Казахский язык (для школ с неказахским языком обучения)
Пәнді оқыту мақсаты – қарапайым және негізгі (негізгі деңгейдің алғашқы игерімі) деңгей бойынша қазақ тілін қатысымдық тұрғыдан меңгерту; сөйлесім әрекетінің түрлеріне сай оқушыны тілдік білім негізінде түсінікті сөйлеуге, сауатты жазуға үйрету.
1-4-сыныптарда қарапайым деңгейдің 4 игерімін меңгерту талап етіледі:
1-2-сыныптардағы қарапайым деңгей – А1 2 игерімді қамтиды: бастапқы жеңіл игерім А1 –1-сынып;
бастапқы орта игерім А1.1 – 2-сынып;
3-4-сыныптардағы қарапайым деңгей – А1 2 игерімді қамтиды: бастапқы толық игерім А1.2 –3-сынып;
бастапқы жетік игерім А1 + – 4-сынып.
«Қазақ тілі» пәні тілдік және әдебиеттік оқу материалдарын қамтиды.
2-4–сыныптарда «Қазақ тілі» пәнінен жазба жұмыстарындағы (диктант) сөз мөлшері мен оған берілетін уақыт мөлшері, оқу жылындағы жазба жұмысының саны ұсынылады.
Таблица 12– Жазба жұмыстарының (диктант) мөлшері
Сынып
|
Сөз мөлшері
|
Жазба жұмысына берілетін уақыт мөлшері
|
2 сынып
|
15-20 сөз
|
5-8 минут
|
3 сынып
|
20-30 сөз
|
10 минут
|
4 сынып
|
30-40 сөз
|
10-15 минут
|
Таблица 13 – Жазба жұмыстарының (диктант) саны
Сыныптар
|
2 сынып
|
3 сынып
|
4 сынып
|
диктант
|
12
|
10
|
11
|
Диктант жұмыстарын бағалау нормалары
«5» деген баға: ешбір қатесі болмаса немесе емле, тыныс белгілерінен бір-бірден қате жіберсе;
«4» деген баға: емле және тыныс белгілерінен екі-екіден қате жіберсе;
«3» деген баға: емле мен тыныс белгілерінен 4-5-тен қатесі болса немесе 3 емле, 5 тыныс белгі қатесі болса;
«2» деген баға: емле мен тыныс белгілерінің әрқайсысына 6-дан 10-ға дейін.
Ескерту: бағалау кезінде қателердің қайталануы мен біртектілігіне назар аударылады. Егер бір қате бір сөздің құрамында немесе түбірлес сөздердің түбірінде қайталанса, бір қатеге саналады. Бір ережеге жататын қателер біртекті болып есептеледі. Алғашқы біртекті үш қате біреуге саналады да, келесі осындай қателер дербес есептеледі.
Оқу жылдамдығын қалыптастыру бастауыш сыныптан басталады. Осы кезеңде баланың дұрыс оқуы, әрі жылдам, әрі мазмұнды түсіне оқи білу – үлкен еңбектің жемісі. Оқу жылдамдығы артқан сайын, есте сақтау қабілеті де, ақыл ой еңбегіне ынталығы да арта түседі.
Таблица 15 – Мәтін бойынша оқу жылдамдығы
Сынып
|
Сөз саны
|
2
|
30-35
|
3
|
40-45
|
4
|
50-55
|
Көркем жазуға бастауыш сыныптар үшін әр сабақ сайын 5-7 минут бөлінеді, жүйелі түрде әріп элементтерін түзетіп немесе дәптер шетіндегі қызыл сызықта арнайы көрсету қажет.
Сөздік жұмысы аптасына 1-2 рет бақылау үшін жүргізіледі. 2-сынып – 4-6 сөз;
3-сынып – 6-7 сөз; 4-сынып – 8-9 сөз.
ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 27 қарашадағы №471
бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу жоспарына сәйкес «Қазақ тілі» пәні бойынша апталық оқу жүктемесініңкөлемі:
оқыту орыс тілінде жүргізілетін мектептерде:
сынып – 2 сағат, жылына – 68сағатты;
сынып – 4 сағат, жылына – 136сағатты;
сынып – 4 сағат, жылына –136 сағаттықұрайды.
оқыту ұйғыр, өзбек, тәжік тілдерінде жүргізілетін мектептерде:
сынып – 2 сағат, жылына – 68 сағатты;
сынып – 3 сағат, жылына – 102 сағатты;
сынып – 3 сағат, жылына –102 сағатты құрайды.
4 ОСОБЕННОСТИ ОБУЧЕНИЯ ПРЕДМЕТАМ УРОВНЯ ОСНОВНОГО СРЕДНЕГО ОБРАЗОВАНИЯ
ОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ОБЛАСТЬ «ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА»
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан жолы- 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында
«Мәңгілік Ел» идеясын – Қазақ елінің ұлттық идеясы ретінде жариялады. Бұл – ел өміріндегі ерекше бір белес. Өйткені, ол – барша қазақстандықтардың өміріне, болашағына қатысты мәнді, саяси, мемлекеттік құжат болып табылады.
«Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыру белгілі бір құндылықтар жүйесіне негізделетіні белгілі. Сол құндылықтардың ішіндегі ең бастысы – қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде нығайту, қазақстандықтардың үш тілде еркін сөйлеуіне жағдай жасау. Мемлекеттік тіл жалпыұлттық идеяның негізі, өзегі. Тіл –
«Мәңгілік Ел» идеясының басты қолдаушысы. Ана тіліңді құрметтеу - ұлттық намысты ояту мен жаңғыртудың көзі. Бұл жолда тілдік және ақпараттық кеңістік қауіпсіздігін қамтамасыз ету – ел тәуелсіздігін қорғаудың басты ұстанымы болуы тиіс. Елбасының «Мәңгілік Ел – Мәңгілік Тіл» идеясын көтеруі – қазақ тілінің маңыздылығын, басымдығын көрсетеді, ал бұл идеяны қазақ тілі сабақтарында іске асыру – оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеуге, қазақ тілін білудің қаншалықты маңызды екенін түсінуге мүмкіндік беретін, жалпы тұлғалық қасиетін қалыптастырудың маңызды аспектісі болып табылады.
Функционалдық сауаттылық адамның мамандығына, жасына қарамастан үнемі білімін жетілдіріп отыруы. Мұндағы басшылыққа алынатын функционалдық сапалар: белсенділік, шығармашылық тұрғыда ойлау, шешім қабылдай алу, өз кәсібін дұрыс таңдай алуға қабілеттілік. Қазақ тілі сабақтарында Қазақстан Республикасының зияткерлік, рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның физикалық құбылмалы әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |