Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойыңыз.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқауды оқып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығын хабарлаңыз. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтыңыз.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіңіз. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қоюды ұсыныңыз.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отырыңыз.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтініңіз.
Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
ЖОБА
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
Жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы: 40 минут Оқылым – 15 минут Жазылым – 25 минут
Тыңдалым мен айтылым бөлек тексеріледі Балл саны: 30
Тапсырмалар түрлері
Көп таңдауы бар сұрақтар
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 компоненттен тұрады: Біріншісі - тыңдалым, айтылым және әдеби тіл нормаларын, екіншісі - оқылым және әдеби тіл нормаларын, үшіншісі - жазылым және әдеби тіл нормаларын тексеруге арналған.
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
*Тапсырма
|
Қамтылатын мақсаттар
|
Тапсырмал
ар түрлері
|
*Тапсырмалар сипаттамасы
|
*Орындау
уақыты, мин
|
Балл
|
1
|
6.1.4.1 -мәтіннің құрылымдық ерекшелігіне назар аудара отырып, жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау.
6.1.2.1 - әлеуметтік-мәдени, ресми-іскери тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі (құттықтау, интервью) көтерілген мәселені талдау
6.1.5.1 -тыңдалған мәтін мазмұны бойынша жалпы және нақты сұрақтарға жауап беру, мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстыру
6.4.2.1 - екпіннің түрлерін (сөз екпіні, тіркес екпіні, логикалық екпін) сөз және сөйлем ішінде орынды қолдану
|
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
|
Тапсырма жұппен орындалады. Оқушыларға тақырыпқа қатысты мәтіндер беріледі, оқушы жеке отырып оқиды (немесе аудио арқылы тыңдатуға болады).
Оқушылар мәтінді тыңдау немесе оқу барысында мәтіннің мазмұнын түсініп, негізгі ойды, көтерілген мәселені анықтайды, мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстырады.
Тыңдаушы жұбы мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қояды, көтерілген мәселені талдайды. Дәл осылай екінші оқушы тапсырманы қайталайды. Бағалау екі оқушыға жеке-жеке қойылады. Сөз және сөйлем ішіндегі екпін түрлерінің (сөз екпіні, тіркес екпіні, логикалық екпін) орынды қолдануы бағаланады.
|
Тыңдалым мен айтылым сабақтан тыс, қосымша уақытта өткізіледі (әр білім алушыға 3-5 минут беріледі)
|
10
|
2-4
|
6.2.1.1 - мәтіннен негізгі және қосымша, детальді ақпаратты анықтау, түсіндіру
6.2.6.1 -оқылым стратегияларын қолдану: комментарий жасау, іріктеп оқу, рөлге бөліп оқу
6.2.2.1 -ауызекі сөйлеу және көркем сөйлеудің стильдік ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану
|
Көп таңдауы бар, қысқа және толық жауапты қажет ететін сұрақтар
|
Көлемі 120-150 сөзге жуық мәтін беріледі. Мәтінді оқып, мазмұны негізінде берілген сұрақтарға жауап береді. Мәтіннен негізгі және қосымша, детальді ақпаратты анықтайды. Мәтінді оқу барысында іріктеп оқу стратегиясын қолданады. Мәтінге қатысты өз пікірін, көзқарасын білдіріп жазады.
Ауызекі сөйлеу және көркем сөйлеудің
|
15
|
10
|
ЖОБА
|
6.2.5.1 -мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастыру
6.4.1.1 - тақырып бойынша жеке сөздер, бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жазу
|
|
стильдік ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы таниды. Тақырып бойынша жеке сөздер, бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жазады.
|
|
|
5
|
6.3.1.1 -әртүрлі жанрдағы мәтіндерді жазу үшін құрылымын ескере отырып, қарапайым жоспар құру
6.3.2.1 -жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай құрылымын сақтай отырып мінездеме, құттықтау құрастырып жазу
6.3.4.1 - эссе тақырыбынан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу («келісу, келіспеу» эссесі)
6.4.1.1 -тақырып бойынша жеке сөздер, бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жазу
|
Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар
|
Оқушылар ұсынылған екі тақырыптың бірін таңдап, жазба жұмысын орындайды. Бірінші жұмыста жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай құрылымын сақтай отырып берілген жазба жұмысын жазады. Екінші жазылым жұмысында тақырыптан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша келісу- келіспеу себептерін айқын көрсетіп, көркемдегіш құралдарды орынды қолданып, орфографиялық, пунктуациялық нормаға сай жазуы бағаланады.
|
25
|
10
|
Барлығы
|
40 минут
|
30
|
9
Достарыңызбен бөлісу: |