«Қазақ тілі» пәнінен қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы 9-сынып


«Адам құқығы мен бостандығы» бөлімі бойынша қалыптастырушы бағалау



бет11/29
Дата18.10.2023
өлшемі492,42 Kb.
#186415
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   29
Байланысты:
ОШ ФО Казахский язык 9 класс каз

«Адам құқығы мен бостандығы» бөлімі бойынша қалыптастырушы бағалау





Оқу мақсаты

9.1.5.1 Мәтіндегі айтылған ойға өз көзқарасын білдіріп,
сыни тұрғыдан баға беріп айту

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Айтылған ойға өз көзқарасын білдіріп, сыни баға береді

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Мәтіндегі Әсемнің ойына өз көзқарасыңызды білдіріп, сыни тұрғыдан баға беріңіз.


22 қыркүйек
Бүгін Саматпен тағы шекісіп қалдым. Сіздер мені «өзі бір бұзақы бала екен ғой?!» деп ойлап қалмаңыздар. Бәрін бастайтын Саматтың өзі. Жоғарыда айтқандай, сыныптағы балаларға қарадай тиісіп жүреді. Өйтпесе, көңілі көншімейді-ау деймін. Міне, сол
«шошқа» үзіліс кезінде (мен солай атаған соң, барлық бала «шошқа» деп кеткен оны) менің қаламымды ұрлап алыпты сөмкемнен (Мен жоқта сөмкемді ақтарғанын Әсем көріп қойыпты. Сол айтқан маған). Ауылда қалған Әлияның сыйға берген қаламы ғой. Басқа қалам болса ештеңе емес, оны сұраса өзім де бере салармын. Ал сыйлықты қалай беріп қоярсың?! Содан оған:

  • Самат, қаламымды қайтар! Оны ауылдағы Әлия сыйға тартқан, – дедім жаймен ғана (Әлияның атын не үшін атағанымды өзім де түсінбеймін).

  • Оу, балалар, естідіңдер ғой?! Кенжебектің ауылында қалған «сүйікті» қызы сыйға берген қалам екен. Байғұс қыз алыста жүрсе де қаламды көрген сайын есіне түсіріп, ұмытпасын деген шығар, – деп, сыныпты басына көтерді. Әрі шиқ-шиқ етіп қояды. Даусы, тілі неткен ащы еді, пәтшағардың!

Шыдай алмай кеттім. Енді ше, мұндай қорлыққа, мазаққа кім шыдасын?! Өзімді салмақты ұстағаныммен болмады.
Сөйтіп, Саматты кеудесінен итеріп кеп қалдым. Ол артқа қарай тәлтіректеп кетті. Басы қабырғаға соғылды, білем, баж ете қалды. Содан соң аз-кем басын ұстап тұрды да, маған төне ұмтылды. Абырой болғанда, қоңырау соғылып, сыныпқа мұғалім кіріп келді. Ал ол қаламымды дереу қайтара қойды. Бірақ оқты көзімен мені бір атты.
«Сабақтан шыққан соң төбелестің көкесі басталар» деп іштей қобалжығанмын. Бірақ олай болмады, ол маған қайта соқтықпады. Қаймығып қалды ма, ол жағы белгісіз.
Сабақ бітісімен автобус аялдамасына бет алғанмын. Кенет, ту сыртымнан
«Кенжебек» деген таныс дауыс естілді. Сыныптасым Әсем екен. Ол салған жерден:
Сен дұрыс істедің! – деді.
– Нені?
Шошқа Саматты айтамын да. Оған қарсы келгеніңді айтамын да. Бұған дейін оған ешкім қарсы келмеп еді. Соған құтырған ғой ол. Өткенде менің шашымнан тартқылап қоймап еді. Бәлем, сол керек! Сен дұрыс істедің!
– Жә, Әсем, ештеңе емес, егер шындап келгенде, ол менен әлді, мықты. Бірақ мықтылық күшпен өлшенбеуі керек, біліммен өлшенуі керек! – дедім. Әсем құдды мені жаңа көргендей аңтарыла қарап қалыпты. Менің екі бетім ду ете қалды. Әрине, бұлай деп сөйлегенім бұл жерде орынсыз секілді көрінді. Алайда бұл – шын сөзім еді. «Білекті бірді, білімді мыңды жығар» дейді ғой?!
Әсем екеуміз үн-түнсіз қалдық. Осы ыңғайсыздықты мен мінетін №10 автобус бұзды. Әсеммен қоштасып, автобусқа мініп кеттім. «Ал енді мұнда отыру былай тұрсын, тұрып тұратын сүйемдей жер бұйырса ғой» дедім ішімнен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет