Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде) пәнінен тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы



бет1/10
Дата18.10.2019
өлшемі64,51 Kb.
#50242
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
тжб қаз тіл 6- сынып



Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде)
пәнінен тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы
6-сынып

ЖОБА

ЖОБА

МАЗМҰНЫ



  1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты 4

  2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар 4

  3. Күтілетін нәтижелер 4

  4. Ойлау дағдыларының деңгейі 4

  5. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі 6

  6. Модерация және балл қою 6

1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 7

2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 15

3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 22

4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 30



ЖОБА
  1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты

Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған.

Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.


  1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар

«Қазақ тілі (бірінші тіл)» пәні бойынша (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) негізгі орта білім беру бағдарламасы (5-9 сыныптар)


  1. Күтілетін нәтижелер Тыңдалым және айтылым:


білім алушы қарым-қатынастың әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени, оқу- кәсіптік салалардағы мәтіндерін түсінеді; сөйлесу тәртібінің, бағалаудың ашық және жабық түрде берілген нысандарын таниды; әртүрлі өмірлік жағдаяттарда ауызша тілдік қарым- қатынасты жүзеге асырады; тілдік қарым-қатынастың әртүрлі мақсаттары мен тактикаларын іске асыру үшін түрлі тілдік құралдарды пайдалана отырып, әңгімеге бастамашы бола алады және диалогті қолдайды; проблемалық сипаттағы ақпаратты жинақтай отырып, монолог құрастырады; өз пікірін қорғайды және дәлелдейді; өз пікірін білдіре отырып, әңгіме нысанасына қатысты сөйлеушінің көзқарасын бағалайды; тақырыбы/басы/соңы бойынша мәтін мазмұнын болжайды; өз сөздерін ресімдеу кезінде грамматикалық, стилистикалық нормаларды сақтайды.

Оқылым:


білім алушы әртүрлі типтегі, жанрлар мен стильдердегі мәтіндерден негізгі және егжей- тегжейлі ақпаратты (мәтіндік, сандық, графикалық) түсінеді және өзінше түсіндіреді; мәтіннің астарлы мағынасын түсінеді; зерттеп, шолып, таңдап, белгілеп оқуды, арнайы ақпарат алу үшін оқуды, талдамалық оқуды, белгілі бір мақсатпен оқуды қоса алғанда, оқу стратегияларын пайдаланады; әртүрлі дереккөздерден қажетті ақпараттарды алады, оларды талдайды және жинақтайды; қарым-қатынастың әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени және оқу-танымдық аяларына қатысты мәтіндердің құрылымдық, лингвистикалық және стилистикалық ерекшеліктерін салыстырады; дәлелдер мен фактілерді ажырата отырып, ақпараттың өзектілігі мен құндылығы тұрғысынан мәтінді бағалайды.

Жазылым:


білім алушы естіген және оқыған ақпараттарын жинақтай отырып, әртүрлі типтегі, жанрдағы және стильдегі мәтіндерді жазады; ақпаратты ұсынудың әртүрлі нысандарын пайдалана отырып, мәтін құрастырады (оның ішінде, баспа); ұсынылған ақпаратты талдау және бағалау қабілетін көрсете отырып, өзінің проблемалық сипаттағы мәтінін (мақала, эссе, хат және т.б.) жазады; әртүрлі типтегі, жанрдағы және стильдегі мәтіндердің құрылымдық- композициялық, тілдік ерекшеліктерін салыстырады; анықтамалық материалды пайдалана отырып мәтіндерді түзетеді және редакциялайды; белгілі бір тақырып бойынша қарапайым, күрделі және жан-жақты жоспар жасайды; орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық нормаларды сақтайды.

ЖОБА
  1. Ойлау дағдыларының деңгейі





Дағдылар тобы

Ойлау дағдылары ның деңгейі

Сипаттама

Сұрақтар түрі

Тыңдалым мен айтылым

Білу және түсіну
Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары



  • тақырыптық мәтіндерді түсінеді, болжайды;

  • сөйлесу ерекшеліктерін таниды;

  • ауызша тілдік қарым-қатынасты жүзеге асырады;

  • жалпы және нақты сұрақтарға жауап береді;

  • тілдік құралдарды пайдаланады;

  • әңгімеге, диалогке қатысады;

  • ақпаратты жинақтайды;

-диалог, монологтердегі көтерілген мәселені талдайды, өз пікірін қорғайды және дәлелдейді;

  • сөйлеушінің көзқарасын бағалайды;

  • грамматикалық, стилистикалық нормаларды сақтайды.

мәтіннен негізгі және детальді ақпаратты анықтайды; ауызекі сөйлеу мен көркем сөйлеуді тілдік құралдар арқылы таниды; ауызекі сөйлеу мен көркем сөйлеудің құрылымдық және жанрлық ерекшеліктерін ажыратады; мәтін негізіндегі берілген сұрақтарға нақты жауап береді; оқылым стратегияларын қолданып, комментарий жасайды; іріктеп және рөлге бөліп оқиды; сілтеме жасай алады.



Ауызша толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Оқылым және әдеби тіл нормалары

Білу және түсіну

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары


  • мәтіннен негізгі және детальді ақпаратты анықтайды;

  • ауызекі сөйлеу мен көркем сөйлеуді тілдік құралдар арқылы таниды;

  • ауызекі сөйлеу мен көркем сөйлеудің құрылымдық және жанрлық ерекшеліктерін ажыратады;

-мәтін негізіндегі берілген сұрақтарға нақты жауап береді;

  • оқылым стратегияларын қолданып, комментарий жасайды;

  • іріктеп және рөлге бөліп оқиды;

  • әртүрлі дереккөздерден қажетті ақпараттарды алады, оларды талдайды және жинақтайды;

Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Жазылым

және әдеби тіл



Білу және

түсіну Қолдану



  • естіген және оқыған ақпараттарын жинақтайды;

  • әртүрлі жанрдағы мәтіндер жазу үшін

Жазбаша

толық жауапты



ЖОБА

нормалары

Жоғары деңгей дағдылары



жоспар құрады;

-мінездеме, өмірбаян, құттықтауды жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай жазады;



  • графиктік мәтін құрастырады;

  • эссе жазу барысында абзацты жүйелі құрастырып, «келісу, келіспеу» эссесін жазады;

-жинақы мәтін жаза алады.

  • орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық нормаларды сақтайды.

қажет ететін сұрақтар





  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет