Қазақ тілі. ӨЗдік жұмыстарға арналған мәтіндер


Уәли сұлтан (1741 – 1821 жж.)



бет6/15
Дата08.01.2017
өлшемі2,85 Mb.
#6465
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

4.9 Уәли сұлтан (1741 – 1821 жж.)

Уәли сұлтан (1741 - 1821) – Абылай хан... үлкен ұлы. Анасы Абылай ханның екінші әйелі Сайман ханым. Орта жүздің хан... болған. Оның 14 баласы болған.Үлкен әйел...нен 5 бала, кіші әйелінен, Айғанымнан, 9 бала болған.

Абылай ханның Пекин... жіберген елшігі. Оны Абылай ханның үлкен ұлы Уәли сұлтан басқарған. Елшіліктің құрамы... 15 адам болды. Олардың қатар...нда Бұқар жыраудың ұлы Жарылған би мен жалайыр...дың биі Қараби бар еді. Елшілік 1769 ж. мамыр... Пекинге келіп, Қытай император...ның қабылдауы... болған. Бұл елшілік Абылай ханның Қытай... бейбіт қарым-қатынаста болып, онымен сауда-саттықты дамыта түсуге ынталы екендігін танытты.
Тапсырмалар
1. Мәтін бойынша сөздік құрастырыңыздар.

2. Мәтін бойынша синквейн (5 жол өлең- пятистишие) құрастырыңыздар.

3. Көп нүктенің орнына жалғауларын қосыңыздар.

4. Мәтіннен Сіз үшін жаңа сөздермен сөйлем құрастырыңыздар.


5 Жыраулар
5.1 Асанқайғы (XIV - XV ғғ.)
Асанқайғы Сәбитұлы – жырау, суырып салма ақын. XIV ғасырдың екінші жартысында Еділ бойында дүниеге келген философ-ақын, қазақтың жырауы, XV ғасырдың 60-жылдары қайтыс болған. Оның шығармашылығында негізгі орын алатын қазақ тұрмысының өзекті мәселелерін арқау еткен философиялық-нақылдық жанрлар: толғау, терме, шешендік сөздер болып табылады.

Асанқайғы Алтын Орда хандығының, сонан кейін Қазақ хандығының негізін салған Ұлығ Мұхаммедтің ең беделді кеңесшілерінің бірі болған. Шығыс Дешті-Қыпшақта өрбіген саяси күрес кезеңінде Әбілқайыр ханның қарсыластары – 1456 жылы Қазақ хандығының негізін қалаған сұлтандар Керей мен Жәнібектің жағында болды. Сонымен бірге, бұл хандықтың идеологы, барлық қазақ руларының бір мемлекетке бірігуін құптағандардың бірі.

Асанқайғы көшпенді халық тұрмысына жұт, табиғи апаттар көп нұқсан келтіретінін жете сезеді. Осыған орай, Асанқайғының жанға жайлы, жері нулы, суы мол, барлық адамдар терезесі тең өмір сүретін жерұйықты іздегені туралы аңыз да елге кең тараған. XV ғасырдың орта шенінде Ақ Орда күйреген соң, қазақтардың руларының Шығыс Дешті-Қыпшақтан Шу мне Талас өзендеріне үдере көшуін тудырған өзара феодалдық қырқысулар аңызда айқын суреттелген.

Асанқайғы – қазақ халқының ертеңін ойлап, еңсесін көтеруді өмірлік мұрат еткен дала абызы. Осыған байланысты, Желмаясымен жер жаннатын іздеген жырауды Асанқайғы деп атап кеткен. Тұла бойы ізгілікке толы, халқын сүйген дананы Ш.Ш. Уәлиханов «көшпенділер философы» деп атайды.

Асанқайғының нақ жерленген жері белгісіз. Екі дерек бар: біріншісі бойынша, Жезқазған облысының Ұлытау ауданында, ал екіншісі бойынша, Қызылорда облысының Шиелі ауданындағы Шиелі ауылынан 16 шақырым жерде жерленген екен. Асанқайғыға арнап жасалған ескерткіш «Асан ата күмбезі» деп аталады, Қызылорда облысында орналасқан, бұл ескерткіш 1982 жылдан бері мемлекет қорғауында.
Сөздік
суырып салма ақын – поэт-импровизатор

аркау еткен – в которых поднимались

толғау – стихотворение-размышление

терме – нравоучительные песни

негізін салу (= қалау) – основать

ең беделді – самый авторитетный

кеңесші – советник

өрбіген – возрастающая

құптағандардың бірі – один из тех, кто поддержал

жұт – джут - (массовый падеж скота)

табиғи апаттар – природные бедствия

нұқсан келтіру – нанести вред

жете сезу – основательно (детально) чувствовать

осыған орай – в связи с этим

жері нулы – плодородные земли

жерұйық – рай

кең тараған – широко распространилось

күйреген соң – после падения

үдере көшуін тудырған – кочевать с насиженных мест

өзара феодалдық қырқысу – межфеодальная вражда

айқын суреттелген – ярко изображен

ертеңін ойлау – думать о завтрашнем дне

еңсе көтеру – приободрять, поднимать дух

дала абызы – степной мудрец


Тапсырмалар
1. Мәтінді оқып, мазмұнын айтып беріңіздер.

2. Мәтінге сұрақтар құрастырыңыздар.

3. Мәтіннен көмекші сөздерді қатысты сөздермен теріп

жазыңыздар.

4. Мәтіннен алынған келесі сөздердің синонимдерін табыңыздар: мұрат, шен, нұқсан, ізгілік, негіз салу, абыз, барлық, өмірлік, құптаған.

5. Мәтіннен есімше мен көсемшелерді жазып алып, олардың жұрнақтарын белгілеңіздер.

6. Мәтіндер бойынша кез келген сөздерді қолданып, келесі тапсырмаларды орындаңыздар: дыбыстық талдау, морфологиялық талдау, синтаксистік талдау.

7. Қарамен берілген сөздерді формалдық белгілері арқылы қай сөз табына жататынын анықтаңыздар.

8. Мәтіннен тәуелдік жалғаулы сөздерді теріп жазып, жағын және жекеше-көпше түрін көрсетіңіздер.
5.2 Ақтамберді (1675 – 1768 жж. )

Оңтүстік Қазақстан өңіріндегі Қаратауда туған, 1768 жылы Семей облысының Абай ауданындағы Жүрекжота деген жерде қайтыс болған. Жорық жырауы, әскербасы, қоғам қайраткері.

Қазақ халқы басынан кешірген ұлы күйзелістер кезінде өмір сүрген Ақтамберді 17 жасынан бастап қалмақтармен, Орта Азия билеушілерімен болған шайқастарға қатысады. Бұл соғыстарда ол батылдығымен ерекшеленеді, кейінірек әскербасылық қабілетімен де көзге түседі. Талай-талай ұрыстарда ысылып, батыр атанған Ақтамберді жырау тарихқа «Ұлы апат жылдары» болып енген оқиғалардың ішінде жүрді. Жоңғарларға қарсы ұлт-азаттық күресін ұйымдастырушылардың бірі.

Жоңғар мемлекетін талқандап, Қазақстанның шығыс өңірін жау қолынан босатқаннан кейін, Ақтамберді жырау қазақтарды ежелгі ата-бабалары өмір сүрген қоныстарына орналастыруға белсене атсалысты. Ол өз қарамағындағы қазақ руларын отырықшылыққа үйретуге тырысты. Бұл бағытта арық қазуды, бөген салуды ұйымдастырып, қазақтарды егін шаруашылығына үйретуді қолға алды.

Ақтамберді жырау туындылары негізінен нақыл-өсиет түрінде келеді. Олардан көшпелі қазақ халқының ой-арманын, мақсат-мүдделерін білуге болады. Көшпенділердің өміріндегі үй жануарлары, әсіресе жылқының орны мен рөлі туралы ой-толғаулары өзгелерден биік тұрады. Ол жылқы малын «ер қанаты» дей келе, оны жауға қарсы шапқан батырдың серігі ретінде суреттейді. Ақтамберді жырларының арқауы батырлыққа үндеу, жауға қарсы соғысқа жігерлендіру болып табылады. Ол жоңғарлардың билігінде қалған қазақ далаларын азат етуді, қазақ халқының өрлеуін, жоңғар басқыншыларын толығымен жеңуді армандайды.

Көптеген өлеңдерінде қазақ халқын жауға қарсы жан аямай күресуге шақырады. Ақтамберді жыраудың сұрапыл соғыстар мен қызу шайқастар кезінде туындаған өлеңдері XVIII ғасырдағы қазақтардың жауынгерлік өр рухын дәріптейді.



Сөздік
ұлы күйзелістер кезінде – в период великого упадка

ерекшелену – выделяться

әскербасылық қабілеті – способности военоначальника

талай-талай – неоднократно

ұрыстарда ысылу – закаляться в битвах

Ұлы апат жылдары – Годы великого бедствия

жау қолынан босатқаннан кейін – после освобождения от врага

арық қазу – рыть канавы (каналы)

бөген салу – строить водохранилище

қолға алу – зд: заниматься

батырдың серігі – спутник (товарищ) батыра

жауға қарсы шабу – выйти против врагов

жігерлендіру – набраться отваги

азат ету – освободить

өрлеу – взлет, полет

басқыншылар – захватчики

толығымен – полностью

жан аямай – не жалея жизни

сұрапыл соғыстар – свирепые войны

қызу шайқастар – суровые битвы

жауынгерлік өр рухы – несгибаемый воинский дух

дәріптеу – восхвалять
Тапсырмалар
1. Мәтінді оқып, мазмұнын айтып беріңіздер.

2. Мәтінге сұрақтар құрастырыңыздар.

3. Мәтіннен Сіз үшін жаңа сөздермен сөйлем құрастырыңыздар.

4. Қарамен берілген сөздерді формалдық белгілері арқылы қай сөз табына жататынын анықтаңыздар.

5. Сөздерді оқып, олардың қай сөздерден жасалатынын көрсетіңіздер: ұйымдастырушылардың, басқыншы, жауынгерлік, ұлт-азаттық, егін, армандау, батырлық, жігерлендіру.

6. Мәтіннен біріккен және қосарлы сөздерді қатысты сөздермен бірге теріп жазыңыздар.

7. Тұйық етістіктерді жазып алып, қай тұлғада тұрғанын көрсетіңіздер.
5.3 Бұқар Қалқаманұлы (1668 – 1781 жж.)

Бұқар Қалқаманұлы – қазақтың аса көрнекті жырауы, мемлекеттік қайраткері. Ұзақ ғұмыр сүрген ол көптеген тарихи оқиғалардың куәгері. Тәуке хан тұсында беделді билердің бірі болған. Материалдық-тұрмыстық қиындықтарды басынан кешіріп, Ақтабан шұбырынды жылдарда өз билігінен айрылған Бұқар жырау билік басына Абылай хан келгенде мемлекеттік істерге қайта араласады. Ханның бас кеңесшісі және ең беделді билерінің бірі бола отырып, жырау қазақ халқының өміріндегі күрделі мәселелерді шешуде маңызды рөл атқарды.

Өз заманында Бұқар жырау білімдар адам болған және араб тілінде жазған. Оның поэтикалық мұрасынан бізге 1200 жолға жуығы жетті. Олар XIX-XX ғасырларда ел аузынан жиналып алынған болатын. Өз дәуірінің тұрақсыз және құбылмалы сипатын Бұқар жырау заңды құбылыс ретінде қабылдайды. Оның айтуынша, әлемде ешбір зат мәңгілік емес, адам өмірі мен табиғат та өзгереді.

Бұқар жырау бір орталыққа бағынатын біртұтас мемлекетке үш жүздің бірігуін аңсайды. Сондықтан да бұл арманын жүзеге асыратын Абылай хан деп санап, Бұқар жырау өзінің іс-әрекеті мен өлеңдері арқылы оны қолдап, хандық билікті нығайтып, дамыту жолында күрес жүргізеді. Ол орыс патшалығының басты мақсаты қазақ жерін отарлау саясатын жүзеге асыру екенін жақсы түсінді.

Өз туындыларында өзекті мәселелерді көтерген абыз ақын халықты бірлікке, достыққа және батылдыққа үндейді. Абылайдың кейбір іс-әрекеттерін қатты сынаған ол айбарлы ханның ақылшысы ғана емес, мемлекеттік саясат істеріне ықпал етіп отырған қабырғалы биге, өз заманының ұраншысына айналды.

Қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданы, Далба тауының баурайында қайтыс болған.


Сөздік
куәгер – свидетель

қиындықтар – трудности

басынан кешіріп – пережить

айрылу – потерять

қайта араласу – вновь заниматься

күрделі мәселелер– сложные проблемы

білімдар - знающие, знатоки, ученые

жол жуық - примерное количество (произведений)

ел аузы - уста народа

тұрақсыз – неустойчивый

құбылмалы – непостоянный

заңды құбылыс ретінде – как закономерное явление

оның айтуынша – по его мнению

әлемде ешбір зат мәңгілік емес – ничего в мире не вечно

бағыну – подчинение, повиновение

нығайту – усилить, укрепить

түсіну – понимать

үндеу – призыв, обращение

абыз – мудрый

сынау – критиковать

айбарлы – грозный, величественный

қабырғалы – сильный, крепкий

баурай – подножие, склон

Тапсырмалар
1. Мәтінді оқып, мазмұнын айтып беріңіздер.

2. Мәтінге сұрақтар құрастырыңыздар.

3. Мәтіннен Сіз үшін жаңа сөздермен сөйлем құрастырыңыздар.

4. Мәтіннен көмекші сөздерді қатысты сөздермен теріп жазыңыздар.

5. Асырмалы шырай тұлғасында тұрған сын есімдерді көрсетіңіздер.

6. Мәтіндегі бірыңғай сөйлем мүшелері кездесетін сөйлемдерді жазып алып, сол сөйлемдердің синтаксистік талдауын орындаңыздар.

7. Мәтіннен құрмалас сөйлемдерді жазып алып, түрлерін анықтаңыздар.

8. Мәтіннен келесі сөз тудырушы жұрнақтармен сөздерді теріп жазыңыздар: -лық, -лік,-дық, -дік, -тық, -тік; -шы, -ші; -лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті; -сыз, -сіз; -гер, -кер.


5.4 Қазтуған Сүйінішұлы ( XVғ. )

Қазтуған Сүйінішұлының туған, қайтыс болған жылдары белгісіз. Халық арасында Қарға бойлы Қазтуған атанып кеткен. Қазақтың XV ғасырдағы айтулы жорық жырауы. Әскербасы, батыр болған. Еділдің Ақтұма, Бозан бойларында туып-өскен.

XV ғасырдың орта шенінде іргесі жаңадан қаланған Қазақ хандығына қоныс аударған. Қазтуған жырау жорық жыршысы және халық эпосын жасаушылардың бірі саналады. Артына қазақтардың әскери рухын, туған жерін, халық өмірі мен тұрмысын суреттейтін көптеген өлеңдерден тұратын шығармашылық мол мұра қалдырды. Олардың көпшілігі сақталмаған. Дегенмен, бізге жеткен жекелеген туындылары оның әдебиет тарихы төрінен орын алуға лайықты екенін айғақтайды. Оның поэзиясы жауынгерлердің көшпелі өмірін, көзқарасын суреттейді. Және олардың тұрмысын, айналадағы құлан таза табиғат туралы ойларын бейнелейді.

Ақын-жыраудың қиялының жүйріктігі, өткірлігі, бай және әдемі көркемдік әдістері сол дәуірдегі қазақтардың поэтикалық өнерінің жоғары деңгейде болғанын, сонымен бірге, өзіндік ерекшеліктері бар екенін білдіреді. Ұлттық бояуы жағынан айқын суреттелген, жасампаз романтикамен көркемдеген, нақылдық ой орамдары мен көркемдік тіркестерге бай.

Қазтуған жырау өлеңдері көп ғасырлық өнер мектебі мен әдеби үлгі ретінде санамыздан орын алды. Қазтуған жыраудың «Мадақ жыры», «Туған жермен қоштасу» сынды туындыларын ежелгі қазақ поэзиясының таңдаулы үлгілеріне жатқызуға болады.

Сөздік
қарға бойлы - низкого роста

айтулы – известный

қоныс аудару – переезжать, переносить стоянку

жорық жыршысы – походный сказитель

лайықты – достойный, подходящий

сақталмау – не сохраниться

дегенмен – тем не менее

айғақтау – свидетельствовать

құлан таза табиғат – чистая природа

қиял – воображение, вымысел

жүйріктік – сообразительность, хваткость

өткірлік – острота

көркемдік әдістер красочные приемы

айқын суреттелген – ясно изображены

өзіндік ерекшеліктері – свои особенности

ұлттық бояу – национальное своеобразие

жасампаз – творческий

нақылдық – назидательные

көркемділік тіркес – художественное сочетание

үлгі ретінде – в качестве образца

сынды – такие как
Тапсырмалар
1. Мәтінге жоспар құрып, мазмұнын жоспар бойынша айтып беріңіздер.

2. Мәтінге сұрақтар құрастырыңыздар.

3. Зат есімнен сөз тудырушы жұрнақ арқылы жасалған етістіктерді жазып алыңыздар.

4. Мәтіннен берілген келесі сөздермен сөйлем құрастырыңыздар: лайықты, табиғат, ерекшеліктер, білдіру, бейнелеу, айғақтау.

5. Мәтіннен ауыспалы осы шақтағы етістіктерді теріп жазыңыздар, жағын және жекеше немесе көпше түрін көрсетіңіздер.

6. Мәтіндегі бірыңғай сөйлем мүшелері кездесетін сөйлемдерді жазып алып, сол сөйлемдердің синтаксистік талдауын орындаңыздар.



5.5 Шалкиіз (1465 – 1560 жж.)

Тіленшіұлы Шалкиіз жырау Батыс Қазақстанда дүниеге келген. Қазақтың ақын-жыршысы, батыр және жауынгері. Әкесі Тіленші өз тұсындағы ірі феодалдардың бірі болған, ал шешесі Ноғай ордасының ұлы биі Мұсаның қызы екен. Үш айлығында анасынан айырылған Шалкиіз нағашы атасының қолында тәрбиеленеді. Көшпелі шонжарлар ортасынан шыққан жырау еш таршылық көрмей өседі.

Бұл жағдайлар оның тұлға ретінде қалыптасуына және поэзиясына ықпал етті. Жыраудың шығармашылығынан бізге жеткен 600 жолдың шамасы. Осы азғантай мұрасының өзі-ақ сирек кездесетін дарын иесі екенін айғақтайды. 1917 жылғы төңкеріске дейін оның туындылары 12 өлең жинағы мен хрестоматияларға енді.

Шалкиіз туындылары – орыс тіліне тәржімаланған ақын-жыршылардың бірі. Оның шығармашылығын сол дәуірдегі орыс оқымыстылары мен зерттеушілері жоғары бағалаған. Темір биге айтқандары әртүрлі жинақтар мен басылымдарда төрт рет қайта басылды.

Шалкиіз Тіленшіұлы толғаулары қазақтың суырып салма өнерінің негізін қалаушы ретінде классикалық үлгі болып табылады. Өз тұсындағы әміршілердің ешқайсысының да шашбауын көтермейді. Турашылдығынан танбайды. Жырау туындылары көңіл пернесін дөп басар әсерлілігімен, кезегенін орып түсер өткірлігімен, аз сөзге көп мағына сыйғызған нақтылығымен, сұлуы сазды көркемдігі, асау серпінді қуатымен ерекшеленеді. Жыраудың ғасырлар көгінен өтіп, біздің дәуірге жеткен шағын көлемді, шымыр толғауларынан көне заман таңбасы - түз тұрғынының дүниетанымы, адамдық табиғаты, мінез ерекшеліктері, моральдық, этикалық қағидалары анық аңғарылады.

Шалкиіз жырау ғұмырының көп бөлігін Ноғай ордасының билеушісі Темір бидің қол астында өткізді. Темір би өлгеннен кейін, Мамай мен оның кенже інісі Жүсіппен бірге болды. Исмайыл мен Жүсіп арасында күрес басталғанда, Шалкиіз жырау соңғысы жағынан табылды. Өмірінің соңғы жылдарын Хақназар хан тұсындағы Қазақ мемлекетінде өткізеді.


Сөздік
анасынан айырылу – остаться без матери

шонжар – знать, вельможа

таршылық – нужда, тяготы

дарын иесі – обладатель таланта

айғақтау – свидетельствовать

төңкерісреволюция

тәржімелеу – переводить

қайта басылу – зд: вновь подавить

суырып салма өнері – искусство импровизатора

үлгі болып табылу – считаться образцом

шашбау көтеру – угодничать, прислуживать

турашылдық – говорить правду

танбау – не отказывать

перне – образ, метафора

дөп басу – удачно действовать

орып түсер өткерлік – говорить правду, быть резким в выражениях

нақтылық – точность, конкретность

сұлы сазды көркемдігі – красота, созвучие мелодии

шағын көлемді – небольшого объема

шымыр толғауларынан – сильные стихотворения-размышления

көне заман таңбасы – символ древнего времени

асау – дикий, неуправляемый

серпін – рывок, темп, ритм

ғасырлар көгінен – сквозь века

түз тұрғыны – обитатель дикой природы

этикалық қағидалары – этические наставления
Тапсырмалар
1. Мәтінді оқып, мазмұнын айтып беріңіздер.

2. Мәтіннің абзацтарына сұрақтар құрастырыңыздар.

3. Мәтіннен берілген келесі сөздермен сөйлем құрастырыңыздар: өткізу, серпін, ықпал ету, зерттеуші, әсерлілік,азғантай, мұра, айғақтау, ерекшелену, ерекшелік.

4. Мәтіннен көмекші сөздерді қатысты сөздермен теріп жазыңыздар.

5. Мәтіннен болымсыз етістіктерді жазып алып, жұрнақтарын көрсетіңіздер.

6. Мәтіннен алынған келесі сөздердің синонимдерін келтіріңіздер: тәржімалау, негіз қалаушы, қуат, қағида, шағын, көне, дәуір, анық.

7. Мәтіннен етістіктерді, етістік формаларын жазып алып, құрамын көрсетіп, түсіндіріңіздер.

8. Мәтіннен сан есімдерді теріп алып, мағынасын анықтаңыздар.



6 Шешендер
6.1 Жиренше шешен (XV ғ.)

Жиренше шешен - Шет ауданында өмір сүрген шешен. Қазақтың ақыл-парасатымен, тапқырлығымен аты аңызға айналған ділмар шешені. Аңыз-әңгімелердің дерегі бойынша ол тарихта болған, әз-Жәнібек ханның тұсында өмір сүрген кісі, бірақ тарихи шығармаларда Жәнібек ханнның төңірегінде ондай адам болды деген дерек кездеспейді.

Жиренше шешен атымен байланысты әңгімелердің ішінде ең көп тарағаны – оның көркіне ақылы сай, дана қыз Қарашашқа үйленгені. Жалпы зерттеулер Жиренше шешеннің атына қатысты аңыз әңнімелерді үш топқа бөледі. Жәнібек ханның ақылшысы әрі досы етіп көрсететін әңгімелер. Мұнда Қазақ хандығын құрысуға белсене қатысқан Жәнібек ханға деген ел ілтипатының әсері айқын аңғарылады. Екіншісі – Жиренше шешенді әлеуметтік теңсіздікке қарсы күресуші етіп көрсететін әңгімелер. Мұнда ол ханды әшкерелеуші, ханның зорлығына өзінің ақыл-парсатын қарсы қоюшы, тапқыр ақыл иесі ретінде бейнеленеді. Үшіншісі – Жиренше шешенннің көпшілік арасындағы күнделікті қақтығыстарда айтатын тапқыр әзіл-қалжың сөздері. Осы шығармалардың арасында Жиренше есімі ұмыт болмай ғасырдан ғасыр асып, бүгінгі ұрпаққа жетіп отыр.
Тапсырмалар
1. Тыңдалым. Есіңізде қандай сөздер мен сөз тіркестері қалғанын жазыңыздар. Осы сөздердің негізінде мәтін құраңыздар.

2. Мәтін бойынша синквейн (5 жол өлең- пятистишие) құрастырыңыздар.

3. Мәтінге сұрақтар құрастырыңыздар.

4. Мәтіннен мекенжайды, бағытты, анықтағышты, толықтауышты, субъектіні, бірлескен іс- әрекетті білдіретін сөздер мен сөз орамдарын анықтаңыздар.


Сырым Датұлы (1712-1802 жж.)

Датұлы Сырым (1712-1802) – Ресей патшасының отарлау саясатына қарсы күрескен Кіші жүз қазақтары көтерілісінің көрнекті басшысы, атақты батыр, әйгілі шешен.

Шыққан тегі — Кіші жүздің Байұлы тайпасының Байбақты руынан. Өзінің асқан ақылдылығы арқасында өз ортасында тым ерте танылып, әділдігімен аты шыққан «Бала би» атанды.
Сөздік

тегі – родословная

асу – превысить

ақылдылық – благоразумие, рассудительность

тым – очень

танылу – становиться известным

әділдік – справедливость
Тапсырма
1. «Елтұтқа. Елтарихының әйгілі тұлғалары» (М. Жолдасбекұлы, Қ. Сапғарұлы, А. Сейдімбек) атты кітапты пайдалана отырып, Сырым Датұлы туралы мәтінді толықтырыңыздар.
7 Ғалымдар
7.1 Әбу Насыр Әл-Фараби (870 – 950 жж.)
1 нұсқа

Қасиетті қазақ даласы талай ұлы ғұламаларды дүниеге алып келді. Олардың ішінде аты әлемге жайылғандары да аз емес. Солардың бірі – бәрімізге танымал ұлы жерлесіміз Әбу Насыр әл-Фараби.

Әл-Фараби 870 жылы Сыр бойындағы Арыс өзені Сырға барып құятын өңірдегі, Фараб қаласында дүниеге келді. Фарабидің толық аты-жөні Әбу-Насыр Мұхаммед Ибн Мұхаммед Ибн Ұзлағ Ибн Тархан Әл-Фараби, яғни әкесі Ұзлағ, арғы атасы Тархан. Туған жері қазақтың ежелгі қаласы Отырарды арабтар Барба-Фараб деп атап кеткен, осыдан барып ол Әбу Насыр Фараби, яғни Фарабтан шыққан Әбу Насыр атанған.

Білімге, ізденуге деген құштарлықтың жетелеуімен ол жас шағында, дүниедегі құбылыс біткеннің бәрі кісіге әрі ғажап, әрі таңсық көрінетін кезде саяхат жасап, сол замандағы мәдени әлемнің көптеген орталықтары: Хорасанда, Бағдадта, Дамаскіде (Шам), Алеппада, Каирда (Мысыр) болған. Өз өмірінің көп жылдарын ол, Араб Халифатының саяси және мәдени орталығы болған Бағдадта өткізді. Мұнда ол өз білімін әбден тиянақты меңгеріп, толықтырады, көрнекті ғалымдармен байланыс жасайды, сөйтіп өзінің білімдарлығы, ақылының алғырлығы және асқан байсалдылығы арқасында көп ұзамай олардың арасында үлкен абырой-беделге ие болды. Өмірінің соңғы жылдарын Алеппо мен Дамаскіде өткізеді, мұнда ол Солтүстік Сирияның жетекшісі әрі саяси қайраткері Сейд Ад-Дуаль Хамданиге аса кадірлі болды. Әл-Фараби 950 жылы 80 жасында қайтыс болды.

Біздің заманға Әл-Фарабидің тек негізгі шығармалары ғана келіп жетті. Әл-Фараби философия саласы бойынша грек ойшылы Аристотельдің «Категориялар», «Метафизика», «Герменевтика», «Риторика», «Поэтика», бірінші және екінші «Аналитика», «Топикасы» мен 4 сопылық еңбектеріне түсініктемелер жазды. Ол еңбектері күні бүгінге дейін де мән-маңызын жоғалтқан жоқ. Сөйтіп, Фараби Шығыс пен Батыстың ғылымы мен ежелгі мәдениетін таныстыруда зор рөл атқарды.

Ұлы Бабамыз Аристотельдің философиясын дамыта отырып, өз тарапынан да «Ғылымдардың шығуы», «Ғылымдар энциклопедиясы немесе тізбегі», «Кемеңгерлік меруерті», «Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы», «Музыканың үлкен кітабы», «Философияны аңсап үйрену үшін алдын-ала не білу қажеттігі жайлы», «Ақылдың мәні туралы», «Әлеуметтік-этникалық трактаттар», «Философиялық трактаттар», т. б. көптеген философиялық еңбектер жазған. Фараби ғылымның философиялық-логикалық іргетасын дұрыстап қайта қалап шықты. Ол музыка жайлы күрделі зерттеулер жүргізді. Фарабидің метафизика, тіл ғылымы, логика, психология, география, этика т. б. ғылымдар жайлы жазған еңбектерінің мәні ерекше зор.

Ол туған елінің мәдени байлығын, Иранның, Үндінің, ежелгі дүние мәдениеттерінің жемістерін бойына дарытты. Әл-Фараби өз заманындағы өнер-білімнің ең асылын таңдап ала білді, өз дәуірінің шынайы энциклопедиясын жасап берді. Оның терең мағыналы пікір айтпаған, жете зер салмаған, данышпандық болжам жасамаған бірде-бір білім саласы жоқ деуге болады.


Каталог: fulltext -> transactions
transactions -> Казахстан республикасының Ғылым және білім министрлігі
transactions -> Азамат Тілеуберді
transactions -> Қырықбай Аллаберген тарих және баспасөЗ Қазақ мерзімді баспасөзінде тарихтың «ақтаңдақ» мәселелерінің жазылуыбаспасөзінде тарихтың
transactions -> Екінші кітап
transactions -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
transactions -> МӘШҺҮр тағылымы жинақ 2 Том
transactions -> Е. Жұматаева жоғары мектепте оқытудың біртұтас дидактикалық ЖҮйесінің теориясы монография Павлодар 2012 Кереку


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет