«Қазақ тілі» пәнінен қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы 9-сынып



бет18/29
Дата18.10.2023
өлшемі492,42 Kb.
#186415
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   29
Байланысты:
ОШ ФО Казахский язык 9 класс каз

Әлем ГМО-ға қарсы


Гендік инженерия медицина, ауыл шаруашылығы салаларында пайдалануға өте тиімді. Ғалымдардың пайымдауынша, гендік инженерия халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету жағдайын жақсарта түседі әрі климаттық жағдайы нашар аумақтарда егіннің мол шығуына әсер етіп, ауыл шаруашылығына пайдаланылатын химикаттар мен су қажеттілігін азайта түседі. Сол себепті әлемнің түкпір-түкпірінде азық-түлікті молынан өндіру үшін гендік модификацияланған ағзаларды қосады.
Гендік модификацияланған организмдер, яғни ГМО дегеніміз – заманауи молекулалық-биологиялық әдістердің қолданылуымен биологиялық заңнама мен тірі ағзалардың негізінде пайда болатын ағзалар. ГМО өз кезегінде жан-жануарлардың, өсімдіктердің ағзалары мен гендік модификацияланған ағзаларды біріктіреді. Қарапайым тілде түсіндірер болсақ, ГМО бір ағзаның гендік кодына екінші генді «қосу» дегенді білдіреді. Бұрындары ауыл шаруашылығында өсімдіктерді өсіру барысында түрлі ауру тасымалдайтын құрт-құмырсқа мен арамшөптерден қорғану үшін арнайы химиялық дәрі- дәрмектер пайдаланылатын. Бұл тәжірибе қоршаған ортаның, аграрлық экожүйенің синтетикалық заттармен ластануына әкеп соқты. Аграрлық технологияларды дамыту үшін адамзат жаңа идеяларды ойлап табуға мәжбүр болды.
Қазақстанда ел аумағында гендік модификацияға ұшыраған азық-түлікті бақылайтын
«Гендік инженерия қызметін мемлекеттік бақылау» жөнінде заң жобасы құрылды. Әзірге елімізде гендік модификация қызметіне тоқсауыл қоятын заңнама жоқ. Кей мамандардың айтуынша, азық-түлік қорабында ГМО қоспасы жөнінде ақпарат берілмегендіктен, қазақстандықтар гендік өзгеріске ұшыраған өнімді шамадан тыс пайдаланады. Бұған елімізде трансгендік ағзаларды анықтайтын арнайы лабораторияның жоқтығы сеп болып отыр. Егер жоғарыда аталған заң жобасы қабылданса, елімізде құрамында ГМО-сы бар балалар тағамы, өндіріске қажетті қоспаларды дайындауға, импорт пен экспортқа түбегейлі тыйым салынады. Қазақстанға тек мемлекеттік тіркеуден өткен ГМО-сы бар азық-түліктер ғана кіргізіледі.
Кез келген нәрсенің пайдасы мен зияны қатар жүретіні белгілі. Гендік инженерияның дәрі-дәрмекті өндіруде пайдасы зор-ақ, алайда күнделікті тағамға қосылатын геннің қандай екенін ешкім топшылап айта алмайды. Әйтеуір гендік модификация табиғат заңдылығына қарсы құбылыс екені аян.



Дескриптор

Білім алушы




- мәтіннің негізі идеясын анықтайды;




- мәтін бөліктеріне сәйкес тірек сөздерді теріп жазады;



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет