«Қазақ тілі» пәнінен қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы 9-сынып



бет10/29
Дата18.10.2023
өлшемі492,42 Kb.
#186415
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   29
Байланысты:
ОШ ФО Казахский язык 9 класс каз

Дескриптор



Білім алушы




  • негізгі ақпараттарды табады;

  • қосымша ақпараттарды сызып тастайды;

  • бірнеше жай сөйлемді бір құрмалас сөйлемге немесе құрмалас сөйлемдерді жай сөйлемдерге айналдырады;

  • сөздерді синонимдермен алмастырады;

  • мәтіндегі негізгі ойды ықшамдайды.

Оқу мақсаты

9.4.4.1 Құрмалас сөйлемнің жасалу жолдарын, түрлерін білу

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Құрмалас сөйлемнің жасалу жолдарын біледі, түрлерін ажыратады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма
Берілген құрмалас сөйлемдерді түрлеріне қарай ажыратып жазыңыздар.

1. 1855 жылы Парижде өткен көрме ауылшаруашылығына ден қойды, шөп кесетін қондырғылар, жанармаймен жұмыс істейтін алғашқы көлік, тіпті сөйлейтін қуыршақ – сол заманда қонақтардың таңдай қаға тамсанатын экспонаттары қатарын құрады. 2. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін 1958 жылы Брюссельде жасалған көрме қайта қалпына келтіру кезеңін құрып, атом дәуіріне қадам басқанын көрсетеді. 3. Батыс жұртына Шығыстың қақпасын айқара ашып, жаңа дәуірге қадам басып, алпауыт елдермен бәсекеге түсе алатынын дәлелдеді. 4. Есік қорғанынан табылған Алтын адам, ежелгі бағалы тастар мен әшекейлер, ұлттық тұрмыстық заттар жарты миллионнан астам адамның назарын аудартып, қызығушылығын тудырды. 5. Ондағы экспозициялар жел, жарық және жылу энергиясын өндіру жолдарын көрсетіп, атмосфераға зиянды заттар бөлмейтін автокөлік түрлері мен биоэнергетика қондырғыларын қонақтар назарына ұсынды. 6. Осы дәлелдерге сүйене отырып, ай аунап, жыл жылжыған сайын еліміз ғана емес, бүкіл әлем тұрақты түрде тоқтаусыз дамудың ең биік үлгісін көрсетті деп нық сеніммен айта аламыз.


Салалас құрмалас сөйлем Сабақтас құрмалас сөйлем Аралас құрмалас сөйлем






Дескриптор

Білім алушы




  • салалас құрмалас сөйлемдерді анықтайды;

  • сабақтас құрмалас сөйлемдерді ажыратады;

  • аралас құрмалас сөйлемдерді табады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет