағы қызыл жолға көрсетілуі керек:



  • орфографиялық қате - /

  • тыныс белгілер қатесі – ۷

Диктант тексерілгеннен кейін қатемен жұмыс жүргізіледі. Қатемен жұмыс жүргізу жазба жұмысынан кейінгі келесі сабақтың 15-20 минутында іске асырылады. Оқу бағдарламасында «Қатемен жұмыс» түріне арнайы сағат бөлінбегендіктен журналға жазылмайды.

Пән бойынша дәптерлерді тексеру тәртібі:



  1. 5-9-сыныптарда үй жұмысы күнде тексеріледі;

  2. 6-8-сыныптарда күнде сабақтан кейін үлгірімі төмен оқушылардың дәптерлері тексеріледі, үлгірімі жақсы оқушылардың маңызды деген жұмыстары тексеріледі, сонда да бұл сыныптарда аптасына толығымен 1 рет тексерілуі қажет;

  3. 9-сыныпта жұмыс дәптерлері аптасына 1-2 рет тексерілуі қажет;

4. 5-9-сыныптарда сөздік дәптерлері айына 1 рет тексеріледі (баға қойылмайды, ескертулер жазылуы ұсынылады).

Оқушының қабілеті мен икем дағдыларын қалыптастырып, әрі қарай дамытуда сыныптан тыс жұмыстардың алатын орны ерекше. Оқыту қазақ тілді емес мектептерде «Қазақ тілі» пәнінен сабақтан және сыныптан тыс іс- шараларды ұйымдастыруда келесе мерекелерді ескеру ұсынылады:



22 наурыз – Наурыз мейрамы;

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесі;

7 мамыр – Отан қоғаушылар күні;

4 маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні;

6 шілде – Астана күні;

30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні;

22 қыркүйек - Қазақстан халықтарының тілдері күні;

1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні;

16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні.

«Қазақ тілі» пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша әдістемелік қызмет көрсетудің, оқу пәндері бойынша сыныптан тыс шаралар мен тәжірибе жұмыстарын ұйымдастырудың негізгі құрылғысы болып табылады.

Осыған байланысты, «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндері мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің 2016-2017 оқу жылының отырыстарында келесі тақырыптардың қарастырылуы ұсынылады:


  • «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын жүзеге асыру аясында «Жаңа формация мұғалімі: тәжірибе және кәсіби диалог»;

  • «Білім беруді жаңарту аясында жаңа ақпараттық технологияарқылы оқушылардың қазақ тілін үйренуге деген ынта-ықыласын арттыру және жан- жақты дамыған, сыни көзқарасыбар тұлға қалыптастыру: халықаралық тәжірибе және отандық практика»;

  • «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында smart технологияның оқушы дамуына ықпалы»;

  • «Оқытуды басқаруға көмектесетін қажетті ең тиімді технологиялар»;

  • «Біліктілікті арттыру жүйесінде мұғалімнің АКТ құзыреттілігін дамыту»

Оқыту қазақ тілді емес мектептердегі «Қазақ тілі» пәнінің мұғалімдеріне қосымша материалдар алу үшін ұсынылатын сайттар:

  • nao.kz (Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ресми айты);

  • u-s.kz (Ұстаздар сайты);

  • ustaz.kz(Ашық сабақтар сайты);

  • testent.ru/news/uroki(Урокиказахскогоязыкаврусской школе);

  • sabak.ucoz.org/news(Сайт творческих учителей Казахстана);

  • plani.kz(«Планы.kz» планирование для учителей Казахстана);

  • agartu.com («Просвещение"-казахстанский педагогический интернет журнал);

  • testent.ru (Сайт для подготовки к ЕНТ и КТ 2015 – Образовательный сайт);

  • obrazovanie (Каталог Казахстанских ресурсов);

  • abiturient.kz(Сайт о современном образовании в Казахстане).





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет