Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде) пәнінен тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы 7- сынып



Pdf көрінісі
бет3/37
Дата08.02.2022
өлшемі0,74 Mb.
#122407
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Байланысты:
СОЧ Қазақ тілі 7кл
stud.kz 13611, bestreferat-188648
3.
Күтілетін нәтижелер
Тыңдалым және айтылым: 
білім алушы қарым-қатынастың әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени, оқу-
кәсіптік салалардағы мәтіндерін түсінеді; сөйлесу тәртібінің, бағалаудың ашық және жабық 
түрде берілген нысандарын таниды; әртүрлі өмірлік жағдаяттарда ауызша тілдік қарым-
қатынасты жүзеге асырады; тілдік қарым-қатынастың әртүрлі мақсаттары мен тактикаларын 
іске асыру үшін түрлі тілдік құралдарды пайдалана отырып, әңгімеге бастамашы бола алады 
және диалогты қолдайды; проблемалық сипаттағы ақпаратты жинақтай отырып, монолог 
құрастырады; өз пікірін қорғайды және дәлелдейді; өз пікірін білдіре отырып, әңгіме 
нысанасына қатысты сөйлеушінің көзқарасын бағалайды; тақырыбы/басы/соңы бойынша 
мәтін мазмұнын болжайды; өз сөздерін ресімдеу кезінде грамматикалық, стилистикалық 
нормаларды сақтайды. 
Оқылым: 
білім алушы әр түрлі типтегі, жанрлар мен стильдердегі мәтіндерден негізгі және 
егжей-тегжейлі ақпаратты (мәтіндік, сандық, графикалық) түсінеді және өзінше түсіндіреді; 
мәтіннің астарлы мағынасын түсінеді; зерттеп, шолып, таңдап, белгілеп оқуды, арнайы 
ақпарат алу үшін оқуды, талдамалық оқуды, белгілі бір мақсатпен оқуды қоса алғанда, оқу 
стратегияларын пайдаланады; әртүрлі дереккөздерден қажетті ақпараттарды алады, оларды 
талдайды және жинақтайды; қарым-қатынастың әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени 
және оқу-танымдық аяларына қатысты мәтіндердің құрылымдық, лингвистикалық және 
стилистикалық ерекшеліктерін салыстырады; дәлелдер мен фактілерді ажырата отырып
ақпараттың өзектілігі мен құндылығы тұрғысынан мәтінді бағалайды. 
Жазылым: 
білім алушы естіген және оқыған ақпараттарын жинақтай отырып, әртүрлі типтегі, 
жанрдағы және стильдегі мәтіндерді жазады; ақпаратты ұсынудың әртүрлі нысандарын 
пайдалана отырып, мәтін құрастырады (оның ішінде, баспа); ұсынылған ақпаратты талдау 
және бағалау қабілетін көрсете отырып, өзінің проблемалық сипаттағы мәтінін (мақала, эссе, 
хат және т.б.) жазады; әртүрлі типтегі, жанрдағы және стильдегі мәтіндердің құрылымдық-
композициялық, тілдік ерекшеліктерін салыстырады; анықтамалық материалды пайдалана 
отырып мәтіндерді түзетеді және редакциялайды; белгілі бір тақырып бойынша қарапайым, 
күрделі және жан-жақты жоспар жасайды; орфографиялық, грамматикалық және 
стилистикалық нормаларды сақтайды. 
3




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет