Қазақ тілі өзге тілді мектептің 5 – 7 сыныптарына арналған тапсырмалар жинағы Астана, 2012



бет3/3
Дата15.09.2017
өлшемі473,06 Kb.
#32664
1   2   3

МӨЛШЕР ҮСТЕУ.СЫН – ҚИМЫЛ ҮСТЕУ.

  1. Сөйлемдерді жазып, үстеулердің астын сыз.

Ол әрең келді. Сен осылайша отыр. Олар кенеттен тұрды. Сонша адам отыр. Қыруар уақыт кетті. Ол үнемі келеді. Бірталай адам жиналды. Қыруар мал бар. Бірқыдыру уақыт өтті. Ол тез келсін.

2.Төмендегі сөз тіркестерін қатыстырып сөйлемдер құра.

қыруар бірқыдыру әрең

бірталай жұмыс, әжептәуір адам, осылай отыр,

сонша бірталай үнемі

кенеттен

әрең келді.

тез

3.Мына сөйлемдерді қазақ тіліне аудар.

Он едва ходит. Ты приходи завтра. Археологи приехали сегодня. Откуда ты взял столько книг? Он всегда приходит в школу. Ты не ходи в кино. Ты иди в магазин. Вы придете завтра? Ты читай журнал. Ты не лежи.

4.Мына сөздер мен сөз тіркестерін бірнеше рет оқып, дәптерге жаз.

Осылай(ша), құттықтаймын, көп ұлтты, тағы басқа, жағдай, оқытушы, бірталай, қыруар, кенеттен, жетінші, демалу, ұлттық, мәдениет, бірге, құтты болсын.

5.Мына сөздерді бірнеше рет оқып, жатқа жаз.

Бірқыдыру, ұлттық, барлық, жиырма екі, дұнған, ұйғыр, өзбек, түрік, жиырма екінші, неміс.

МЕЗГІЛ ҮСТЕУ.

1.Төмендегі сөйлемдерден мезгіл үстеулерін көшіріп жаз.

Ертен қалаға жүретін боламыз. Бүгін сыныпта жиналыс болады. Әкем қазір теледидар көріп отыр. Күні бойы қар жауды. Күздігүні қаладан ағам келеді. Шешем күні бойы жұмыста болды. Ағам қыста мал бағады.

2.Төмендегі мезгіл үстеулерін қатыстырып сөйлем құра.

Былтыр. Таңертең. Қазір. Анда-санда. Кешке. Түнге қарай.

3.Мына сөйлемдерден мезгіл үстеулерін тіркескен сөздермен бірге көшіріп жаз (үстеу + етістік).

Үлгі: енді үлгі бол, ...

.Сен енді басқаларға үлгі бол. Кешке қарай ол үйге келеді. Күндіз жұмысқа барады. Былтыр егін мол шықты. Болат түстен кейін далада болды. Күні бойы жаңбыр жауды. Ертең жол жүреміз. Кешке қарай келеміз.

4. Мына сұрақтарға жауап бер.

Мектепке қашан барасың? Сабағыңа қашан дайындаласың? Сен осында қашаннан бері отырсың? Омарды қашан көрдің? Маған қашан келесің? Театрға қашан барамыз? Ағаң қашан келеді? Кітапты сіз қашан оқисыз?

5.Көп нүктенің орнына тиісті септік жалғауын қойып жазыңыз, мезгіл үстеудің астын сыз.

Мектеп... бүгін жиналыс болады. Әкем екеуміз қазір сол жиналыс... барамыз. Біраздан кейін сол жиналыс... ораламыз. Кешке қарай екеуміз кино... барамыз. Содан кейін сабақ... дайындаламыз.

6.Төмендегі мезгіл үстеулерін етістіктермен қосып жаз.

Үлгі: Бүгін жүреміз.

Бүгін, ертең, қазір, бұрын, түнімен, күні бойы.

ЕТІСТІК. НЕГІЗГІ, ТУЫНДЫ ЕТІСТІК. БҰЙРЫҚ РАЙ. ҚАЛАУ РАЙ.

1.Берілген етістіктерді екі бағанаға бөліп жазыңдар. (негізгі, туынды)

Сөйле, тұр, шегеле, ойна, тазала, қыста, айт, тұзда, бағу, ақылдас.

2.Өлеңді оқы. Етістікті тауып, түрін анықта.

Қазір көп жаттығу керек

Жиі-жиі қазақша сөйлеу керек.

Сөздерді жаттау керек.

Теледидар көру керек.

Радио тыңдау керек.

Қазақша газет-журнал оқу керек.

Лабораторияға бару керек.

Үйірмеге қатысу керек.

Қазақша жазу керек.

Үнемі тырысу керек.

Ұялмай сұрау керек.

Өзіне сену керек.

Сабаққа дайындалу керек.

Ережені түсіну керек.

Сөйлемді талдау керек.

(З.Рахмет, Г.Ж. Тайсюганова «Қызықты грамматика»)

3.Сөйле етістігін қалау райда жікте.

Үлгі: сөйлегім келеді

4.Сөйлемдерді оқып, қалау райдағы етістікті көрсет.

1.Асан: Менің инженер болғым келеді.

Володя: Менің мұғалім болғым келеді.

2.-Ал, Болат, сенің кім болғың келеді?

-Менің артист болғым келеді.

4. Сөйлемдерден қалау райлы сөз тіркесін теріп жаз.

Әр нәрсеге ұқыпты болу керек. Менің де жұмысты жақсы істегім келеді. Баламның да жұмысты осылай істегенін көргім келеді. Кітап - асыл қазына. Оны көп оқығым келеді, кітапты көп жинағым келеді. Үлкендердің сөзін тыңдау керек. Үлкендерден үлгі алғым келеді. Осылай деп әкем үйреткен.

5. Төмендегі тірек сөздерді қолданып, мына сұрақтарға жауап бер.

Кімнен үлгі алғың келеді? Кімге барғың келеді? Кімде болғың келеді? Кіммен сөйлескің келеді? Кімді оқығың келеді? Нені оқығың келеді? Кімді сыйлағың келеді? Кімді тыңдағың келеді? Нені тыңдағың келеді? Сенің нені ішкің келеді? Сенің нені жегің келеді?

6.Негізгі түбір етістіктерді теріп жаз.

Бүгін бәріміз ауылға көмектесуге жұмысқа барамыз. Сен де жүр, Әлия. Ал, сен, Омар, үйде қал, сабағыңды дайында, содан кейін суретіңді сал. Біз кешке жақын келеміз. Үйде бол.

7.Орыс тіліне аудар.

Алма, сен тамағыңды іш. Содан кейін дүкенге баратын боласын. Тез кел. Жолда бөгеліп қалма. Ертең ағаң келеді, соны күтіп ал. Саған көп кітаптар әкеледі. Одан ініңе де бар.

8.Сөйлемдерден негізгі, туынды, күрделі етістіктерді үш топқа бөліп жаз.

Сен ағарып кетіпсін. Мен әкеммен ақылдасамын. Сіз мектепке келіңіз. Сендер газет шығаруға дайындалып жатырсыңдар ма? Біз қалаға барып қайтайық. Балам көп еңбектенеді. Сен кешігіп келдің. Тез жұмысына бар. Кітапты оқып болдым.

9.Төменде жауаптары берілген диалогті сұрақтармен толықтыр.

- ... ?

- Кинодан келемін.

- ... ?

- Кино өте қызық екен.

- ... ?

- Ұнады, сен де бұл киноны көр.

- ... ?

- «Целинный» кинотеатрында көрсетіп жатыр.

7 СЫНЫП

СҰРАУЛЫ СӨЙЛЕМ. ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ. ШЫЛАУЛАР.

1.Төмендегі хабарлы сөйлемдерден ма, ме сұрау шылауларының көмегімен сұраулы сөйлемдер жаса.

Ол бүгін диктант жазады.

Қар жауып тұр.

Жақсы қызметкер.

Астана – қала.

Астана – бас қала.

2. Төмендегі диалогтардың жауабы берілген, сен оған сұрақ қойып, диалогты толықтыр.

1.- ...? 2. – Айнұрдың көйлегі қызыл түсті, ... ?



- Қалам. - Менің көйлегім сары түсті.

- ... ? - Мұраттың кітабы жаңа екен, ... ?

- Көк қалам. - Менің кітабым да жаңа.

3. Берілген жалғаулық шылауларды қатыстырып сөйлемдер құрастыр.

Және, да, (де), та, (те), әрі, мен, (бен, пен).

4. Берілген қарсылықты шылауларды қатыстырып сөйлемдер құрастыр.

Алайда, бірақ, сонда да, сөйткенмен.

5. Мәтіннен құрмалас сөйлемдерді теріп жаз.

Бүгін біздің сыныпқа Әділдің атасы келді. Балалар оны жақсы қарсы алды. Атасы сыныпта болып, көп әңгіме айтты. Әңгімелері өте қызық болды, бүкіл сынып мұқият тыңдады. Ол бұрындары көптеген белгілі адамдармен таныс болған. Немересі біздің сыныпта оқиды, оқуы жақсы. Ол менен бір жас кіші. Атасын өте жақсы көреді, оның айтқанын тыңдайды. Ақсақал әңгімесін бітірді, бәріміз ризашылықтарымызды білдірдік.

6. Төмендегі жай сөйлемдерден құрмалас сөйлемдер құрастыр.

Үлгі: Мектепке келдім, мұғалімім қарсы алды.

Әли келді. Сіз шығып кеттіңіз. Семинар басталды. Ағам айтты. Қол қойылды. Барлығы орнынан тұрды. Жақсы пікір айтылды. Мектепке келдім. Түскі асымды іштім.

ТУЫНДЫ СЫН ЕСІМ. ТӘУЕЛДІК ЖАЛҒАУ. ЕТІСТІКТІҢ ӨТКЕН ШАҒЫ.

1. Төмендегі сөз тіркестерімен сөйлем құра.

Мықты бала, көңілсіз адам, қоғамдық іс-шара, сәтті күн, ұлттық мереке, қалалық байқау, үлгілі шәкірт, мейірімді ұстаз, қуанышты хабар, аудандық мектеп.

2. Сөйлемді көшіріп, ондағы туынды сын есімнің астын сыз, жасалу жолын түсіндір.

Өмірде саналы да тәртіпті адамдар өте көп. Біздің мектебімізде тәжірибелі ұстаздар бар. Ұстаздар өте өнерлі, жауапкершілігі мол азаматтар. Олар – еңбекқор адамдар.

3. Сөйлемдегі сын есіммен тіркескен зат есімнің астын сызып, сын есімнің түрін анықта.

Асқар жақсы ұл, тәртіпті қызды тәрбиелеп отыр. Ыстық күнде салқын шай қандай тамаша! Сендер отызыншы желтоқсанда қысқы демалысқа шығасыңдар. Көп балалы ананы бәрі де қадірлейді. Азаматтық борышты әрдайым атқарып отыруымыз керек.

4. Көрші, сіңлі сөздерін жекеше, көпше түрінде тәуелде.

5. Мына сөйлемдерді біртіндеп күрделендір.

Үлгі: Әпкем айтты. Менің әпкем айтты. Менің әпкем ән айтты. Менің әпкем әсем ән айтты. Менің әпкем әсем әнді кеше айтты. Менің әпкем әсем әнді кешегі мерекеде айтты.

Әпкем айтты. Баламыз жазады. Әкең келді. Жомарт барған. Құрбысы берген.

6. Сөйлемдердегі етістіктер қай шақта, қай жақта тұрғанын анықта.

Біз кеше киноға бардық. Сіздер не істеп отырсыздар? Әлібек жұмысқа кетті. Сен қашан келгенсің? Сіз театрға бардыңыз. Сен кеше бізге келіпсің. Мирас бүгін келді. Бұрын сендер жиі келетінсіңдер. Студенттер экскурсияға кетті.

СЕПТЕУЛІК ШЫЛАУЛАР. ТҰЙЫҚ ЕТІСТІК.

1. Сөйлемдегі көп нүктенің орнына тиісті шылауды қой.

Мында Уәлихан . . . келдім. Жиналыста Әсет . . . әңгіме қозғалды. Күн . . . кеш жатамын. Айнұр Әлишер . . . жаман ойламайды. Ол ағасы . . . тәртіпті болғысы келеді. Ол . . . пікіріміз жаман емес.

2. Көп нүктенің орнына барыс септігін меңгеретін септеулік шылауларды қойып, мәтінді көшіріп жаз.

Студеннтер жылда жаз айында ауылдарға көмекке барады. Олар онда кейде қыркүйектің аяғына . . . болады. Қазан айына . . . қалаға келеді. Оған . . . студенттер қызу жұмыстың ортасында болады. Биыл біздің тобымыздан жұмысқа отызға . . . студент қатысты. Бәрі де көңілді күйлерімен оралды, енді лекцияға . . . біраз күн демалмақшы.

3. Барыс септіктегі сөздерге – дейін, - шейін, - таман, - қарай шылауларын тіркестір.

Үлгі: машинаға қарай, . . .

4. Мына сөйлемдерден шығыс септіктегі сөздерді меңгеріп тұрған септеулік шылауларды тап.

Мектепке Иманнан бұрын жеттім. Концерттен соң ағама барамын. Санияны кешеден бері көрмедім. Ауылда алпыстан астам жұмысшы жұмыс істеуде. Саябақтан әрі жол жоқ. Кешеден бері жұмыс көбейді.

5. Сөйлемдердегі тұйық етістіктерді тауып, оларға қандай қосымша қосылғанын айт.

Кітапты жатып оқуға бола ма? Бұл журналды сіздің оқуыңыз керек. Әңгімені оқуды қашан бастайсың? Шығарманы тез оқуың керек. Поэманы оқып біткен соң, оқуға роман беремін.

6. Сөйлеу, ашу, беру тұйық етістіктеріне тәуелдік жалғауларын жалға.

7. Төмендегі сөйлемдерден тұйық етістікті оған тіркескен модаль сөзбен бірге теріп жаз.

Жазираның бүгін университетке баруы керек. Сенің университетке келуің қажет. Сіздің айтуыңыз керек. Оның шығуы мүмкін. Біз ашуға тиіспіз. Қайсар келуге тиіс.

8. Қарамен жазылған етістіктердің құрамындағы тұйық етістік жұрнағын көрсет.

Асқарға бүгін келуге болмайды. Сен менің қарындасыммен танысуың керек. Бұл сөйлемдерді жазуың керек. Кешке баруыңа болмайды.

ШАРТТЫ РАЙ. РАЙ ЖҰРНАҚТАРЫНЫҢ ЖАЗЫЛУЫ.

1. Сөйлемнен шартты райдағы етістікті тауып, оның жұрнағынан кейін қандай қосымша жалғанғанын түсіндір.

Мен барсам, сен жоқсың. Сіз айтсаңыз, мен келемін. Сендер көп оқысаңдар, көп білесіңдер. Руслан ертең келсе, киноға барамыз. Сіздер кешікпесеңіздер, біз кешікпейміз. Сіздер келсеңіздер, біз қарсы аламыз.

2.Көп нүктенің орнына жіктік жалғауын жалғап жаз.

Сен түсіндірсе..., мен түснемін. Сен түсіндірмесе..., сен түсінбеймін. Оқыса..., бәрін де білемін, оқымаса..., білмеймін. Ол хабарла..., келемін, хабарлама..., келмеймін. Сен әкелсе..., аламын, сен әкелме..., алмаймын. Мен айтса..., ол тыңдамайды. Сіз алмаса..., мен де алмаймын.

3.Мына сөйлемдерден шартты райлы етістіктерді тауып, олардың қай жақта тұрғанын анықта.

Жауын көп жауса, егін жақсы шығады. Адамдар жұмысты жақсы істесе, оның нәтижесі де жемісті болады. Еңбек өнімі көп болса, халық одан әрі жақсы тұрады. Сіз келсеңіз, жұмыс тоқтамайды. Сен қосылсаң, мерекеміз өте жақсы өтеді.

4. Сыз етістігін қалау райда жікте.

Үлгі: сызғым келеді . . .

5. Төмендегі сұрақтарға жауап бер.

Кімге айтқың келеді? Кімнен үлгі алғың келеді? Нені жазғың келеді? Кіммен көріскің келеді? Нені тыңдағың келеді? Кімнің шығармасын оқығың келеді? Кімде болғың келеді?

6. Төмендегі жеке сөздерден үлгі бойынша етістікті қалау райға қойып сөйлем құра.

Үлгі: Ескендір, мұражай, бар, кел. Ескендірдің мұражайға барғысы келеді.

Аға, қала, жұмыс, істе, кел. Мен, ұстаз, көр, кел. Бала, оқулық, қара, кел. Санжар, театр, бар, кел. Журнал, дүкен, ал, кел. Қазақ тілі, үйрен, кел.

7. Сөйлемдерден қалау райдағы етістікті тауып, оның тіркескен есім сөзін көрсет.

Қоғамдық жұмыстарда оның Ерболдан қалғысы келмейді. Соған ұқсағысы келеді, содан үлгі алғысы келеді. Демалыс кезінде ауылға барғысы келеді. Әпкесі Азизамен бірге қыдырғысы келеді. Менің де ініме барғым келеді, ауылда ініммен ойнағым келеді.

ӨЗДІК ЕТІС. ЫРЫҚСЫЗ ЕТІС.

1.Cөйлемдерді оқып, өздік етісті тап.

Сен сұран. Сара киінді. Сен тез киін, театрға барамыз. Сен жан-жағыңа қарандың. Сіз көп ойландыңыз. Сен бүгін жуын.

2. Сөйлемдегі ырықсыз етісті тап.

Кешегі мәселе жақсы шешілді. Әжеге көмек көрсетілді. Қымыз тез ішілді. Кітаптар қойылды. Түрлі пікірлер айтылды, оның бәрі дұрыс тыңдалды.

Сұрақтар да қаралды. Жауаптары да берілді. Балаңыз университетке шақырылды. Мереке өткізілді.

3. Жаз, пісір, төк, есті етістіктерінен ырықсыз етіс жасап, онымен сөйлем құра.

4. Төмендегі етістіктерден ырықсыз етіс жаса. Олармен сөйлем құра.

Ек, бақ, жақ, тақ

5. Сөйлемдерді жазып, ондағы етістердің түрлерін ажырат.

Астық жақсы жиналды. Ерлан жуынды. Әсины шақыртты. Машинаны жүргізді. Түысын алдырды. Гүл егілді. Көкөніс жиылып болды. Қарттарға көмек көрсетілді. Оқу басталды. Өнер көрсетілді. Адамдар жиылды. Сен тарандың. Коля ойланды. Тамақ пісірілді. Шахмат ойналды. Дайындық жасалды.

6. Көп нүктенің орнына өздік етіс жұрнақтарын қойып, мақал-мәтелдерді көшіріп жаз.

1. Сауысқандай сақта..., 2. Көп ізде...сең,

Қырандай қырағы бол. Көрікті ой туады.

3.Таз тара...ғанша 4.Досың сүй...сін,

Той тарқар. Дұшпаның күй...сін.

РЕТТІК САН ЕСІМ. ОРТАҚ ЕТІС.

1. Берілген сандардан реттік сан есім жаса.

Отыз, қырық екі, үш жүз елу екі, алпыс бес, жүз тоқсан төрт, бір мың тоғыз жүз сексен алты, жетпіс сегіз, жүз қырық бір, бес жүз отыз тоғыз, алты мың жиырма жеті.

2. Сұрақтарға жауап қайтар.

Сен нешінші сыныпта оқисың?

Нешінші үйде тұрасың?

Нешінші пәтерде тұрасыз?

Мынау нешінші автобус? . . .

3. Көп нүктенің орнына ортақ етістің жұрнағын қосып жаз.

Сөйле..., ұста..., жина..., ойла..., бөл..., әкел..., таны...

4. Сөйлемдерді оқып, ортақ етістің қалай жасалғанын түсіндір.

Балалар кездесті. Мұғалім оқушысымен сөйлесті. Сіздер келістіңіздер. Сендер айтыстыңдар. Студенттер бір – біріне көмек көрсетісті. Ұжым боп жер жыртыстық. Жастар өлең айтысты, өнер көрсетісті.



5.Мына сөйлемдердегі етістіктер қай етісте қолданылғанын анықта.

Өлең айтылды. Марал жуынды, таранды. Мұғалім оқушыны шақыртты. Барлық жұмыс істелді. Балалар оған бәрін айтқызды. Жастар өнер көрсетісті. Олар келісті. Қонақтардың әрқайсысы сөз берісті.

САН ЕСІМ ТҮРЛЕРІ. ДЕМЕУЛІК ШЫЛАУЛАР.

1. Мына сан есімдерден болжалды сан есімдер жаса.

Үлгі: сағат бесте, сағат бестерде, сағат бес шамасында, сағат төрт-бесте.(мысал ретінде)

Тоғыз, жиырма, елу, екі жүз, сексен, алпыс, мың, отыз, он, қырық.

2.Жинақтау сан есімдерін тап.

Биыл ауылдан оқуға қанша бала келесіңдер? Біздің мектеп-интернаттан алты бала келеді. Алтауы да өте жақсы оқиды. Үшеуі бағдарламашы оқуына келеді, біреуі сәулетші, екеуі есеспші болмақ.

3. Сөйлемдегі бөлшектік сан есімдермен олар қатысты зат есімдердің астын сызып анықта.

Берілген тапсырманың екіден бірі істелді, қалған жартысын жақында бітіреміз. Жүгерінің үштен бірі, көкөністің төрттен үші жиналды. Күзге таман бүкіл өнімді ерте жинап аламыз.

4. Отыз, қырық, елу, алпыс, жетпіс, сексен, тоқсан сандарына бірліктерді қосып күрделі сан есім жаса.

5. Демеулік шылау сөздерді пайдалана отырып, 5-6 сөйлем құрастыр.

Ма (ме), ба (бе), па (пе), -ақ, - ау, - ай, түгіл, - мыс, - міс.

Пайдаланған әдебиеттер.



  1. Ж. Адамбаева, С. Нұркеева, С. Баймұқанова – «Қазақ тілі 5» -

Алматы «Атамұра» 2001

  1. Н. Оралбаева, Х. Есенов, С.К. Хайруллина - «Қазақ тілін үйренеміз» -

Алма-ата «Мектеп» 1989

  1. Т.М. Артықова, Ж.Н. Қыстаубаева, Л.З. Бисенова, Н.Ж. Сагирова - «Қазақ тілі 5» Алматы «Атамұра» 2005

  2. Ж. Адамбаева, С. Нұркеева, С. Баймұқанова, Ғ. Толықбаева. «Қазақ тілі. Дидактикалық материалдар - 5» Алматы «Атамұра» 2001

  3. М. Балақаев.- «Қазақ тілі 3» Алматы «Рауан» 1990

  4. А. Белботаев - «Қазақ тілі үйренушілерге көмек» Алматы «Қазақстан» 1993

  5. А. Белботаев, Ж. Түкебаева 2-кітап «Қазақ тілі үйренушілерге көмек» Алматы «Қазақстан» 1993

  6. А. Белботаев, Ж. Түкебаева 3-кітап «Қазақ тілі үйренушілерге көмек» Алматы «Қазақстан» 1994

  7. К. Сариева «Мы говорим по казахски» Алма-ата «Мектеп» 1998

  8. Т. Аяпова «Қазақ тілі» Алматы «Ана тілі» 1999

  9. З. Рахмет, Г.Ж. Тайсюганова «Қазақ тілі. Қызықты грамматика» Алматыкітап 2005

  10. Ә.С. Әмірова, К.А. Анартаева «Тіл дамыту» Алматыкітап баспасы 2008

  11. Журнал «Балдырған» 2003 Қараша 11, 24 бет

  12. «Қазақ мақал – мәтелдері» (құрастырған Ж. Дәуренбеков), Алматы, «Ана тілі» ЖШС, 2001ж. – 192 бет

Каталог: uploads -> doc -> 036d
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
036d -> Ағаш ексең терлеп, Мұның аты еңбек. Кесте тіксең зерлеп
036d -> Сабақ Гимнастика. Саптағы қозғалыстар. Сыныбы: 2


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет