Қазақ тілі пәнін тереңдетіп оқытудың факультатив курсы



Дата08.09.2017
өлшемі54,76 Kb.
#30323
БАҒДАРЛАМА 
Қазақ тілі пәнін тереңдетіп оқытудың 
факультатив курсы 

7 сынып 
жалпы білім беретін орта мектеп 

2016-2017 оқу жылы 

Жалпы білім беретін орта мектептің 7-сыныбына арналған қазақ тілі пәнін тереңдетіп оқытудың бағдарламасы 09.07.2010 жылғы ҚР Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш, негізгі, орта білім беру стандартының 
№ 367 бұйрығы және ғылым министрлігі Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясы бұйрығымен /09.07. 2010ж/ бекітілген бағдарламасын басшылыққа ала отырып, «Қазақ тілі» 7-сынып /авт. М.Артыкова, Г. Ермекбаева, «Атамұра, 2012»/ оқулығы негізінде жасалды. 

Түсінік хат 
Тілді тереңдетіп оқыту бүгінгі таңда білім берудің мемлекеттік тұжырым концепциясының басты бағыттарының біріне айналып отыр. Қазақ тілін оқытудағы басты мақсат бір сөзбен айтқанда - оқушылардың қазақша сөйлеу компетенттілігін қалыптастыру. Ал ол оқылым, жазылым, айтылым, тыңдалым, тілдесім барысында қалыптасады. Тереңдетіп оқыту нәтижесінде оқушылар өтілген материал шеңберінде тілдік қарым-қатынасқа түсе алады, яғни жағдаятқа байланысты сөйлеп, сол тақырып төңірегінде қойылған сұраққа жауап беріп, өздері де сұрақ қоя алады. Мұндай деңгейге жету үшін үлкен сөздік қор жинақтау, қазақ тілі грамматикалық категорияларын білумен қатар оқушылар қазақ тілін практикада қолдана алу дәрежесіне жетулері керек. Тереңдетіп оқыту көп ізденісті қажет етеді де, терең білім жолында шығармашылықпен барынша жұмыс істеуді талап етеді. 

Қазақ тілі пәнін тереңдетіп оқыту мақсаты: 
• оқушылардың жеке бас ерекшелігіне қарай қабілетін аша отырып, дифференциалды түрде осы пәнді теориялық, әрі практикалық жағынан тереңдету, оқу материалын тиянақты игеруіне, алған білімді қолдана білуге үйрету; 
• тілдің лексикалық, грамматикалық нормаларын меңгерту
• тілдік жағдаятқа сай қарым –қатынас жасауға дағдыландыру; 
• ұлттық салт-дәстүрлері туралы білімдерін кеңейту 
• пәнге деген қызығушылығын арттыру. 
Міндеттері: 

Білімді дара тұлғаға бағдарлау (бейімдеу, дамыту, психологиялық 
үйлесімділік, өмірлік қажеттілік); 
• Өздігінен білім алуға үйрету, шығармашылық жұмысын дамыту 
Әрекетшілдік-бағдарлылық ұстанымы (әрекетке үйрету, оқу жағдаятындағы әрекеттен өмірлік жағдаяттық әрекетке көшу, оқу танымдық әрекеттен оқушының өзіндік әрекетіне көшу); 
• Алынған білімді бекіту және өзін-өзі бақылау
• Өздігінен білім алуға үйрету функциясы. 

Оқушыларға мынадай талаптар қойылады: 
Тереңдетілген бағдарлама негізінде білім деңгейі сараланады 
Оқушылар қосымша материалмен жұмыс істейді 
Өтілген тақырыптар бойынша әңгіме жазады, ауызекі сөйлеуге жаттығады. 
Шығармашылық ізденіс жұмыстарын жүргізеді 
Сөйлем талдаудың жолдарын меңгереді 

Күтілетін нәтиже: 
Курс соңында оқушылар өтілген материал шеңберінде ауызекі сөйлеу тілінде 
сұхбаттаса алуы қажет, яғни тілдік қарым-қатынасқа түсе алады. 
Оқушыларға тіл туралы, оның қоғамдық маңызы мен адам өміріндегі мәні, рөлі 
жайлы, танымдық қызметі жөнінде өзара сабақтас түсінік қалыптасады. 
Мемлекеттік тілді меңгеруде қызығушылық танытады. 

Бағдарламаны құрастырушы: 

қазақ тілі мен қазақ әдебиеті мұғалімі Кудедаева Ш.Т. |kudedaeva61@mail.ru| 
Оқу барысында меңгерілетін және қайталанатын тақырыптар: 
І Фонетика 
Қазақ тіліне тән дыбыстар(ә,ө,і,ү,ұ,ғ,қ,ң,һ).Дауысты жіне дауысты дыбыстар. 
Дауысты дыбыстардың жіктелуі.Еріндік дауыстылардың орфоэпиясы. 
Дауыссыз дыбыстардың жіктелуі. Дыбыс үндестігі.Буын үндестігіне 
бағынбайтын қосымшалардың орфографиясы.Фонетикалық талдау. 
Фонетикалық жаттығу және оның негізгі түрлері. Фонетикалық диктанттар. 
ІІ Морфология 
Сөз таптары. Сөз таптары ұғымының ішкі мазмұны. 
Зат есім.Тәуелдік жалғау. 
Сын есім.Туынды сын есім. 
Сан есім.Сан есім түрлері 
Етістік.Етістіктің шақтары(өткен шақ, келер шақ, нақ осы шақ, ауыспалыосы шақ). 
Тұйық етістіктің септелуі. Тұйық етістіктің жасалу емлесі. 
Етістіктің райлары (ашық рай, шартты рай) 
Етіс.Өздік етіс.Ырықсыз етіс.Ортақ етіс. 
Үстеу. Күшейткіш үстеу. 
Шылаулар (септеулік, жалғаулық,демеулік ). Шылаудың қолдану ерекшеліктері 
ІІІ Синтаксис. Синтаксистік байланыстар мен синтаксистік қатынастар. 
Сөз тіркесі. 
Жай сөйлем.Жай сөйлем түрлері.Сұраулы сөйлем. Лепті сөйлем. 
Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері және 
олардың сөйлемнің қызметін атқаруын ұғындыру. 
Құрмалас сөйлем. Құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары. 
Біріккен сөздер,кіріккен сөздер (емлесі).Қос сөздер.Күрделі сөздер. 
Кірме сөздер. Термин сөздер.Тіркесті сөздер. 
Этнолингвистикалық атаулар. 
Лексикалық ұғымдар мен оларды меңгерту. Оқушы тілінде байқалатын 
лексикалық қателер және оларды болдырмау жолдары. 
Талдаудың түрлері. Грамматикалық терминдер. 
Пунктуацияны меңгерту. Пунктуация және мәнерлеп оқу, интонация. 
Орфографиялық дағдыларды қалыптастыруда орфографиялық сөздіктерді 
қолдану. 
Курс бағдарламасы бойынша терминдер, кірме сөздер, жалпы халықтық 
қолданыстағы сөздер қамтылады. 

Әдістері: 
сұрақ –жауап,сөйлесу,қайталау, талдау,аудару, әңгімелеу, іздендіру, жобалау 
әдісі (ойын, саяхат-сабақ түрі, ситуативті жағдай туғызу), шығармашылық 
жұмыс, проблемалық оқыту, өзін-өзі тексеру, қорыту. 
Мақал-мәтелдер жаттайды, жұмбақтар, сөзжұмбақтар шешеді, 

Пайдаланған әдебиеттер: 
1. «Қазақ тілі» оқулығы, 7 сынып, авторлары:Т.Артықова, Г. Ермекбаева- 
Алматы «Атамұра», 2012 
2. Қазақ тілі грамматикасы, Ж.Б.Жеткізген –«Алматыкітап»,2007 
3. Әбілқаев А. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. –А. Санат, 1995 
4. «Қазақ тілі мен әдебиеті» әдістемелік журналы 2010 № 1, 2 
5. «Қазақ тілі.Оқимыз.Жаттығамыз» Біліми–танымдық журнал, 2012 № 1, 2 
6. Қазақ тілі (флипчарт- сабақтар) диск1, авторы: Мырзағалиева Ж.С. 
«Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің қауымдастығы» корпоративтік қоры,2011 
7. «Самоучитель казахского языка для учащихся и студентов»,Т.Шанбай, 
К.Байгабулова- Алматы, «Аруна», 2010 

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет