«Қазақ тілі» пәнінен қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы 9-сынып



бет4/29
Дата18.10.2023
өлшемі492,42 Kb.
#186415
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Байланысты:
ОШ ФО Казахский язык 9 класс каз
Тұрсынов А. Жаңабай А. Бөлекова А. Кенжебаева А. 515АБ, практикалық сабақ, практикалық сабақ, практикалық сабақ, Презентация 2
Дескриптор



Білім алушы




  • мақаланың құрылымы мен рәсімделуін анықтайды;

  • мақаланың жанрлық түрлерін анықтамаларымен сәйкестендіреді;

  • мақаланың жанрын ажыратады.

Оқу мақсаты 9.3.2.1 Мақсатты аудиторияның қызығушылығын ынталандыру үшін әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыру
Бағалау критерийі Білім алушы

    • Әртүрлі жанрда мәтіндер құрастырады

Ойлау дағдыларының деңгейі Жоғары деңгей дағдылары


Тапсырма


Берілген тақырыптың бірін таңдап, «РАФТ» стратегиясымен мәтін құрастырыңыз.

Рөл

Аудитория

Форма

Тақырып

Жазушы

Газет
оқырмандары

мақала

«Мәңгілік ел» – қазақ елінің ұлттық идеясы

Журналист

Жас мамандар

сұхбат

«Мәңгілік ел» идеясын қалай түсініп жүрміз?

Депутат

Кәсіби
мамандар

баяндама

«Мәңгілік ел» идеясы – бірлікке бастар жол

Оқушы

Қазақстандық
жастар

ойтолғау

Мәңгілік Ел болу үшін ертеңгі өскелең ұрпақ
ретінде не істеуіміз керек?






Дескриптор



Білім алушы




  • рөлді таңдайды;

  • аудиторияға сай жазады;

  • форманы сақтайды;

  • тақырыпты ашады.

Оқу мақсаты




9.4.1.1 Мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді
орфографиялық нормаға сай жазу

Бағалау критерийі




Білім алушы

  • Тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма
Тақтада жазылған сөйлемдерді есте сақтап, жүгіру диктантын (Running dictation) орындаңыз, жалқы есім, сөз тіркестері мен кірме сөздерді орфографиялық нормаға сай жазыңыз.

Қымбатты отандастар! Біздер, қазақстандықтар, бір халықпыз! Біз үшін ортақ тағдыр


– бұл біздің Мәңгілік ел, лайықты әрі ұлы Қазақстан! Егеменді дамудың 22 жылында барша қазақстандықтарды біріктіретін, ел болашағының іргетасын қалаған құндылықтар жасалды. Олар көктен түскен жоқ. Бұл құндылықтар – уақыт сынынан өткен қазақстандық жол тәжірибесі.
Біріншіден, бұл – Қазақстанның тәуелсіздігі мен Астанасы.
Екіншіден, бұл – қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім. Үшіншіден, бұл – зайырлы қоғам және жоғары руханият.
Төртіншіден, бұл – индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өнім.
Бесіншіден, бұл – Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы. Алтыншыдан, бұл – тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы.
Жетіншіден, бұл – еліміздің ұлттық қауіпсіздігі, бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы.
Осы құндылықтардың арқасында біз әрдайым жеңіске жеттік, елімізді нығайттық, ұлы жетістіктерімізді еселедік.

Дескриптор

Білім алушы




  • жалқы есімдерді орфографиялық нормаға сай жазады;

  • сөз тіркестерін орфографиялық нормаға сай жазады;

  • кірме сөздерді орфографиялық нормаға сай жазады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет