Оқылым
Тапсырма
Мәтінді оқып, төменде берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
[10]
Ақтөбе өңірі, Хромтау ауданында Ойсылқара кесенесі бар. Этнографиялық-тарихи ескерткіш ретінде республикалық тізімге енген. Аспан астындағы құнды жәдігер. Бірақ мұны жергілікті халықтың бірі білсе, бірі білмейді. Ойсылқара - өркешті жануар пірі екенін Құмсай ауылының оқушылары тек кітаптан оқыған еді. Енді жазғы демалыстарын тарихи орында өткізіп, оның қорымын көзбен көрді. Аңыз астарында ақиқат бар. Есет осы уақытқа дейін Ойсылқараны қиялдан туған кейіпкер деп ойлаған. Енді оның өзі туған өлкеге табаны тиген адам екенін білді. Танымын кеңейтіп, тарихи әңгімелерді таңдана тыңдады.
Есет Жақыбай, оқушы:
Көне дәуірдегі жазуларды оқығым келіп, ынтам туды және аз уақыттың ішінде тарихшы не археолог болам деген де ойлар туды. Былайша айтқанда, тарихи жерге келуімнің арқасында тарихқа деген қызығушылығым оянды. VI ғасырда бұл жерге Ойсылқараның түйесі шөгіп, кейін тасқа айналған. Қорымы да осы жерде. Аңызға арқау болған тас обаларды археолог Серік Әжіғали бастаған топ зерттеп, тіркеуге алды. Хромтау өңірінде бұдан өзге оннан аса ашық ескерткіш аспан астында тұр.
Мөлдір Нұржанова, лагерь жетекшісі:
Мектеп бағдарламасы аясында ғана тоқтап қалмай, өзіміздің туған жерімізді әрі қарай зерттеп, тарихи жерлерге келу әлі де жоспарда бар. Хромтау жерінде этнографиялық-тарихи ескерткіштер кезең-кезеңімен зерттеліп жатыр. Қола дәуіріндегі қорымдар мен перм, карбон дәуірлеріндегі жер қыртыстары сақталған «Айдарлы аша» да шетел тарихшыларының таңдайын қақтырған.
Мәтінде неше адамның пікірі бар?
1
2
3
4
Мәтін мазмұнына қатысты мақал-мәтелді табыңыз. А) Өткендерін ескерген - өскендіктің белгісі.
Өткендерін жек көрген - өшкендіктің белгісі.
В) Толған ел — тарихын таспен жазады, Тозған ел — тарихын жаспен жазады.
С) Тәуелсіздік – тарих тұлпарының қос тізгіні.
D) Бұл заманның ісін есті бітірмейді, епті бітіреді.
Берілген сөздердің синонимін мәтіннен тауып жазыңыз. аймақ
түйе шындық заман
[1]
[1]
[2]
Мәтіндегі негізгі және қосымша 3 ақпараттарды ажыратыңыз.
Негізгі ақпарат
|
Қосымша ақпарат
|
1.
2.
3.
|
1.
2.
3.
|
[3]
Мәтінге қатысты ой-тұжырымыңызды жазыңыз.
[3]
Жазылым
Төменде берілген екі тақырыптың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз. Жазылым жұмысында тақырыптан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көркемдегіш құралдарды орынды қолданып, орфографиялық, пунктуациялық нормаға сай жазыңыз.
1.Астана – мәдениет пен өнер ордасы екендігін дәлелдеп аргументті эссе жазыңыз.
2. Кез келген тарихи тұлға туралы эссе жазыңыз.
[10]
Балл қою кестесі
Тыңдалым және айтылым
№
|
Балл
|
Грамматика мен лексиканы
дұрыс қолдануы
|
Сұрақты түсіну мен толық жауап
беру қабілеті
|
1
|
9-10
|
Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын өте жақсы түсінеді.
Сөз саптауы дұрыс, анда-санда мардымсыз қателерді жібереді.
|
Тақырыпты өте жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабы тез әрі орынды.
Талқылау кезінде өз ойын толық жеткізе алады.
|
2
|
7-8
|
Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын жақсы түсінеді.
Сөз саптауы дұрыс, анда-санда қателер жібереді.
|
Тақырыпты жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабын ойланып, әрі орынды жеткізеді.
Талқылау кезінде өз ойын түсінікті жеткізе алады, бірақ кейде сырттан қолдауды қажет етеді.
|
5-6
|
Грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдану аясын орташа түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, қателері байқалғанмен, түсінуге кедергі тудырмайды.
|
Тақырыптың негізгі тараптарын түсінеді, бірақ күрделі сұрақтарды талдауда едәуір қиналады.
Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады.
Талқылау кезінде қолдауды қажет етеді, жауаптарын алдын ала дайындап келгендей көрінеді.
|
3-4
|
Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын аздап түсінеді.
Сөз саптауы нақты емес, түсініспеушілікті тудырады.
|
Тақырыпты түсінуде қиналады. Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады, тақырыпты ашуды дамыта алмайды.
Талқылау кезінде жақсы қолдаусыз өзін көрсете алмайды.
|
1-2
|
Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын өте аз түсінеді.
Түсініспеушілікті тудыратын, қайталанып келетін қателер жиі кездеседі.
|
Тақырыпты түсінуде қатты қиналады.
Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады, тіпті жауап бере алмайды.
Талқылауға өте аз қатысады.
|
Оқылым
№
|
Жауап
|
Балл
|
1
|
В
|
1
|
2
|
А
|
1
|
3
|
Өңір, өркешті жануар, ақиқат, дәуір.
|
2
|
4
|
/Оқушы жауабы ескеріледі./
|
3
|
5
|
/Оқушы жауабы ескеріледі./
|
3
|
Барлығы
|
10
|
Жазылым
№
|
Балл
|
Сипаттамасы
|
1
|
9-10
|
Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен көркем тіл құралдары орынды қолданылған.
Ойын еркін әрі толық жеткізеді, күрделі әсерлерді жеткізе алады, техникалық қателерді жібермейді.
|
2
|
7-8
|
Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен тіл құралдары үйлесімді түрде қолданылған.
Ойын анық әрі еркін білдіруі тиісті әсерді береді, жіберілген кейбір техникалық қателер түсінуді қиындатпайды.
|
5-6
|
Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен кейбір сипаттау құралдары қолданылған.
Ойын анық білдіреді, бірақ бір сарыннан шықпайды, техникалық қателер (мәтіндегі сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) жалпы әсерді бұзады.
|
3-4
|
Құрылымы жүйесіз немесе анық емес, нақты суреттеу мен қарама-қайшылықтарды баяндау қабілеті жетіспейді.
Сөз саптауы нақты болғанымен, жүйесіздік байқалады, жиі техникалық қателер (сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) жібереді.
|
1-2
|
Көркем тіл құралдары аз қолданылған немесе мүлдем қолданылмаған.
Сөздер кейде анық емес, техникалық және құрылымдық қателер (сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) мағынаны толық түсінуге қиындық келтіреді.
|
Достарыңызбен бөлісу: |