Қазақ тілі пәні бойынша 9-сыныпқа арналған нөлдік алғашқы бақылау жұмысы. Мақсаты



Дата02.02.2022
өлшемі13,84 Kb.
#116833
Байланысты:
Қазақ тілі пәні бойынша 9 сынып


Қазақ тілі пәні бойынша 9-сыныпқа арналған

нөлдік алғашқы бақылау жұмысы.
Мақсаты: Мемлекеттік білім стандартының орындалу барысын тексеру
Үлкенді сыйлау
Үлкенді сыйлау - қазақ халқының ата салты. Үлкенді сыйлау, ең алдымен, әке мен шешені сыйлаудан басталады. Өз отбасын, өз ата-анасын сыйламайтын ұл мен қыз басқа адамдарды да сыйлай алмайды. Ата-ана баланы дүниеге келтіріп, өмір береді, тәрбиелеп өсіреді, білім береді. Есейген бала ата-анаға қамқоршы болуға жараса – жігіт болғаны. Ата мен ананың қартайғанда бойынан күші қайтады. Бірақ олардың ақылы, көпті көрген тәжірибесі отбасына үлкен көмегін тигізеді. Ол үшін ата-анамен ақылдасып, олардың пікірін тыңдап отыру керек. Ата-ананы сыйлаған жастардың өз балалары да кейін соны қайталайды. Ата-ананың тәжірибесін бойға сіңіре білу – әр баланың парызы.

(9с. Қазақ тілі оқулығы.95 сөз)


Лексика-грамматикалық тапсырмалар:

ІІІ деңгей.

Мәтіннен етістіктерді теріп жазыңдар, олардың шағын анықтаңдар.


ІІ деңгей.

Белгіленген сөзге морфологиялық талдау жасаңдар.


І нұсқа: Ата-анасын сыйламайтын3 ұл мен қыз өзгеге де сыйлы болмайды

ІІ нұсқа: Ата-ананы сыйлаған жастардың өз балалары да кейін соны қайталайды



І деңгей. «Үлкенге- құрмет, кішіге-ізет» тақырыбына шағын әңгіме құрастырыңдар.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет