Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде) пәнінен тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы


-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ



бет7/10
Дата18.10.2019
өлшемі64,51 Kb.
#50242
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
тжб қаз тіл 6- сынып

3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ


Жиынтық бағалауға шолу

Ұзақтығы: 40 минут Оқылым – 15 минут Жазылым – 25 минут

Тыңдалым мен айтылым бөлек тексеріледі Балл саны: 30


Тапсырмалар түрлері


Көп таңдауы бар сұрақтар

Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар Толық жауапты қажет ететін сұрақтар



Жиынтық бағалаудың құрылымы


Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 компоненттен тұрады: Біріншісі - тыңдалым, айтылым және әдеби тіл нормаларын, екіншісі - оқылым және әдеби тіл нормаларын, үшіншісі - жазылым және әдеби тіл нормаларын тексеруге арналған.

Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы


*Тапсырма

Қамтылатын мақсаттар

Тапсырмал ар түрлері

*Тапсырмалар сипаттамасы

*Орындау уақыты, мин

Балл

1

6.1.3.1 - тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, детальді ақпаратты анықтау
6.1.5.1 - тыңдалған мәтін мазмұны бойынша жалпы және нақты сұрақтарға жауап беру, мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстыру
6.1.2.1 -әлеуметтік-мәдени, ресми-іскери тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі (нұсқаулық, өмірбаян) көтерілген мәселені талдау

6.4.4.2 - етістіктің етіс түрлері мен салт, сабақты етістіктердің тіркесімдік мүмкіндігін ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолдану



Толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Тапсырма жұппен орындалады. Оқушыларға тақырыпқа қатысты мәтіндер беріледі, оқушы жеке отырып оқиды (немесе аудио арқылы тыңдатуға болады).

Оқушылар мәтінді тыңдау немесе оқу барысында мәтіннің мазмұнын түсініп, детальді ақпаратты анықтайды, өз сөзінде қолданады, шынайы өмірмен байланыстырады.

Тыңдаушы жұбы мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қояды, көтерілген мәселені талдайды. Дәл осылай екінші оқушы тапсырманы қайталайды. Бағалау екі оқушыға жеке-жеке қойылады. Етістіктің етіс түрлері мен салт, сабақты етістіктердің тіркесімдік мүмкіндігін ауызша тілдесім барысында қолданады.


Тыңдалым мен айтылым сабақтан тыс, қосымша уақытта өткізіледі (әр білім алушыға 3-5 минут беріледі)

10

2-4

6.2.1.1 - мәтіннен негізгі және қосымша, детальді ақпаратты анықтау, түсіндіру
6.2.4.1 - ауызекі және ресми стильдегі мәтіндердің тақырыбын, мазмұнын, тілдік ерекшелігін салыстыру
6. 2.3.1 -ауызекі сөйлеу этикеттері мен көркем сөйлеудің құрылымдық және жанрлық ерекшеліктерін ажырату
6.4.4.1 - сөйлемдегі есімдіктің қызметін түсіну,

Көп таңдауы бар, қысқа және толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Мәтінді оқып, мазмұны негізінде берілген сұрақтарға жауап береді және мәтінге қатысты өз пікірін, көзқарасын білдіріп жазады. Мәтіннен негізгі және қосымша, детальді ақпараттарды анықтайды. Ауызекі сөйлеу этикеттері мен көркем сөйлеудің ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы таниды. Сөйлемдегі есімдіктің қызметін түсініп, есімдікті зат есім, сын есімнің орнына қолданады.

15

10







есімдікті зат есім, сын есімнің орнына қолдану













5

6.3.4.1 -эссе тақырыбынан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу («келісу, келіспеу» эссесі)

6.3.1.1 - әртүрлі жанрдағы мәтіндерді жазу үшін құрылымын ескере отырып, қарапайым жоспар құру

6.4.4.3 - үстеудің мағыналық түрлерін ажырату, синонимдік қатарларын түрлендіріп қолдану


Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Оқушылар ұсынылған екі тақырыптың бірін таңдап, жазба жұмысын орындайды.

Жазылым жұмысында тақырыптан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу

себептерін айқын көрсетіп, көркемдегіш құралдарды орынды қолданып, орфографиялық, пунктуациялық нормаға сай жазуы бағаланады. Үстеудің мағыналық түрлерін ажыратып, синонимдік қатарларын түрлендіріп қолданады.


25

10

Барлығы

40 минут

30

24

Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгісі


«Қазақ тілі Т1» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары Тыңдалым мен айтылым

Тапсырма

Оқушылар мәтінді тыңдау немесе оқу барысында мәтіннің мазмұнын түсініп, детальді ақпаратты анықтайды, өз сөзінде қолданады, шынайы өмірмен байланыстырады.




  1. Мәтінді оқып шығыңыз. Мәтіндегі детальді ақпаратты анықтап, мазмұндауда қолданыңыз. Ақпараттарды шынайы өмірмен байланыстырып, көтерілген басты мәселені анықтаңыз. Өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз.

  2. Өз жұбыңызды мұқият тыңдауға тырысыңыз. Оның мәтіні бойынша маңызды деп санайтын 2 сұрақ қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысып, пікіріңізді білдіріңіз. [10]

1-мәтін


Әзиз Тастанбеков, профессор, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, қазақ күресінің жанашыры:

– Көкпар десе, қазақ күресі десе айрықша рухтанып, тақым қыспайтын қазақ жоқ. Біз де әрдайым елеңдеп, рухтанып отырамыз. Күреспен бала кезден айналыстық. Еркін күрестен де, классикалық күрестен де, оның ішінде қазақ күресінен де спорт шебері болдық, дегенмен, осы ұлттық спорт түрінің көптен кенжелеу қалып келе жатқаны рас еді. Баяғыда ел ішінде жылына бір мәрте жарыс ұйымдастырылса, қатты қуанатын едік. Иә, қазақ күресі қақпайды көп көрді. Ертеректе, Оңтүстік Қазақстан облысында, Жетісайда қазақ күресіне жанашыр ағаларымыз он-жиырма жылда бір рет болсын, жарыстар ұйымдастыратын. Соған ел ауыл- ауылдан ағылып келетін еді. Ол іс-шара үлкен тойға ұласатын. Енді сол бірталай теперішке түскен Қазақ күресінің бағын Ислам Әбішев пен мына Серік інілеріміз бастаған азаматтар ашып, ұлттық ойында әлемдік деңгейдегі дүбірге қоса бастады. Елім, халқым деген осынау еңбектері адал жігіттер аман болсын. Енді Қазақ күресін олимпиадаға қосуды діттеп отыр. Ол күннің келетініне де кәміл сенемін…


2-мәтін

Қазақстандық спортшылар Ашхабад қаласында жауынгерлік өнер түрлері бойынша

жабық ғимаратта өтіп жатқан V Азия ойындарында сәтті өнер көрсетуде. Бүгін спортшылар ел қоржынына 3 «алтын», 3 «күміс», 4 «қола» медаль салды.

Жеңіл атлеттеріміз 3 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль еншіледі. Әйелдер арасында 60 метрге жүгіруде Виктория Зябкина 7.32 секундтық нәтижемен алтын, Ольга Сафронова қола медаль жеңіп алды. Сондай-ақ, әйелдер арасында 400 метрге жүгіру сынында отандасымыз Елена Микина алдына жан салмады. Елена 53.37 секундтық нәтижемен жеңімпаз атанды. Ал ерлер арасындағы бәсекеде Михаил Литвин үшінші орынды қанағат тұтты.

Бұған дейін Ольга Рыпакова мен Мария Овчинникова әйелдер арасында үш қарғып секіруден 1 алтын, 1 күміс медаль еншілеген болатын.

Белбеу күресінен сынға түскен Ерсұлтан Мұзаппаров және Перизат Жақыпбекова күмісті, Дидар Сәтбаев қола медальді жеңіп алды. Сондай-ақ, джиу-джитсудан 55 кг салмақта өнер көрсеткен Галина Дуалова қола медальға қол жеткізді.

Сонымен, Азия ойындарының төртінші күнгі қорытындысы бойынша, Қазақстан 3- орында.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет