«Қазақ тілі» пәнінен қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы 9-сынып



бет19/29
Дата18.10.2023
өлшемі492,42 Kb.
#186415
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   29
Байланысты:
ОШ ФО Казахский язык 9 класс каз

Оқу мақсаты

9.3.1.1 Жинақталған материалдар негізінде көзделген
мақсатқа сәйкес ауызша және жазбаша мәтіндер үшін күрделі жоспар құру

Бағалау критерийі

Білім алушы

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма
Мәтінді мұқият оқыңыз.
Гендік инженерия мәселесі бойынша оқушылар арасында эссе жазу байқауы өтпекші. Сіз осы байқауға қатысу үшін «ГМО-дан келер қауіп бар ма?» деген тақырыпта эссе жазамын деген шешім қабылдадыңыз. Мәтіндегі деректер мен ақпараттарды пайдаланып, эссеңіздің жоспарын құрыңыз.


ГМО: Біз әлемді тамақтандырамыз
Гендік модификацияланған организмдер – биотехнологияның ХХ ғасырдағы басты жетістігі. Халық арасында «ГМО» ретінде танылған бұл өнім гендік инженерия нәтижесінде алынған жасанды генотип. Кез келген өзгеріс ғылыми немесе шаруашылық мақсаттарға сәйкес жүзеге асатыны белгілі.
Сіз білесіз бе?
Күнделікті өмірде сүйсініп жейтін картоп өнімдерінің құрамына сарышаян гені қосылады. Осылайша ол суыққа үсімейтін, төзімді азыққа айналады әрі колорад қоңызынан зардап шекпейді.
Дүкен сөрелерінде бір пішінді, керемет иісті жемістерді де жиі байқайтын боларсыз.
Ұзақ уақыт бұзылмайтын бұл жемістердің де сақталу құпиясы сол – ГМО.
Статистикалық мәлімет бойынша, 1929 жылы небәрі 2 миллиард адам жер бетін мекендеген. Соңғы 50 жылдың ішінде адам саны 7 миллиардқа дейін өскен. Болжамға сүйенсек, 2050 жылға дейін бұл көрсеткіш 9,5-11 миллиардқа дейін артуы мүмкін. Жердің табиғи ресурсы барша адамды аштықтан сақтауға жетпесі анық. Оның шешімі – ұзақ сақталып, тез өсетін өнімдерді дайындау.
ГМО адам ағазасына қаншалықты зиян?
«New York Times» басылымында Нью Йорк Университетінің зерттеушілері ГМО-ға қатысты «Әлемді жоюдың қайтымсыз үрдісі», – деген пікірді жариялаған болатын. ГМО – биологиялық қару. Өйткені ағза өзге генмен қосыла отырып, мутация жүргізеді әрі нәруызға токсиндер бөлетіні белгілі болған. ГМО-ның күші белгілі бір топты, нәсілді, ұлтты жойып жіберуге жетеді. Қорқыныштысы сол – нәтижесі бірнеше жылдан соң ғана байқалады.
Қазақстанға тигізер әсері қандай?
Кез келген генетикалық өзгеріс, У-жасушасын жояды да, Х-жасушаның артуына әкеледі. Яғни ер мен әйел арасындағы теңдік жоғалады.
Гендік өзгеріске ұшыраған тағамдарды пайдалану болашақ ұрпақтың белсіз немесе бедеу болып тууына әкеліп соғады. Тәуелсіз сарапшы Игорь Папэ: «Қазақстандық әйелдердің 18%-ы құрсақ көтере алмай жүр. Мұндай мәселе әлем елдерінің көбісінің басында бар»,– дейді. Демек қауіптің ұшқыны бізге де келіп жеткен.
Қытай ғалымы Лао-Цзы: «Не жесең, соған тартасың», – деген екен. Ғалымдар да адамның болмысы жеген азығымен байланысты екенін дәлелдеген. Расында доңыздың гені қосылып, пішіні өзгерген, татымсыз қиярларды жеп жүріп, жылқы мінезімізден алыстап кетпейміз бе?
ГМО әлемді аштықтан құтқарады, бірақ өзі де – өлімге бастайтын жол. Ішер асыңызға сақ болыңыз!

Жоспар құруға үлгі схема

І. Кіріспе бөлім

ІІ. Негізгі бөлім 1.
2.

ІІІ. Қорытынды бөлім






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет