«Қазақ тілі» пәнінен қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы 9-сынып


ТОҚСАНҒА АРНАЛҒАН ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ



бет2/29
Дата18.10.2023
өлшемі492,42 Kb.
#186415
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Байланысты:
ОШ ФО Казахский язык 9 класс каз
Тұрсынов А. Жаңабай А. Бөлекова А. Кенжебаева А. 515АБ, практикалық сабақ, практикалық сабақ, практикалық сабақ, Презентация 2

ТОҚСАНҒА АРНАЛҒАН ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ

«Мәңгілік Ел – мұратым» бөлімі бойынша қалыптастырушы бағалау


Оқу мақсаты




9.1.1.1 Мәтін мазмұны бойынша дайындалған сұрақтарға
болжаммен жауап беру, түпнұсқамен салыстыру

Бағалау критерийі




Білім алушы

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма
Мәтін мазмұны бойынша дайындалған сұрақтарға болжаммен жауап беріңіз. Түпнұсқа мәтінмен салыстырыңыз.


Сұрақтар Не туралы сөз болады? Шындығында, не
(не болды?) айтылды? (не болды?)
Жолдау деген не?
Жолдаудың мақсаты қандай?
«Жолдау» сөзі қандай мағынаны білдіреді?
Жолдаудың негізгі талабы не?


Президент не үшін жыл сайын жолдау жасайды?
Жыл сайын елімізде Елбасының кезекті жаңа Жолдаулары жолданады. Халық болып қабыл аламыз. БАҚ беттері жарыса жазып, ол туралы түрлі түсіндірме сабақтарын жүргізеді. Бірақ Жолдау деген не? Оның мақсаты қандай деген сұрақтарға толыққанды жауап алған емеспіз. Тек жолданған Жолдауды талдаймыз.
Әр елдің президенті өзінің халқына Жолдауды жыл сайын немесе араға жыл салып жолдайды. Жолдау бір тармақтан, не бір бағыттан ғана тұрмайды. Оның бағыты мен бағдары көп. Жолданған жолдауды талқылау арқылы халық арасында елдің сыртқы және ішкі саясаты туралы ақпарат беріледі. Экономикалық-саяси көзқарастар негізінде халық жаппай ел билігі мен елдің бүгінгі жетістіктерімен танысады.
ТМД елдерінің ішінде Ресей мен Қазақстан Жолдауды жыл сайын жолдап қана қоймай, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Жолдаудың жолдану мақсаты – елдің өткеніне сараптама жасап, бүгінгі жасалу керек істердің басын ашып, ертеңгі болашаққа жол ашу. Бір ұлт, бір тағдыр, бір мемлекет болғаннан кейін, ел ішіндегі әрбір халықтың Жолдау негізінде жұмыс жасауы маңызды.
Грамматикалық жағынан қарасақ, «жолдау» сөзінің түбірі «жол». Яғни жол сілтеу, жол табу деген мағынадан келіп шығады. Халыққа түсінікті тілмен жеткізген кезде жолдау – бұл халықпен сырласу, ақылдасу, халыққа жоспарды жеткізу деген сөз.
Президент Жолдауды көлемді әрі шағын түрде жолдайды. Дегенмен көлемді түрі көп қолданылады. Жолдаудың ең негізгі талабы – халықпен байланыс орнату.

Дескриптор

Білім алушы






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет