«Қазақ тілі» пәнінен қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы 9-сынып


ТОҚСАНҒА АРНАЛҒАН ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ



бет7/29
Дата18.10.2023
өлшемі492,42 Kb.
#186415
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   29
Байланысты:
ОШ ФО Казахский язык 9 класс каз
Тұрсынов А. Жаңабай А. Бөлекова А. Кенжебаева А. 515АБ, практикалық сабақ, практикалық сабақ, практикалық сабақ, Презентация 2

ТОҚСАНҒА АРНАЛҒАН ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ




«Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан. ЭКСПО-2017» бөлімі бойынша қалыптастырушы бағалау





Оқу мақсаты

9.1.2.1 Қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық, ғылыми тақырыптарға байланысты әртүрлі жанрдағы кең көлемді
мәтіндердегі (дәріс, интервью) мақсатты аудитория мен көркемдегіш құралдардың рөлін талдау

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Әртүрлі жанрдағы көлемді мәтіндердің мақсатты аудиториясы мен көркемдегіш құралдардың қызметін

түсіндіреді

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Сұрақтарға жауап беріңіз

Нұрай Сәлібаева, Шымкент:


– Біз апалы-сіңлілер болып ЭКСПО көрмесін аралап жүрміз. Бұл дегеніңіз екі айналып келмейтін керемет жаһандық шара ғой. Сондықтан жүрегінде Отанына деген махаббаты бар әрбір адам осы көрмеге келіп, көруі тиіс деп ойлаймын. Бүгін екінші күн көрмені аралап отырмыз. Бастапқыда шеттегі Ресей, Монака, Германия павильондарын араладық. Бәрі де тамаша. Павильондардың ішіне кірсең, әлемді аралағандай боласың. Біреу телефон соқса, «Біз АҚШ-та жүрміз, енді Францияға барамыз» деп сөйлейсің, керемет емес пе?! Құдды ғаламшарды айналып жүргендей күй кешіп жүрміз. Қазақтың атын дүниежүзіне танытатын мұндай ірі халықаралық шаралар елімізде өте берсін деймін. Бұл өскелең ұрпақтың санасына Отанына деген мақтаныш сезімін ұялататыны сөзсіз. Қазақтың басынан той арылмасын, еліміз тыныш, бесігіміз тек тыныштықта тербелсін деймін.

а) Мәтін кімдерге арналып айтылған? Аудиториясы кімдер?


ә) Мәтіннен көркемдегіш құралдарды теріп жазыңыз. Бұл көркемдегіш құралдарды автор не үшін қолданды?
Эпитет
Теңеу Метонимия




Дескриптор

Білім алушы




  • мәтіннің мақсатты аудиториясын анықтайды;

  • көркемдегіш құралдарды теріп жазады;

  • автордың қолдану мақсатын түсіндіреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет