«Қазақ тілі» пәнінен қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы 9-сынып



бет6/29
Дата18.10.2023
өлшемі492,42 Kb.
#186415
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Байланысты:
ОШ ФО Казахский язык 9 класс каз
Тұрсынов А. Жаңабай А. Бөлекова А. Кенжебаева А. 515АБ, практикалық сабақ, практикалық сабақ, практикалық сабақ, Презентация 2
Оқу мақсаты




9.2.1.1 Тұтас емес (кесте, диаграмма, сызба, сурет)
мәтіндердегі мәліметтерді салыстыру, өңдеу

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, сурет) мәліметтерді салыстырып, өңдейді

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма
Кестеде берілген ақпаратты түсініп оқыңыз. Берілген сұраққа мәтін мәліметтерін салыстыра отырып жауап беріңіз.
Қазақстанның жаһандану деңгейі бойынша 82-орынға тұрақтанған. Бұл нені көрсетеді?



Дескриптор



Білім алушы




  • кестеде берілген мәліметтерді салыстырады;

  • ақпараттарды қолданады;

  • сұраққа жауап береді.




Оқу мақсаты

9.3.4.1 Эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, көтерілген мәселе бойынша екіжақты пікірді немесе жағдаятты талқылау, біреуіне таңдау жасап, өз ойын
дәлелдеп жазу (аргументативті эссе)

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Құрылымы мен даму желісін сақтап, эссе жазады

(аргументативті эссе)

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма
Массагет жастар порталында «Жаһандану ежелден келе жатқан тарихи үдеріс пе, әлде бұл тек қана ХХІ ғасырдың дүбірі ме?» деген сауал қойылған екен. Сіз қалай ойлайсыз? Екі жақты пікірдің бірін таңдап, аргументативті эссе жазыңыз.





Дескриптор

Білім алушы




  • эссе құрылымы мен даму желісін сақтайды;

  • позициясына таңдау жасайды;

  • өз ұстанымына сай дәлелдер келтіреді.

Оқу мақсаты

9.4.3.1 Стильдік ерекшеліктерге сай тілдік бірліктерді дұрыс
қолдана білу

Бағалау критерийі

Білім алушы

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

  1. Берілген сөздердің ішінен публицистикалық стильге тән тілдік бірліктерді анықтаңыз.



Өтініш беру себебі, жаһандану мүмкіндіктері, терезесі тең, керегесі кең, батыс мәдениеті, мәссаған, ғылыми техниканың дамуы, бәсекеге қабілеттілік, мемлекеттің болашағы, жер бедері, шаңырағы биік, заңмен реттелетін.



  1. Әл-Фараби бабамыз: «Кез келген елдің болашағын көргің келсе, сол елде тұрып жатқан жастардың тыныс-тіршілігіне қара» деген екен. Осы идеяны қолдана отырып, мектеп сайтына «Жастар және жаһандану» тақырыбында мақала жазыңыз. Мақалаңызда стильге сай іріктеген тілдік бірліктерді қолданыңыз.



Дескриптор Білім алушы

    • публицистикалық стильге сай тілдік бірліктерді іріктейді;

    • идеяны дамытып жазады;

    • тілдік бірліктерді стиліне сай қолданады.


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет